«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы



бет1/11
Дата20.09.2022
өлшемі79,01 Kb.
#150023
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТАНУ БӨЖ нұсқаулық
лекциялар, 00012106-23462486, Эссе ағылшын, Эссе ағылшын, Жазудың ең алғашқы түрі өте ерте заманда жасалған, ПрезентацияСурии5

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ университеті


«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы




Тилеубаева Г.У.
«Әлеуметтану» пәнінен білім алушылардың өзіндік жұмыстарына
арналған әдістемелік нұсқау

Барлық білім мамандықтарына арналған

Шымкент, 2022 ж.
ОӘЖ 316

«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы мәжілісінде (хаттама № «__»__2022 ж.) және «Тарих және педагогика» факультеті әдістемелік комиссиясы отырысында қаралған және баспаға ұсынылған (хаттама № « » __ 2022 ж.)

Пікір беруші:

Құрастырған: Тилеубаева Г.У


«Әлеуметтану» пәнінен білім алушылардың өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау. Шымкент, 2022. – 20 б.

Әдістемелік нұсқау «Әлеуметтану» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны бойынша дайындалған. Оқу үрдісінде білім алушылардың өзіндік жұмыс орындаудағы негізгі мақсаты – алдымен оқу материалдарын, сонан соң ғылыми ақпараттарды байыптап, жете түсініп өз бетінше жұмыс істей алуға қажетті негіз қалыптастыру және өз біліктілігін ары қарай үздіксіз жетілдіруге қажетті алғышарттар жасау болғандықтан, нұсқауда осы мәселелерді әдістемелік тұрғыда ұйымдастыру жолдары қарастырылған.

© ОҚМПУ, 2022 ж.

КІРІСПЕ



Әдістемелік нұсқаулар бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған. Оқу жұмыс бағдарламасы дәрістік, семинар сабақтардың, БОӨЖ сабақтарының және БӨЖ тапсырмаларының тақырыптарының тізімінен тұрады. Оқу жұмыс бағдарламасына қосымша ретінде БОӨЖ, БӨЖ, тәжірибелік сабақтарды орындау бойынша әдістемелік нұсқау құрастырылған.
Осы нұсқаулардың міндеті студенттерге пәнді оқу барысында көмек көрсету болып табылады.
Курстың белгілі-бір тақырыптары дәрістерде немесе тәжірибелік сабақтар барысында қарастырылуы мүмкін, басқа тақырыптар – тек қана дәрісте, үшіншілері – студенттің өзімен зерттеледі. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттің өздік жұмыстары, студенттің өздік жұмыстары тапсырмаларды орындауды, конспектілеуді, библиографиялық тізімдерді, реферативтиік баяндамаларды, тезистерді даярлауды, көшірмелерді құрастыруды, рецензия мен аннотацияларды жазуды, есептерді шешуді көздейді.
БӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. БӨЖ-тың негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындалу. Семинарлық сабақтарда қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұны қамтымайды. Сондықтан өз білімін тереңдету және кеңейту бойынша әрі қарай жұмыс жасауы қажет. Ол БӨЖ процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан БӨЖ – да тақырыптың мазмұның толық ашатын қосымша сұрақтар, мәселе, тапсырмалар қарастырылады.
Әлеуметтану пәні бойынша семинар сабақтары қарастырылмағандықтан, ал дәріс сабақтары ZOOM платформасында онлайн форматта өтетін болғандықтан оқытушылар білім алушыларды бетпе-бет жүздесіп, байланыс орнатып, жан жақты бағалау үшін білім алушылардың өзіндік жұмыстарын оффлайн форматта университет қабырғасында қабылдау қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет