Буддизм және оның негізгі бағыттары. Дайындаған: хнк 3/2 топ Қабылдаған: Сарыбаева А. Б



Дата14.12.2021
өлшемі7,68 Mb.
#127196
Байланысты:
Презентация (4)
Әбдісадық Лаура 3курс 302қб Пед өлшем сөж, Таза жартылай өткізгіштердің өткізгіштігі меншікті өткізгіштік деп аталады, Абдулла Ақерке.Тпп20-18, Анарбай Макпал.5- апта Элтех, Динамика (1), 5-ші апта

Буддизм және оның негізгі бағыттары.

Дайындаған: ХНК 3/2 топ

Қабылдаған: Сарыбаева А.Б

Әлемдік діндердің бірі – буддизм діні б.д.д. VI ғасырда ежелгі Үндістанда пайда болған көне діндердің бірі болып табылады. Кейбір дерек көздерінде буддизм дінінің негізін салушы Сидхартха Гаутама б.д.д. 558-567 жылы шамамен сәуір-мамыр айларында Капилавасту қаласында, Шудходан атты патша әулетінде дүниеге келген делінеді. Ол 16 жасында үйленіп, 29 жасында туған сарайын тастап кете барды. Шамамен б.д.д. V ғасырда ол «ең жоғары деңгейде рухани тазарған, кемелденген» дәрежесіне қол жеткізіп, ары қарайғы өмірін өз ілімін таратумен өткізіп, сексен жастан асқан шағында дүниеден өткен. 

Қазір әлемде 700 миллион шамасында буддизм дінін ұстанушылар бар.  

Ұлы Жібек жолы арқылы түркілер даласына жаңа дәуірдің бас кезінде өзге мәдениет үлгілері де, соның ішінде будда діні де ішінара тарала бастады. Әсіресе ІІ-ІІІ ғасырларда соғды, парфия және қаңлы дін уағыздаушылары белсенді әрекеттер жасады. Бірақ, будда дінінің VI ғасырға дейін қоғамға елеулі ықпалы болды деп айта алмаймыз. Тек VII ғасырдың алғашқы жартысында ғана батыс түркілердің кейбір ел басшылары будда дінін қабылдап, оның орнығуына ынта білдірді. 

Буддизм ілімінің көзқарасы бойынша, будда деп кез келгеннің карманың жақсы, яғни оң санын айтарлықтай мол жинаған және ақиқатқа (дхармаға) көз жеткен тірі жанды айтады. Ғалам тарихында осындай тәріздес көптеген тірі жәндіктер жандар болатын. Осылайша, Гаутама Будда өтіп кеткен уақыт кезеңде де, әлі болашақта талай көптеген буддалар қатарының бір үзбесі болып табылады. Оның алдында Дипанкара будда болған еді, ал одан кейін келетін будданың есімі - Майтрейя.

Карма (санскритше – іс-әрекет) – ежелгі үнді философиясы мен дініндегі ұғым. Индуизмілімінде жеке адамның табиғатпен тікелей байланысы К. заңдары арқылы реттеледі. Атма адам тәніндегі жанға айналып, жақсы, жаман әрекеттерге итермелейді. Карма – осы іс-әрекеттердің нәтижесі, жанның бір денеден екінші денеге көшуіне жағдай жасайтын себеп, сондықтан да адамның туғандағы хал-ахуалы (байлық, кедейлік, құрмет, жәбір, қасірет, тағы басқа) ата-бабаларының өткендегі іс-әрекеттері мен мінез-құлқының шарапаты не кесапатына байланысты.

Будда дінінің негізгі бағыттары.

Тарихи деректерге қарағанда, Будда өлген соң бір ғасырдан соң монахтар жиынында буддизмнің тапжылмас негіздері, принциптері мен дін ережелері жасалды. 

Будда ізбасарлары арасында осы мәселелерде пікір қайшылығы туып, будда дінінің екі бағыты пайда болды. Хинаяна діни ілім мен ғұрыптардың мызғымастығын жақтады. Махаяна оған қосымшалар енгізуді, буддизмге кеңірек және еркінірек түсіндірме беруді қолдады.

Хинаяна Шри-Ланкада, Таиландта, Бирмада, Лаоста, Камбоджада кең тарады. Үндістанда, Бангладеште, Вьетнамда, Малайзияда және Непалда ықпалы ілгерілерге қарағанда солғындау болды. Ол өзінің таралу аумағына қарай "оңтүстік будда діні" деп аталды. Осылардың ішінде хинаянаның Шри-Ланкада беделі өте жоғары. Будда монахтары өздерінің білімдерін жетілдіру және діни лауазым алу үшін осында бас қосып тұрады. Бірақ, Шри-Ланка ұлты және діні жағынан біртекті емес. Мұнда сингалдар (буддашылар) мен тамилдер (индуистер) арасында үнемі қақтығыстар болып тұрады.

Махаяна немесе "солтүстік будда діні" негізінен Қытай, Жапония, Корея, Непал, Бутан территорияларында, бертініректе ламаизм түрінде Моңғолияда, Тибетте, Бурятия мен Жоңғарияда орнықты. Махаянаның хинаянадан негізгі айырмасы мынадай: махаяна Будданы ұстаздан гөрі құдай бейнесінде мойындайды; махаяна жұмақ және тамұқ туралы ілімді одан әрі дамытады.

Буддизм дінінің негізігі канондық кітаптарының бірі болған «Дхаммапада» трактатындағы Будданың сөздерінде былай делінеді: «Жолдың ең дұрысы – сегіз түрлі жол, шындықтың ең жақсысы – төрт түрлі сөз, дхарманың ең жақсысы – нәпсіңді тыю, екі аяқтың ең үздігі – көрегендік. Осы жолдарды ұстансаңдар азап пен бейнеттен құтыласыңдар. Сәтсіздіктен қалай құтылуымды білдім де, мен осы жолды сіздерге жария еттім»,-дейді. 

Будда дін жолына шын берілген адамдарды төрт қағиданы мүлтіксіз орындауға шақырды. Олар: зұлымдықтың алдын алу, зұлымдық пен қатыгездікке жол бермеу, ізгілік пен қайырымдылыққа даңғыл жол ашу, адамгершілік қасиеттерді батыл қолдау. Будда ілімі үнді халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, кең қолдау тапты. Будда өз шәкірттеріне арнаған сөзінде былай деді: «Сендер бүл ілімді дүние жүзінің барлық елдеріне таратыңдар. Оларға кедейлер мен бұл өмірден жәбір көрушілердің, байлар мен тектілердің бірдей екендігін, күндердің күнінде үнді қоғамындағы барлық касталардың осы діннің туы астына бірігетіндігін халыққа түсіндіріңдер».

Назарларыңызға рахмет !

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет