Магнитті резонансты томография (МРТ) қазіргі кездегі ми құрылысын зерттеуге арналған ең көрненті, объективті әдіс. Бұл әдісте рентген сәулелері қолданбайды, бұнда сутек атомдарының магнитты резонансы қолданылады. МРТ- да организмге ешқандай сәулелердің әсері болмайды (тек кардиостимуляторы бар адамға істеу болмайды).
МРТ арқылы мидың құрылысын зерттеу үшін пациентті күшті магниттік өріс ішіне орналастырады. Адам денесіндегі сутек атомдары магнитті өріске параллельді бағытта сапқа тұрғандай орналасады. Сол кезде аппарат негізгі магнитті өріске перпендикулярлы электромагнит сигналдарын жібереді. Сутек атомдары қозып, жауап ретінде өз сигналдарын жібереді. Сигналдарды аппарат қабылдайды. Әр түрлі тіндерде сутек атомдарының саны әр түрлі, сондықтан олардың жауаптары әр түрлі болады. МРТ – оларды танып, жіктеп, әр түрлі суреттер құрастырады. МРТ кеңінен неврологияда, нейрохирургияда қолданады. Ми ісіктерін, тұқым қуалайтын кемшіліктерді, мидағы қабыну процестерді, шашыраңқы таралған склероз ауруларын және басқаны анықтайды. [6]