1.1. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының (бұдан әрі – МТҚБ) Ресми іс-шаралар басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) бас сарапшысы Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес мемлекеттік әкімшілік лауазымның «Б» корпусының С-4 санатына жатады.
1.2. Басқарманың бас сарапшысы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Парламентінің регламенттерін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, сондай-ақ МТҚБ туралы ережені, МТҚБ бұйрықтарын, МТҚБ басқару және регламенті туралы ережені басшылыққа алады.
1.3. Басқарманың бас сарапшысы уақытша болмаған кезеңде оның міндеттері Басқарманың басқа бас сарапшысына жүктеледі.