4-дәріс. Тақырыбы: «Ашық тапсырмалардың түрлері мен ерекшеліктері»



бет2/3
Дата01.08.2020
өлшемі31,12 Kb.
#76023
1   2   3
Байланысты:
1.1-дәріс. Ашық тапсырмалардың түрлері мен ерекшеліктері
1.1-дәріс. Ашық тапсырмалардың түрлері мен ерекшеліктері
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушылар бірнеше сөздерді, бір сөйлемді, қарапайым сызбаны немесе формуланы қолдана отырып, сұрақтарға қысқа нақты жауап беруі қажет.

Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларды бірнеше сөйлем, түсініктемелерді, сызбаларды немесе бірнеше кезеңнен тұратын дәлелдеулерді келтіре отырып орындау қажет.

Толық жауапты қажет ететін тапсырма нұсқаларының бірі эссе болып табылады. Эссенің көмегімен тек жазылым дағдысы тексеріліп қана қоймайды, сондай-ақ берілген сұрақты немесе мәселені әртүрлі көзқараста қарастыру, берілген тақырыптың түрлі аспектілерін ашып көрсету, өз көзқарасын дәлел түрінде келтіру, мәселені шешудің жолдарын ұсыну сияқты оқушылардың жоғары деңгей дағдыларын меңгеруі тексеріледі. Бірақ, бағалау құралы ретінде эссені қолданудың кемшіліктері де бар. Оған эссенің шектеулі материалды қамтитынын жатқызуға болады. Бұл бағалаудың валидтілігін төмендетеді. Сондай-ақ эссе көп уақытты қажет етеді, оның нәтижесін бағалау қиын және мұнда бағалаушының жеке көзқарасы, субъктивтілік орын алуы мүмкін.

Эссе форматында тапсырма құрастыру жөнінде қысқаша мынадай ұсыныс беруге болады:

1. Тақырыпты немесе эссе сұрақтарын тұжырымдаңыз. Сұрақ оқушылар не туралы жазатынын анық біліп, түсінуі үшін нақты да түсінікті болуы керек.

2. Оқушылардың неше сөз/сөйлем/парақ/параграф жазатынын анықтап беріңіз. Өйтпеген жағдайда біреуі 5 сөйлем, басқа біреуі 50 сөйлем жазуы мүмкін.

3. Тапсырмада қосымша сұрақтар қоймаңыз. Артық сұрақтар нәтиженің сенімділігіне әсер етуі мүмкін.

4. Эссе жазудың әр деңгейі туралы ойланыңыз. Жоғары деңгейде жазылған эссенің дәлелдемесі қандай? Төмен деңгейде жазу дәлелдемесі қандай болады?

5. Эссенің қалай бағаланатыны туралы ойланыңыз. Бағалауда қандай тәсіл қолданасыз?

6. Оқушыларды эссе жазуға дайындаңыз.

Эссе нәтижесінің валидтілігі оқушылардың эссе жаза білуі дағдысына байланысты. Оқушыларға эссені қалай жазу керек, оның құрылымы қандай болу керек, олардан не күтесіз – осы туралы түсіндіріп айтуға уақыт бөліңіз.



Жалпы, ашық тапсырма құрастыру барысында келесі талаптарға назар аударған жөн:

  • Тапсырманы, сұрақты анық және түсінікті түрде тұжырымдаңыз.

  • Сұрақты ақпараттық және сұраулы бөлікке бөліңіз.

  • Оқушының мәдениет, жас ерекшеліктерін және ақпараттың өзектілігін ескеріңіз, яғни тапсырма оқушылар ұғатын түсінікті тілде берілуі қажет.

  • Барлық мүмкін нұсқаларды есепке алып, жауап үлгісін анықтаңыз, оны тапсырма нәтижесін тексеру кезінде қолданыңыз.

  • Тапсырмаға белгіленген жалпы балл мөлшерінің жауап бөліктеріне қалай үлестірілетінін көрсетіңіз.

  • Құрастырылған тапсырмалар мен жауап үлгілерін бағалауға әріптестеріңізді тартыңыз.

  • Қажет болған жағдайда құрастырылған тапсырманы түзетіңіз, өзгеріс енгізіп, толықтырыңыз.

Ашық тапсырма әзірлегенде нені ескеру керек?

  • Ашық тапсырма әзірлеу барысында оқушылардың қателесуіне себеп болатындай күрделі немесе шашыраңқы тапсырма бермеуге тырысыңыз. Мысалы, «Жақсы ұсынысыңызды атап көрсетіңіз». Сондай-ақ мәтіннің тілін тапсырманың күрделілік деңгейіне әсер ететіндей аса жеңілдетудің де қажеті жоқ.

  • Оқушыны жағымсыз әрекетке итермелейтін тұжырымдардан аулақ болыңыз.

  • Қажет жағдайда жауап көлемін шектеуге тырысыңыз. Егер тапсырмада жауап көлемі нақтыланып шектелмесе, оқушы жауабының қаншалықты толық болуы керегін білмейді. Оқушылардың берген жауаптары тапсырманың жауап үлгілерінде қарастырылған мөлшерден артық немесе кем болуы мүмкін.

  • Тапсырмалардың мазмұны оқушылардың көңіл- күйін түсіретіндей, мазасыздық тудыратындай болмауы керек.

  • Тапсырма құрастырған кезде отбасылық қиын жағдайлар, әлеуметтік және діни мәселелер, табиғи және техногендік өзгерістер, соғыс және терроризм, нашақорлық, ауыр науқас, адам өлімі сияқты ауыр мәселелерге қатысты тақырыптарды таңдамаған дұрыс.

Сонымен, ашық тапсырма әзірлегенде сұрақпен қатар оның жауап үлгілерін дайындап қою керек. Оқушылардың жауабын тексергенде әрдайым жауап үлгілерін пайдаланыңыз. Тапсырмада стандартты нұсқауларды қолдануға тырысыңыз.

Ашық сұрақтар бірқатар қағидаларға сәйкес болуы тиіс. Атап айтқанда:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет