Негізгі бөлім
8 минут
|
«Менің мінезімнің айнасы» атты тренинг.
Бұл ойынның мақсаты: (Оқушылар өз бойында байқамай жүрген кемшіліктері болса, түзету жұмыстарын жасау, кемшіліктерін жою, жақсы мінезі басым болса, жігерін қанаттандыру.
регламент: жазуға 3 минут, талдауға 5 минут, әр топтан 1 оқушы):
Оқушылар А-4 парақ бетіне алақан суретін салады да, жоғарғы жағына өзінің аты-жөнін жазады. Сөйтіп, топта өзінің жанында отырған достарына парақты береді. Достары бір-біріне парақты жылжыта отырып, алақан ішіне сол оқушының жақсы мінездерін, алақан сыртына кемшіліктері мен, жағымсыз қылықтарын жазады. Парақ айналып, иесіне келеді. Парақ-сол оқушының мінезінің айнасы болып шыға келеді.
Топтық жұмыс:
Жарқын тобы: Постер жасау
«Мінсіз оқушы және міні бар оқушы бейнесі» (барлық мінезін, жақсы қасиеттерін және барлық жаман қылықтары мен кемшіліктерін сурет арқылы жеткізу)
- Мінсіз оқушы бойынан кемшіліктер тауып алуға бола ма?
Міні бар оқушының бойынан қандай жақсы қасиеттерді көре аламыз?
Қорытынды сөз: куратор қорытындылайды
2-Инабат тобы:
Көрініс құрастыру. «Алдыңа келсе, атаңның айыбын кеш» деген бабаларымыз әрқашан кешірімді негіз етіп ұстаған. «Бір ашуыңды маған бер», «Тентегімді жөнге салуды өзіме қалдыр», «Бір білместік өтті», егер бала болса « Ісінің шалалығы» деп, жас болса « Жастық шақта кімнің басынан не өтпейді» деп, үлкен кісі болса « жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ бола ма» деген секілді сөздермен әйтеуір екі жақты ренішсіз бітістіруге, араларын татуластыруға, артын тым ушықтырмауға тырысқан.
(Жоғарыда берілген тақырыптардың ішінен біреуін таңдап, қысқаша сценариін жазып, көрініс ұйымдастыру)
3-Сабыр тобы:
«Жаныңда жүр жақсы адам» атты эссе жазу. (Сыныптасы, досы, ата-анасы, көршісі, мектеп дәрігері, ұстаздары, кураторы, т.б. туралы болуы мүмкін)
Эссені топтан бір оқушы шығып, оқиды.
|
А-4 қағаздар
Баяу музыка ойнап тұрады
"Жақсы бір Адам қартайса" (Майлықожаның термесі) Жазира Байырбекова
https://www.youtube.com/watch?v=4yYLdkZ21Cs
А-3 қағаздар
карточка
А-4 қағаз
|