Шахмат – ақыл-ой спорты Тақырыбы: Шахмат – ақыл-ой спорты Мақсаты



Дата09.01.2022
өлшемі21,13 Kb.
#110369
Байланысты:
Шахмат – ақыл-ой спорты


Шахмат – ақыл-ой спорты

Тақырыбы: Шахмат – ақыл-ой спорты

Мақсаты:

1.Оқушылардың шахмат ойынына деген қызығушылығын арттыру;

2. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

3.Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеу.



Түрі: Дәстүрлі емес.

Әдісі: Жарыс - сайыс, сұрақ - жауап, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: Шахмат тақтасы, тастары, шахмат ойынына арналған белгілегіш сағат, магнитті шахмат тақтасы мен тастары, сұрақ таңдауға арналған көрнекі тор көз қағаз фигуралар.

Сайыстың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Оқушыларды екі топқа бөлу.

ІІІ. Әділқазы алқаларымен таныстыру.

Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!

Бүгін 5- 7 - сыныптар оқушыларының арасында өтетін «Шахмат – ақыл-ой спорты» атты ашық сабағына қош келдіңіздер!

Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық. Ортада екі топ сайысқа түседі. Олай болса шахмат ойынының ережесімен танысып,сайысымызды бастайық.

Шахмат ойынының ережесі

Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Ойының басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. Ойынның мақсаты қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою.

І топ. «Шах» (Ақ түсті )

ІІ топ. «Мат» (Қара түсті )

Өнерпазды жарау аттай баптасын,

Жүлде алып, ел намысын сақтасын.

Өнерімен танылып бүлдіршіндер,

Ел сенімін еңбекпен ақтасын,- деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.

Таныстыру.(Топтың аты, ұраны)

І. Бәйге. Викториналық сұрақтар. (Әр топқа бес сұрақтан қойылады).

ІІ. Көкпар. Сұрақ жауап. (Шахмат тақтасында тастарға жасырылған сұрақтарды таңдау).

ІІІ. Жорға.(Шахмат тақтасындағы этюдтерді аяқтау, ойынды жалғастыру).

ІV. Шахмат жарысы.(Әр топтан бес оқушыдан шығып, екі топ шахмат ойнаудан жарысқа түседі).

Қорытындылау.

Кезеңдерімен таныс болсақ сайысымызды бастайық.

Жарыс десе өртеніп жанып тұрар,

Сусындап сол жарыстан қанып тұрар.

Сегіз қырлы бір сырлы сайыскерлер,

Кез келді деп өзін - өзі таныстырар,- дей келе кезекті таныстыруға берейік. «Шах» тобының ұраны: Шахматты біз ойнаймыз,

Амал тәсіл ойлаймыз.

Патшаға қауіп төндіріп,

Шах жасауды қоймаймыз.

«Мат» тобының ұраны: Жекпе - жекке түскенде,

Ұнатамын жеңгенді.

Жүрістердің төресі,

Матқа кім тең келеді.
І. Бәйге.

Викториналық сұрақтар. Әр топқа бес - бестен сұрақ қойылады.Әрбір дұрыс жауапқа І ұпай беріледі.

І топқа:

1.Шахмат сөзі парсы тілінен аударғанда қандай мағына береді?("шах" патша, "мат" өлді дегенді)

2.Шахматты ең алғаш болып кашан және оны кім ойлап тапты?(біздің эрамызға дейін 1000 жыл бұрын Үндістандық математик )

3.Шахмат ойынының тұңғыш аты?( «чатуранга»)

4.Шахмат тақтасында неше тор көз бар? (64)

5.Тақтада фигуралар қандай жолдармен жүре алады? (вертикаль,горизонталь,диогональ жолдар)

ІІ топқа:

6.Шахмат ойынында барлығы неше фигура бар?(32)


7.Корольдің оң қолы, ең күшті фигура қалай аталады? (уәзір)

8.Шахмат спортының отаны қай ел?(Үндістан)

9. Шахмат ойынында пат ұғымы нені білдіреді? (Тең түсу)

10. Шахмат ойынының үш бөлігін атаңыз? (Дебют, миттельшпиль, эндшпиль)


ІІ.Көкпар.

Сұрақ - жауаптар. Шахмат тақтасындағы тастарға жасырылған сұрақтарды таңдау. Кез келген бір тасты таңдап алып, ондағы сұраққа жауап береміз. Әрбір дұрыс жауапқа І ұпай беріледі.

а) Шахмат ойынының соңғы кезеңі қалай аталады? (эндшпиль)

ә)Ойынның басталуы,яғни алғашқы 10-15 жүріс қалай аталады? (дебют)

б)ойынның ортасы, шахматтың ең бір қызық кезеңі қалай аталады?

( миттельшпиль)

в)Фигуралар нешеге бөлінеді?(2-ге ауыр және жеңіл)

г)Жеңіл фигуралар? (Ат,піл)

ғ)Тақта үстінде кез-келген бағытта бір ғана шаршыға жүре алатын фигура?(патша)

д)Тұрған орнынан ілгері қарай бір ғана шаршы жүре алатын фигура?(пешка)

е)Горизонталь және вертикаль жолдармен тіке жүре алатын фигура?(тура)
ІІІ.Жорға.

Шахмат тақтасындағы этюдтерді аяқтау, ойынды жалғастыру. Әр топтан бір - бір баладан шығып, магнитті шахмат тақтасындағы қысқа этюдті әрі қарай жалғастырады, үш пар ойыншыдан қатысады, жеңген топ сайыскеріне 5ұпай беріледі.


ІV. Шахмат жарысы. Әр топтан бес ойыншыдан шығып, арнайы дайындалған үстел үстінде шахматшының уақытын есептегіш сағаттарды белгілеп отырып, екі топ жарысқа түседі.

Сайысты қорытындылау: Әділқазыларға сөз беріледі. Шахмат жарысындағы сағат бойынша іріктелген жеңімпаздармен, ұпай бойынша жеңген топ марапатталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет