Мұғалім: Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, көрермендер! «Тәуелсіз елдің өнерлі ұрпақ-тары»



бет1/13
Дата05.12.2016
өлшемі0,88 Mb.
#3256
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Мұғалім: Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, көрермендер! «Тәуелсіз елдің өнерлі ұрпақ-тары » атты әдеби-сазды бағдарламасын бастауға рұқсат етіңіздер.
Әнұран орындалады.
Т.Айгерім:Армысыздар, айналайын адамдар,

Айналаңа шын қуанып қараңдар.

Жиырма үш жыл болды, Тәуелсіздік алдық біз,

Келді кезек болашақты бағамдар.


Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

Туған жердің шежіресі өседі.

Менің елім, Қазақстан-Отаным,

Болашағы бізбен бірге өседі.



Мұғалім: Ия, бүгін үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 23жыл толып отыр. Халқымыз сан ғасырлар бойы аңсаған арманына жеткен тәрізді. Халықтың тыныс-тіршілігін тарих таразысына салып, ұлы көш алға басып барады. Бұл-уақыт көші, өмір көші.
Дүниені дүр ілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16 желтоқса-нында болған оқиғаға биыл 28 жыл болды.

Санжар: Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы,

Өздеріңдей өр намысты, жас өркені елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.


Өтеп келген тарихты біз жасырсақ,

Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ.

Бұның бәрін дұрыс болмас түсінген,

Тәуелсізсің, біліп қойғын жас ұрпақ!


Еліңнің сен намысы үшін,

Құрбан еттің жаныңды.

Мазақ етіп қорлай алмас,

Ешкім сенің арыңды.


Мұғалім: ХІV-ХV ғасырда дүниеге елді билейтін хандар келді. Ең алғаш ел басқарған қазақ хандары халықтың негізін салушы Жәнібек пен Керей болса, бұл хандықтың одан әрі күшейте түскен Әбілхайыр хан, Қасым хан, Есім хан, Тәуке хандар.
Әрі батыр, әрі ақылды үш жұздің басын қосқан қазақ елінің тұтастығын сақтауға бар кү-шін, жігерін салған Абылый хан, мектеп ашып елді ағартушы-лыққа тартқан Жәңгір хан-дарды атап айта аламыз.
Сол кезендерде хандарға ақыл-кеңес беріп, ел билеп атағы шыққан, шешендік сөздің ше-берлері Әйтеке би, Қазыбек би, Төле билер елді аузына қаратқан.
Абылый заманы- батырлар заманы. Найзаның ұшымен, білектің күшімен қасық қаны қал-ғанша елі мен жері үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастыр-ған боздақтар қаншама?!

1-көрініс: /Қалмақ ханының ордасы.

Хан тақта отыр/

Уәзір-Жәнібек: Ләппай тақсыр! Қазақтар келіп тұр.

Хан-Нарұл: Кірсін! Ия, қазақтар неменеге келдіңдер! Айтатындарыңды айтыңдар да үйлеріңе кайтыңдар!

Қазыбек би-Нұрасыл:Біз қазақ деген мал баққан елміз,бірақ ешкімге соқ-тықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп,жеріміздің ше-тін жау баспасын деп,найзаға үкі таққан елміз.Досты сақтай білген елміз,дәм-тұзды ақтай білген елміз.Сен қалмақ та біз қазақ қарпысқалы келгенбіз.Қазақ қалмақ баласы табысқалы келгенбіз. Табысуға көнбесеңіз,шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан да біз арыстан ,алысқалы кел-генбіз.Берсең жөндеп бітіміңді айт,не ұрысатын жерінді айт. Хан :Балам, атын кім?

Бала: Атым Қазыбек,әкем Келдібек би,ұлтым қазақ,руым қаракесек.

Хан: Ендеше, дауысың қаздың дауысындай қанқылдап шығады екен, есімің Қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын. Қамаудағы қазақтарды босатыңдар!

Уәзір: Ләппай тақсыр!
Дильхат : ән «Жаса Қазақстан»


Ляззат:Алақай, алақай сал-серілер келе жатыр! Қашаған, Нұрым жыраулар келеді. «Сыр сандығым ашылды». (Сыйлықтар таратылып, шашу шашылады. Балалар асық ойнайды)
Мұғалім:Маңғыстау өңіріне белгілі жыраулардың бірі Қашаған. Қашаған жырау ХІХ ғасырда өмір сүрген.
Қашаған жастайынана жетім қалды. Сөйтіп күнін көру үшін жалданып, мал бағып, өкшесі ойылып, мал соңында азап көріп, арып аршып шаршаған бала таяғын жерге шаншып, шапанын күрке етіп жата қалса, баланы қолынан тартып тұрғызып:
Қара кісі- Дильхат: Дорбалап аласың ба, қапшықтап аласың ба? - деп сұрайды.
Қашаған-М.Мәдияр:Бергеніңді аламын .

Қара кісі қолын жайып бата береді.
-Өнер бердім, елге шаш.

Мұғалім:Қашаған осыдан кейін суырып салма ақын болады.¬ Қашаған ұйқыдан атып тұрса, жүрегі кеудесіне сыймай бір нәрсе керіп бара жатады, ал қой болса ұзап кеткен екен. Алқына жүгіріп мал шетіне жете бергенде, жел айдаған бір түйеқарын қойды дүрліктіре үркітіп, ұзатып әкетеді. Ызаланған Қашаған осы жерде іле шала түйеқарынға өлең шығарады:

-Ассалаумағалейкум, түйеқарын!


Адасқан ақылынан сен бір жарым.
Келдің де қия шеттен қойды үркіттің,
Алдыңда білмейсің бе қойдың барын?

Мұғалім: ХІХ- ХХ ғасырдың басында Маңғыстау өңірінде ірі жыраулардың ұлы көші болған. Олар: Абыл, Нұрым, Сүгір, Сәттіғұл ,Қашаған жырау күйші Құрманғазымен дос болған. Екеуі ел аралап жүргенде бір молданың үйіне ке-

леді. Молданың кішкентай баласы Құрманғазының домбырасын қызықтап отырса,



Көрініс:Молда-Бейбарыс, Молда баласына :
-Ей қолыңдағы таяғың қу ағашың не?
Сайтанның таяғын таста әрі.
Сонда Қашаған-М.Мәдияр:

Қолымда қу ағаш


Сөйлеп тұрған бұл ағаш
Қолымдағы ағашым
Алып жүрген домбырам.

Дарияның бетіне


Пырақ болған бұл ағаш
Ғаріп пенен қасірге
Қуат болған бұл ағаш
Музыка: /Күй/ Дәулеткерей «Көрұғлы»
«Егемен ел Қазақстан» 1-сынып.



Мұғалім: Желтоқсан оқиғасы Республика халқын дүрсілкіндірді. Әсіресе, қала жастары қатты толқыды. Жастар талабына билік өкілдері көкейкесті мәселеге қатысты жауап берудің орнына күшпен таратпақшы, баспақшы болды. Жастардың наразылықтарын ешкім елемей, алаңға асығыс әскер әкеліп, оқиғаны ұйымдастырған қылмысты топтар, ұлтшыл ұйымдар ісі деп жариялап, нашақорлар, мәскүнемдер деп айыптап жатты.
Мұны халыққа Д. Қонаевқа жанындағы қылмысты топтар ұйымдастырған басбұзарлық, тәртіпсіздік деп әр түрлі лақаптар таратты. Шындықты жазған газеттерді, адамдарды барынша қатаң сөгіспен жұмыстан шығарды. Сөйтіп, бұл оқиғаның ақ-қарасы 4 жылдан соң дәлелденді. Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алып 1минут үнсіздік жа-

рияланады.


Ел үшін жанын қиған боздақтар жайлы сыр шертейік.

«Аружан:
Қар үстінде қызыл кан, қара бұрым,
Халық та көп көшеде, қара құрым.
Жас арулар келеді мығым басып,
Қорқу, үрку бойынан қашқақтаған.
Алия:
Үміт оты жүректе лапылдаған,
Алай-дүлей күдік те тақымдаған.
Қыз денесін жауратып, жаулап алды,
Желтоқсанның аязы сақылдаған.
Ерхан:
Тәуелсіз 23 жыл!
Сенің нұрың сөнбесін,
Ашық аспан жарық күн.
Келешегі сөнбесін,

Қазақ деген халықтын!



Тамара:
Тәуелсіз 23 жыл!
Күн болды бұл керемет,
Ақ түйенің қарны жарылған.
Ел болдық, шүкір не керек,
Әлемге аты танылған!

Ұлдана:
Тәуелсіз 23 жыл! Бір күні мал бағып,
Туыңды биік ұстадың,
Көтерді халқың ұақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!





Ясмин: Тәуелсіздік – тәтті ұғым, қандай ғажап!
Халқымның орындалды басты арманы.
Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап,
Күмбез көкте желбіреді көк байрағы.
Тәуелсіздік шаттығы,
Тәуелсіздік қуанышы,
Тәуелсіздік тойы
Тұғырлы, баянды болсын, ағайын!
Үміткен:
Осы күн сіздерді,
Шын жүректен құттықтаймыз!
Азат елдің білікті, білімді.
Жігерлі азаматы боп өсіндер!
Бабаларым, рахмет сендерге
Балаларым болмасын деп бос кеуде
Домбыраңмен қосып әеге тіл бердің
Өмірге мен мылқау болып енге

«Қазақстан жалауы» әні- даярлық топ.
Мұғалім:Кешегі дүркіреп өткен 1986-шы жылына дейін дүйім қазақ үшін желтоқсан атауы, және бір қыстың атауы еді. Кейін бұл сөздің мән-мазмұны да, құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді.

«Желтоқсан» десе – ақ, әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болған. Ең алдымен «Желтоқсан желі» немесе «Қарабауыр қасқалдақ» деген мұңды  да асқақ әуеннің сарыны алыстан талып естілер еді.



Көрініс:   «Қайраттың жауабы»          

(Түрме іші,қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып,түрме жыры өлеңін оқып

шығады. Содан кейін қатты шаршап ,былай дейді.)

Дамир-Қайрат: Уһ, әбден шаршадым ау,жүйке тамырым жұқарды ғой ! Қайран бос-тандық!

Санжар-Кезекші:        Заключенный Рысқұлбеков на допрос!Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкелді.

Т.Айгерім-Тергеуші:      Айыпкер Рысқұлбеков! Сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат:         Егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көрейін?

Тергеуші:      Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат:         Олай болса мені сол адаммен беттестір.Бұл өтірік жала!

Тергеуші:      Ах, ты декабрист несчастный! Я тебя покожу өтірікті жала дейді еще. (Ұрып соғады. Есінен танған Қайраттың бетіне су шашады)

Тергеуші:      Әй Рысқұлбеков! Сен Савицкиді өлтірдім деп мойныңа ала сал.Сонда сенің жазаң жеңілденеді.Егер сен Савицкиді өлтіргеніңді мойындасаң әкеңе тиіспейміз.Әйтпесе әкеңді де.

Қайрат:         Жолдас тергеуші!Бұл жала ғой!Өлтірген адамды өтірік өлтірдім деп қалай мойындаймын?Туған адам түгіл, тышқан да өлтіріп көргенім жоқ қой.

Тергеуші:      Заключенный Рысқұльеков!Сен ақымақ болма! өлтірдім деп мойында.Бұл бір.Сен әкеңнен 4000 сом алып, мына менің жұмсақ алақаныма сал, бұл екі.Түсіндің бе мақұлық?

Қайрат:         Жолдас тергеуші!Ауылда өз күнін әзер көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және неүшін төлеуім керек?Не үшін?Ешқандай қылмысым жоқ қой.

             Күнәдан таза басым бар

            Жиырма бесте жасым бар

            Қасқалдақтай қаным бар

            Бозторғайдай жаным бар

            Алам десең алыңдар

            Қайрат деген атым бар

            Қазақ деген затым бар

            Еркек тоқты құрбандық

          Атам десең атыңдар.



М.Шахановтың сөзін тындау.  
« Желтоқсан желі»әні-2-3 сынып.

Нұрислам:Азаматтық айбарымен еркіңнің,

Желтоқсанда намыс үшін желпіндің.

Алаңдағы әділетсіз дауылға

Қайсарлықпен қарсы келіп сен тұрдың.

Жапа шегіп жатсаңдағы жаладын,

Жарамады арашаға жан адам.

Желтоқсанның желбіретті жалауын,

Төрт жылдан соң мұхтар атты жан ағам.

 

С.Айгерім:Желтоқсан деп жүрегім сыздар әлі,

Шырқалады Қайрат деп қыздар әні.

Көк байрағым сені еске сап тұрады,

Желтоқсанның жеңілмес мұзбалағы.

 Жиырма бір жасың жатыр пешенеңде,

Айналар атың әлі неше өлеңге.

Жастар жүрер рухыңа тағзым етіп,

Рысқұлбеков атты бақ пен көшелерде!

 

Еркебұлан:Қарындасқа қалқан болған өренім,

Қалың жасқа пана болған терегім.

Жалын жырға арқау болған тереңім,

Өлтіре алмас сені өлім!

Алмас жүзді беренім!

 

Бейбарыс:Отан деген от басынан басталар,

Отбасыма от салмасын басқалар.

Отан деген қасиетті, киелі,

Отан десем оянады асқақ ар!

 Отансыздар мына өмірде бос қалар,

Сүйеуі жоқ, тіреуі жоқ жасқанар.

Отанымды күзетеді адалдық,

Сәттерімде мүлт кетпестен қас қағар.

 

Фатима:Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Басқалардың тимесінші кесірі.

Елдің көшін өрге бастап барады,

Нұрағаңмен егіз болар есімі.

 Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Бесігімде тербеледі дос үні,

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!
Би : «Бәйтерек»-қыздар тобы.
Қ.Мәдияр:

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, жас қайраты жас өркені халқымның!
 Наисима:

Тігілген соң Ақ Орда- шаңырағың

Тұғырыңа қонуда сан қыраның.

Отан деген оранып от құшаққа,

Кәусарыңа шөліңді қандырамын

Жәнібек:

Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымын,
Теңескен төбем көкпенен.
Мереке бүгін бақ күні,
Егеменді елімнің.
Желбірейді көк туы,
Түсіндей боп көгімнің.

Ляззат:Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 
Дамир: 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
«Қара жорға» биі.



Амира:

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың 
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

Қасиетті Қазақстан мекенім,


Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,

Болашағым, өнер-білім, өркенім.




Нарұл:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.


Дильхат:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына 
Жас өрендер желбіретіп нық ұста 
Ғасырларға жалғастырып елдікті 
Дақ түсірме ата баба рухына 
Үлгі бізге аталардың ерлігі 
Ұлағаты өнегесі еңбегі 
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі
Қазақ елім! 
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!


Нұрасыл:

Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым,өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!
«Қазақ елі осындай»әні- 4-сынып.



Мұғалім:

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. 

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Назар қойып тыңдағандарыңа рахмет, осымен сынып сағаты аяқталды!



Желтоқсан желі.

1Желтоқсан бірде,
Ел тосқан түрде,
Келетін мүлде жайдарлы.
Сол жылы бірақ,
Әдеттен жырақ
Көрінді шын ақ айбарлы.
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.
2Жоғалтып нуын,
Жоғалтып қуын;
Арал да суын тауысты.
Қаңырап мекен,
Аңырап бөкен,
Өріске бөтен ауысты.
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды..
3Бабалар өлер,
Балалар келер,
Аналар берер тіршілік.
Гүлденер дала,
Түрленер қала,
Бұтаққа жаңа бүр шығып.
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды



Ақ тілегі атаның

 

Сөзі:Шалқар Әбіштікі



Әні: Заттыбек  Көпбосынұлынікі

 

Сен қосылып немерем,



Кеңейді ғой керегем.

Әттең қолдан келмейді,

Айды алып берер ем, берер ем.

 

Қайырмасы:



Саған терді төгер ем,

Бар нәрсемді берер ем.

Оның бәрі аз десең,

Жан беруге көнер ем,

Сен аман бол немерем!

 

Ұрлап жатыр күн түнді,



Көп күттім мен бұл күнді.

Ешнәрсеге қимаймын,

Сенің таза күлкіңді, күлкіңді.

 

Қайырмасы.



 

Жатыр күлкің жаңғырып,

Жұртты естен тандырып.

Балғын тілің жүр менің,

Мейірімді қандырып, қандырып.

 

Қайырмасы.



 

Әжеңді де жұбаттың,

Қайғымызды уаттың.

Қартайғанда атаңды,

Жас баладай қуанттың, қуанттың.

 

Қайырмасы.



Баланы қырқынан шығару - тіршілік цикліне қатысты атқарылатын рәсімнің бірі. Дәстүрлі ортада бала дүниеге келгеннен кырқынан шыққанға дейінгі алғашқы қырық күндік «өтпелі кезеңді» қауіпті, қатерлі санап, жаңа туған нәрестені шырақ жағып күзетіп, қасынан адам үзілмей бағады. Бала қырқынан шыққанша «сүт тырнағын», «қарын шашын» алмайды. Қырық күннен аман өткен нәрестені «қарақұлақтанды» деп қуанып, «қырқынан шығару» тойын жасайды. Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік, күміс сөлкебай сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құяды. Қазақ ұғымында күміс - адалдықтың белгісі, күміс салыпған су — ең таза су (арам су, уланған ас құйылса күміс ыдыс қараяды) боп есептелінеді және оған жын-шайтан жоламайды.

Қырық шелпек пісіріп, келген қауымға таратады. Кейбір өңірлерде оның бірнешеуін бесікке тізеді, оны қасқой кемпір шымшысын деп ырымдайтын болғандықтан, шымшыма нан деп атайды. Баланы қырқынан шығарған әйелдер білезік, сөлкебайларды бөлісіп алады. Баланы шомылдырып болған соң, «қарын шашын» алып, ақ шүберекке түйіп, тұмарша етіп, баланың оң жақ иығына немесе бесігіне қадап қояды, ал «сүт тырнағын» адам баспайтын жерге немесе «ұрпағы көп болсын», - деп жеміс ағашының түбіне көміп тастайды.

Осы күні баланың ит көйлегі шешіледі. Ит көйлегіне әр алуан тәтті түйіп, бір иттің мойнына байлап қоя береді. Ауыл балалары сол итті қуып жүріп ұстап алып, тәттіні бөліп жейді. Баланың ит жейдесін киелі санап, ақсақалдар алыс жолға шыққанда, дауға барғанда қойындарына тығып алып жүрген. Бала таппаған, үнемі түсік тастаған әйелдер оны басына жастап жатады екен.

Байырғы орта түсінігінде берілетін әшекейлер баланың денсаулығы мен өмірінің ақысы болып саналатындықтан, баланың анасы немесе әжесі «қырқынан шығару» мерекесіне келген әйелдерді, кіндік шешені ренжітпей, риза қылып, қалауын беріп аттандырған.[1]



ІІ. -  Балалар қазір бәріміз ата-баба дәстүріне ораламыз. (Осы кезде ұлттық киімдегі әже келеді)

-  Амансыңдар ма, балалар!

-  Сәлеметсіз бе, әже!

-  Әже, жоғары шығыңыз! Балалар қонаққа әже келді.

Бөпенің жылаған дауысы естіледі.

-          Жылама бөпем, жылама. Әже, сіз, дәл келдіңіз. Бөпенің туғанына 40 күн толды. Балалармен бірге бөпені қырқынан шығарайықшы.

-          Ал, ендеше кірісейік. «Қырқынан шығару» - бөпені 40 қасық сумен шомылдыру. Мынау леген, жылы су, мынау тостаған, тостағанға қасықпен су құямыз. Тостаған, леген, қасық, жылы, ыстық, су, (Балалар қайталап отырады.)

ІІІ.

Сергіту сәті: Сылдырлайды мөлдір су /с-с-с/

                        Мөлдір суға қолын жу /моет руки/

                        Жуынсаң сен әрдайым / моет лицо/

                        Аппақ бетің, маңдайың / показывает лобик/

Тазалықтың досы – су деген осы.

-          Биссимиллаһи рахмани рахим – деп шомылдыра бастайды.

-          «30 омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң жылдам қатсын – деген тілекті айтып отырып шомылдырады. Шомылдырып болған соң баланың тырнағын, шашын алады.

-          Енді денесін, қол-аяғын майлап, бәріміз бірге

Өс-өс балам, өс балам,

Сұлу боп өс сымбатты.

Саусағыңды жазайын,

Аяғыңды созайын. Өс-өс – деп бөпенің денесін ширатайық.

-          Мынау тырнақ, мынау шаш.( Балалар қайталайды)

-           «Ойлан, тап» деген ойын арқылы жаңа сөздерді қайталау.

Жаңылтпаш оқу: Тас тостаған.

Тас тостаған ішіне,

Тас тастаған.          

Жапсыру: «Тостағанды әсемдейміз».

-          Балалар, қазір  тостағанды ою-өрнекпен әсемдейміз. Оны баланы қырқынан шығарғаны үшін ақ әжеге сыйлаймыз. Балалар оюдың аты «Құс қанаты». Түрлі –түсті қағаздан қиылған оюлар жапсырамыз.

(Тостағанның үлгісі қағаздан қиылып дайындалған. «Құс қанаты» өрнегінің дайын үлгісі. Жабыстыра отырып жаңылтпашты қайталау:

-          Әже, сізге көп рахмет. Мынау сіздің жолыңыз, бізді еске алып жүріңіз. (Балалар өз қолынан жасаған тостаған суретін тарту етеді, қоштасады).

-          Балалар апайды тыңдаңыздар. Аман болыңдар!

-          Сау болыңыз!



Жас бөбекке беретін бата

Көтерейік білекті,

Нұрға бөлеп жүректі.

Бөбекке бата берейік,

Ағынан айтып тілекті.

Сәбиіміз сүйкімді болсын,

Өнер-білімге икемді болсын,

Бәйтеректей бойшаңданып,

Өнер, өршіл, өркенді болсын,

Жақсы жолды таңдасын,

Жамандық тәлім алмасын,

Даналардың дәстүрін,

Жаңаласын, жалғасын.

Шұғылалы шуақ күн кешсін,

Басын сұр бұлт шалмасын,

Қос топшысы талмасын,

Қырандай биік самғасын.

Ары адал, жаны жаз,

Құрбысынан қалмасын!

Абай, Жамбыл, Міржақып,

Шоқан, Ахмет, Мағжандай

Тасқа басқан таңбасын,

Мәңгілік артына із қалдырсын!

Әумин!







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет