«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы


Критерий Дескрипторлар



бет7/11
Дата20.09.2022
өлшемі79,01 Kb.
#150023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТАНУ БӨЖ нұсқаулық

Критерий

Дескрипторлар

Балл

Презентация– 15 балл



презентация дизайны:кестелерді, диаграммаларды, иллюстрацияларды пайдалануы

2

Жоспарының болуы

2

Бөлімдерінің жоспарына сай болуы

2

презентацияның маңызды, толық, түсінікті ақпараттармен қамтылуы

2

тақырыптан ауытқымау

1

деректерді талдау және қорытындының болуы

2

материалды сауатты әрі анық жеткізуі

2

нақты дереккөздерді пайдалану

1




көлемі 10 слайдтан көп немесе кем болмауы

1



Топтық жобалар

Топтық жобалар әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы: «оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту» 


Жобалар әдісінің мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын-ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды. 
Рефлекторлы ойлау мәні – фактілерді әрдайым іздеу, олардың талдауы, олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін, күмәннан шығу жолдарын табу үшін, фактілерді логикалық тұрғызу, дәлелденген пікірлерге негізделген сенімділікті қалыптастыру. 
Жобалар әдісі біріншіден – қандай бір мәселені шешуді, екіншіден – нәтижеге қол жеткізуді болжайды.
Жобалар әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі. Жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады. Мәсенің шешімі бір жағынан, жиынтықтарды, әр түрлі әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды алдын ала ескерсе, ал екінші жағынан, ғылымның әр түрлі салаларынан, техникадан, технологиядан, шығармашылық салалардан білімді қолдану икемінің, білімнің интегралдануының қажеттілігін болжайды. Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекі» болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса – қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы.
Жобалап оқыту түзу болып табымайды, және бұл жерде тек нәтиже ғана емес, көп шамада үрдістің өзі құнды.
Жобалармен жұмыс істеу студенттерге дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын білім алуға мүмкіндік бере отырып, жоғары білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Бұлай болуы мүмкін, өйткені студенттер өздері өз таңдауларын жасайды және өздері талаптанады. Бұл көзқарастан жақсы жобаның: 
- тәжірибелік құндылықтары болуы; 
- студенттердің өзіндік зерттеулерін жүргізуінің болжауы болуы ; 
- онымен жұмыс істеу үрдісінде де, және оның аяқталуында да бірдей мөлшерде болжаусыз болуы; 
- оны орындау жылдамдығы мен жұмыс бағытында оралымды болуы; 
- өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігінің болжауы болуы; 
- студентке өз қабілетіне сәйкес білім алу мүмкіндігін беруі; 
- кең спектрлі тапсырмаларды шешуде студенттің қабілеттерінің ашылуына көмегі болуы; 
- студенттер арасындағы өзара әрекеттерін реттеуге жағдай жасалуы тиіс.
Жобалар әдісінің мәртебесі (басқа әдістермен және технологиялармен салыстырғанда):
Жобалар әдісін педагогикалық технологиялар ретінде айтатын болсақ, онда бұл технология зерттеушілік, ізденістік және мәселелі әдістердің жиынтығы, өзінің мәнісіне қарай шығармашылық болып табылады. Жобалар әдістері – тек шынайы білім шоғырына ғана емес, оны қолдануға және жаңа білім алуға (кейде өз бетімен білім алу арқылы) бағытталған педагогикалық технология. 
Жобалар әдісі білім беру жүйесінің толық өңделген және құрылымдалған компоненті болып табылады. Жобалар әдісінің танымалдығы нақты мәселелерді шешу үшін, онда теориялық білімдер мен олардың тәжірибеде қолданылуының үйлесу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.
Жобалардың түрлері: 
Жобаларды түрлерге бөлудің негізі болып келесі белгілер табылады:
- Жобада басты іс-әрекет: зерттеу, іздеу, шығармашылық, рольдік, қолданбалы (тәжірибелік бағытталған), таныстырулық бағытталған және т.б. (зерттеу жобасы, ойын, таныстырулық бағытталған, шығармашылық); 
- Жобаның пәндік – мазмұндық ауқымы: моно жоба (білімнің бір саласында); пәнаралық жоба; 
- Жобаны үйлестіру сипаты: бір беттілік (бұлжымайтын, иілгіш), жасырын (анық емес, телекоммуникациялық жобаларға тән, жобаға қатысушыны имитациялау); 
- байланыстың сипаты: бір ЖОО, факультет, қала, аймақ, елдің және әр түрлі елдер арасындағы қатысушылар үшін; 
- жобаға қатысушылардың саны;
- жобаның ұзақтығы.
Жобамен жұмыс жасаудың кезеңдері (сипаттаудың мүмкін нұсқалары):
I нұсқа. Жобалар әдісінде жобамен жұмыс жасаудың келесі кезеңдері анықталады: іздеу, конструкторлық, технологиялық, қорытынды.
Іздеу кезеңі:
- Мәселені іздеу және талдау. 
- Жоба тақырыбын таңдау. 
- Кезеңдер бойынша жобалау іс-әрекетін жоспарлау. 
- Жоба тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтау, зерделеу, өңдеу. 
Конструкторлық кезеңі:
- Жоба тапсырмасының оңтайлы шешімін іздеу.
- Дизайн талаптарын ескере отырып, құрылым нұсқаларын зерттеу. 
- Дайындау технологиясын таңдау. 
- Экономикалық баға беру. 
- Экологиялық сараптама жасау. 
- Конструкторлық және технологиялық құжаттарды құрастыру. 
Технологиялық кезең:
-Жобаны тәжірибеде жүзеге асырудың жоспарын құру, қажет материалдарды, құралдарды және құрылғыларды таңдау. 
- Жоспарланған технологиялық операцияларды орындау. 
- Сапаға ағымдық бақылау жасау. 
- Қажет болған жағдайда құрылымға және технологияға өзгерістер енгізу. 
Қорытынды кезең:
- Жобаның орындалуының сапалық бағасы. 
- Жобаның орындалуындағы нәтижелерді талдау. 
- Жобалаудың нәтижелерін қолданудағы мүмкіндіктерді зерделеу (көрме, сату, жобалар банкіне қосу, жариялау). 
II нұсқа. Оқушылардың барлық іс-әрекеттері келесі кезеңдерге шоғырланған: дайындалу, жоспарлау, зерттеу, нәтижелер немесе тұжырым, нәтижелер мен үрдістерді бағалау.
Дайындалу:
- мәселені және одан туындайтын мақсаттар мен міндеттерді анықтау; 
- мәселені шешудің болжамдарын беру; 
- зерттеу әдістерін талқылау. 
Жоспарлау:
- ақпарат көздерін анықтау; 
- ақпаратты жинау және талдау тәсілдерін анықтау; 
- нәтижелерді көрсету тәсілін анықтау; 
- нәтиже мен үрдісті бағалаудың іс жосығы мен критерилерін орнату; 
- топ мүшелері арасында міндеттерді бөлу. 
Зерттеу:
- ақпараттарды жинау; 
- аралық тапсырмаларды шешу. 
Нәтижелер және қорытындылар:
- алынған көрсеткіштерді талдау; 
- қорытындыны тұжырымдау. 
Нәтижелер мен үрдісті бағалау:
- соңғы нәтижелерді рәсімдеу; 
- қорытынды жасау, түзету енгізу, соңғы қорытындылар.
Топтық жұмыс оқу жұмыс бағдарламасының 3, 6 және 11 аптасына сай тақырыпқа жасалады. 3-апта тақырыбы: 1. Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырыңыз.

  1. Әлеуметтанулық зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттаңыз. Әлеуметтанулық әдістердің (сұрау, бақылау, эксперимент, контент-талдау, статистикалық мәліметтерді талдау) ерекшеліктерін талдаңыз.

  2. Әлеуметтанулық зертеудің бағдарламасын құру. Тақырып таңдау бойынша (дайындау алгоритмі: зерттеу сұрағын, болжамды айқындаңыз, ұғымдарды тұжырымдап беріңіз; іріктеу жиынтығын есептеңіз). Берілген тақырыптар бойынша топтық жұмыс ұйымдастырыңыз (3-4 адаммен бірге отырып, топтарға бөлініңіз).

6-апта тақырыбы: Отбасындағы гендерлік рөлдер

  1. апта тақырыбы: 1. Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың адамның күнделікті өміріне әсері



Топтық жобаны бағалау критериі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет