4-дәріс. Тақырыбы: «Ашық тапсырмалардың түрлері мен ерекшеліктері»



бет3/3
Дата01.08.2020
өлшемі31,12 Kb.
#76023
1   2   3
Байланысты:
1.1-дәріс. Ашық тапсырмалардың түрлері мен ерекшеліктері

Негізділік:

  1. Нұсқаулар қарапайым, нақты және ықшам болуы тиіс.

  2. Оқушылардың сұрақты жете түсінбеуіне немесе қате мағынада қабылдауына жол бермес үшін анық, түсінікті тілді қолданыңыз.

  3. Жауапта қолданатын сөздердің санын белгілеп беріңіз немесе оқушыға жауабын жазатын орын қалдырыңыз, мысалы, жауап парағында жазуға арналған бос орын немесе бірнеше жол қалдырыңыз.

  4. Оқушы жауап беру ретін және уақытын есептеуі үшін әр сұраққа берілетін балл санын көрсетіңіз.

Валидтілік:

  1. Тапсырма тек бағалау құралы ғана болып табылады. Сұрақтардың жауабы нақты ақпарат беруі тиіс.

  2. Тапсырма маңызды және қажетті ақпаратты қамтуы тиіс. Оқу бағдарламасы мен оқу мақсаттарына қатысы жоқ қиын сұрақтарды қосуға болмайды.

  3. Жауабын анықтауға арналған мәтін оқушыға таныс болуы керек және тақырыптан ауытқымауы тиіс.

  4. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, тілдік мүмкіндіктерін ескеріңіз, қарапайым тілді қолданыңыз.

  5. Тапсырманың, сұрақтардың саны меңгерілген білім мен дағдыларды көрсетуге мүмкіндік беретіндей мөлшерде болуы тиіс.

  6. Өткен материалды қайталап айтуға арналған сұрақтарды қолданбаңыз.

  7. Ақпаратты жүйелеуге, талдауға және бағалауға мүмкіндік беретін «неліктен», «не үшін», «қалай» сұрақтарын пайдаланыңыз. Оқушылардың шығармашылығын дамытатын сұрақтарды қамтуға тырысыңыз.

Объективтілік:

  1. Құрастырылған сұрақтар оқушылардың жынысына, қызығушылығына тәуелсіз барлық оқушыларға бірдей түсінікті болуы тиіс, мысалы, берілген мәтін тек қыздарға арналған (мысалы косметика туралы) немесе ұлдарға қатысты (мысалы, автокөлік қозғалтқыштарының соңғы үлгілері туралы) болмауы керек.

  2. Барлық сұрақтар міндетті түрде жауап беруді қажет етеді.

  3. Қабылданатын және қабылданбайтын жауаптарды бағалау критерийлерін дайындаңыз. Бұл сұрақтардағы кемшіліктерді байқауға мүмкіндік береді.

  4. Әрбір критерий бойынша берілетін балл саны дәл көрсетілген аналитикалық тексеру сызбасын қолданыңыз.

  5. Орындалған жұмыс нәтижелерін мүмкіндігінше тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен кемінде екі рет тексеру керек.

Сенімділік:

1. Сұрақтар негізгі мазмұнға сәйкес болуы керек. Бағалау тапсырмаларындағы қателерді тауып, түзету және толықтыру үшін, сондай-ақ заңдылықтар мен үлгілерді анықтау үшін бағалау нәтижелері бойынша жүйелі түрде деректерді жинақтап, деректер базасын құрыңыз. Проблемалық сұрақтардың тізімін жасау басқа тапсырма құрастырушыларға да жақсы көмекші құрал болады.

2. Әзірленген тапсырмаларды бағалау үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сүйену керек.

Ашық тапсырмаларды әзірлеу тапсырма құрастырушы мұғалімдерден жоғары кәсібилікті талап етеді. Мұндай тапсырмаларды күнделікті сабақта, жиынтық бағалау процестерінде шеберлікпен пайдалану оқушылардың жоғары танымдық ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Ашық тапсырмалардың бірқатар артықшылығын атап өтуге болады, мысалы ашық тапсырма қолдану арқылы:


  • Тақырып мазмұнының басым бөлігін қамтуға мүмкіндіктің болуы;

  • Шығармашылыққа, жүйелі және стандартты емес ойлауға, оқушының білім, дағдысы мен қабілетін түрлі тәсілдер арқылы көрсетуге мүмкіндік болуы;

  • Дайын өнім құруға мүміндіктің болуы;

  • Дәлелді жауап беру арқылы оқушының өзін көрсетуге мүмкіндіктің болуы.

Сонымен қатар бірнеше кемшілігі бар:

Жабық тапсырмалармен салыстырғанда мұнда тапсырмаға дескриптор, балл қою кестесін құрастыру қиынырақ. Тапсырманы бағалау барысында балл қоюда субъективтілік көрініс табуы мүмкін. Тапсырманы орындау және оны тексеруге біршама уақыт керек және т.б. кемшіліктер.

Бірақ бұл бізге ашық тапсырма әзірлеп, қолдануға кедергі келтірмейді. Себебі біз ашық сұрақтар қою арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытамыз.

Мектепте ашық тапсырмалардың көмегімен проблемаларды шешуге үйрету арқылы оқушыларды шынайы өмірге дайындаймыз.



Құрметті әріптестер, бүгін қарастырған тақырыпты бекіту үшін практикалық тапсырмаларды орындауды ұсынамыз. Сіздерге сәттілік тілейміз!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау
    бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал. / О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. - 54 б.

  2. Орыс тілінде оқытатын «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптама жасау»педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет