4 дәріске СӨЖ тақырыбы


Алаштың көш басшысы-Ә. Бөкейханов



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі215,15 Kb.
#82420
1   2   3   4
Байланысты:
4Дәріс СӨЖ

Алаштың көш басшысы-Ә. Бөкейханов.
Ә
лихан Бөкейхан қазақ халқының ежелгі ата-баба қонысынан айырылуына үзілді-кесілді қарсы шықты. Патша үкіметінің отар­­шыл­дық қоныс аудару саясатын ашық түрде әшкереледі. Жергілікті тұрғындарды христиан дініне көшіру әрекетін батыл айыптады. Ұлт-азаттық қозғалыстың жолында көшбасшыға айналды. Бұл туралы отаршыл билік өкілдері былай деп жазды: «Қоныс аударту басқармасының шенеунігі Бөкейхан қырғыз (қазақ) даласына зор ықпалын тигізіп отыр». Омбы жандармдық басқармасы бастығының айтуынша: «Ол даладағы... қырғыздардың (қазақтардың) діни-саяси қозғалысының жетекшісі... үкіметке қарсы барлық митингілер мен үндеулер, петициялардың белсенді ұйымдастырушысы». Сондықтан ол патша үкіметінің қуғындауына ұшырап, жер аударылды. 1917 жылға дейін үш рет (1902, 1906, 1908 жылдары) тұтқынға алынып, түрмеге қамалды, ал 1909 – 1917 жылдары Самарада айдауда болды. Кеңес өкіметі кезінде де қуғындалды, «қызыл террор» жылдары жазықсыз айыпталып, ату жазасына кесілді. Ресей империясы полициясының бақылауына сонау 1897 жылынан бастап алынған. Қазақ халқы ұлт-азаттық қозғалысының көш­басшысы Ә. Бөкейхан Қазақ хандығының Ресей им­пе­риясының бодандығына түсу се­беп­терін анық­тау үшін ұлт тарихын терең зер­деледі. Ол қа­зақтардың өз тәуелсіздігінен айырылуының бас­ты себебі: бұрынғы ел би­леу­шілерінің қо­ластындағы ру-тайпалар мен жүздерді бі­рік­тіріп, сыртқы отаршылдық қа­уіпке қарсы жұ­мылдыра алмауында деген тұжырымға кел­ді. Ол 1913 жылы былай деп жазды: «Бұрынғы ел билеушілердің басым көпшілігі уақыты мен күшін өзара қастандыққа, күш көрсету мен зорлық-зомбылық, алауыздыққа жұмсады». Ол хандық билікті қалпына келтірудің нәтижесіздігін түсінді. Ұлт тәуелсіздігіне тек белсенді саяси күрес арқылы ғана жетуге болатынын айтты. Осы мақсатпен кадеттер партиясына мүшелікке өтті. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын дамытудың эволюциялық жолымен қазақ мемлекеттігін жаңғырта аламыз деген пікір ұстанды. Әлихан Бөкейхан жоғары билікке қазақтардың өзіндік дербес басқармасына бағынатын атты әскер құрамында қызмет ету ойын ұсынды. Патша үкіметі қазақ халқын қаруландырып, әскери іске үйретуге қарсы шықты. Қазақ халқын біріктіру мақсатында бүкіл қазақтың басын қосып, ұлт етіп ұйыстыратын Алаш идеясын ту етіп алды. Ол еуропалық даму жолын қолдайтын алғашқы қазақ демократтарының бірі болды. Оның идеялық-саяси көзқарасының қалыптасуына Ұлы француз революциясы зор әсер етті.



Әлихан Бөкейхан халықтың көшбасшысы қандай тұлға болу керектігін өз үлгісімен айқындап берді. «Алаш» көшбасшысы Ә. Бө­кейханның қазақ тарихындағы алар орнына Алаштың келесі ірі тұлғасы, қайраткер, ғалым Қошке Кемеңгеров «Қазақ тарихынан» еңбегінде мына тұрғыда баға берді: «Биліктің қуғындау мен қудалау жылдарында түрмеге қамалып, жер аударылса да бірқатар батыл да ержүрек азаматтар өз халқының болашағы үшін күресті жалғастыра берді. Бұл топтың жетекшісі, тәрбиешісі де Әлихан Бөкейхан еді. Ол елінің болашағы үшін қиыншылықтан қорықпайтын ұлтжанды азаматтарды күрескерлік рухта бау­лып, әдеби тіл нормасының орнығуы мен діни фанатизмнен арылуға зор үлес қосты. Нәтижесінде қазақ ұлты қалыптасты. Әлихан Бөкейханның қазақ тарихындағы алар орны, міне, осында жатыр». Әлихан Бөкейхан миллиондаған халықты «Алаш» қозғалысы идея­сы төңірегіне топтастырды. Ол қазақтың зиялы азамат­та­рын өз Отаны мен халқына адал қызмет етуге шақырды. Өзі­нің: «Өмі­рімнің соңына дейін қазақ халқына қызмет етемін», – деген ұс­та­ны­мы­на адал болып өтті. Қазіргі жастар Әлиханнан үлгі алып, өз Отанына адал және аянбай еңбек ету керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет