3-4 Дәріс 2 сағат Арнайы (түзету) мектебінде тарих пәнінің міндеттері, құрылымы, мазмұны Әлемдегі барлық елдің өзіне тән өткенімен қазіргісі бар. Әрбір адам өзінің қалай пайда болғанын және олардың бабаларының қалай өмір сүргендігі туралы білгісі келді.
Тарих елдің өткенін зерттейді: өткен оқиғалар, адамдардың өмірі, олардың тіршілігін, мәдениетін. Мәдениет бұл – адамдардың ғылым мен техникада, біліммен өнердің аймағында жеткен нәтижелері.
Тарихты зерттеушілер, ол өмір сүруге үйретеді деген. Өткенді білу арқылы біз бабаларымыздың көрген қиындықтарын біле аламыз. Сол қиындықтарға қарамастан өмірлерін жалғастыра берді. Тарих бізді әділеттіліке, қоршаған ортаға жаңа көзқараспен қарауға үйретеді, осы сөздер арқылы 5-сынып оқушыларын «Өзінің отаны» туралы жаңа пәнмен таныстыруды бастайды.
Қазіргі заманғы талаптар, отандық тәрбиенің нұсқаулардың жетіспеушілігін айтқанда,тарихтың маңыздылығы жоғарылайды. Осы пәнге ендігі өсіп келе жатқан ұрпақ тиесілі, әлемге деген көзқарасы қалыптасу. Тарихты оқыған адамның өмірге деген түсінігі, адамдық ортада өсу заңдылығы арта бастайды.
Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы - тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы - батыр халық». Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі кейінгі ұрпақка қашан да болса өнеге болмақ.
Тарих ілімі оқыған сайын адамның жан- жақтылығын арттырады, ортадағы өз орнын табуға көмектеседі және еңбекпен, батырлықпен болған ұрпақтық шайқасқа сыйластықпен қарайды. Ұлы тарихты оқу аса маңызды, себебі оқушыларды өз еліне, отанына деген махаббаттарын арттыруға тәрбиелейді. Арнайы (түзету) мектепте тарих курсының тәрбиелілік-білімділік мақсатын шешкенде, оқушылардың ерекшеліктріне сай тәбиелік-білімділік түзетушіліктің бағытын ескеру қажет.
Тарих бағдарламасын бекіту хатында ескерілді: зияты зақымдалған балалар үшін тарих пән ретінде ескі тарихи мәліметтерді қарастырылады, біліммен біліктілікті қабылдауда, оқытылған материалдың оқушының жеке басына түзетушілік әсрі, азаматтың тұлғалық сапасының қалыптасуы, зияты зақымдалған жасөспірімді өмірге дайындау, түлектің қоршаған ортаға әлеуметтік-еңбктік және құқықтық бейімделуі.
Арнайы мектептегі тарих пен отандық және әлемдік тарихтың рекшелігіне қарамастан, жалпы білімде оқытылатын, жеке оқу курсы болып табылады, психологиялық-педагогикалық ғылымның тарихи талаптарына сәйкес, ғылыми түсініктерінің нақты нұсқасын ашып көрсетеді.
Бекіту хатында бағдарламаға сай нақты тәрбилілік-білімділік және түзетушілік-дамытушылық жұмыстар болмағанына қарамастан, арнайы мектептің тарих мұғалімдері бұл қиындықты сабақ барысында немесе сабақтан тыс жұмыстарда әр түрлі заттарды қолдана отырып шешеді.
Тарих курсын оқыту мақсаттары. Білімділік мақсаты оқушылырда тарих туралы нақты білімді қалыптастыру. Мысалы төмендегідей:
1. Арнайы мектеп оқушылары тарихты меңгеру барысында білімділік маңызы бар фактілерді меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар фактіні талдау мен жинақтау арқасында алынған нәтижесіндегі қорытындыны меңгеруге көмектеседі. Оқушылар міндті түрде : біздің ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргенін, үйсіндермен ғұндардың өмірімен, отанымыздың қашан және қалай мемлекетінін құрылғанын, олардың өз тәуелсіздігі үшін ерлік көрсетіп күрескенін, олардың уақыт келе шаруаларға айналуын, олардың шаруалар ревалюцаиялық көтерілістерін,ғ асырлар бойы мәдениеттің жеткізген жетістіктерін біліуі қажет. А.А Вагиннің ойынша осындай және осы сияқты көптеген маңызды тарихи фактілерді оқушылар білмесе олардың туған жері туралы ой-пікірі кедей, қараңғы, жалпы сана сезімінің мөлшері төмен, ал социалдық эмоциалары жетілмеген деп білді.
2.Тарихи фактілерді меңгеру барысында оқушылардың өткен шақтың маңызды құбылыстарына тарихы көзқарасы өзгереді. Мысалы, мұғалім оқушылардың шаруашылық ауылдарда өмір сүру салтын, немен айналысатынын, еңбек құралдарын, салт-дәстүрлерін санасына жеткізуге тырысады; сонымен қатар ежелгі қазақ қалаларының монғол-татар шапқыншылығына төтеп беруі және т.б.Осы түсінініктерді меңгеру ақыл зияты зақымдалған оқушылардың өткен замандағы адамдардың өмір сүру ерекшеліктерін, еңбегін, күресін түсінуге көмектеседі.
3. Арнайы мектеп оқушылары үшін қолжетімді тарихи түсініктерді қабылдауы, уақыттардың локальды, ізденушілік себептерінің байланысын түсінуі, кейбір қоғамдық заңдылықтардың дамуын. Әрине бұл жалпы мектептегідей толық шешілмейді, зияты зақымдалған оқушылардың қабылдау деңгейімен ізденушілік себептерді түсінуі қиын. Егерде бұл тапсырма мазмұнымен көлемі жағынан және мұғалімнің әдіс-тәсілдері оқушыларға қолжетерлік болса, онда арнайы оқыту нәтижелі болады.
4. Оқушылардың тарихи білімдерімен біліктерін пайдаланып, оларды тарихи материалды оқытқанда басқа оқу пәндерінде, сыныптан тыс жұмыстарында, өмірде қолдана алуы.
5. Тарихи материалдармен өзіндік жұмыста біліммен біліктерін іске асыру: оқулық мәтінімен, тарихи құжаттармен, ғылыми атақты және өнер әдебиеттерімен, журналдармен, әр түрлі көрнекі құралдармен. Арнайы мектеп оқушылары жосапр құра білуі, дәптерлеріне тарихи материалдармен байланысты қысқаша мазмұнын жаза білуі, қосымша әдебиеттерге байланысты қысқаша әңгімелей білуі қажет. Оқушы өз бтімен жұмыс жасай алуы үшін оқушыға жеке қарым-қатынас жасау қажет. Сондықтан мұғалім оқушының мүмкіндігін сай тапсырма береді.