болып тағайындалып, бұл қызметті 11 жыл бойы, яғни 1937 жылдың жазына дейін атқарды. Осы жауапты қызметте он бір жылдан аса жүріп, шаруашылық өмірінің көптеген шараларына жетекшілік жасады. Атап айтқанда, Ресей үкіметі жанындағы мақта жөніндегі кеңестің төрағасы коммуналдық шаруашылығы бас басқармасының жетекшісі, Түркісіб құрылысына жәрдемдесу комитетінің төрағасы, РСФСР экспорттық кеңесінің бастығы, республиканың экономикалық кеңесі жанындағы кәсіпшілік кооператия комитетінің төрағасы және т.б. Т.Рысқұлов қандай қызметте жүрсе де, өзін талантты ұйымдастырушы,басшы ретінде көрсетіп, партиямемлекет тапсырмаларын ыждағаттықпен орындап отырды. Оның іргелі жылдың қызметтерінің бірі Түркісібті салуда басшылық етуі болып табылды. Аса зор шаруашылық, әрі саяси маңызы үлкен осы құрылысқа Т.Рысқұлов басқа белгілі мамандармен қатар қазақтан шыққан тұңғыш жоғарғы білімді теміржол инженері М.Тынышбаевты шақырды. Оның алаңсыз