Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет1/2
Дата07.05.2020
өлшемі26,79 Kb.
#66490
  1   2
Байланысты:
уля


Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Қоршаған орта пәнін оқыту әдістемесінің қазіргі кездегі дамуы

2. Жаратылыстану әдістемесінің дамуына Қазақстандық әдіскерлердің қосқан үлесі.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Жаратылыстану әдістемесінің дамуына Қазақстандық әдіскерлердің қосқан үлесі.

Қоршаған орта пәнін оқыту әдістемесінің қазіргі кездегі дамуы

XX ғасырдың 50–60-жылдары бастауыш мектептегі жаңа бетбұрыстар, яғни жаңа бағдарламалар мен оқулықтардың жарыққа шығуы. Бұл кезеңдегі табиғаттануды оқыту әдістемесінің дамуы П.А Завитаевтың, М.Н.Скаткин, А.А. Перроттенің есімдерімен байланысты. Сонымен қазіргі дүниетануды оқыту әдістемесінің дамуы осындай кезеңдерден өткен. Кеңес үкіметі тарағаннан кейін Қазақстан республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш стандартына сәйкес «Атамұра» бағдарламасын енгізу шешілді. Дүниетану–оқу жоспарында жаңа пән болып, ол «Адам», «Қоғам», «Табиғат» білім блоктарынан тұрады. Бұл пән бұрынғы бастауыш кластарда оқытылған «Айналамен таныстыру» (1-2 кластар), «Табиғаттану (3-4 кластар) пәндерін алмастырады. Мұнда 1-4 класқа дейін дүниетану пәні жеке пән ретінде, әр класқа даярланған бағдарламаға сәйкес жүргізілу тиіс болды

XX ғасырдың 50–60-жылдары бастауыш мектептегі жаңа бетбұрыстар, яғни жаңа бағдарламалар мен оқулықтардың жарыққа шығуы. Бұл кезеңдегі табиғаттануды оқыту әдістемесінің дамуы П.А Завитаевтың, М.Н.Скаткин, А.А. Перроттенің есімдерімен байланысты.

Александра Александровна Перротте (1880-1963) - бастауыш кластардың жаратылыстануды оқу жөніндегі педагог-әдіскер. Ол мұғалімдер білімін жетілдіру институтында ұдайы семинарлар жүргізіп, лекциялар оқып және баспасөз беттерінде еңбектерін жариялап отырды. Мектептерде жұмыс істеген кездерінде үлгі сабақтар және әр түрлі кластан тыс жұмыстар жүргізді. Оның «Бастауыш мектепте жаратылыстанудан сабақ беру тәжірибесінен», «Бастауыш кластарда табиғат зерттеу», «Бастауыш мектептегі жаратылыстану бойынша экскурсиялар» - деген еңбектерінің өзіндік маңызы жоғары болды. Ол жаратылыстану бойынша көрнекі құралдарға үлкен мән береді. Оның қолынан «Ізбестастар», «Тұз», «Торф» коллекциялары және оларға арналған әдістемелік нұсқаулар шықты.

Петр Алексеевич Завитаев (1890-1970) - жаратылыстануды бастауыш мектепте оқытуды жетілдіруде айтарлықтай үлес қосты. Ол өзінің жұмыстарында жаратылыс ғылымдарына тән әдістерге сүйене отырып табиғаттану түсініктері мен ұғымдарын қалай қалыптастыру керек екенін көрсетуге тырысты. Ол жасаған бақылаулар, тәжірбиелер мен экскурсиялар жүргізу әдістемесі табиғаттану ұғымдарын қалыптастыруға қажетті нақтылы сезім негізін құруға көмектесті. П.А.Завитаев заттық сабақтардың жүйесін жасады, оларды оқыту мазмұны мен әдістемесін анықтады. Бұдан басқа, ол жаратылыстанудың материалдық базасын жетілдіруде, құрал-жабдықты сабақтарда пайдалану әдістемесін жасауда көп еңбек етті. Ол «1-4 кластардағы экскурсиялар мен заттық сабақтар», «1-4 кластардың оқу-тәжірибе учаскесі», «1-4 класс оқушыларының оқу-тәжірибе учаскесіндегі еңбегі» әдістемелік еңбектерін шығарады. Сонымен бірге ол жаратылыстану оқушыларға политехникалық білім берудің баспалдағы деп есептеді.

П.А.Завитаев табиғаттану сабақтарында жабдықтар мен көрнекі құралдарды қолдану әдістемесін жетілдіру жөнінде көп жұмыс жасады. «1-4 кластарда табиғат зерттеуге байланысты сабақтардың жабдықтары», «Бастауыш кластарда жаратылыстану сабақтарында тәжірибе жүргізуге арналған жабдықтар» сияқты әдістемелік құралдар жазды.

Михаил Николаевич Скаткин (1900-1984) жиырма жылдан астам уақыт бойы мектептегі жаратылыстану бағдарламалары мен 3 - 4 класс оқулықтарының авторы болды. Ол табиғаттануды оқыту әдістемесі мәселелеріне көп көңіл бөлді, бұл курстың дербес оқу пәні болып бөлініп шығуына елеулі үлес қосты. Ол оқушылардың танымдық әрекетін күшейту, бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру принциптерін жасады. М.Н.Скаткин көрнекі құралдардың, таблицалардың, картиналардың, коллекциялардың, кинофильмдердің, сондай-ақ оларды сабақтарда қолдануға арналған әдістемелік құралдардың тұтас сериясын жасап шығарды. Ол профессор К.П.Ягодовскиймен бірлесіп табиғат күнтізбесін жасады, оған оқушылардың өлі және тірі табиғаттағы өзгерістерді бақылау нәтижелері енгізілді.

60-жылдары оқу жоспарлары, оның ішінде табиғаттану бағдарламасы жаңадан қайта жасалды. Енді бұл пәнді оқып-үйрену 2-4 кластан басталды. Бағдарламаның негізіне өлкетану принципі алынды, оның ауқымында оқушылар табиғат пен адамның шаруашылық қызметін оқып-үйренді. 2-кластағы тақырыптар маусымдық принципі бойынша орналастырылды, бұл оқушылардың табиғат құбылыстары мен адамның шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

3 - класта оқушылар табиғат құбылыстарымен және өзі тұратын жердегі қоғамдық өмірмен тікелей танысады. Бағдарламадағы дүниетану принципі оқушылардың жер шары, мұхиттар мен материктер, жердің формасы мен қозғалысы, елдің табиғат зоналарымен танысуы арқылы жүзеге асырылды. Бұдан басқа, мұнда адам ағзасы мен денсаулықты қорғау мәселелері оқытылды. Табиғаттануды оқып–үйрену 4 - класта аяқталды.

Сонымен қазіргі дүниетануды оқыту әдістемесінің дамуы осындай кезеңдерден өткен. Кеңес үкіметі тарағаннан кейін Қазақстан республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш стандартына сәйкес «Атамұра» бағдарламасын енгізу шешілді. Дүниетану–оқу жоспарында жаңа пән болып, ол «Адам», «Қоғам», «Табиғат» білім блоктарынан тұрады. Бұл пән бұрынғы бастауыш кластарда оқытылған «Айналамен таныстыру» (1-2 кластар), «Табиғаттану (3-4 кластар) пәндерін алмастырады. Мұнда 1-4 класқа дейін дүниетану пәні жеке пән ретінде, әр класқа даярланған бағдарламаға сәйкес жүргізілу тиіс болды.

Жаратылыстану әдістемесінің дамуына Қазақстандық әдіскерлердің қосқан үлесі.

Адам мен табиғаттың біртұтастығы жайында пікір айтып, ұлағатты тұжырымдарын қалдырған қазақ ағартушы – ойшылдарымыз аз болған жоқ. Соның ішінде Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханоов, Ыбырай Алтынсарин, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаевтардың жастардың дүниетанымын кеңейтуге қосқан үлесі зор, жеке зерттеулерді қажет етеді.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, педагог, жазушы. Баланы оқыту, тәрбиелеу жұмысында дүние жүзі педагогика классиктерінің гуманистік идеяларын басшылыққа ала, қазақ даласында оларды оқу - ағарту практикасына енгізген тұңғыш педагог. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту жайында пікір айтумен ғана шектелмей табиғат пен адам тіршілігінің байланысын ашатын материалдарды оқу - әдістемелік құралдарға енгізді. Оның: «білім дегеніміз өзімізді қоршаған шындықты танып білу»-деген пікірінен көрінеді. Ғылым негізін балаға өте қызықты, түсінікті етіп оқытуға ерекше көңіл бөліп, орыс тілі, арифметика, табиғаттану сабақтарына сөзді бір тілден екінші тілге аударуға көп көңіл бөлді.

Ол өзінің әдеби шығармаларымен тіршіліктің өзекті проблемаларын көтерді. Оның лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері, мақалалары, табиғат туралы өлеңдері оқыту үрдісінде мәні зор.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) – қоғам қайраткері, ағартушы-педагог, жазушы. Ол 1926 жылы жазған «Әдебиет танытқыш» еңбегінде сезініп, көріп жүрген нәрселеріміз табиғат заттары, адам қолымен жасалған заттарға адамның өнері, білімі, күші жұмсалғанын, яғни жасанды заттар даярлауға білім керек екендігін айтады.

Балаларға білім берудің алғашқы баспалдағы - бастауыш мектеп. Сондықтан «Адамға тіл, құлақ, қандай керек болса, бастауыш мектеп те үйрететін білім де сондай керек»-деп жазды ол. Бастауыш мектептің 5 жылдық болуын, алғашқы 3 жылын – қазақша, 2 жылын орысша оқыту керек деп ұсыныс берді. «Мектепке керектер» деген мақаласында : «.... ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші, оқыту ісіне керекті құралдар, қолайлы пән сайлы болу керек, құралсыз іс істелмейді, пән құралдары қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші, мектепке керегі белгіленген программа (бағдарлама). Әр іс көңілдегідей болып шығу үшін оның үлгісі, я мерзімді өлшемі болуы керек....» деп оқытудың дидактикалық принциптерін тұңғыш ғылыми тұрғыда айқындап берді.

А.Байтұрсынов қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытылуы керек дегенге арнайы тоқталып, ол пәндерді оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа-кәсіп, жағрафия, жаратылыстану болуы керек екендігін нақтылап көрсетеді. Оның «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш», «Оқу құралы», «Маса» т.б. еңбектері оқыту үрдісінде әлі пайдаланып келеді.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938) - қазақтың кемеңгер ұлы ақыны. Ол 1922 жылы «Педагогика» оқулығын жазып мұғалімдер қауымына ұсынғанда «Шамам келгенше қазақ қанына қабыстыруға тырыстым» - деп басталады. Бұл дегеніміз қазақ балаларын оқытып, тәрбиелеуге өз тілімізде, қазақи нақышта жазылған оқулықпен ғана ұтымды нәтижеге жететінімізді мегзейді.

«Ұғымның пайда болуы және оның сөз ретінде сыртқа шығуы қоршаған дүниемен бала үнемі кездесіп, сезініп, қабылдауынан барып пайда болады»- деп жазады..

Пайымдаудың сенімге негізделетінін, ал сену үшін ол заттың қоршаған дүниеде болу керектігін, сол жағдайда ғана қабылданған зат не құбылыс туралы пікір айтуға мәжбүр ететіндігі жайындағы қағидасы оқушыларға қоршаған ортадан білім беруде ең тиімді және тірек етуге тұрарлық психологиялық процесс екендігін көрсетеді.

Дүниетанудан білім беру барысында үнемі бар заттар мен құбылыстарға, байқалатын байланыстар мен қатынастарға сүйеніп, оқушылардың сенімін арттыру арқылы ғылыми ұғым беріп, соның нәтижесінде барып олардың ой қорытуына жағдай жасалады. «Бала бір затпен танысатын болса, сол зат туралы сөйлеп ғана қоймай, алып келіп көрсет, көрсетіп ғана қоймай, сол заттың суретін салдыр, суретпен ғана қанағаттанбай, балаларға балшықтан сол затты жасат, сонда әсердің күшті болып, іскерлікке дамытудың бір шарты осы» - дейді ол. М. Жұмабаевтың бұл пікірі осы кезге дейін құнын жоймай келеді.

Қазіргі таңда дамыта оқыту үрдісін қамтамасыз ету үшін оқушылардың ойлау қабілетін, қиялын жетілдіру, шыңдау мақсаттарын жүзеге асыруда. М.Жұмабаевтың бүкіл педагогикалық, психологиялық еңбектерінің мәні зор. Оқушылардың ойын дамыту жолдарын талдаған қағидалары да осы заман талабына сәйкес келіп отыр.

«Әсерлену, суреттеу, еске түсіру, қиял жүргізу арқылы бір затты түгелімен білеміз»-десе, балада болатын сезімдер әсерін талдай келіп, сыртқы дүниені, заттың, құбылыстың ішкі сырын білудің бірден - бір жолы - бала сезіміне жол табу керектігін айтады. Барлық білімнің төрттен үш бөлігін көру сезімі арқылы аламыз. Басқа сезімдер арқылы алған әсерленуді көру арқылы анықтауға ұмтыламыз.

Сондай-ақ «есту сезімі өте құдіретті. Бізді сыртқы жаратылыспен таныстыратын да осы есту сезімі. Біз егер жануарлардың шуылын, бұлттың күркіреуін, судың сылдырын, жаратылыстың тағы басқа дыбысын, үнін естімесек, жаратылыс бізге мылқау болып көрінер еді» - деген пікірлері қазіргі ғалымдардың оқушыларды психологиялық ерекшеліктерін зерттеу барысындағы пікірлерімен астасып жатады.

М.Жұмабаев: «ой - ұғымдар жиынтығы болса, ұғым ойдың ісі екенін, ұғымды оймен ғана жасауға болатынын» да психологиялық тұрғыда талдайды. «Ғылыми деректер арқылы ғана жастардың дүниетанымын қалыптастырып қоймай ортаның бүкіл тамашасынан білім бере білу керек» - деп насихаттайды.

«Табиғат пен адамның жан дүниесі бірге өріліп, бірге астасып жатады» - дейді. Міне, М.Жұмабаев еңбектеріндегі осы сияқты педагогикалық, психологиялық қағидалары дүниетануды оқытудың теориялық, әдістемелік негізін құрайды.

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) – қоғам қайраткері, қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология, көркемөнер ғылымдары саласында қалам тартқан, құнды ғылыми еңбектер жазған, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.

1929 жылы «Комплекспен оқыту жолдары» атты әдістемелік нұсқау жазады. Мұнда мектептегі оқытудың жаңара бастаған жүйесін айтып, «ендігі тиімді жол – оқушыларға күнделікті өмірден, қоршаған ортадан, елдің жаңарған тұрмысынан білім беру» - деп , оқыту мазмұнына арналған тақырыптар ұсынады.

Ол «Табиғат зор тұтас әлем, одан тысқары ештеме болуы мүмкін емес» - дей келе «кез-келген фактіні толық зерттеп білгіміз келсе, оны бақылау керек. Бақылау арқылы ұғым пайда болады. Ұғымның пайда болу жолдары сол көргендерін іріктеу, үйлестіру» - деп көрсетті.

Ж.Аймауытов бастауыш мектепке арнап оқулық, әдістемелік нұсқау жазды. Балаларды оқытқанда оларға затты, құбылысты көрсете, бақылата отырып, сондай-ақ табиғат аясында берген білімнің тиянақты да мәнді болатынын насихаттады.

Ж.Аймауытовтың психологиялық зерттеулері дүниетаным проблема сына тікелей байланысты. Сезіну мен қабылдауды ғылыми тұрғыда дәлелдей келіп, «Адамның бар қылығы денеде болатын өзгеріс есебінен туады» дейді.

Қазіргі таңда бастауыш класта дүниетануды оқыту әдістемесін зерттеушілер, қомақты еңбектер жасап өздерінің елеулі үлестерін қосып жатқан ғалым-әдіскерлер Қ.Аймағанбетова және К.Жүнісқызын айтуға болады.

Қазна Аймағамбетова (1937) - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Қ.Аймағамбетқызының ғылыми зерттеу бағыты: бастауыш буында білім берудің әдістемесін және оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын жетілдіру мәселелері; жоғары білім берудің әдістемесін жасау; студенттерге арналған оқулықтар мен көмекші құралдарын жазып, жас өспірімдерді білім беруге керекті оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету болды.

Қ.Аймағамбетова 1968 жылы Республикада ең алғаш жазылған 2-сыныпқа арналған «Табиғаттану» оқулығының авторы. Бұл оқулығы сол кездегі Одақтас республикалар бойынша ана тілінде жарық көрген алғашқы оқулықтар қатарында болып, 3 жыл бойы ВДНХ (Москва) көрмесінде тұрды. Осы жылдардан бастап «Табиғаттану», «Дүниетану», «Айналамен таныстыру», «Қоршаған орта» т.б. еңбектері қырық жылға тарта Қазақстан мектептерінің қолданысында жүр.

Қ.Аймағамбетова 1970 жылы «Бастауыш кластарда Қазақстан тірі табиғатын оқыту» бағытындағы диссертациялық ғылыми зерттеу жұмысын аяқтап, кандидаттық диссертация қорғап, ал 1997 жылы «Бастауыш сыныптағы дүниетануды оқытудың теориялық және әдістемелік негізі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғайды.

2003-2004 оқу жылында Қ.Аймағамбетованың басшылығымен 12 жылдық білімнің бастауыш буындарына арналған білім стандарты бағдарламасы және 1-4 сыныптардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері жарық көріп, мектептерде эксперименттік байқаудан өтуде.

2004 жылы «Бастауышта дүниетануды оқытудың теориялық негізі» атты монография жазған.

2005 жылы «Бастауышта дүниетануды оқытудың негіздері» атты оқу құралы жарық көрді.

2006 жылы «Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» атты оқулық пен «Дүниетану негіздері және дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» деген оқу құралы баспадан шыққан.

Қ.Аймағамбетқызының мектептегі білім беру мен сол мектепке маман дайындауды байланыстыра отырып, бастауыш сынып пен мектепке дейінгі тәрбие мәселелерін сабақтастыра зерттеуі жоғарыдағы еңбектерінен байқауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет