Тәрбиелік талаптар: • оқу материалының, іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігін аңықтау, орындалатын тәрбиелік мақсат қою; • оқушылардың бойында өмірге керекті қасиеттерді, атап айтсақ: табандылықты, орнықтылықты, ұқыптылықты, жауапкершілікті, орындаушылықты, өздікті, жұмыс істей білушілікті, зейінділікті, адалдықты, ұжымшылдықты тәрбиелеу;
Сабақ арқылы оқушыны дамыту талабы:
• балалардың оқу-танымдық іс-әрекетке қызығушылығын ояту, шығармашылық бастамаларын және белсенділіктерін қолдау; • оқушылардың даму деңгейін зерттеу және есепке алу;
Сабақтың типтері және құрылымы:
Дәстүрлі: Жаңа оқу материалын оқу сабағы – Іскерлік дағдыны қалыптастыру – Қайталау сабағы. Бекіту – Білім-білік дағдыларын қолдану – Қорытынды жинақ – Аралас сабақ . Практикалық сабақ – Білім, білік дағдыларын дамыту – Білімді тексеру.
Дәстүрден тыс: Дамыту сабағы – Интеграциялық – Панорамалық.
Дидактикалық мақсат бойынша топтастырылған сабақ. Олар: 1) аралас сабақ; 2) жаңа материалды оқу; 3) жаңа іскерлікті қалыптастыру; 4) білім, іскерліктерді бекіту; 5) жинақтау және жүйелеу; 6) білім, іскерліктерді тәжірибеде қолдану; 7) білім, іскерліктерді бақылау және түзету.
Сабақ құрылымы – сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстар. Сабақ соңында шағын өздік жұмыс өткізіледі. Математика, физика, химия сабақтарында ол есептер және мысалдар шығарумен байланысты. Тіл сабақтарында диктанттың алуан түрлері, шығарманық қысқаша мазмұны жазылып, оларды мұғалім тексереді және бағалайды. Әдісі: ауызша, жазбаша жаттығу, білім тексеру, бағалау. Тәсілдер: перфокарта, карточкалармен жұмыс, кесте жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |