Сабақ жүйесі, Бригадаларға біріктіріп оқыту жүйесі, т б тәсілдер


Қорытынды – жинақ сабақтың құрылымы



бет8/15
Дата06.02.2022
өлшемі34,31 Kb.
#53394
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
оқыту педагогика

Қорытынды – жинақ сабақтың құрылымы:
ұйымдастыру бөлімі; • тақырыптың маңызы, сабақтың мақсаты және жоспары туралы мұғалімнің кіріспе сөзі; • жеке оқушыларға, сыныпқа, топтарға ауызша және жазбаша түрде орындалатын тапсырмалар беру; • оқушылардың жұмыстарын тексеру, қажет болса түзету; • оқылған материалды қорытындылау; • сабақтың нәтижелеріне баға беру; • үйге тапсырма.


Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары.
1. Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері. Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, мұғалімге баланың білім сапасы жөнінде мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді.
2. Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
• тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. • оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу; • білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру; • байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі; • бағаны әділ қойылуы; • оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
3. Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың тәртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім оқушылардың жеке ерекшіліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып, оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады.
Ауызша жауаптар алу үшін мұғалім сұрақтарды тұжырымдап, кеңестер береді, міндеттер қояды. Ауызша сұрау оқушылардың білімін тексеріп бағалау үшін жиі қолданылады. Жазбаша сұрау бастауыш мектепте сирек қолданылады. Жазбаша білім тексеру әдісін көбіне өздік жұмыс деп атайды. Бұл әдіс арқылы мұғалім тақтаға, парақтарға, карточкаларға 10-12 минут ішінде орындалатын тапсырмаларды жазып қояды. Жауаптардың қорытындыларын сынып журналына белгілеп, бір сабақта көп оқушылардың білімдерін бағалауға болады. Жазба жұмыстары үйде және сыныпта орындалады. Тарих, география, биология, химия, физика пәндерінің мұғалімдері оқушыларға сурет салдырады, сызба, диаграмма сыздырады, картамен жұмысты бағалайды.
Бақылау жұмысы. Оқу бағдарламасының жекелеген тақырыптарын және бөлімдерін өтіп болған соң жазбаша немесе тәжірибелік бақылау жұмыстары өткізіледі. Бақылау жұмысының алдында мұғалім оқушылардың оқылған материалды меңгергенін анықтау мақсатымен жазба жұмыстарын жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет