4-дәріс.
Тақырыбы: «Ашық тапсырмалардың түрлері мен ерекшеліктері».
Бүгінгі дәрісімізде біз ашық тапсырмалардың түрлері мен олардың ерекшеліктерін қарастырамыз.
Түсіну және қолдану деңгейіндегі тапсырмалармен салыстырғанда пайымдауға берілген тапсырмалар оқушының осы тақырып бойынша әбден ойланып, жаңа білімін іс-әрекетте қолдану жолын өз бетінше дұрыс табуын көздейді. Оқушының білімін өмірде қолдану туралы ойлануы оның өздігінен шешім қабылдап, өз таңдауын негіздей білуіне мүмкіндік береді. Оқушылар өз бетінше ойланып жауап беруі үшін мұндай тапсырмалар дайын жауабы көрсетілмеген ашық сұрақтар арқылы беріледі. Ойландыруды көздейтін жоғары деңгейлі тапсырмалар оқушының оқыған материалды ой елегінен өткізіп, талдауын қажет етеді. Жоғары деңгейлі тапсырма әзірлеу үшін ашық сұрақтар құрастырып үйрену керек.
Ашық тапсырмалар жоғары деңгейлі танымдық дағдыларды тексеруге, дәлелдер келтіруге, қойылған проблемаға қатысты өзінің жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлауға арналған. Ашық тапсырмалардың жауабы ұзындығына немесе көлеміне қарай ерекшеленеді. Ол бір немесе бірнеше сөздерден тұратын қысқа жауаптан бастап толық дәлелді пайымдау түріндегі толық жауапқа дейін болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |