4 Дәріс сағат Арнайы (түзету) мектебінде тарих пәнінің міндеттері, құрылымы, мазмұны



бет2/3
Дата16.01.2023
өлшемі24,24 Kb.
#165617
1   2   3
Байланысты:
3-4 Дәріс
Айзере, Мақала, менеджмент 9, менеджмент 9, менеджмент 9, менеджмент 9, ҚР № 612 қаулысы, 08 11 2022 Перечень ОП КПК рус, СӨЖ Арнайы (түзету) мектебінде Қазақстан тарихын оқытудың технологиясы, Погода и метеорологические элементы (2)
Тарих курсының тәрбиелілік мақсаттары.
Тарихты оқыту барысында білімділік мақсатпен қатар тәрбиелілік мақсат бірге жүргізіледі. Олар:
1.Оқушыларды азаматтық тәрбиелеу. Бұл мақсатты орындау арнайы мектепте қиындау болып келеді. Мұғалім тарихи үлгілерге қарап, өз оқушысының бойында қажетті сапасын дамытуына мүмкіндік алады. Мысалы желтоқсан көтерілісінің себептерін ойлану. Немес отандық тұлғалардың мысалы Қазақ билерінің (Төле би, Қазбек би, Әйтеке би ) өмірлерін. Мұғалім өмірден оқиғалар алып соны оқушылармен бірге әңгімелеуі тиіс.
2. Оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу. Тарих курсы әскери патроттық сезімді тәрбиелеуге мүмкіндік береді, әсіресе әр түрлі кезеңдегі Отанның тәуелсіздігі үшін күрес.
Оқушыларға патроттық сезім тек әскери соғыста ғана емес, сонымен қатар бейбітшілік өмірде де көрініс табатынын түсіндіру қажет.
3.Әр түрлі ұлт халықтарына сыйласымды қарым-қатынас тәрбиесі (бұл достастықпен келісімді өмір сүру тәрбиесі, әр түрлі ұлттардыңсалт дәстүрін құрметтеу, қиыншылықта қалған адамдарға сыйласымдылық көрсету, дәстүрімен танысу) Қазіргі күнде СССР құлаған кезде Шешенстанда соғыс қимылдары жалғасуда, террорлық актілер болуда. Бұл жағдайды шешу оңай емес. Сондықтан тарихи материалға сүйене отырып мұғалім оқушыға соғыс жылдары еліміздегі барлық халықтардың отанды қорғауға көтерілгендігі көрсету қажет.(Мысалы Ұлы Отан соғысы кезінде)
4. Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі.(ерлік, шындық батылдық, мейірімділік, жақсылық, бауырмалдық сияқты қасиеттерді тәрбиелеу). Тарих жоғары адамгершілік қасиеттер желтоқсаншылардың әйелдерінің ерліктерінен көрінеді; Сібірге ерлерінің артынан еріп барды; фашистік концлагерьлерде және даудың тылында Кеңес адамдарының ерлігі мен өзара көмегінің көрінісі т. с. с. Қоғамның жаңа этапта дамуы көптеген келеңсіздіктер туғызады. Сондықтан бұл мәселелерді арнайы мектеп оқушыларымен талқылау керек және болып жатқан жағдайды бағалау қажет. Мысалы, кедей және үйсіз, тастанды балалардың мәселелері, қылмыстық мәселелер т.б.
5. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Тарих пәнін оқытуда шешуші мақсатты тиімді жолы, ол оқушыларды саяхатқа шығару немесе сабақта әр түрлі көрнекіліктерді пайдалану. Басқа жағынан алғанда эстетикалық тәрбие әр түрлі кезеңдегі мәдениетпен танысқанда да дамытуға болады. Мысалы оқушылар бұрынғы қазақтың дәстүрімен, мерекелерімен танысады. Бірақ бағдарламада ХХ ғасыр мәдениеті көрсетілмеген. Бұл жеткіліксіздікті мұғалім өзі толықтыруы қажет.
6. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу. Бұл мақсат арнайы мектепке міндетті десекте болады, оқушылар немесе бітіруші түлектері еңбек жұмыстарына тек тәжірибе жүзінде ғана емес психологиялық тұрғыданда дайын болуы қажет. Бұл мақсат тарихтың барлық курсын қамтиды, оның маңызды идеясы мыналар: еңбек-жер бетіндегі негізгі тіршілік, барлық материалдар мен рухани байлық адамдардың еңбегі арқылы қалыптасқан, еңбек-қоршаған ортада даму прогрессінің негізі. Оқушылар адамдардың еңбекке деген көзқарасын, бірінші бес жылдықта, Ұлы Отан соғысы кезіндегі, соғыстан кейінгі кезеңдегі еңбек шеберлігін қалай көрсеткенін бақылай алады;
7. Оқушыларға экологиялық тәрбиелеу беру. Әрине бұл мақсат тарих курсында кеңінен қарастырылмайды, география мен табиғаттану сабағындағыдай, бірақ тарихи материалдардан адамдардың гидроэлектростанциялармен үлкен комбинаттар салу арқылы қоршаған ортаға өзгеріс енгізгенін байқай аламыз;
8. Оқушылардың құқықтық тәрбиесі (бұл құқықтық мәдениетке тәрбиелеу, яғни, заңға құрметпен қарау, заңды орындауға деген құлшыныс, заңды бұзғандарға деген жағымсыз қарым-қатынас көрсету). Әлеуметтік бейімделу арнайы мектеп бітірушілері үшін өте үлкен мағынаға ие. Біздің Отанымыздың тарихын оқуда, оқушылар қоғамдағы таптар арасындағы теңсіздікпен, әртүрлі дәуірлердегі мемлекет функцияларымен,ерте заманнан революцияға дейін танысады.
9. Оқушылардың дүниетанымының қалыптасуы ( дүниетаным – бұл принциптар жиынтығы, көзқарас пен сену, жеке адамның, әлеуметтік топтың немесе жалпы қоғамның қарым-қатынасы мен қызметін бағыттаумен анықталады). Ақыл ойы кем оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру оңай емес, бірақ та арнайы (түзету) мектепте бұл мәселені шешуден бас тарту керек дегенді білдірмейді. Оқушылардың тарихты оқу барысында алған ғылыми білімі, қоршаған әлеуметтік шындықта практикалық бейімдеу негізгі мақсат ретінде қолданылады.
Түзетушілік-дамытушылық мақсаттары.
Мектеп тек білім қалыптастырып қоймай, оқушылардың білік дағдысына, тәрбиесіне, сонымен қатар баланың дамуына мән беруі керек. Дамытушылық оқу оқушының өз бетімен ойлауын түсінуіне үлкен үлес қосады. Баланың жақсы дамуын қарастырғанда ең маңызды рольді Л. С. Выготскийдің идеясы алады. Л. С. Выготскиийдің концепсиясында ақыл ойы кем оқушылардың екі деңгейін оқытуға аса мән берілген: бірінші деңгейі – оның актуалды дамуы, екінші деңгейі – дамудың жақын аймағы. Оқудың рольі дамудың жақын аймағынан актуалды дамуға ауысуын қарастырады. Арнайы мектепте әр бір пәнді оқыту процсінде дамытушылық сипатта ғана емес сонымен қатар түзетушілік бағытта оқушылармен жұмыс жүргізіледі.
Арнайы мектепте тарихты оқыту процесінде келесі түзетушілік – дамытушылық мақсаттар қарастырлады:
Зияты зақымдалған балалардың зейінін түзету. Зейін оқу – тану жұмыстарында міндетті компоненті болып табылады. Зияты зақымдалған оқушылардың тұрақсыз зейінін ескере отырып, мұғалім түзету мен дамыту жұмыстарын жүргізіп отыруы керек. Сабақтың құрылымымен ұйымдастырылуы, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру арқылы оқушылардың зейінін сабаққа бағыттай аламыз.
Тарихи материал мазмұнының әр түрлілігімен қызықты. Әр кезеңдегі оқиғаларды қызықты баяндау арқылы балада тұрақты зейінін, ауысуын, танымдық процестерін дамытуға болады.
Зияты зақымдалған балалардың қабылдауын түзетумен дамыту. Тарих сабағында оқушылар әр түрлі оқиғалармен, құбылыстармен қозғалыссыз жағдайда танысады, сондықтан тарих толық қабылдауды қажет етеді. Мұғалім оқушылардың зияты зақымдалған балаларды ескеріп, ең алдымен негізгі мәләметті жеткізуі қажет. Мұғалінің тақтадағы жазуымен көрнекіліктері оқушыларға анық көрінуі керек.
Зияты зақымдалған балалардың елестетуін түзетумен дамыту. Елестету басқа психикалық процестермен байланысты ойлау, есте сақтау іс-әрекеттерін молайтып, өзіндік маңызды, сондықтан бұны анрнайы мектеп оқушыларында сабақ барысында дамытқан дұрыс. Тарих оқушыларды өткен оқиғалармен таныстырады және олар ол оқиғаларды елестету арқылы қабылдайды.
Зияты зақымдалған балалардың есте сақтауын түзету және дамыту. Оқушылар оқиғаның уақытын, өткен орнын, қатысушыларды есте сақтап оларды дұрыс әңгімелеп беру керек. Арнайы мектеп оқушылары есте сақтауының нашарлығымен ерекшеленеді, олар мағынасын түсінбеседе механикалық түрде жаттап алады.
Зияты зақымдалған балалардың ойлауын түзетумен дамыту. Тарихи материал терең ойды талап етеді, сондықтан бұл процес арнайы мектеп оқушыларына қиын. Осы ерекшеліктерді мұғалім ескере отырып, оқушыларға матриалдың көлемін нақты, анық, жеңіл түрде түсіндіру керек. Арнайы мектеп оқушыларының ойлауын түзетумен дамыту үшін, оларға ойлануды талап ететін тапсырмаларды қойған жөн. Осыған байланысты Н. Б. Лурье балалардың ойлауын дамытумен қатар түзету үшін сұрақтарды қойғанда бала ескі жауаптарына қоса жаңа сөздерді айтатындай болуы қажет деген. Арнайы мектеп оқушылары меңгерілген білімдерін аналогиялық фактімен құбылыстарға ауыстыра алмайды. Осы ерекшеліктерді ескере отырып мұғалім оқушыларда тарихи оқиғалармен оның арасында дұрыс байланысты орната білуі қажет.
Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілін түзетумен дамыту. Арнайы мектеп оқушылары сабақтың мазмұнын, өз ойларын жеткізуде қиналады. Оқушы материалды түсіне тұрсада, оны кезектілікпен байланыстырып айтып бере алмайды. Сондықтан да сабақ үстінде түзетушілік жұмыстар жүргізіп отырған жөн. Бұл үшін оқушыларға жеңілдетілген әңгімелер жүргізіледі. Арнайы мектептің оқушылары қз ойын кезектілікпен байланыстырып жеткізу қиын болғандықтан, мұғалімнің сұрағы арқылы жауап береді. Мұндай оқушыларға көрнекіліктермен суреттерді пайдалану арқылы баланы өз бетімен жауап беруге үйретуге болады деп есептейді Н. Б. Лурье. Бұрын сұраққа ғана жауап беретін оқушы үшін жақсы көрініс, мұғалім бұл кезде сұрақтың көлемін азайтып, әр сұраты қайта қайталауын талап етеді. Осы арқылы оқушыда өз бетімен жауап беру пайда болады.
Осымен бірге оқушының жазбаша сөйлеуінде дамыту керек. Бұл траих сабағында оқушылардың дәптерге жазуымен байланысты.
Зияты зақымдалған балалардың ерік-жігер сферасын түзетумен дамыту. Бұрынғы мәліметтерде арнайы мектеп оқушылары мейірімділікпен зұлымдық күресін, әділетсіздікпен әділеттілікті көруді үйренеді; еңбекқорлармен еріншектерді ажыратуды, Отанды қорғаушылармен жауларды және т. б. Материалды дұрыс баяндау мен әңгімелеу арқасында оқушыларда оқиғадағы адамдармен болып жатған іс-әрекеттерге ерік сезімі пайда болады: жеңгендерге жек көрумен жеңілгендерге мейірімділік т. с. с. Осы арқылы оқушылар материалды тек түсініп қана қоймай сонымен қатар ерік – жігерінің пайда болуын көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет