Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос (ойтолғау)



Дата11.12.2021
өлшемі13,89 Kb.
#99365
Байланысты:
Ойтолғау


Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең істің бәрі бос (ойтолғау)

Ойланып қарайықшы, біз қазақ бір-бірімізді қаншалықты сыйлаймыз, қаншалықты көмек қолын созуға дайынбыз.Қазіргі қоғамда көреалмаушылық, аяқтан шалу, руға бөліну,мақтаншақтық, қастық ойлау секілді дүниелер көбеюде. Бұл дегеніміз ауызбіршіліктің жойылғаны емес пе?Менің ойымша мен «адаймын, мен найманмын» деп емес,«мен қазақпын» деп айтатын, мақтанатын деңгейге жетуіміз қажет.Сонда ғана жұмылған жұдырықтай боламыз. Біз азғантай ғана халықпыз. «Болар елдің баласы бірін бірі батырым» демейтін бе еді? Ұлы Абай “Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос” деп бекер айтпаса керек. Өркениеттің өрінде тұратын ел боламыз десек, осы қағиданы санамызға сіңіргеніміз жөн секілді. (90 сөз)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет