Дәріс № 6
Тақырыбы: Тестің сенімділігі мен валидтілігі.
Жоспар:
1. Психологиялық шкала.
2. Тесттік нормалар жəне оны тексеру.
3. Тест сенімділігі мен валидтілігі.
Алынған нәтижелердің критерийлерінің бағасының таңдауы ерекше мәңге ие. Психологиялық зерттеудің өздігімен бағаның салыстыруынсыз зерттеу ештеңені білдірмейді. Көбінесе олар таңдаманы орындауда стандарттылықтың нормасымен салыстырылады (берілген < әдістеме > репрезентативті таңдамаға жатса, мысалы, анықталған жастағы балалар, жоғары оқу орындарынындағы, мамандық иелері т.б.). Осы бейнедегі нормалар тәжірибелі жолмен құрылады. Содан зерттелінуші нормамен квалификацияланады және салыстырылады, ол орташа, жоғары және төмен.Бұл нормативті немесе стандартты таңдауға жататын зерттелінушінің нақты күйін анықтауға мүмкіндік береді. Бұған ішкі баллдар (дұрыс жауап сапасы) бір-бірімен және нормасымен салыстырылатын әдейі таблицалар стандартты көрсеткіштерге көшеді. Бұл жағдайда өлшенетін құрылым шкаласында орташа диапазон мәнінің статистикалық нормалары қолданылады - бұл адамның орташа статистикасын сипаттайтын ішек. Қоғам өзінің даму этабын әр топ мүшелеріне көрсететінін талап еткен жөн. Бұл ақыл-ой, эстетикалық, адам дамуы бола алады. Қоғамда тұру үшін адам өз талаптарына жауапты болу керек. Осындай элеуметтік-критерийлі нормалардың мазмұны (әлеуметтік нормативтердің) шындық, ол қоғамдық көзқарастарда, педагогтардың және мұғалімдердің көзқарасында, квалификациялы-мамандандырылған сипаттарды бейнелеген сипаттарда болады. <Психодиагностикалық > < эдістеменің > сапасының мәнді көрсеткіші сенімділік және валидтілік болып табылады. < Психодиагностикалық > < әдістеменің > сенімділігі қайталанушылықтың айғағы, тұрақтылықтың нәтижесі оның тұрақтылығымен
ұдайылығында. Ол психологиялық өлшем қаншалықты өндірілетінін, алынған нәтижеге қаншалықты сенуге болатынын көрсетеді.
Психология аймағындағы атақты маман К.М. Гуревич сенімділіктің 3 типін бөліп көрсеткен: өлшенетін құралдың өзінің сенімділігі, зерттелінетін сипаттың тұрақтылығы және констатанттылығы, тұлға экспериментаторының нәтижесінің тәуелсіздігі.
Сенімділік тесті әртүрлі кездейсоқ факторлар әрекетінің нәтижесінің тәуелсіздігін, әртүрлі ішкі және сыртқы факторлар тестінің ауытқуын болдыруын көрсетеді. өлшемнің формула бойынша орташа арифметикалық мағынасын анықтап көрсетуге болады.
Мх=К
Сумма
і=1
Хі-өлшем нәтижесі
К-өлшем сапасы.
Шашылыңқы өлшем мөлшері (стандартты ауытқу) немесе диспрессияны былай анықтайды: Dx = + К- сумма(Хі - Мх)2 і – 1
(Хі-Мх)-әр өлшемнің Хі-дің ауытқуы, орташа арифметикалық Мх, К- өлшемнің сапасы. Осы сипаттың тұрақтылығын тексеру үшін "mecm-pemekm" деп аталынатын әдіс қолданылады, зерттелінушінің таңдауы қайталанатын психодиогностикалық сынақпен аяқталады. Осы тәжірибені өткізгенде (30 адам) анықталған уақыттан кейін, коэффициент корреляцияның нәтижесін шығарған кезде бірінші (X) және екінші (У) тесті қолданылады. Бұл коэффициент зерттелінушінің сипатының тұрақтылығының көрсеткішін көрсетеді, сенімділік тесті 1 адам қайтадан қайталанып зерттелгенде 1 ғана нәтижені көрсететінін
көрсетеді. Коэффициент корреляция формуласы:
R=E(Xi-Mx)(Yi-My)
K*D*Dy
Хі, Үі-біріншінің өлшем мөлшері (х)-тің және екінші (У) тестінің.
Егер R=0,8-0,9 болса тест сенімді. Егер R көрсеткіші төмен болса бұл кездейсоқ тест нәтижесін бұрмалайды, тест сенімді. Онда өлшем қателігі берілген тестке қаншалықты сенуге болатынын, зерттелінушінің тест бойынша өлшем балының қаншалықты ауытқитынын көрсетеді.
■.■ р- ■ . ■'
Ереже бойынша қайталанатын зерттеу бірнеше айдан кейін өткізілуі керек, (жарты жылдан аспау керек). Бірінші зерттеуден кейін қайталанатын зерттеуді тым жылдам өткізуге болмайды, неғұрлым қатерлі болып келеді, зерттелінушілер өз жауаптарын естерінде қалған сөздермен айтады. Бірақ бұл мерзім өте үлкен бола алмайды, себебі зерттелінетін функциясының дамуында өзгеріс жағдайы болуы мүмкін. Тұрақтылық коэффициенті мөлшері 0,8-ден төмен болмаса қабылданады деп саналады.
Констатанттылық коэффициенті 2 < психодиагностикалық > зерттеу нәтижесінің корреляция жолымен анықталады. < Әдістеме сапасы қаншалықты жақсы құрылғанына қарап анықталады. Сенімділік құралының көрсеткішін тексеру үшін шымшу әдісін қолданады-ол үшін
барлық психодиогностикалық құралдың тапсырмасы айқын және айқын емес болып бөлінеді, (номерлермен) бөлек орындалады, содан кейін осы реттеудің коэффициент корреляциясы саналады. Коэффициент корреляция мөлшері неғұрлым биік болса, әдістеме соғұрлым жоғары болады, сенімділік жоғары болады.
Психологиялық зерттеулерде әр түрлі психикалық прцестердің заңдылықтары мен ерекшеліктерін ашу және жеке адамның қасиеттерін анықтау үшін қарастырылған.Мұндай өңдеу зертеліп отырған психикалық құбылыстардың сапалық ерекшеліктері туралы пікірі айтуға болатын көрсеткіштерді алдын ала анықтап алды.
Сапалық талдау жүргізілген кезде жаңадан қалыптасып, не дамып келе жатқан психикалық көріністерге назар аудару керек.
Алайда зерттеу нәтижелерінің объективтілігі зерттеліп отырған психикалық құбылысты суреттеуді және сапалық сипаттама берді. Бұл зерттеу материалдарын сандық өңдеуден өткізу негізінде іс жүзіне аса алады.
Зерттеу материалдарын саны жағынан өңдеу.
Психологияда сан жағынан талдау үшін, басқа ғылымдардағы сияқты материалды математикалық өңдеуден өткізу әдістері әсіресе, көрсеткіштердің орташа сандық мәнін анықтауға мүмкіндік беретін вариацияның статистика әдісі кеңінен қолданылады.
Зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын анықтау үшін статистикалық әдістердің ерекше маңызы зор.
Психикалық зерттеулер нәтижесін өңдеу үшін альтернативалық, коррекциялық, дисперциялық және факторлық талдау әдістері неғұрлым кең пайдаланады.
Валидтілік түрлері, критерийлері. Валидтілік және сенімділіктің өзара байланысы
Валидтілік - адамның психодиагностикалық өлшеу және тестілеудің дұрыс болуын, іс-әрекетін толығымен бағалау.Валидтіліктің типтері: сыртқы валидтілік және ішкі валидтілік. Сыртқы валидтілік-тестілеу қорытындысының тұтастай бірігіп таралуы. Сыртқы валидтілік репрезентативтілік эксперимент таңдаулары арқылы құрылып, іске асады. Сыртқы валидтіліктің ерекшелігі арнайы құрал-жабдықтар қолданылады және тестілеуге тақырып беріледі.Репрезентативті таңдаулар-эксперименталды таңтаудың көрсетілуі, тұтастай біріккен белгілі бір мағыналарына әсерін тигізеді. Репрезентативтілік жолдар арқылы байқалады: сапалық және сандық мінездемелер топтары жатады, бұлар зерттеуге өз әсерін тигізеді.
Сандық негіздегі эксперименталды топтар-бұлар минимальды саналу, тұтастай - біріккен өз белгісін сақтайды. Сапалық мінездемелерге-әлеуметтік, демографиялық, интеллектуалды, профессионалды және т.б. мінездемелер топтары жатады, бұлар зерттеуге өз әсерін тигізеді.Репрезентативті таңдаулардың сандық белгілерінің құрылуы теоремалар арқылы іске асады. П.А.Чебышеваның репрезентативті түрде қателерді жою үшін мына формулаларды қолданған:
n = [ t2 W ( 1-W ) N ] / [ d2 N + t2 W/ 1-W/ ],
n = [ t2 W ] –эксперименталды өлшемнің саны.
t-коэффициенттің аз болатын қателері.
( d )-белгілі P t қорытындыны бақылауда көрінетін көрсеткіш.
d-жіберілген қателардің өлшемі (0,06).
W-берілген жағдайлардың бөлімі (0,8).
( 1-W )-белгісіз жағдайлардың бөлігі (0,2).
N-тұтастай біріккен сандардың саналуы.
Тапсырма. Бақылауға арналған объектінің минимальды репрезентативтілігі, егер тұтастай бірігу-5000 адам, тестілеу арқылы зерттеуге алынған адам-0,8 болса,
Берілгені:
t=198; d=0,05; W=0,8 (0.9); 1-W=0,2 (0,1); N=5000.
Шешімі:
N-эксперименталды таңдау саны.
n=[1,98 2*0,8 (1-0,8) 5000] / [0,05 2*5000+1,98x2 0,8 (1-0,8) ]=235.
Жауабы: n=235 (135).
Ішкі валидтілік-мынадай жолдармен көрсетіледі: эксперименталды тесттердің таңдалуының агробациясы.
Валидтілік методикаларды, критерийларды қолдану «мінездемелерді топтау» (балалардың даму деңгейін, жасөспірімдердің, ересек-әйелдердің, белгілі мамандардың топтарын және т.б.).
Валидтілік көрсеткіштерінің коэффициенттерін корреляциямен бір-бірімен тағы сол көрсеткіштер негізінде, алынған қорытындылардың әр түрлі топтардағы тесттердің валидтілігіне байланысты.
Бақылауда қолданылған тесттердің популяцияларын параметрикалық критерийлерін тесттердің көмегі арқылы шығарамыз (f-критерий) Фишера, t-критерий Стъюдента, v-критерий Уэлма).
Тапсырма.
Объектіні эксперименталды таңдауларға критерийлер арқылы оқуына байланысты (ОСО тест қолданамыз).
Берілгені:
1-топ (9 класс оқушылары-15 жаста). Сандық қолданылуы n=471. Орташа көрсеткіш Mx-3,75.
Ортаквадраттылық тоқтатылуы =1,4.
2-топ (10 класс оқушылары-16 жаста). Сандық қолданылуы n=178. Орташа көрсеткіш Mx-3,66.
Ортаквадраттылық тоқтатылуы=0,8.
3-топ училищенің курсанттары-18 жаста. Сандық қолданылуы n=104. Орташа көрсеткіш Mx-3,20.
Ортаквадраттылық тоқтатылуы=1,1.
1) tp 1-2 = 0,82h/p
2) tp 2-3 = 5,75p
3) tp 1-3 = 7,86p
4) tp = 1,96
tp = (Mx1+Mx2)6|/ (n1-1) Q1 2+ /n2-1Q2 2/ 1/n1+1/n2) / (P1+n2-2);
Жауабы: n=649.
Ішкі валидтілігі-тестілеудің бағалау, даму көрсеткіштерін көрсету.Олар 5 элемент арқылы көрінеді.
1) Концептуальды (теориялық) валидтілік-психодиагностикалық құралдар арқылы зерттеудің теориялық өлшемін анықтау.
2) Тұрақты валидтілік-психикалық белгілерді репрезентативті тапсырмалар тесттер арқылы бағалау.
3) Конструктивті валидтілік.
4) Операциональды валидтілік.
5) Эмпирикалық валидтілік.
6) Анықталған валидтілік.
7) Критериальды валидтілік.
8) Ағымды валидтілік.
Прогностикалық валидтілік бұл тестілеудің дұрыстығы және қорытындылау кезінде көп уақыт ішінде өлшеу. Прогностикалық көрсеткіш регрессиялы тесттеудің объективті критерияларына байланысты. Регрессия функциясы f (x1 x2......xn) орташа тестілеу критерий өлшеудің реальды көрсеткіші сыртқы критерий (–у).
Бұл функция (Alui) сызықты және сызықтыемес мінездер.
1) Сызықты регрессия: y=b-ax
2) Параболалық қажет: y=b+ax+cx2.
Тесттің сенімділігі мен валидтілігін практика барысында тесттерді қолдану және оларды өңдеу барысында осы теориялық білімді жан-жақты етіп бекітуге мүмкіндік береді.
Л.Тэрстон, 1931 жылы «Тесттің сенімділігі жіне валидтылығы»моногрфиясында,топтық тестердің стандарттылығына өтңніштер жасады,ал 50-жылдары С.Стивенстің(1956)және Г.Лингарттың(1961)жұмыстарында,тек факторды талдау ғана емес, сонымен бірге дисперсионды және регрессионды талдауды және шкалау теорияларын жарыққа шығарды.
4.Әдіс валидтылығы.Ол- психодиагностиеалық әдістің өлшеуге тиісті нәрсеге сәйкестігі.Валидтылыұты анықтау нәтижесінде мәлімет берететін шындықтың бөлігі анықталады.Мысалы.Г.Матту зерттеуінде биология бойынша мәселелерді шешу барысында жоспарлы компонентін анықтауға арналған диагностикалық әдістер жүйесі құрастырылған.
Әдіс сенімділігі,бұл-балалардың мінез құлықтарынының белгілі бір белгілерін өлшейтін нақтылық дәрежесі немесе сенімділік коэффицентімен бірдей жағдайларда тест нітижесінің көрінуі.
5.Әдіс сенімділігі. Әдіс сенімділігін анықтаудың түрлі формалары бар, сондықтан да сенімділік мағыналарын бір-бірімен қосымша талдаусыз салыстыруға болмайды.
Мектептегі оқуға бейімделгенін анықтайтын психодиагностикалық әдістің сенімділік дәрежесі үш жағдайға: әдіс объективтігіне, тест міндеттерінің біртектілігіне және балалардың өлшенетін қасиеттерінің тұрақтылығына байланысты. Сондықтан да сенімділікті тексерудің дәстүрлі практикасы қажет болмаса да, ол өз кезегінде, оның анықтауының жаңа модельдерін қалыптастыру қажеттілігін тудырады.
Шкалаларды құрастыру және оларды стандарттау, балалардың даму деңгейін, мінез-құлықтардың дәстүрлі түрлерін сөзбен бейнелеу арқылы және балалардың түрлі қасиеттерінің көріну дәрежесін сандық жағынан анықтау көмегімен сипаттауға болады. Балалардың психикалық қасиеттерін сандық жағынан сипаттау сұрағы мен оларды өлшеу шараларының күрделі мәселелеріне байланысты өлшеу үшін екі нәрсе: шкала және классификацияға жатқызылуы қажет және де өлшеудің әрбір объектісіне шкаланың белгілі бір мағынасы сәйкес келуі қажет.
Балаларды мектептегі оқуға қалыптастыру мезгіліндегі олардың психикалық қасиеттерін өлшеудің төрт түрлі шкаласы бар.
1.Атаулар шкаласымен өлшеу кезіндегі классификация, сапалы белгілер бойынша жүргізіледі. Мысалы, «дене шынықтыруға қызығушылықтарын», «музыкалық қызығушылықтарын», «математикалық қызығушылықтарын» диффенциялауға болады. Мысалы, балаларда дене шынықтыруға қызығушылықтары айқын көрінетін болса, баланың осы қасиетіне тиісті ойлар жинағының көмегімен жүргізіледі.
2.Ранглі шкалада,топтар мен сыныптарды иерархиалық баспалдықтар бойынша орналастыруға болады,мысал ретінде бағалар шкаласын келтіруге болады.
Ранглі шкалада шкалалардың жеке мағыналары арасындағы арақашықтықтар бірдей болмауы мүмкін, сондықтан оқушының үлгерімінінің жақсаруына псичометрия тұрғысында орта бағалар және орта бағалар және орта баға көмегімен түрлі сыныптар арасындағы оқушылар үлгерімін салыстыруға жол берілмейді.
3.Интервалдар шкаласында тек сандық топтастыру ғана бола алады,өйткені шкала мағыналары арсындаңы ара қашықтарды өлшеу сәйкес бірліктермен анықталады.Мұндай шкалалар психометрикалық деп те аталады.Ең танымал интервалдар шкаласы,ол бағалаудың стандартты шкаласы болуы мүмкін,мысалы,педагогтар практикасында психометрикалық тұрғыда сенімді мәліметтерді беретін психодиагностикалық әдістер аз келеді.
4.Психометрикалық шкаланың басқа түрі ол пропорционалды шкала болып табылады.Интервальдар шкаласын қарағанда ол тіпті нөлге тең.Мысалы,бойды өлшеу,шкалада нөлге тең болса да.бірақ бойы нөлге тең адам болмайды.Өлшеу жүргізілетін шкаланы таңдау,оны зерттеуіні әдістік қиындықтарды мен проблема сипаттамасына байланысты.Диагностикалық әдістерді құрау мүмкіншілігіне өлшеудің бара –бар стандартты шкалаларын қолдану қажет.
Психометрикалық шкалаларды жасауда,балалардың алғашқыдағы ішкі орналасуын қалыпты орналасуға қайта құру қажет.
Диагностика негізінде балалардың дамуын,мектепте жетілу жағдайларын талдауда,психодиагностикалық әдістер көмегімен нақты мәліметтер жасалынады және олардың негізінде балаларың белгілі бір талаптарды орындау барысында іс-әрекеттердің психикалық жүйелі даму жолы және деңгейә жайлы нәтижнлер жасауға болады.Алайда,диагноз өлшеуден алынған мәліметтерін келтіру мен ғана шектелмеуі тиіс және олардың ғылыми тұрғыда түсіндіруілуін талап етеді.Сондықтан да даму психологиясы,жеке адам теориясының көзқарасы тұрғысында диагностикалық мәліметтер арқылы даму гипотезасын қалыптастырып,сонымен бірге даму деңгейі талдауын алдын –ала жүргізіп алу қажет деп есептейді.Әсіресе психологиялық диагостикада,жеке бала дамуы жүріп жатқан жағдайларға тәуелді жеке адам қасиеттерін өлшеу барысында алынған өзгергіштік гипотезасын жасау қажет.Бұл гипотезалар ғылыми психодиогностикалық негізді талап етеді.Б.Вендт және П.Пофштетердің белгілеуі бойынша,психологияда гипотезаны дұрыс тарату,көбінесе психикалық құбылыстардың табиғаты туралы білімнің жоқ жерінде қолдану.Ал.педагогоикалық диагностика бөлімінде әрбір диагноз,әрине,мүмкінкіншілігіне мынадай көзқарастар тұрғысында қарастырылу тиіс;а)мектепте баратын балалар тобына берілетін тәрбие мен оқыту мақсаттарын,баланың жеке басының дамуының актуалды деңгейі жайлы салыстырған мәліметтерден(қалыпты аспектіде);ә)осы жастағы балалардың дамуындағы индивидуалды айырмашылықтар жайлы мәліметтерден;б)алдыңгы жас кезеңдеріндегі дамы жайлы мәліметтерден (даму детермикациясы);в)болашақтағы дамуы жайлы мәліметтерден дамуы үшін қажет ететін нәрселерді,балалардың ары,қарай жақсы дмуына қолайлы жағдайларды анықтау.(Өзгерістер аспекісі).
«Клиникалық психологияның жеңісі»деген серияда,Д.Шультенің «Мінез құлық терапеясындағы диагностика»(1974)деген кітабы жарыққа шықты,ол бихевиористік(бружуазиялы ағым)позицияда жазылса да,онда психодиагностиканың болашақта дамуы үшін өте керекті жағдайлар бар.Негізгі ойын автор былай деп құрастырады;»Жеке адам диагностикасында дәстүрлі әдістер жеке адамның ерекшеліктерін және белгілерін анықтауға бағытталған,ол адам мның индивидуалды негізін құрайды және оның мінез құлығын болжауда мақсатты болады.»Осындай тәсіл арқылы өзінің мақсатын білдіру,қазіргі кезде көп қолданылатын жеке адам тестінде көрінеді(Роршахтың тестісі).
Психологиялық валидтылық.Капиталистік елдердегі мектепке баратын балалар психологының тәуелсіздігі,оның ең негізгі кәсіптік белгілері ретінде келтіреді.Осындай елдердің прогрессивті психологтардың психодиагностикаға келтіретін талаптарының бірі-жеке адамға,субъектіге бағдарлау қажеттілігі.
Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп,мектеп жағдайларына жетілдіру үшін педагог пен психологтар арасында әрбір баланың оптималды дамуы үшін ең жақын жолды іздестіріп,ортақ мақсатпен анықталатын серіктестік қатынасы орнығуға тиіс.Осындай әдістемелік принциптен психо-диагностикалық әдістердің қолданылуы мен жасалуы үшін екі негізгі қорытынды келіп шығады.Педагогикалық нәтижелерді жасауға мүмкіншілік беретін әдістерді жасау қажет.Психодиагностика педагогикалық процестермен тығыз байланыста болып,психодиагностикалық диагноз негізінде құрылатын мектепте баратын балалар дамуының педагогикалық стратегиясын қарастыруда жаупкершілікті болады.
Психологиялық диагностика-жеке баламен емесе топтың психологиялық даму күйін немесе даму деңгейін,қасиеттерін,мектептегі оқуға бейімделуін,мектеп жағдайларына қалыптасуын нақты бағалау үшін теорияны,методологияны және әдісті қарастыру мен байланысты арнайы білімдерді психодиагностикалық бағалаудың обьектісі ретінде психология психодиагностикалық бағалаудың объектісі ретңнде психология балалардың түйсінумен басталып және бір- бірімен өзара әректтескенде сонымен бірге,қарым-қатынас үстінде пайда болатын күрделі әлеуметтік-психологиялық процестерге дейін болуы мүмкін.
Жеке баланың немесе топтың мектептегі оқуға бейімделуін,психикалық дамуының деңгейін прктикада бағалау мынадай міндеттерді шешу үшін жүргізеді.
1. Сәйкес қасиеттер дамуының күйін анықтау үшін;
2.Оның дамуының динамикасын анықтап,белгілі бір уақыттың ішінде қайта жаңғырту үшін;
3.Оқу тәрбиелеу әсерінен пацйда болған баланың және топтың мінез- құлықтарында психологиялық реалды өзгерістерін анықтпу үшін;
4.Заңдылық талдауында және мектепке баруға дейінгі оның дамуы динамикасының негізінде балалардың қасиетті дауының перспективасын анықтау үшін;
5. Мектепке баруға дейінгі балалардың дамуын ескере отырып,олармен дифференциалды жұмыс өткізуде зерттеліп отырған баланы немесе топты категорияға бөлу үшін;
6.Мектептегі жағдайларға баланың жетілуіндегі міндеттерді шешуде баланың пемесе топтың жарамды болуын анықтау үшін,мысалы өзінің мектепке жетілудегі міндеттерін шешуге баланың дайындығын анықтау үшін;
7.Психокоррекционды жұмыстарды жүргізу мақсатында берілген немесе әлеуметтік нормада баланың немесе топтың психологиялық мінез- құлықтарының сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтау үшін.
8.Мектептегі оқуға және келешекте өз бетімен білім алу мақстында бала немесе топ үшін мінездемелерді таңдау үшін жүргізіледі.
Көрсетілген психодиагноcтика міндеттерін,мекетепке дейінгі мекемелерде,мектепке баратын балаларға,мектептегі жағдайларға сәйкес мынадай психодиагностикалық жұмыстарды жүргізу қажет.
-мектепке баратын балардың психологиялық танымдық интелектуалды және т.б.дамудың динамикасын зерттеу.Әр бала үшін жылдық немесе айлық дамудың корсеткіштері кіретін псходиагностикалық карта болу керек;
-Әр баланың психикалық және мінез-құлық дамуының жеке ерекшеліктерін,орта стандарттан-нормадан-жағымды немесе жағымсыз жаққа ауытқуын анықтау;
-мектепке баратын балаларға,мектептегі оқуға бейімделудің және тәрбиелеудің жетістіктерін анықтау мақсатында,практикалық мінездеменің негізінде,дамуға психологиялық эксперименттерді қамтамасыз ету;
-балалардың мектептегі оқуға қабілеттілігін,бейімделуін жіне қалыптасуын анықтау,олардың өз уақытында дамуына шаралар қабылдау мақсатында жүргізілуі;
-балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған әдістерді таңдап алу мақсатында, тәрбиеші, мұғалім мен ата-аналар үшін бала психологиясының күйі туралы жан-жақты хабардар болуы қажет.
Мектепке баратын балалардың әр түрлі жақтарын және іс-әрекеттерін психодиагностикалау, ғылыми тексерілген зерттеу әдістері арқылы жүргізіледі. Осы әдістердің сапалылығына қатаң талаптар қойылуы керек. Валидтілік, дәлділік және сенімділік негізгі талаптар болып келеді. Валидтілік арқылы зерттеуде қолданылатын әдістердің сәйкестігі негізінде бағаланып тұрған сапалылықты анықтайды. Мысалы, бала өзінің мотивін өзі айтып тұрғаны әдісті валидтілік емес, себебі бала өзінің қылықтарының шын мотивтерін сезбейді.
Дәлділік, зерттелініп отырған сапалылықтың айырмашылықтарын таба алуын көрсетеді. Мысалы, сауалнама әдісінде немесе сұрақнама әдісінде балаға беріліп отырған сұрақтарға «жоқ» немесе «ия» деп жауап беруі.
Сенімділік, осы әдістерді қолдану кезінде бір нәтижеге алып келуі. Балалар психодиагностикасының практикасында тек валидті, яғни дәл және сенімді әдістер қолданылуы керек, себебі, дұрыс емес мәліметтер мен қорытындыларда қателердің жіберілуі мүмкін. Қолданылатын әдістердің сапалылығына және нәтижесінің дұрыс шығуына әдісті қолданушы жауап береді. Балаларға психодиагностикалық зерттеулер жүргізгенде, мынадай моральді этикалық сипаттамасы бар талаптар қойылады, олардың ең негізгілері:
1.Психодиагностикалық зерттеулердің нәтижелері балаларға зиян келтірмеу керек.
2.Балаларға диагностикалық зерттеулер, тек балалардың өздерінің және олардың ата-анасының рұқсатымен жүргізілуге тиіс.Балалар мектепке баратын кезге дейінгі уақытта ата-аналар балаларынсыз рұқсат беруге болады.
3.Ата-ана құқығын айырылған ата-аналар өз балаларының психологиялық зерттеулерінің нәтижелерінің қортындысын психолог маманынан білуге болады,сонымен бірге психолог,ата-аналарға өз балаларына психологиясына тиісті білгісі келген сұрақтарына дұрыс және нақты жауапты беруі тиіс.
4.Психодиагностикалық зерттеудің нәтижесінде анықталған басқа факторлардан баланың тағдырын,яғни мектептегі оқуға бейімделуі мен тәрбие мүмкіндігін,ата-аналар мен психолог - педагогтардың пікірінсіз шешілмеуі тиіс
5.Мекетепке дейінгі мекемелер мен мектепте қызмет атқаратын психологтар психодиагностикалық жұмыстарды тәрбиешілер мен мұғалімдермен бірге тығыз байланыста болып атқаруы қажет.
Психодиагностикалық әдістердің көпшілігі мектепке баратын балалардың түсінігіне байланысты,психологиясы мен физикалық жағынан сау балалардың,зерттелініп отырған қасиеттер дамуының орта деңгейін сипаттайды және осындай зерттеулердің нәтижелерін ауытқуы бар балалардың да қасиеттерінің даму деңгейі де анықталады.Егер оның индивидуалды көрсеткіштер нормадан жоғары болса,онда осы бала өзінің дамуы жағынпн құрдастарынан жоғары болады,ал керісінше,егер оның индивидуалды мәліметтерді нормадан төмен болса онда құрдастарынан қалыс қалады.
Психодиагностикада,балалардың мектептегі оқуға қабілеттілігіне байланысты жүргізілетін эксперименттердің қиыншылығының ең бір негізгі себебі,баланың белгілі бір қасиеттерін психологтар тапсырма беру кезін де,осы тапсырманы орындауы оның қабілеттілігіне ғана байланысты болмайды,сонымен бірге, мотивацияға,мектептегі оқуға бейімделіп, қалыптасуына және дағдыларына байланысты.
Сонымен бірге,балалардың оқуға бейімделуінің қабілеттілігі және мектептегі жағдайға жетілдірудің перспективалары әрбір сауалдамада дамып отырады.Балалардың бейімделу қабілеттерін жақсарту үшін қойылатын сұрақтарды оларды дамыту шарттарына көп назар аударылады.Кейбір кездерде олаларға қолданылған психологиялық тест ердің қортындысында ең төменгі көрсеткіштерді көрсеткенімен,дұрыс дамып,тәрбиеленуінің арқасында өзінің құрдастарына тез жетеді.Бүкіл психодиогностикалық әдістемелерді балаларға қолдану алдындағы қабылдау мен талдаудың негізгі кезеңдерді мыналар;
Берілген әдістеме арқылы зертелінетін сапаның немесе қасиеттердің нақты анықтамасы.
Объективті белгілердің жүйесін таңдау.Олардың негізінде балаларға сәйкес сапалықтың және қасиеттердің бала бойында бар болуын көрсету.
Таңдалған операционалды белгілер.
Әдістерде қолданылатын теориялық сұрақтарды өңдеу.
Әдістердің валидтілігін,дәлдігін және сенімділігін тексеру.
Практикалық тұрғыда тексеру маөсатында берілген әдістемелер арқылы барлық балаларға зерттеу жүргізу. Мектепте баратын балалардың зерттеу үстінде ғылыми зерттеу жұмыстарына барлық әдістерді қолднуға болады.Бірақ, кейбіреулерді өте күрделі және арнайы бір құралдарды қажет ететіндері де кездеседі.
Зерттеу кезінде психологтық-педагогтық эксперимент сенімді болу үшін нәтижелер дұрыс, психодиагностикалық әдістер ғылыми негізделген болуы керек. Әдістер нақты, валидті, сенімді болғаны дұрыс. «Валидтілік» деген термин европа тілінен кірген. Ол толық, жарамды деген мағынаны білдіреді. Валидтілік мінездемесі ол әдістемені қолдану сферасы, жағдайы туралы да түсінік береді. Валидтіліктің бірнеше түрлері бар. Олар теориалық және практикалық, ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Теориалы валидтілік – зерттеудің сапасы мен көрсеткіштері басқа әдістемелердің сапасы мен көрсеткіштері менсәйкес келуімен анықталады.Теориалық валидтілік бір қасиеті бір теорияға сүйеніп, бірнеше әдістемелер арқылы анықтайды.
Эмперикалық валидтілік – зерттелінушінің шынайы мінез-құлқына алынған нәтижелердің сәйкес болуы.
Ішкі валидтілік - әдістемелердің тапсырмалары, тестері әдістеменің мақсатына сәйкес келуі.
Сыртқы валидтілік – бұл жерде көрсеткіштер менәдістеме арасында байланыстар неғұрлыым маңызды, зерттелінушінің мінез-құлқының сыртқы белгілеріне сәйкес келуі.
Әдістемені құрған кезде оның валидтілігін анықтау өте қиын. Ол көп рет қолданғаннан кейін тексеріледі және анықталынады.
Валидтілік критерилері – берілген әдістеме валидті ме, жоқ па деп анықтаудағы негізгі белгілер.
1. Мінез-құлық көрсеткіштері - әр түрлі өмір жағдайындағы зерттелінушінің реакциялары және әрекеттері.
2. Зерттелінушінің әр түрлі әрекеттегі, оқудағы, еңбектегі, творчествадағы жетістіктері.
3. Әр түрлі бақылау тапсырмаларын орындаудағы мәліметтер.
4. Басқа әдістемелер арқылы алынған мәліметтер, тексерілген әдістемелердің валидтілігі мен байланысының нақтылығы.
Әдістеменің сенімділігі – нақты көрсеткіштердің алынуы.
Психологиялық тестілеу нәтижелері өлшеу аспабының спасына, зерттелінушінің нұсқауды дұрыс түсінуі, экспериментатордың мінез-құлқы, зерттелінушінің психологиялық жағдайының өзектілігіне байланысты.
Психодиагностикалық әдістемелердің сенімділіктік екі әдіспен анықтайды. Көп адамдардың нәтижелерін және бір адамның нәтижесін салыстыру арқылы.
Әдістеменің нақтылығы – эксперимент кезінде қасиетті бағалаудағы сәл өзгерістерге икемді болуын айтады.
Әдістеменің нақтылығы техниканы өлшеу аспаптарының дәлдігімен салыстыруға болады.
Әдістеменің бір мағыналылығы - Әдістеменің көмегімен алынған нәтиже қаншалықты дәрежеде қасиеттің өзгерісін аша алатындығында.
Әдістемелерден басқа психодиагностикада нәтижелерге жағдаяттар да әсер етеді.Ол зерттелінущінің нұсқауды тұ\үсінуі, экспериментатордың тұлғасы мен мінез-құлқының тест кезіндегі өзін ұстауы. Нұсқау мейілінше қарапайым және ұғынықты болу керек. Жазбаша түрде ұсынылса өте жақсы болады. Экспериментатор байсалды, мінез-құлқы мейірімді, зерттелінушіге сыйластықпен қараса зерттеу өз нәтижесін дұрыс береді.
Сондықтан практикада салыстырмалы жеңіл тесттерді сұрақнамаларды бақылауды, құжаттарды талдауы және психодиагностикалық эксперименттерді қолданылады. Мәселен, сынаулушыға стандартты тексерілетін шарттарда арнайы психодиагностикалық эксперименттерді қолданылады. Мәселен, сыналушыға стандартты тексерілетін шарттарда арнайы психодиагностикалық есептерді шешу.
Психодиагностикалық негізгі құралы-тесттер.Олардың көптігіне байланысты,мынадай негізгі бөліктерге бөлінеді;индивидуады және топтық,вербалды және вербалды емес,сапалығы мен саны,альтернативті мен градуальды,жалпылама және арнайы тесттер.Индивидуалды тесттермен психолог,әрбір сынаушылармен бөлек жұмыс өткізеді,ал топтық(ұжымдық)тестте бірнеше сыналушымен бірге жүргізіледі.Вербалды тесттерде сыналушының өзінің қатысуымен талдау жасылынады,ал вербалды емес тесттілеуді жалпылау үшін және сөйлеуден басқа белгілерді бөлу үшін қолданылады.Естің сапалығы,оған ашық сипаттама береді.ал тесттің сандылығы балалардың бойындағы зерттелңнңп отырған қасиеттер дамуының сандық көрсеткіштері көрсетіледі.Альтернавті тесттер тек «жоқ»неме «ия»деп жауап беруге мүмкіндік береді,градуальды тесттер шкалаларр арқылы сыналушының қасиеттердің даму деңгейін санмен қөрсетеді.Жалпы тесттер балалардың жалпылама мінез құлқын зерттеу үшін, мәселен,жалпы интелектісін анықтайды,Арнайы тесттер басқа балалардан өзгеше болатын ерекше қасиеттерңн зерттейді,Белгілі бір іс - әркектті немесе белгілі бір мәселені шешу үшін,осы жаңдайларға байланысты бірнеше балалар таңдалады,
«Тест»,ағылшын тілінен аударылған мынадай мағынаны білдіреді; «тексеру», «сынау», «сыналу».Осы себептен тестілеуде далалардың индивидуалды айырмашылықтар көрсеткіштерінің стандартталған өлшемі ретінде түсіндіріледі.Тесттің алғашқы дамуы х1х ғасырмен байланысты. Француз дәрігері А.Бинэ,теория мен практикада тесттің дамуына үлкен үлес қосқан.20-жылдарда психологиялық тесттерді,соның ішінде көбінесе интеллект тесттері кеңінен қолданылады.Ары қарай,далалардың әс әрекеттеріне жүргізілген көптеген арнайы тесттер пайда болған.Олармен бірге жеке тесттер мен проективті тесттер шыққан.Оларға эксперименттер қосылады,онда сыналушыны арнайы бір жағдайда,мінез - құлықтарын сыртынан бақылайды.
Интеллект тесттерінің арасында өз уақытында әйгілі Стенфорд шкаласын қолданылады.Сонымен бірге Д.Векслер шығарған шкалалар кеңінен пайдаланады.Бұл шкалалар әртүрлі жастағы балаларға арналған,олар жеке қабілеттерді және оның ұқсастығына,арифметикалық әрекеттердің шығаруылуына,вербальды есептерді шығаруға, сонымен бірге, еске сақтауға,аяқталмаған суреттерді аятауға, конструкциялауға бағытталған.Мектепке дейінгі 5-6жастағы балаларға Д.Векслердің шкаласы көп қолданылады.Балалардың үлгерімін тексеруге пайдаланылатын тесттер арқылы,көптеген психологтардың мәліметтерін оқудың табыстылығын алдын -ала білуге болады.
Интеллектуалды тестте қоршаған ортаның әсерін ескеру қажет.Көптеген жеке тесттерде,баланың жеке қасиеттерін анықтау үшін қарастырылып,зерттелген.Жаңа шарттарға бейімделу,тесттің ең қажетті талабы.Белгілі бір жасқа арналған тесттер,басқа жастағы балаларға қолдануға болмайды.Үлкендерге арналған интелектуальды және жеке тесттерді,кішкентай балаларға қолдануға болмайды және керісінше,кішкентай балаларға арналған тесттерді ересектерге қолдануға болмайды.
Балалардың танымдық дамуының және мектептегі оқуға бейімделу қабілеттілігінің психодиагностикасы,олардың кемшіліктерді жөндеу мақсатында жүргізіледі.Диагностиканың алғашқы мәні балалардың оқуға дағдылырын және оның потенциальды қабілеттерін анықтайды.
Қабілеттілік, жалпылыма айтқанда индивидуальды танымдық, мотивациялық, ұйымдастырылған және қарым қатынас потенциалы ретінде анықталады.
Қабілетті балалар:
- Көп нәрседен хабардар болады;
- Сөз қоры мол болады;
- өз бетінше қорытынды жасай алады;
- күрделі пікірлердің мағынасын терең түсінеді;
- бар хабарларды ұйымдастырып,жалпылайды;
- берілген материалдағы айырмашылықтарды ажырата алады;
- керек информацияны іздеу үшін алтернативті қолдана алады;
- жұмыс процесін былай бағалай алады;
- өзінің және басқалардың әрекеттерін алдын ала болжай алады;
- өз ойларын жеткізе алады;
- сын көзімен ойлай алады;
- тәуекелділікке бейім болады;
- дивергентті (сөз ішіндегі фонемасы) ойдауы жақсы дамыған;
- ойлауға және әрекетке икемді;
- ойлауда жоғары икемділікке ие;
- эстетикалық бағалауы жоғары;
- қорытындылар шығаратын ойлау тәсілі жоғары.
Балалар,осындай өздеріне және басқалармен қарым қатынасында өзі туралы мынандай реальды бейнелермен сипатталады:
- басқаларға құрметпен қарау;
- басқа біреулердің кемшіліктерін келемеждемеу;
- өзіне сын көзбен қарау;
- сынға дұрыс қатынас;
- жұмыста және оқуда табанды;
- жетістікке жетуде қажетсінуінің дамуы;
- агрессивтіліктің аз көрінуі;
- ойлауы мен мінез құлқының тәуелсіз болуы.
Қорыта келе,мектепке баратын балалардың мектептегі оқуға бейімделу мен білімінің деңгейін жоғарылату,сонымен қатар,мектептегі жағдайға жетілуінің дамуына қоғамдық қажетсінуінің мәні бар.
Қазіргі кезде, психодиагностикалық өңдеуге және обьективті методиканың бақылауына енгізілген керектімәліметтер қамтылған сандық даму деңгейінің арқасындағы барлық мектептегі оқу түрлерінің тиімділігін көрсетуге болады.Бірақ та бұл жағдайлар өте аз қолданылады.Осыған байланысты оқу құралының бағдарламасының оптимизациясы әсіресе оқытылатын қолдану материалдарының тиімділігі бұл қатысушылардың өзгеше қабілетінің индивидуалды диагностикасын оқуда қолдана алу процесіне тәуелді болуында.
Сапаның басқа көрсеткіші оның валидтілігі болып табылады, Американдық тестші А. Анастази бойынша тест валидтілігі - түсінік, бізге тестті өлшейді және қаншалықты ол бұны жақсы істейтінін көрсетеді. "Валидтілік" анықталған әдістеменің өлшем сапасы керек пе екенін, ерекшеліктерін, және қаншапықты тиімді екенін көрсетеді.
Конвергентті валидтілік әдістемесі кеңейе тусуде. Әдістемелерді салыстырғандағы теоретикалық негіз және констатациялық байланыстың болмауы дискриминантты валидтілік деп аталады.
Валидтіліктің тағы бір түрі - прагматикалық валидтілік-практикалық мәні әдістемені, тиімділігін, қажеттілігін тексеру. Ереже бойынша осындай зерттеуді тексеру үшін тестке тәуелсіз сыртқы критерийлер қолданылады. Осындай сыртқы критерийлер үлгерім, мамандандырылған жетістік, әртүрлі іс-әрекет түріндегі табыс, субьективті баға (немесе өзін-өзі бағалау) болуы мүмкін. Валидтілік тестін тексеру үшін "танымал тобы" әдістемесін қолдануға болады, әйгілі адамдар шақырылғанда критерий бойынша қандай топқа жататыны, (мысалы: тәртіпті студенттер, табысты-жоғары критерий және топ, ал үлгерімі нашар, тәртіпсіз студенттер-төмен критерий, ал орташа мағынадағы студенттер тестке қатыспайды). Тест жүргізеді және тест нәтижелерімен критерий арасындағы корреляцияны табады.
Мұндағы а тесттің жоғарғы тобына кірген зерттелінуші саны, с- критерий бойынша жоғары топқа кірген және тест нәтижесі төмен зерттенушілер саны. Толық валидтілігінің тест элементі б және с 0-ге тең болу керек. Топтың шеткі корреляция тестінің өлшемін фи- коэффициент Гилфорд бағалайды
Р= ad - cb
(a+b)(c+d)(a+c)(b+d)
Егер зерттелінуші 30 адам болса онда тесттің статистикалық маңызды байланысы константтауға болады Р үлкен 0,36.
Коэффициент валидтілігінің мөлшеріне келсе онда коэффициент сенімділігіне қарағанда әртурлі себептермен үнемі төмен болуда. Психодиагносттардың пікірінше коэффициент валидтілігінің ретінің төмендігі - 0,20-0,30. орташа - 0,30 - 0,50, жоғары - 0,60. Специфика диагностикасының әдістемесін және сыртқы критерийінің бірнеше түрін көрсетуге болады.
"Біркелкі" валидтілік немесе қазіргі валидтілік. Ішкі критерий көмегімен анықталады (мысалы: үлгерім, шығармашылық еңбек т.б.). Алдын - ала болжау немесе болжау валидтілігі. Зерттеу өткен соң бірнеше уақыттан соң
мағлұматтар сыртқы критерий бойынша жиналады.
Болжау валидтілігі тестін өткізу үшін 300 адамды зерттеу керек, мысалы абитуриенттер, ал 2-3 жылдан кейін осы адамдар арасындағы "бестік" тобы мен "екілік" тобын бөліп көрсету керек, бұрынғы көрсеткіштері бойьшша корреляциясын санау. Егер корреляция жоғары болса 0,4-0,6 онда тестті абитуриенттердің оқуының табыстылығына, күштілігіне қарап өткізуге болады. Ретроспектті валидтілік, күй сапасын негіздейтін немесе өткен оқиғаны бейнелейді. Ол сонымен қатар әдістеменің болжамының мүмкіндігін көрсетеді. Псисиходиагностикалық әдістеменің стандарттылығы 1 жағынан бір ғана стандартты
процедураның өткізілуін және нәтижесін өңдеу, ал 2-ші жағынан тест балының
стандартты базасына "тест нәтижесінің 1-ші ішкі" аударылымын қосады, статистикалық тест нормасын анықтайтын таңдау стандарт таңдауы деп аталады, онда 200 адам болу керек. Норма процедурасы (тесттің стандартты шкаласындағы ішкі нәтижелері) операция тобын қосады.
Стандартты балл бағасы.
Z= X_ Мх______ Dx
х-тест бойынша ішкі балл,
Мх- стандартты таңдаудың орташа балы
Дх- дисперсия немесе стандартты ауытқу.
Стандартты баллдың ауыспалы Z психодиагностикада қолданатын кез келген стандартты тесттік шкалада 3 түрін қолданады.
IQ шкаласы, мұны интеллектіні өлшеуде қолданады. (IQ шкаласында М ортасы 100-ге тең, ал дисперсия Д=15), онда ауысым формуласы IQ шкаласы =15Z+100;
"Қабырға" шкаласы, М - ортасы 5,5-ке тең, ал Д-2 ауытқу, онда "қабырға" шкаласының формуласы =2Z+5.5;
Т-шкаласы, М-50-ге тең, ал ауытқу Д=10. Ауысымның қорытылған формуласы шала баллдың берілген стандартты шкаласының түрін көрсетеді.
Y=DZ+M; Ү- стандартты шкала М ортасының стандартты балы. Д ауытқу.
Үлкен топ адамдарының тесттік норма заңдылығын қолданудың репрезентативтілігін ескере кеткен жөн. Егер тесттік нормалар шкаладағы зерттеуде көрінсе онда бұл нормалар автоматты түрде студунттерге апарылмайды-тесттің рестандарттылығын өткізу керек.Тесттің лайықтылығын да атап өткен жөн, тестті мативационда бағдарламадан қорғау қабілеттілігі (саналы және санасыз) әлеуметтік және жауап тілегінің бұзылуы. Егер тест қызығушылықпен және адамның өзінің сұрауы бойынша өткізілсе (консультация жағдайы) онда адамның жауабы шындық. Тестті өңдейтіндер тесттің психометриялық өлшемін сипаттауға болады, бірақ қолданатындар тест қаншалықты сенімді, валидті, стандартты, репрезентативті, нақтылы екенін білуі және түсінулері керек.Осы бейнеде әр психодигностика сапасы оның әдістемесінің стандарттылығы дәреже сапасынан, сенімділігінен және валидтілігінен, диагностикалық әдістемелерді өңдегенде оның авторы тексеру жүргізу керек және алынған нәтижелерді басшылыққа хабарлап отыруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |