4 Дәріс V топтың негізгі топша элементтері Жоспар



бет1/12
Дата08.02.2022
өлшемі22,4 Kb.
#118527
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
4 Дәріс


4 Дәріс
V - топтың негізгі топша элементтері


Жоспар

  1. Элементтерге жалпы сипаттама.

  2. Азот және оның қосылыстары.

  3. Фосфор және оның қосылыстары.

  4. Мышьяк, сурьма, висмут және олардың қосылыстары. Салыстырмалы сипаттама.

ЭЛЕМЕНТТЕРГЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.


V топтың негізгі топша элементтеріне азот, фосфор, мышьяк, сурьма, висмут жатады. Бұл топша элементтерінің сыртқы электрондық деңгейінде бес электрон ns2np3 болады. Сондықтан олар үш электрон қосып алып үш теріс зарядты ионға айналуға мүмкіндігі бар:
Э0+3е-→Э3-
Әр элементтің сыртқы қабатында үш дара р-электрондар бар, осыған сәйкес олардың қалыпты (қозбаған) жағдайдағы валенттілігі үшке тең болады. Азоттан басқа элементтердің сыртқы қабатында бос бес d- орбитальдар бар. Сондықтан олардың s – орбиталындағы жұп электрондары қоздырып біреуін d-орбиталына көшіруге болады. Осының нәтижесінде элементтердің сыртқы қабатының орбитальдарында бес дара электрондар пайда болып олар бес валентті күйге көшеді. Азоттың сыртқы қабатында бос d-орбитальдары жоқ болғандықтан оның жұп электрондарын қоздыруға болмайды. Ол тек s-электрондардың біреуін басқа бір элементке беріп жіберіп сыртқы қабатындағы дара электрондар санын төртке жеткізе алады және соның нәтижесінде төрт валентті күйге көшеді, ал өзі бір оң зарядты ионға айналады.
V топтың негізгі топша элементтері қосылыстарда -3тен +5-ке дейін тотығу дәрежесін көрсетеді.
Бесінші негізгі топша элементтерінің қатысуымен түзілген молекулалардың пішіндері үшбұрышты пирамида тәрізді болады.
Топша элементтерінің барлығы сутекпен ЭН3 типтес қосылыс түзеді. Алтыншы негізгі топша элементтеріне қарағанда бұл топша элементтері сутек атомдарымен өте берік қосылады да олардың сутекті қосылыстарын суға еріткенде сутек иондарын түзбейді. Топша элементтері оттекпен Э2О3, Э2О5 типтес оксидтер түзеді. Ол оксидтерге қышқылдар сәйкес келеді.
Элементтердің реттік нөмірлерінің өсуіне сәйкес металеместік қасиеттері кемиді де, металдық қасиеттері артады. Сутекті қосылыстарының NH3-тен ВіН3-ке қарай тұрақтылығының азаюы, оттекті қосылыстарының беріктігінің артуы осы қасиеттерімен түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет