Сабақ жүйесі, Бригадаларға біріктіріп оқыту жүйесі, т б тәсілдер



бет1/15
Дата06.02.2022
өлшемі34,31 Kb.
#53394
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
оқыту педагогика


Оқытуды ұымдастыру нысандары: Жекелеп оқыту, Жекелеп топтап оқыту, Дальтон жоспары, Өзара оқыту жүйесі, Трамп, Сынып сабақ жүйесі, Бригадаларға біріктіріп оқыту жүйесі, т.б тәсілдер. Педагогика тарихында алуан түрлі оқыту нысандары болды. Баланы жекелеп оқыту өте ерте кезден бар. Баланы жекелеп оқыту XIII ғасырға дейін қолданылған. Әсіресе, ауқатты адамдар балаларын жекелеп оқытқан. Жекелеп оқытудың жақсы жақтары:
• Мұғалім оқушының нені білетінін, нені білмейтінін анықтайды. • Оқушының қатесін уақытында түзетеді. • Оқушы өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді.
Кемшіліктері: • Мұғалім оқушыға білім беріп, оны оқушы қалай түсінгенін тексерумен шектеледі. • Оқушы басқа оқушылармен қарым-қатынаста болмайды. • Бала ұжымда, әлеумет арасында жұмыс істеуге үйренбейді. Cондықтан жекелеп оқыту XI ғасырдан бастап азая бастады.
Балаларды жекелеп – топтап оқыту түрі қалыптасты. Мұғалім тек бір оқушыға емес, "түрлі жастағы, түрлі деңгейдегі балаларға тапсырма берді. Сондықтан мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс жүргізді. Мұғалім әрбір оқушыдан өткен материалдарды сұрап, әрқайсысына жаңа тақырыпты түсіндіріп, жеке тапсырмалар берді. Балаларды ұжымға біріктіру туралы ұсыныстар алғаш рет Белоруссия, Украиналық мектептерде жүзеге асты. Сынып-сабақ жүйесінің тәжірибесін зерттеп, оны мектептерге таратқан Я.А.Коменский. Бұл ұғымының пайда болғанына 350 жылдай уақыт болды.
XIII- ХІХ ғасырларда ағылшын діни қызметкері А.Белл және мұғалім Джон Ланкастер өзара оқыту жүйесін қолданды. Алдымен жоғары сынып оқушылары мұғалімнің басшылығымен тақырыпты өздері оқып, одан нұсқаулар алып, бастауыш сынып оқушыларын оқытты. Бірақ, өмір бала оқыту үшін арнайы дайындық керек екенін көрсетті.
Трамп жоспарын АҚШ профессоры Ллойд Трамп жасады. Білікті мұғалімдер, профессорлар ОТҚ арқылы 100-150 кісіге дәріс оқып болған соң, 10-15 кісіден тұратын топтар дәрісті талдап, ол туралы өз пікірлерін айтады, пікірсайыс өтеді. Аз топтардағы сабақты мұғалім не топтағы жақсы оқушы жүргізеді. Мектептің кабинеттерінде, зертханаларында жеке жұмыстар жүреді. Дәріске - 40%, аз топтардағы сабақтарға - 20%, жеке жұмыстарға - 40% оқу уақыты кетеді. Сынып болмайды, топтың құрамы өзгеріп отырады. Трамп жоспарымен эксперименталдық мектептер жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет