Азоттың сутекті қосылыстары.
Азоттың сутекпен бірнеше қосылыс бар: аммиак NH3, гидразин N2H4, азидсутек қышқылы HN3 және бұлардың туындалары. Бұлардың ішіндегі өте маңыздысы аммиак.
N2H4 – азоттың сутекті қосылысының бірі, аммиактағы сутек толық тотықпаудан түзіледі. Гидразин – түссіз, түтінденіп тұратын, суда ерігіш сұйықтық. Гидразин улы зат, күшті тотықсыздандырғыш ретінде реактивтік қозғағыштардың отыны ретінде пайдаланылады.
HN3 – бұл да азот пен сутектің қослысының бірі, әлсіз қышқыл. Қалыпты жағдайда түссіз, өткір иісті, ұшқыш сұйық, сулы ерітінділерде тұрақты. Оны гидразин мен азотты қышқылды әрекеттестіріп алады. Тұздары азид деп аталады; қышқыл да, оның тұздары да өте қопарылғыш заттар. Азидсутек қышқылының тотықтырғыштық қасиеті бар, сондықтан бұл да «патша сұйығы» сияқты, асыл металдарды (платина, алтын) ерітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |