Сабақ Қазақ тілі 9-сынып Тақырыбы: Стилистика және тіл мәдениеті Мақсаты: Қазақ тілі көп стильді тармақталған тіл. Стиль ерекшіліктерін, лебіз үстіндегі мәтіннің құрамын ажырату



Дата25.08.2017
өлшемі71,89 Kb.
#25896
түріСабақ


Ашық сабақ

Қазақ тілі 9-сынып

Тақырыбы: Стилистика және тіл мәдениеті

Мақсаты: Қазақ тілі көп стильді тармақталған тіл. Стиль ерекшіліктерін , лебіз үстіндегі мәтіннің құрамын ажырату.

Білімділік: Стиль ұғымының сөйлеу және оның формаларымен байланысты қаралатыны,

негізгі арқауы ауызша, жазбаша формада айтылып, жазылатындығын ұғындыру

Дамытушылық: стилистика деген сөздің мағынасын жан-жақты ашу арқылы пікір мен көзқарас қалыптастыру, көрнекілік құралдар арқылы талдау .

Тәрбиелік: Рухани ой-дүниесіне ықпал жасау.Сөз құдіретін ұғыну, ірілікке ұмтылу, саяси тарихи ахуальдарды түсіну, қарияларды құрметтеуге баулу.

Сабақ түрі: дәстүрлі емес

Көрнекілік: Интербелсенді тақта

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, жаттығу жұмыстары.

Сабақтың байланысы: тарих, көркем әдебиет

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі - Оқушылардың сабаққа қатысы, дайындығы тексеріледі

/Қызығушылықты ояту. Ж. Молдағалиевтің «Мен - қазақпын » поэмасынан үзінді/

Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып.

Қуанғанда күлкімен түн түрілген / сырласу бөлімі. Үзінді оқу /

Сұрақ – жауап

- Қазақтың басына түскен қандай ауыр тарихи жағдайларды білесіңдер?

- Бір шумақ өлең саған қалай әсер етті?

- Осы шумақтың кірігуінде ақынның қолданған сөз тіркестерін ата

- Ықшам қолданылған сөз тіркестері қандай стильге жатады деп ойлайсыңдар?

2. «Зерделеу» бөлімі / «Мен – қазақпын» өлеңінің бір шумағына мәтін құра /

а. сөз таңдау, талғау

Синоним сөз

омоним

антоним

Жөргек, жаялық

Таң. Күншығыс алдындағы мезгіл

Мың өліп - мың тірілген

Қуану, шаттану,масайрау

Таң. Көрмегенге көсеу таң

Жылағанда - қуанғанда

Күлу,жырқылдау

Күн. Қиын-қыспақ

Күн -түн

Тұту,құру,ұстау

Күн. мезгіл

Тұтылып-түрілген

ә. Мәтін құрау

Жалғас.


Қазақ халқының тарихы сан мың жылдықтарды қамтиды. Түркі тектес халықтардан бастау алған тарихымыз, өз жолын саралап, қазақ халқы болып қалыптасып жеке дара бөлініп шықты. Қазақтың байтақ жеріне тұс-тұстан шабуыл жасаушы дұшпандар көп болды. Бірақ жаугершілік уақыттың қиын-қыспақ кезеңіне шыдап, халық мойымай тәуелсіздікке қол жеткізді.

Жарас.


Ана тілі біздің бойымызға ананың сүтінен дариды. Қуанып, шаттануымыз еліміздің бейбітшілігінің арқасында. Таңымыз арайлап атып, халқымыздың тыныш болғанын қалаймын. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы бақытты ғұмыр кешуге лайықты. Тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылдығы оңайлықпен келген жоқ. Мен қазақ болып туылғаныма қуанамын. Өйткені, менің халқымдай ғажап халық жер бетінде жоқ!

Әйгерім.


Таңертең жаяу басып, мектепке қарай аяңдадым. Күншығыс жақтан таң алаулап шығып қалыпты. Таңғы салқын жел ептеп бойымды тоңдырды. Құстардың дауысы, пырылдап ұшып бірдеңеге алаңдағандары көрініп тұр. Уақытым тығыз болғандықтан менің бұларға қарайлауға мұршам келмеді. Сабақ үстінде ойым сан саққа бөлініп, алаңдаймын.

Жаңа сабақ Стилистика және тіл мәдениеті

Ендеше , балалар, бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Стилистика және тіл мәдениеті»

/ Кітаптарыңның 32- бетін ашып , тақырыпты оқыңдар/

а.Бекіту

-Мәтін мен стиль дегеніміз не?

- бейтарап тілдік тұлғаларды ата

- Өздерің құрған мәтіннен бейтарап формада жазылған сөйлем кездесті ме?

Мұғалім сөзі: Стилистика, лингвостилистика – тіл білімінің көркемдегіш амал – тәсілдерін,

қолдану аясын қатысымдық әрекеттің қызметін зерттейді.

Стилистика - тілдің фонетикалық, лексикалық грамматикалық тәсілдерді қолдану принципін реттейді.(коммуникативті – прагматикалық, эстетикалық қызметін үйретеді)

Ұлттық әдеби тілдің нормасын сақтай отырып, стилистикалық норманы қалыптастырады.

Стилистиканың екі бағыты бар.


  • қолданыс тіл стилистикасы

  • ресурстар стилистикасы (диалог , әңгіме, дау)

қолданыс тіл стилистикасы:

  1. тілдің фонетикалық, лексикалық грамматикалық тәсілдері

зат пен құбылыс үй, күн , қар...

дерексіз ұғым арман, қиял...

іс-әрекет құрылысы салу, жарық жағу, сүю, ойлау

сөздің сипаты мен сыны жылы шырайлы...

іс-әрекеттің белгілері жоғары қарай, ашық, шың, адал...

сөздің мағынасы жалпы,жалқы ...






  1. коммуникативті –прагматикалық эстетикалық қызметі

/сөздің қолданыс үстіндегі жаңа мәнге ие болуы, сөз арқылы ықпал ету, табиғатын түсіну/

Мысалы: Алма ағашын отырғызады. Ауыл адамдарының көңілдері бал-бұл жанып, көгерген кішкене алма ағашының шыбықтарын қуана отырғызып жатыр.

/предикатты яғни баяндауыштық қатынастарға талдау/



Зерттеу нысанын айқындату:

15-жаттығу

а. сөздікпен жұмыс

кермек – тамырынан сары түсті бояу алатын көпжылдық ,жағымсыз қышқылтым ащы сор татыған өсімдік.

Бейтарап сөз – тілдік тұлғалардың сипаты

ә. Экспрессивтік – эмоционалды лексика




Мәтінді оқып, оның мазмұнын айтып, ережеге сай талдау.

17-жаттығу Өлеңдегі бейтарап сөздерді атау

Экспрессивтік-эмоционалды мағынада жұмсалған сөздерді ата

Көнерген сөздерді ата

18-жаттығу

19-жаттығу Әңгімеге ат қою

Табиғат бейнесін, тіршілік бейнесін әсерлі беруге қатысты сөздерді атау

Әңгімені ауызша айтып беру

Сыңсып, малта сөздің мағынасын түсіндіру /малта сөзіне байланысты «Алжир» лагері жайлы видио көрсету/

Құрт – қымбат тас

«Құрт – қымбат тас» / «курт – драгоценный камень»/ өлеңінің авторы Ақмола облысы Новоишимка селосында тұратын тарих пәнінің мұғалімі Раиса Голубева.

«Отанын сатқан» әйелдеріне арналған Ақмола лагерінің бұрынғы тұтқындарының бірі – Гертруд Платайс. Ол 1990жылы Германиядан Қазақстанға келіп-кеткен сапарында «Алжир» мұражайының қызметкерлеріне жергілікті қазақтарды алғаш қалай көргенін, олардың тұтқын әйелдерге қалай қарағанын айтып береді.

Бірде тұтқын әйелдер Жалаңашкөлдің қамыс будаларын арқалап келе жатады. Жолда қарттар мен балалар кездесіпті. Балалар үлкендердің айтуы әйелдер: « Бұлардың балаларға берген тәрбиесі осы ма?» ,- деп налиды. Бір әйел әлгі тастардың біріне сүрініп құлайды. Құлаған кезде дәл алдында жатқан тастан сүт пен ірімшіктің иісін сезіп қалады. Шетінен бір тістеп көрсе дәмі тіл үйіреді екен. Сөйтіп, тастардың барлығын теріп алып, бараққа алып келеді. Барақтағы тұтқын қазақ әйелдер оның тас емес, кептірілген құрт екенін түсіндіріпті

Сөздік жұмысы: Малта- кептірілген құрттың қайнаған суға езгендегі қалған малтасы

Қорытынды сабақ / білім білік іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту/

-Әрбір сөзден кейінгі келетін сөздерді рет тәртібімен жаз

1. жексенбі............

2. Алманың ішінде әруақытта на болады?

3. Бүгін

4. Әкеден кейін

5. Сағат тілі қалай қозғалады?

- Төмендегі әдеби тілге жатпайтын сөздердің астын сыз

Қайың, бейқұт, асық, жасық, бейіс, ас, жала, бышырлату, кәмбіл, кәрлен, кесе, қазы, әдемі, шалқар, сыңаржақ , саңқ, мұра, шақат


  • Әдеби тіл стилистикаға жата ма? / сын тұрғысынан ойлау/

РАФТ стратегиясы

рөл

аудитория

форма

тақырып

оқушы

мектеп

хат

Тіл тазалығы-ел тазалығы













Хат

Аса қымбатты көретін қазақ елімнің өзіммен жасты құрдастарым. Менің жасым биыл он төртте. Біз бұл жасқа дейін қазақ тілінің қыр-сырымен танысып келдік. «Ә» деп басталатын әліппемізден бастап фонетиканы, морфологияны, лексиканы толық өттік. Бұл тармақтар жалпы стилистиканы құрайтындығы, жазып жүрген ойтолғау, шығарма, эссе барлығы да тілдік бірліктің қосындысынан тұратындығы , стиль тармақтары да біздің тұрмыс тіршілігіміздің өміріміздің көрнісі екендігі түсінікті. Мен сіздерден қазақ тілін бұрмаламай таза сақталуын өтінемін.Тіл тазалығы-халық байлығы. Өмірімізде соның ішіндегі мектептік іс- шаралар: ұстаздар күні, көңілді жаңа жыл мерекесі, әйелдер мейрамы, салт –дәстүрімізді дәріптейтін наурыз мейрамы болсын, алдымызда тыңдаған әңгімедегі адамдардың басына түскен ауыр жылдарын алсақ та түйсікке, санаға жүгініп өз жан дауысымыздың бір лебізін айтатынымыз шындық. Сондықтан қазақ тілімізді терең меңгеріп, тіл тазалығын сақтайық деймін



Жалғас.

Үй тапсырмасы 21-жаттығу «Ноғай ордасы » іздену








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет