4. Дәрістер жинағы
КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс- әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тəсілдеме пəндік білімді, əлеуметтік жəне коммуникативтік дағдыларды ғана емес,сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу жəне серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады. «Көркем еңбек» пəні оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, кеңістік-образдық ойлауын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, қоршаған ортаны эстетикалық, эмоционалдық түрде қабылдауларын қалыптастыруға бағытталған. Көркем еңбек сабағында оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары артып қана қоймай, алған білімдерін іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қатынастарда қолдана алады деп ойлаймын. Сол себепті де осы көркем еңбек сабағында іске асқан іс-әрекеттердің бәрі дерлік тұлғаның барлық қажетті сапаларын қалыптастыруға көмектеседі.
«Көркем еңбек» пәнінің маңызы
«Көркем еңбек» пәні адам санасының білімнің басқа салалары қамтымайтын қырларына қатысты: визуалды нысанды эстетикалық қабылдау».
«Көркем еңбек» пəні бағдарламасы:
- өнер түрлерін кіріктіру арқылы пəндік білімдерін, дағдылары мен түсінігін дамытуға;
- ұлттық жəне əлемдік көркем мəдениеттегі өнерінің шығармаларымен таныстыру арқылы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға;
- еңбекті жоспарлау жəне ұйымдастыру дағдыларының дамуы мен алғашқы технологиялық білімдердің қалыптасуына;
- сенсориканың, қолдың моторикасының, байқағыштықтың, елестетудің, қиял мен шығармашылықтың дамуына;
- бірлескен шығармашылық жұмысты орындау барысында ұжыммен жəне топпен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге бағытталған;
Достарыңызбен бөлісу: |