Мағынаны таны
|
1. Бауыр деген кім?
Бір әкеден туған және жақын туысқан адамдар бауыр деп аталады. Бір әкеден туған ағайын адамдарды туған бауыр, ал әкелері ағалы-інілі болсатөте бауыр дейді.
2.Бауыр мен достың айырмашылығы қандай?
Ағайын-бауырларда бірге тумақ — бар да, бірге жүрмек жоқ.Достарда бірге тумақ жоқ та, бірге жүрмек — бар. Сондықтан, кейде жақын достарың бауырдың орнын басады.
Құрметті оқушылар жоғарыда өздеріңізге ой қозғау мақсатында «Бауыр» сөзіне анықтама беріп өттім.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Марат Қабанбаев «Бауырлар» әңгімесі.Сіздерге ең алдымен Марат Қабанбаевтың өмірбаянынан қысқаша мәлімет беріп өтпекпін.
Марат Қабанбаев 1948 жылы 22 наурызда Зайсан ауданындағы Қараүңгір ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін құрылыста бір жылдай жұмыс істеп, содан соң аудандық газетке жұмысқа орналасқан.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейін «Лениншіл жас» газетінде, «Жалын» баспасында, Қазақ ССР баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетте қызмет істеді.
|
|
Мұғалімнен кері байланыс
(ауызша кері байланыс немесе жазбаша ұсыныс)
|
«Дұрыс-бұрыс» ойыны ойнаңыз. Оқушылар қағаздың екі жағына дұрыс/бұрыс деп жазыңыздар. Сұрақтарды рет-ретімен оқып, қай сұрақтың жауабы дұрыс болса , дұрыс деген бағанға, ал жауап қате болса, бұрыс деген бағанға жазыңыздар.
1. Қалидың ағасы – Манап. - дұрыс
2. Директордың аты-жөні - Эльжбета Сергеевна. - бұрыс
3. Қалидың фамилиясы – Төрекелдиев. – дұрыс
4. Қали ән айтып, би билегенді ұнатады. – бұрыс.
5. «Ойнайтын да, қайнайтын да спорт залымыз осы. Балалар қазір жаттығып жатыр. Орындыққа тізе бүгіп, тоса тұрыңыз. Мен Қалиды ертіп шығайын».Виктория Ивановнаның сөзі. – бұрыс.
6. «Тығыз қара шашы ұсақ-ұсақ бұйра, қол-аяғы таралып қалған, кең иықты болмаса да ешкімнен қарызға жауырын сұрай қоймайтын кішірек көзді ақ сұр бала». Манаптың портреті. – бұрыс.
7. «Түу, Эльжбета Сергеевна, терді жаңа ғана үгіп, тырыс-бырысты жаза бастағанымыз сол еді. Басқа қолайлы уақыт табылмады ма?». Қалидың сөзі. – дұрыс.
8. Қали жетінші сыныпта оқиды. – бұрыс.
9. Балалар үйі Өскеменде орналасқан. – дұрыс.
10. Әңгімеде «Жетім көрсең, жебей жүр» мақалы кездеседі. – бұрыс.
Тапсырманың жауабын келесі сабаққа дейін орындап кері байланысқа шығыңыз.
|
|