Реферат тақырыбы: «Атқа міну мәдениеті генезисінің пайда болуы»



бет1/2
Дата25.11.2022
өлшемі1,04 Mb.
#159782
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
тарих реферат аиу 22-1 асель
isahanov elektr исаханов лекция Элек машины, аға куратор есебінің құрылымы, Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері, English Grammar in Use, 1лаб ДМ, GPS приемник - современное спутниковое оборудование - системы GPS и Глонасс Технокауф в Москве, 5 урок Осеева, Философияның Адам рөліндегі орны, презентация, Готовность ДП 28..04 спец Приборостроение, Негізгі комбинаториканың объектілері, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. ІІ оқулық (Аканбай Н.) (z-lib.org) (1), Айнымалы ток тізбегі активтік, индуктивтік ж не сыйымдылы ты ке, Жылу берілу түрлері, В ней сопротивления R1 и R2 заменены сопротивлением R

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті»
Қазақстан тарихы кафедрасы

РЕФЕРАТ



Тақырыбы: «Атқа міну мәдениеті генезисінің пайда болуы»

Орындаған:
АиУ-22-1 тобының студенті
Канагатова Әсел
Тексерген:
доцент Касимова С.С
2022

Атқа міну мәдениетінің генезисі
Жоспар:

  • Атқа міну мәдениеті.

  • Көшпенділер мәдениеті.

  • Жылқы атаулары.

  • Жылқыға арналған мәдени шығармалар.

  • Зерттеулер.

Мақсаты: Атқа міну және кошпенділер мәдениетімен танысу; жылқы атауларын толық қарастыру мен жылқыға арналған шығармалар жайлы білу.




Атқа міну мәдениеті


Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі - батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі. Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр - жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі. Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз. Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады.


Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған көне шалбарлардың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ. Сонымен қатар, бүгінгі етіктердің барлық түрі көшпенділер атқа мінгенде киген жұмсақ өкшелі саптама етіктің «мұрагерлері» екені белгілі. Ат үстінде жүрген көшпенділер тақымына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мініп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзеңгіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді. Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті. Масағына қауырсын тағылып, металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп өтетін көбебұзарға айналды. Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір технологиялық жаңалық - қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі - ерекше белгісі. Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды. Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған. Еуразия көшпенділерінің айрықша маңызды әскери жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша пайда болды. Отты қару пайда болып, жаппай қолданысқа енгенге дейін атты әскердің дамуы біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық пен біздің дәуіріміздің І ғасыры арасында көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған жауынгерлік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жасақтың ерекше түрі - айбарлы атты әскердің қалыптасуына ықпал етті.

Көшпенділер мәдениеті
Орта Азия, Сібірден бастап Қара теңіз жағалауына дейін Евразия территориясында өмір сүрген көшпенділердің мәдениеті бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде объективті ғылыми тұрғыдан бағаланған жоқ. Ғылыми-танымдық басылым мәдениеттану, бейнелеу өнері, тарих, этнография, археология, педагогика, антропология, философия, дінтану, семиотика, лингвистика, әлеуметтану ғылыми салаларды қамтып, сондай-ақ көшпенділердің әр кезеңдегі мәдени процестерінің қоғамдағы рөлін көрсетуге септігін тигізеді. Евразия аймағында өмір сүрген көшпенділерді зерттеуге ғалымдар XVIII ғасырдан бастап қызығушылық таныта бастады. Көшпенділердің б.з.б. өмір сүрген сақ (скиф) суперэтникалық тайпаның жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттелуі, Ресей мемлекетінің славян тарихын жазуымен байланыстыруға болады. Өйткені қазіргі орыс халқының территориясында өмір сүрген ежелгі сақтар (скиф) туралы тарихи деректер антикалық авторлардың жазбаларында ғана кездеседі. Сондай-ақ орыс ғалымдары өз зерттеулерінде славяндардың генетикалық туыстығын, сол ежелгі көшпенділерден шыққанын ғылыми тұрғыдан дәлелдемек болды.

Көшпенділердің мәдениеті мен тарихын сараптауда көне артефактілердің маңызы зор. Таулы Алтайдағы Қатан өзенінің бойындағы қорғандардан қазба жұмыстары кезінде В.В. Радлов 1865 жылы көптеген құнды дүниелер тапты. Алтайдағы үлкен Улаған өзен өңіріндегі Пазырық шатқалында сақ (скиф) кезеңдерінен қалған әртүрлі көлемдегі бес обаны 1929 жылы М.П. Грязнов, ал 1947- 49 жылдары С.И. Руденко археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген.
Көпшенділердің артефактілерінің динамикасын зерттеуде ділін, салт-дәстүрі мен наным-сенімдерін, ғұрыптарын талдау арқылы заттық болмыстың символикасы анықталды. Ондай деректер С.И. Руденконың Таулы Алтайда табылған көне ескерткіштерінен, М.П. Грязновтың Таулы Алтай өңіріндегі Пазырық, Шібе қорғандарынан табылған материалдық заттарынан жиналған. Ежелгі көшпенділердің дүниетанымы, рухани дүниесі мен алғашқы дінінің пайда болуы артефактілер арқылы аныкталды.
Жоғарыда айтылған ғалымдардың еңбектерінде ежелгі көшпенділердің салт-дәстүрі, тілі, ділі туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Көшпенділердің антика дәуірінен б.з.б. кезеңдермен байланысы жоқ, сондай-ақ бүгінгі күнге дейін әр дәуірдің мәдениеті өз алдына жеке қарастырылған. Көшпенділерді (б.з.б VIII — ІV ғғ.) зерттеген ғалымдар иран, парсы, грек деректеріне сүйеніп, сақтардың (скиф) қолөнері, бейнелеу өнері мен кескіндеме мәнері антика өркениетті мемлекеттердің «ықпал әсері немесе көшірмесі» деген пікірлер қалыптастырды. Скифологтардың арасында ондай пікірлердің қалыптасуына империялық идеология ықпал етті. Ресей ғалымдарының біржақты зерттеулерінің салдарынан көшпенділердің мәдениеті мен тарихы тұтас жазылған жоқ.


Көшпенділерді «варварлар» мәдениетінен өркениеттілікке жақындату үшін еліміздің археологтары да аз жаңалық ашқан жоқ. Елімізге белгілі археологы -К.Байпақов: «Қола дәуірінде алғашқы көшпенділердің мәдениеті қалыптаса бастаған. Ерте темір дәуірінде өмір сүрген сақтардың (скиф) мемлекеттік құрылысы болғанын, сол сияқты көрші елдермен экономикалық мәдени және саяси қарым-қатынас жасап, қалалар салған»- дейді. Бірақ бұл тайпаларды әлі де ғалымдар бөлек халық ретінде қарастырады. Сондықтан зерттеудің басты мақсаты б.з.б. VIII-ІV ғғ. Орта Азиядан бастап Қара теңіз жағалауына дейін өмір сүрген сақтар (скиф) мен қазақтардың генетикалық сабақтастығын қарастырып, Евразия аймағында өмір сүрген көшпенділердің қазақ хандығы орнағанға дейінгі аралықтағы мәдениетін тұтас көрсету.
Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игеруі, танып түсінуі нәтижесінде көшіп-қонып, табиғаттың колайлы белдеулерінде орналаса отырып, мәдениет пен климат ерекшеліктерін ұтымды қолдана білген. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері маусымдық жайылымдар пайдаланылған. Жауын-шашыны молырақ Арканың теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді жұрт ең алдымен жайлау, ал шығыс және ортаңғы аймақты қыстау ретінде пайдаланып келген. Көктеу мен күзеу мал қыстайтын жерлерге тікелей жалғасып жатқан. Қалыптаскан дәстүр бойынша маусымдык жайылымдардың рулар арасында бөліске түскенімен мал қыстайтын жерлерден басқасын елдің бәрі бірдей пайдаланған. Қатал даланың табиғатын танып түсіну, оның ішкі заңдылыктарын терең білу, болжай білу — мұның бәрі көшпелілер мәдениетінің маңызды жақтарын көрсетеді.
Көшпелілер мәдениетінің ажырамас бөлігі — «әлем» және «адам» түсініктеріне негізделіп дамыған дүниетаным жүйесі болды. Табиғатты игеру және адамдардың практикалық іс-әрекетін бейнелейтін алуан түрлі дәстүрлі әдет-ғұрыптар, әпсаналар, қарапайым түсініктерді тудырды. Ертедегі көшпелілер дүние танымынын негізі — көк аспан , шексіз әлем болса, сол көк аспан мен шексіз әлемнің кұдіретті жаратушысы-көктегі Күн. Көшпелі өмір, төрт түлік мал, Жер-ана барлығы жинала келе көшпелілердің материалдық игілігін, дүниетанымын қалыптастырып, төл мәдениетін жасады. Уакыт пен кеңістікті игеру аркылы Көшпелілікке тән әрі тұрмыска қажетті алғашкы астрономиялық ғарыштық талғам-түсініктер орнықты.

Көшпелі шаруашылық түрлері


Қазақстанның кейбір жерінде ерте заманнан-ақ жарртылай көшпелі мал шаруашылығы да қалыптасқан. Жартылай көшпелі деп көктем, жаз, күз мезгілінде жайылымның ыңғайына қарай жылжып көшіп отырып, қыста дайын қора-жайы бар қыстауларда қыстайтын мал шаруашылығын айтады. Мал шаруашылығының бұл түрі сақ-үйсін заманында-ақ дала мен таулы аймақтарда қалыптаса бастады. Мұндай аудандарға Жетісудың, Шығыс Қазақстанның тау етектеріндегі аймақтар жатады. Бұл аймақты мекендеген халық малды жазда биік таулы жайлауда бағып, қыста тау етегінде, тау қойнауындағы қыстауларда қыстатып күн кешкен. Кейде олардың қыстаулары АлтайТарбағатай сияқты биік таулармен сілемдесіп жаткан аса биік емес, қары аз Қаратауда болатын. Жартылай көшпелілікпен айналысқан көшпелілер қыстау маңындағы ұсақ өзен, бұлақтардың жағасына егін салатын. Олардың негізгі дақылдары: тары, арпа, бидай. Жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан тайпаларда қой, жылқымен қатар сиыр малы да өсірілді.
Орта ғасырларда Ертіс бойы мен Жетісудағы отырықшы қоныстарда, кішігірім қалаларда суармалы егіншілік болған. Жартылай көшпелілерде егіншілік, отырықшылықтың белгілі бір нышаны болғанымен, негізгі шаруашылығы — мал бағу, ал тұрмысы көшпелілікке бейім болды.
Отырықшы мал шаруашылығы Оңтүстік Қазақстандағы, Сыр, Шу, Талас, Арыс өзендері бойында, Қаратаудың оңтүстік беткейінде қалыптасып, таралды. Оларда мал шаруашылығымен қатар суармалы егіс, жауын суымен шығатын егіншілік жақсы дамыды. Соғды мен Ферғананың отырықшы мәдениетіне бұл елдердің көршілес жатуы оларда ертеде-ақ отырықшы мәдениеттің пайда болуына әсерін тигізді. Сақ заманының өзінде Оңтүстікте Шырық-Рабат, Бәбіш-Молда, Баланды сияқты бекіністі қалашықтар қалыптасты.
Отырықшы мал шаруашылығының қалыптасуы, әсіресе б.з.д. 1-мыңжылдықтың бас кезіне дәл келеді, осы кезде бұрынғы көшпелі, жартылай көшпелі мал бағушы қауымдастық біртіндеп отырықшылыққа көшуге айналды. Осы кезден бастап, бұдан кейінгі ерте орта ғасырлар дәуірінде бұл аймақтарда үлкен отырықшы қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Дегенмен осы қоныстар мен қалалардың сыртында, маңайында жартылай көшпелі, отырықшы малшы қауымдар аз болған жоқ.

Жылқы атаулары

  • құлын (биенің жас төлі),

  • жабағы (6 айдан асқан құлын),

  • тай (1 жастан асқаны) деп атайды.

Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны, яғни байталды:

  • құнажын байтал (2 жастан асқаны),

  • дөнежін шығар (3 жастағы байтал),

  • дөнежін байтал (3 жастан асқаны),

  • бесті бие (4 жастан асқаны),

  • қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие),

  • кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие),

  • жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б атайды.

Піштірілмеген еркек жылқының, яғни айғырдың атаулары:

  • құнан айғыр (2 жастан асқаны),

  • дөнен айғыр (3 жастағысы),

  • сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны),

  • бесті айғыр (5 жастағысы),

  • сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б.




Қазақтың ер-тұрман әбзелдері
Қазақ ұғымында ер-тұрман сөзінің мағынасы кең мазмұнды қамтиды. Оған ат мінуге қажетті жабдықтардың, айталық, ер-тоқым, кежім, жүген, ноқта, айыл-тұрман, кұйысқан, өмілдірік, т.б. бәрі қамтылып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет