Сынып жетекшісінің қызметі мен лауазымдық міндеттері



Дата06.07.2018
өлшемі25,79 Kb.
#47840
Сынып жетекшісінің қызметі мен лауазымдық міндеттері
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы оның шәкірттерінің бойында жалпы-адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға негізделеді. Ол төмендегідей құндылықтарды қамтиды:

Адам-адамгершілік тәрбиесі

Отбасы-баланың бірінші ұжымы, оның тіршілік ортасының табиғилығы, сондықтан қалыпты отбасының пайда болу қажеттілігін тәрбиелеу қажет.

Еңбек-шығармашылық пен даму қажеттілігіне тәрбиелеу

Білім-шындықты және адам тұлғасын дамыту тәсілін іздеу, үнемі даму қажеттілігіне тәрбилеу

Мәдениет-мәдениетке қатыстыру, руханилылықты, адамгершілікті және интеллектуалдықты үнемі іздестіру қажеттілігін тәрбиелеу.

Отан-өз халқының тарихын құрметтеуді тәрбиелеу

Жер-планетарлық ойлауды игеру, әлемнің біртұтас бейнесін жасау, жалпы адамзаттық проблемаларға қалыпты қатынас қалыптастыру

Әлем-тіл табыса білу мен азаматтық бейбіт қарым-қатынасының хал-ахуалын жасау.

Сынып жетекшісі-тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп қана қоймай, сонымен қатар әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсіби икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік, сенім, түсінушілік және достастық хал-ахуалын тудыру білуі керек.

Сынып жетекшісінің негізгі қызметі-оқушы тәрбиесі мен оларды бір ұжымға біріктіру, өзін-өзі жетілдіруге, тәрбиелеуге және іске асыруға жағдай жасау. Ол оқушылардың жан-жақты дамуы, патриоттық сезімдерін қалыптастыру тәрбиесі туралы, еңбексүйгіштігін, ұжымшылдығын, оқу үлгерімінің жақсаруы мен тәртіптің нығаюын және еңбекке дайындығы бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады.

Сынып жетекшінің қызметтері:

Тәрбиелік-түзетушілік:

·         мемлекеттің әлеуметтік және рухани тәжірибесіне қатыстыру

·         креативті қабілеттерін дамыту

·         жалпы адамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу

·         қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу

Жеке жұмыс

·         психологиялық педагогикалық жұмыс



Карталары

·         Тестілеу

·         Сауалнама жүргізу

·         Бала денсаулығын қадағлау

·         Ауырған балаларға қамқорлық көрсету

·         Баланың жеке денсаулық картасының талапқа сай жүргізілуін қадағалау

·         Психологиялық қызметпен бірлесе жұмыс істеу

·         Медициналық қызметпен бірлесе жұмыс істеу

 

Ұйымдастырушылық

·         түрлі қоғамдық пайдалы шаралар ұйымдастыру

·         оқушы, мұғалім, ата-ана байланысын ұйымдастыру

 

Бақылаушылық

·         оқушыларының сабаққа қатысуын бақылап отыру

·         оқушы үлгерімін есепке алып отыру

·         оқу кабиентінің санитарлық жағдайын қадағалап отыру

·         оқушылардың сырт киімдерінің талапқа сай болуын қадағалау

·         тамақтануды ұйымдастыру

Коммуникативтік

- балалар арасындағы қатынастарды реттеу

- «Оқушы-мұғалім » , «Оқушы-ата-ана», «Мұғалім –ата-ана» өзара тиімді қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу

- оқушылардың айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас қалыптастыруына көмек көрсету

 

Аналитикалық

- әр оқушының жеке ерекшеліктерін зерттеу

- сынып ұжымының қалыптасуын зерттеу және талдау

- әр баланың отбасы тәрбиесі жағдайын зерттеу және талдау

 

Дамытушылық

·         ақыл –ой дамыту ойындарын ұйымдастыру

·         оқушылар үшін ДИ тәжірибесі

·         ТЖ сабақтарында белсенді жұмыс түрлерін енгізу

·         Халықтық, классикалық жаңашыл әдістері

 

Сынып жетекшісінің лауазымдық міндеттері.

 

Сынып жетекшісі білуі тиіс:



·         Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңын

·         Бала құқықтары туралы конвенцияны

·         Педагогиканы, балалардың жас ерекшелік және әлеуметтік психологиясын, қарым-қатынас психологиясын,балалардың және жеткіншектердің жеке және жас ерекшеліктерін

·         Жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын

·         Педагогикалық этиканы

·         Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін

·         Оқушылардың (тәрбиеленушілердің ) бос уақытын ұйымдастыру

·         Еңбек заңнамасының негіздерін

·         Нұсқаулық-нормативті құжаттарды, еңбекті қорғаудың нормаларымен ережелерін

Сынып жетекшісі балалар тұлғасының жеке дамуына және адамгершілік тұрғысынан қалыптасуы үшін жағымды жағдайлар жасауға әрекет етеді, оның тәрбие жүйесіне қажетті түзетулер енгізеді.

Оқушы тұлғасын және оның қызығушылығы мен қабілет мүмкіндіктерін зерттеуді жүзеге асырады. Жағымды өз ортасын құрып, сыныпта әр бала үшін моральдық-психологиялық ахуал жасайды.

Қарым - қатынастың дамуына ықпал етеді.

Баланың өз құрбыларымен, мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынасында пайда болатын проблемаларын шешуге көмектеседі.

Тәрбиеленуші тұлғасынан өзін-өзі тәрбиелеуіне және өзін-өзі дамытуға бағыттайды. Оқу іс-әрекетінде оқушыларға көмек береді. Үйірме, клуб, спорт секциясы мен бірлестіктер жүйесі арқылы оқушыларға (тәрбиеленушілерге) қосымша білім алуға ықпал етеді.

Балалардың жас ерекшеліктеріне және тұрмыстық талаптарына сәйкес сынып жетекшісі сынып ұжымы өміршендігінің мазмұнын жаңартады.

Оқушылардың құқықтары мен бостандығын сақтайды, олардың өмірі, денсаулығы, қауіпсіздігі үшін жауап береді.



Игеруі тиіс:

·         кіріктірілген тұлғалық қасиеттер: эмоциялық-ерікті өзін басқару және бақылауға қабілеттілік, аналитикалық, болжамдық, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттер.

·         Жоғары мәдениет, тұрақтылық, адамгершілік бағдар.

Оның бойында болуы тиіс:

·         кәсіби дайындықтың жоғары деңгейі, оның негізін келесілер құрайды:

·         жалпы, жас ерекшілік, әлеуметтік педагогика мен психология саласындағы ілгері білім

·         балалар қарым-қатынасындағы, іс-әрекетіндегі, мінез-құлқындағы, дамуындағы ауытқу нормаларының құбылыстары мен процесстерін білу

·         психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып жеке кеңес берудің, психологиялық алдын алудың және психологиялық педагогикалық түзетудің әдістерін

·         балалардың жас ерекшеліктері мен әлеуметтік сипаттарды ескере отырып, балалардың жеке және ұжымдық шығармашылығының ерекшелігі мен мәнін білу

·         балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының әдістемесін білу

·         балалардың құқықтарын қорғау бойынша отандық және халықаралық құқықтық нормаларын білу.



Кәсіби біліктері қалыптасуы тиіс:

·         жеке, тұлғааралық қиындықтар мен қақтығыстарды анықтау

·         зерттеу және әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік психологиялық мәселелерді шешу әдістерін игеру

·         «ересектер-бала» және «ересектер-ересектер», сонымен қатар «сынып жетекшісі-бала-ата-ана» жүйесіндегі педагогикалық тұрғысынан мақсатқа сай және психологиялық дұрыс қарым-қатынасты ұйымдастыру

·         Ұжымдармен, балалардың бірлестіктерімен және үлкен, кіші топтармен жұмыс жасау

·         Балалармен әлеуметтік маңызды іс-әрекеттер ұйымдастыру, олардың әлеуметтік өзін-өзі анықтау мен қалыптасуы үшін жағдай жасау

·         Шығармашылық бейімділіктерін және балалардың қабілетін анықтау, оларды іске асыру үшін жағдай жасау

Жоғарыда айтылғанның барлығын ескере отырып, сынып жетекшісінің әлеуметтік-педагогикалық құбылысының ерекшелігі мен үрдіске қатысушыларына қатысты оның рольдік ұстанымы өзгереді.

Сынып жетекшісінің әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетінің мазмұны – формальды түрде  болмайтын кәсіби-педагогикалық емес, керісінше «табиғи» қызметтестік, ересек адам мен баланың өзара түсінікті қатынасы. Оның мазмұны ерекше адамға өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасап, оның тұлғалық қасиеттерін баламен қарым-қатынасқа түсу барысында неғұрлым байыта түседі. Үдерістің қатысушысы болып балаға өзінің ересек адам ретінде сезінуге, оның өз күшіне сенім артып, өзі «менің» көрсетуге мүмкіндігі туады, осындай да бала ересек (досынан, жолдасынан) адамнан нағыз көмек көре алады. Осы компонент субъект ұстанымының қалыптасуына, жас тұлғаның жалпы дамуына оның жеке ерекшелігін ескере отырып, оң әсер етеді.

Сынып жетекшесінің балаларымен тәрбие жұмысының бағдарлаамсы әрдайым инновациялық, авторлық, динамикалық болады, бұл –педагогтың шығармашылық, нақты тәжірибеге бағытылған және жемісті іс-әрекетінің нәтижесі.



Жұмыс формалары:

1.Эксперименттік жұмыс және ғылыми зерттеулер:

эксперименттік алаң

- авторлық және вариативті бағдарламаларды жасақтау және сынақтан өткізу

- зерттеу мәселесі бойынша теориялық материалдарды оқу

- ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысу

- авторлық материалдар жасақтау



2.Әдістемелік құжаттарды жасақтау

оқу жоспарлары мен бағдарламалары

- әдістемелік нұсқауларды

- сауалнамаларды

- ережелерді (қойылымдар, байқаулар, көрмелер, шығармашылық жұмыстар

туралы және т.б.)

-диагностикалау әдістемесін.



3. Тәрбие жұмысы бойынша мектеп директоры орынбасарының, сынып

жетекшісінің және тәлімгерлердің біліктілігін көтеру

·         әдістемелік тақырыпта жұмыс жасау

·         проблемалық, үйретушілік семинарлар

·         біліктілігін жетілдіру курстары

·         тәжірибе толықтыру

·         дөңгелек үстелдер

·         жеке кеңестер

·         авторлық семинарлар

·         ашық тәрбиелік іс-шаралар

·         өзара тәжірибе алмасу

·         ғылыми және әдістемелік әдебиеттермен жұмыс

·         ұстаздық жұмыс

·         «Жыл мұғалімі», «Жыл сынып жетекшісі» және т.б. кәсіби шеберліктің байқауларына қатысу

4. Жаңашыл педагогикалық тәжірибені қорытындылау мен тарату

- шығармашылық топта жұмыс

- шығармашылықпен жұмыс жасайтын пелагогтың материалдарын жүйелеу және қорыту

- БАҚ-ғы зерттеу нәтижелерін дайындау (баяндама, кітапша, мақала, көрнекі құралдар)

- жаңашыл жобалардың, шығармашылық жұмыстардың тұсаукесер рәсімі,таратылуы және енгізілуі.

- мастер-кластар, педагогикалық шеберхана

- педагогикалық кеңесте, тамыз конференцияларында баяндама жасау

- жылжымалы семинарларға қатысу және т.б.

Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасының, санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш мектеп – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп – бұл балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, сөйлеу, қоршаған орта туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс айтуға, дәлелді сөйлеуге үйретеді.


Еліміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік – экономикалық және рухани салаларда көптеген өзгерістер болып жатқандығы баршаға аян. Солардың бірі – білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялармен оқыту.

Оқушыларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс – тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс- әрекетке қабілетті, еркін және жан – жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар:

1.Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу.

2.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болу.

3.Шығармашылық іс - әрекетке жағдай тудыру.

Оқушының шығармашық іс - әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз – оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс - әрекетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Осыған байланысты «Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбын алдыма келелі мәселе етіп таңдап алдым. Бұл мәселені алудағы басты мақсатым – оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу, шығармашылығын дамыту. Оқушының шығармашылығына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі - деп атап көрсете келіп, тәрбиеші баланың ойлап, үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді. Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс - әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар:

-Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау.

-Арнайы бір тақырыпта пікірталас тудыру.

-Шығарма, шағын әңгіме құру.

-Сөзжұмбақ құру, шешу

-Қиялдау арқылы сурет салу, рөлдерге бөлу.

-Мазмұндама түрлерін жазу.

Сондай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізбек.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс - әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу – танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі. 

Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс - әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс - әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі. Осы орайда 4 – сынып оқушыларымен пәндерді кіріктіре отырып өткізген «Туған елге саяхат» тақырыбындағы «Шығармашылық есеп» үлгісіндегі сабағымды айта кетуге болады. Сабақ шығармашылық есеп болғандықтан, кіріктірілген сабақ ретінде барлық пәндерді ( ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, математика, бейнелеу өнері, логикалық тапсырмалар) толық қамтыды. Әр пән бойынша берілген жекелей тапсырмалар бойынша оқушылар алған білімдерін толық көрсете отырып, топтағы жұмыс арқылы шығармашылықтарын дамыта түсті. Бұл сабақта оқушылардың логикалық ойлауы, ізденісі, өз бетімен жұмыстары, шығармашылық тапсырмаларды орындаулары айқын көрініп, оқушылардың танымдық қабілеттері, белсенділіктері дами түсті. Шығармашылық есеп сабағы кезінде оқушы өз ойларын ортаға салып, өз пікірін анық, еркін айта алады. Сабақ кезеңдерінің арасындағы байланыста жұмбақ, өлең құрастыру, ребустар шешу, логикалық тапсырмалар орындау, сурет салу тапсырмалары өте тиімді болады. Сонымен қатар ертегі сабақ, саяхат сабақ, сайыс сабағы және тағы да басқа сабақ түрлерінің оқушы шығармашылығын дамытуда атқаратын маңызы ерекше. 

Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл – күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі. 



Қорыта айқанда, оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой - өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет