Дәріс №6 Тақырыбы: Тестің сенімділігі мен валидтілігі. Жоспар


Психодиагностикалық әдістерді адаптатциялау



бет2/5
Дата13.11.2019
өлшемі142,25 Kb.
#51719
1   2   3   4   5
Байланысты:
дәрістер Диагностикадан 7-10

Психодиагностикалық әдістерді адаптатциялау


Түзету жолындағы өзгерістерді зерттеудің психодигностикалық әдістерді бір уақытта орындалуы тиіс.Бұл К.Кнауер мен Д.Рутенбергтің жүрізген зертелерінде негізгі бағыттарды құрайды.

Оқуға бейімделу процесінінің тиімділігін диагностика негізінде салыстыру.Оқ процесіне бейімделу,оқу бағдарламасының өту барысының орындалу нәтижелері жалпы тиісті информацияларды қажет етеді.Осындай ақпарат оқу процесімен басшылық жасайтын,педагогтарға,консультанттарға бала бақша меңгерушілері мен мектеп директорына қажет.Олар балалардың оқуңа бейімделуін,мектептегі жағдайға баланың қалыптасуын салыстырудың стандартты тәсілдерін жасауға тиіс,ол өте мағызды міндет,оның шешімі жолында психологтар мен оқытушылыар және әдіскерлермен бірге жұмыс жасау қажет.

Енді,психологиялық-педагогикалық диагностиканы қолданудың төрт сферасында ескерілетін диагностикалаудың бес аспектісін қысқаша атап өтуге тоқталайық.



1.Өлшеу объектісін анықтау.Педагогтар мен психологтардың талаптарын сүйеніп,қандай психодиагностикалық мәліметтер алынуы тиіс екендігін нақты анықтауға болады.Диагностикалық әдістерді дайндаудағы көптеген кемшіліктер диагностикалау пәнін жеткілікті түрде нақтылап алмаумен түсіндіріледі.

Меңгерудің субъективті деңгейі;Балаларды мектептегі оқуға бейімделуін бір жыл көлемінде талаптардың обьективті құрылымының негізі компоненттнрін білуге және оларды өолдан алуды меңгеру жайында айтылуда.Әрине,сабақтарда, өткендерді және балалардығ шынымен нені меңгергенін айыра білу қажет.

Балалардың диагностикалық міндетін,алдын-ала өтілген материалдарды меңгеру деңгейін,мүмкіншілігіне диференциалды қалыптасуының жандануын қамтамасыз етеді және осының негізінде жаңа материалдарды меңгеру үшін жағымды жағдайлар жасалынады.Жаңа материалдарды меңгерудің осындай базистердің қаншалықты негізделіп құралатындығы байланысты.

2.Өлшеу әдісін анықтау.Диагностикалауға жататын балалардың қасиеттерін анықтағаннан кейін,тиісті диагностикалық ақпаратты ашуға мүмкіндік беретін іс-әрекеттің түрін таңдап алу қажет.Оны түрлі формада жүргізуге болады,мысалы,әңгімелесу,оқуға бейімділігін ауызша немесе жазбаша тексеру,материлдарды меңгерудегі қателеріне байланысты талду жасау және т.б.

Витцлик диагностикалық функцияны пайдаланып,жазбаша бақылау жұмысын жүргізумен шектеледі.Ондағы қателер талданып,бағаланады.



3.Әдістерді талдау.Бар диагностикалық әдістерді қарастыру үшін,эксперимент жүргізу жағдайлары мен оның нәтижелерін талдауды стандартауы қажет.Эксперименттердің жағдайларын стандарттауға мыналар жатады;а)экспериментті жүргізу,әсіресе нұсқауды,мысалы,тест процедурасының баяндалуы қажнт;ә)мәліметтерді жазып отыру,яғни хаттамалау мен эксперимент барысын және оның нәтижелерін тіркелуі; б)мәліметтер талдауы, мысалы,вербалды мәліметтер классификациясын,алдын-ала бағалау шкалалары түрінде салыстырылуы;в)мәліметтер жинақтау,мілңметтерден тек нақты емес психодиагностикалық мағлұматтарды ғана алуға болады;г)мәліметтер интерпретациясы,әдістер негңзңнде теориялық тұжырымға психодиагностикалық мәліметтердің енгізулі;д)әдіс сапалылығының өлшемдерін анықтауда,диагностикалық мәліметтерді сенімділігін мен сапалығы белгілі бір мөлшерде өлшеу әдісінің сапасына тәуелді.Әдіс сапалылығының ең маңызды өлшемдердерді мыналар;

Әдістің объективтілігі,яғни психодиагностикалық мәліметтердің экспериментатордың интерпретациясы мен объективтілігін, талдау обьективілігін және алынған нәтижелердің интерпретациясының обьективтілігің айыра аламыз.Әдіс обьективтілігі.экспериментаторлардың,

Бірдей эксперименталды жағдайларда мәліметтерді талдауы және психодиагностикалық құралды қолдануы.Олардың нітижелері астындағы корреляцияларды анықтау нітижесінде әдіс объективтілігінің коэффицентті анықталды.

Жеке тұлғаны психофизиологиялық тұрғыдан зерттеу оның психикалық және ақыл-ой сапаларын, болашақ мамандықтарына бейімділігін анықтап беруге және олардың жекелеген бөліктерін жетілдіру туралы ұсыныс-кеңестемелер беру үшін жүзеге асырылуы да мүмкін.

Мамандық бойынша психодиагностикалық зерттеулердің барысына негізінен төмендегідей психологиялық сынақтар енеді:

- зерттеудің бланктер толтыру арқылы жүргізілетін тәсілдері;

- жекелей (көзбе-көз) әңгімелесу;

Психодиагностикалық зерттеудің бланктер толтыру арқылы жүргізілетін сынақтарына жататын тәсілдер:

- жеке тұлғаны көп жақты зерттеу әдістемесі (MMPI);

- Р. Кеттелдің 16-факторлық жеке сауалнамасы әдісі (16-ФЛО);

- Равеннің «Прогрессивті матрицалар өлшемі» әдістемесі (кескіндеме сынағы);

- есте сақтау қабілетін, зейінді және ойлауды зерттеу әдістері;

- Амтхауэрдің интеллектуалдық сынағы.

Жекелей немесе көзбе-көз әңгімелесу – психофизиологиялық зерттеулердің соңғы кезеңі болып табылады. Зерттелушінің типологиялық және мінездемелік ерекшеліктерін бағалаудың және сараптаудыу мен талдаудың қосымша бір тәсілі болып табылады, сонымен қатар толтырылған бланктер, сауалнамалар, сынақтар бойынша зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтерді нақтылауға, айқындауға көмектеседі. Әңгімелесу мен бақылаудың, психодиагностикалық қорытындының мәліметтері, жеке тұлғаның психикалық сапалары мен қасиеттері бойынша ұсыныстарды психолог өзіндегі психофизиологиялық зерттеу хаттамасына енгізіп отырады. Тұлғаның негізгі, басты-басты жеке сапалары мен типологиялық ерекшеліктері сипатталған қысқаша тұжырым шығарылып, оның жалпы тұлғалық мінез-құлық және ақыл-ой ерекшеліктері туралы арнайы қорытынды жасалады.

Бланктік зерттеу әдістері кең, жарық, шусыз, желдетілген бөлмеде өткізіледі. Зерттелушілер бір-біріне кедергі жасамайтындай және оның барысы кезінде нұсқаушы олардың әрқайсысына еркін жақындай алатындай болуы тиіс.

Равеннің «Прогрессивті матрицалар өлшемі» әдістемесі (кескіндеме сынағы) зейінді, қабылауды және ойлауды зерттеуге арналған. Әдістеме күрделілігі арта беруі бойынша 5 серияға бөлінген 60 кесіндеме суреттен құралады.

MMPI сынағыәртүрлі талаптарға жауап беріп, тұлғаны жан-жақты түрде кешенді зерттеу әдісі болып табылады. Бұл сынақтың тиімділігі алынған мәліметтердің объективтілігін қамтамасыз ететін арнаулы статистикалық өңдеуден өтуінде болып табылады. Сынақ жалпы адамның денсаулық жағдайына, психикалық ішкі органдардың қызметі сапаларына, ортадағы қарым-қатынастарына және жалпы әлеуметтік және моральдық ұстанымдарына қатысты болып келетін 384 пайымдаудан құралады. Бұл пайымдауларға Зерттелуші тұлға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап береді. Сынақтың қорытындыларын есептеудің психолог сүйеніп отыратын арнайы нұсқаулықтары бар.

Р. Кеттелдің 16-факторлық жеке сауалнамасы әдісі (16-ФЛО)жеке тұлғаның интеллектуалдық, пайымдыұ, көңіл-күй тұрақтылығы, жетекшілігі, көшбасшылығы сияқты маңызды қасиеттерін анықтауға арналған.

Амтхауэр сынағыалдыментұлғаның ақыл-ой қабілетін зерттеуге бағытталады. Яғни адамның ойлау қабілеті, жағдайды түсінуі мен оған бейімделуі, түрлі мәселелерді шешу қабілеті зерттеледі. Ол арқылы ақыл-ой дамуының коэффициенті анықталады. Тек сан өлшемдері арқылы біржақты болып қалмау үшін зерттелушіге қандай тапырмалардың қиынға түскенін немесе жеңіл орындалғанын талдау қажет. Бір сынақтың нәтижелері арқылы адамның ақыл-ойын толық бағалау мүмкін болмағандықтан, оның пайымдауына, қабылау, зейін, ойлау, еске сақтау тәрізді жекелеген танымдық үрдістеріне назар аудару керек.

Бақылау әдісі. Зерттелушілердің тапсырмаларды орындау барысындағы мінез-құлын бақылау арқылы оның ақыл-ойын, зейінінің сапасын, шынайылығын, адалдығын, тәртіптілігін, жауапкершілігін, көңіл-күй ерекшелігін, жұмыс қабілеттілігін сиипаттайтын қасиеттері туралы бірқатар мәліметтер алуға болады. Бақылаушының назарына жалпы көпшіліктен жақсы не нашар жағына қарай ерекшеленіп тұратын тұлғалар айрықша түсіп отырады.

Ұғымталдықтың, зеректіктің және жедел еске сақтаудың жеткіліксіздігін көрсететін сінез-құлық белгілері. Нұсқауды оқып түсіндіргеннен кейін:

- мағынасыз сұрақтар қоюы және нұсқаулықтағы айтылған жайларды қайтадан сұрауы;

- жүзіндегі түсінбегендік белгісі, иығын көтеру, абдырағандықтың көрінуі;

- көршілес отырған адамнан түсінбегендерін қайталап сұрастыруы;

- нұсқауды таныстыру барысында жазып алып отыруы;

- жұмысты бастауға рұқсат берілгеннен кейін кідірістеу, көршісінің жұмысын қарауы, жұмысты ортасынан аяқтауы.

Зейіннің ауысып отыруының жеткіліксіздігін көрсететін белгілер.

- тәжірибе жүргізушінің нұсқауларын баяу қабылдауы;

- келесі тапсырмаға көшу туралы нұсқаудан кейін де бұрынғы тапсырмамен отыра беруі.

Жауапкершіліктің, тәртіптіліктің жоқтығын, зерттеуге жағымсыз тұрғыдан қарауын көрсететін белгілер:

- зерттеуді кесітуге бағытталған арандату сұрақтары, кері сөйлеу;



- тыныштық сақтауға, тәртіпке шақыруларды тыңдамау;

- әңгімелер айтып, шу тудыруы, қылжақбастық танытуы;

- көршісінен көшіріп алу.

Зерттелушілердің барлығы да өздерін жақсы жағынан көрсетуге ұмтылатындықтан, қызметке іріктеу жағдайында олар туралы шын мәніндегі объективті мәліметтерді алудың қиын. Сондықтан адамның ақыл-ой және сезімдік сапалары мимикалық, қимыл-қозғалыстық және интонациялық көрініс табатындықтығын ескеріп, осы жағына мән беріп отыру қажеттігі пайда болады.

Тұлғаның мимикасынан, яғни бет-жүзі мен көзінен оның айтып отырғанының ақиқатқа қаншалықты жақын екенін аңдауға болады. Ал интонациясы өзінің айтып отырған сөзінен гөрі де шындықты көрсетіп тұруы мүмкін. Тура жауап қатқанның өзінде де адамның мимикасы мен дауыс тоны оның ойының айтқан айтқан сөзінен басқаша екенін айқындап тұрады. Егер адам өзінің айтқанына сенімсіз болса, оның өз ойына күдікті екені мимикасы мен көздерінен байқалады. Мимика бойынша адамның ақыл-ой шапшаңдығы мен өзінің экстра- және интраверттілік сипаты, яғни оның әрқашан сыртқы ортаға қарай бағдарланатыны немесе өзінің ішкі дүниесіне қайта-қайта үңіле беретіні туралы баға беруге болады..

Мимика, сонымен бірге, адамның көңіл-күй арқылы жауап қатуларынан да хабар береді. Бет әлпетінің өзгерістері әңгімелесуде өзара байланысты әрқашан тұрақты көрсетіп тұрады, оған байыптап қарау арқылы адамның айтқанды түсінгені не түсінбегені, әлдене айтқысы келгені, әңгімеге ынталылығы, шын немесе жалған айтып отырғаны байқалады.

Сонымен бірге тәжірибелі адам әңгімелесу кезінде өзінің көңіл-күйін мимикасын, қимыл-қозғалысын бақылап, сырттай сыр бермей отыруы мүмкін, алайда көзінің қарашығындағы өзгерістерді бақылай алмайды. Жағымды көңіл-күй кезінде көздің қарашығы бірнеше есе ұлғаяды да, ал жағымсыз көңіл-күй болса, керісінше кішірейіп кетеді. Сол сияқты оның қуанышы мен ашуланғаны байқалады. Егер сіз бір адамдармен сөйлескенде өзіңізді жайлы, ал кедесі бір адаммен әңгімеде қолайсыз сезінетін болсаңыз, ол ең алдымен негізінен, пікірлесіңіздің сізге қандай көзбен қалай қарағанына және қарау ұзақтығына байланысты. Әңгімелесудің бір кезеңінде байланыстың орнауы көзқарастардың кездесіп қалуынан басталады. Сөйлескен адам әңгімелесу уақытың 60-70 пайызында пікірлесушіге қарап отырады, мысалы, сөйлесу уақытының 30 пайызынан төмен болса, жанары тайсақтай берсе, оның сөздері онша сенімділік тудырмайды.

Көзқарас қастың көтерілуі мен және жұмсақ жимиюмен сүйемелдене келсе, сөйлесуге ықыластылықты білдіреді, ал қастың төмен түсуі, қабақтың түйілуі еріннің қиықтарының төмен түсірілуі күдіктілікті, жағымсыз көзқарасты және сенімсіздікті білдіреді. Бұл тұрғыдан алғанда адамның мимикалары мен көзі «адам жанының, ішкі дүниесінің айнасы» болып табылады, кейде сырын білдіріп қоятын «сатқындығы» бар. Сондықтан қарым-қатынастық мимикалар мен жестілерді, еріксіз жасалатын қимыл-қозғалыстарды қалт жібермей бақылап, оларды жинақтап, пихологиялық тұрғыдан тиісті қорытындылар шығарып, олдарды салыстырып отыруға тура келеді.

Есте сақтауды зерттеу әдістемелері.Тікелей естің сапасын, сонымен бірге қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді еске сақтауларды зерттеуге арналған тәжірибелік әдістемелердің ішінен төмендегі тәсілдерді қолдануға болады.

- мәтіндерді қайта айтып беру;

- көрнекі-бейнелік есті зерттеу;

- он сөзді есте сақтап қалып, жатқа айту;

- сандардан құралған қатарларды есте сақтау.

Мағыналық мәтіндерді қайталап айту әдістемесі мағыналық материалдың еске сақталу көлемін, мәтіннің мағыналық еске сақталу шапшаңдығы мен дәлдігін, оның есте қайта құрастырылу сипатын, еске түсірудің жылдамдығы мен анықтығын, еске сақтау қабілетінің типін анықтап береді.

Алынған мәліметтердің негізінде зерттелушінің әрекет қарқыны, ойлау белсенділігі деңгейі мен бағытталуы, көңіл күй-ерік сапаларының жекелеген жақтары, ұйымдасқандығы мен іс-әрекеттің пайымды тәсілдерін меңгергендігі сияқты басқа да жеке-психологиялық қасиеттері туралы баға беруге болады.

Зерттеуді жүргізу үшін магнитофон таспасына жазылған екі мағыналық мәтін қажет болады. Еске сақтау және еске түсіру уақыты секундтық өлшеуіштің көмегі арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдістеме бойынша зерттеу екі кезеңнен тұрады: а) зерттеу нәтижелерін өңдеу және есепке алу, ә) зерттеу нәтижелерін бағалау. Бірінші кезеңде алынған нәтижелерге сапалық және сандық талдаулар жүргізіледі. Екінші кезеңде уақыт көрсеткіштері салыстырылып, «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «жаман» деген 4 балдық түрде бағаланады.

Көрнекі-бейнелік есте сақтау әдістемесінде 25 шаршыдан құралған бланкі пайдаланылады. Оның шаршыларында орналасқан сандар, әріптер, геометриялық фигуралар және сағат циферблаттары болады да, негізгі бланкіге қоса еске түсіру үшін осындай 25 бос шаршыдан құралған қосымшасы беріледі. Еске түсіруге 2-3 минут уақыт беріледі.

Нәтижелерді бағалау шаршылардың дұрыс толтырылуы бойынша жүргізіледі, сол арқылы табыстылықтың коэффициенті шығарылады.

«Он сөзді еске сақтап, жаттап алу» әдістемесі еске сақтау көлемі туралы мәліметтер береді. Зерттеу үшін қысқа, бір және екі құрамды, бір-біріне байланысы жоқ 10 сөз алынады, алдын ала дайындалған осы сөздерді тәжірибе жүргізуші зерттелушіге асықпай, анық түрде оқып береді. Зерттелуші біртіндеп еске түсіре бастағанда, ол өзіндегі жазылған сөздердің айтылғанын сызып тастап отырады. Екінші кезеңінде, толық еске түсіру үшін осы сөздер қайталанады. Осылайша бес ретке дейін қайталайды. Содан кейін тәжірибе жүргізуші басқа тапсырмаларға көшеді де, бір сағаттай уақыт өткен соң, енді өзі қайталап оқымастан, әлгі сөздерді қайтадан еске түсіруді сұрайды.

Сандардан құралған қатарларды еске түсіру әдістемесін өткізу үшін 10 екі орынды санды таңдап алу керек. Ал жүргізілу тәсілі жоғарыдағы сөздермен өткізілген тәжірибеге ұқсас болады, соңынан тиісті шарттар бойынша еске сақтау қабілетіне балл бойынша бағалау беріледі.

Зейінді зерттеу әдістері ретінде мыналар қолданылады. «Түзетулік байқап қарау әдісі» арқылы ұзаққа созылған біртекті жұмыс кезінде зейіннің шоғырлануы мен ауысымдылығын зерттеу үшін қолданылады. «Сандар мен әріптердің тіркесі» тәсілі арқылы зейіннің тұрақтылығы мен бөлінуі, уақыт тапшылығы жағдайындағы зейіннің жұмфыс қабілеттілігі бағаланады. «сандарды іздеп табу» (қара-қызыл кесте – Горбов әдістемесі) тәсілімен зейіннің көлемі, бөлінуі, ауысымдылығы және жедел еске сақтау қабілеті зерттеледі. «Шульте кестесімен» адамның зейіннің тұрақтылығын және жұмыс қабілеттілігі зерттеледі.

Сол сияқты, «Шатасқан сызықтар» әдісімен зейіннің тұрақтылығы мен шоғырлануын, «Ақыл-ой қозғалғыштығы» тәсілімен зейіннің ауысып бөлінуін, бір тапсырмадан қатесіз келесі тапсырмаға ауысу қабілеті зерттеледі.

Ойлау қабілетін зерттеу әдістері ішінен де тұлғаны зерттеуде пайдалану үшін тиімді болатын тәсілдер бар. «Күрделі ұқсатулар» әдістемесі тұлғаның күрделі логикалық қатынастар мен дерексіз байланыстарды бөліп алу қабілетін көрсетіп береді. «Силлогизмдер» әдісі арқылы логикалық ойлау қабілеті тексеріледі. Ал «Сөздермен логикасыз ойнау (Айзенктің тілдік-сөздік сынағы) арқылы адамның ақыл-ой қабілеті, стандартты емес ойлауды меңгеру деңгейі бағаланады.

Әңгімелесу әдісі тұлғадан жеке сауалнама, бланктік әдістемелер және басқа да зерттеу әдістері арқылы алынған мәліметтерді толықтай алғаннан кейін жүргізіледі. Сондықтан жеке тұлғаның мінездемесіндегі қандай да бір жеке ерекшеліктерді анықтауға мақсатты түрде бағытталады. Сонымен қатар тұлғаның қызығушылықтарын, оның себептерін, балалық өмірі мен жанұя жағдайындағы ахуалы да зерттелушінің назарынан тыс қалмайды.

Психофизиологиялық зерттеудің хаттамасын деректі рәсімдеп, құжаттау барысында тұлғаның төмендегідей сапа-қасиеттері көрсетіледі.

1. Белсенділік, жігерлілік, мақсаттылық деңгейі, мақсатқа жетудегі табандылығы.

2. Көңіл-күй қозғыштығы және күйзелістерге төзімділігі.

3. Көңіл-күй көріністерін және мінез-құлқын бақылау пәрсенділігі, өзіне өзі сын көзімен қарауы.

4. Жетекші өмірлік ұстанымдары немесе өмірлік девизі.

5. Ерік сапалары: шешімділік, ұстамдылық, өзін өзі басқаруы, есейгендігі.

6. Мінезіндегі менмендік, тәкапапарлық, өзін өзі шектен тыс жоғары бағлаушылық, өзгелердің мәселелеріне немқұрайды қараушылық т.б. осы сияқты сапалары.

7. Ашықтығы: ресми және бейресми. Іскерлік, көңіл-күйлік негізде байланыстар орнату қабілеті, тіл табысқыштығы, қарым-қатынастарды жалғастырып дамытуы. Әлеуметтік бейімделу қабілеті, жетекшіліке, көзге түсуге ұмтылуы.

8. Жанашырлығы: өзге адамдарды және олардың әрекеттерінің себебін түсіне және қабылдай білуі, өзгелерді тыңдай алуы.

9. Зейінінің, еске сақтау қабілетінің, ойлауының, соның ішінде ақыл-ойының даму дәрежесі.

Тұлғаның қасиеттерін анықтауда оның белсенділігі, жігерлілік әлеуеті, ақпаратты қисындық тұрғыдан өңдеу қабілеті, тіл табысқыштығы, адамдарды түсіне білуі батылдығы, шешімділігі, көңіл-күй тұрақтылығы сияқты сапаларының деңгейі әрқашан үлкен орын алады.

Тұлғаның ерік сапаларының, зейінінің, еске сақтау қабілетінің жоғары болуы мен оның түрлі жағдайларға тез бейімделуі және бұл сапаларын дамытылуы көп жағдайда кеңестелетін сапаларға жатады.

Сонымен қатар жедел-техникалық қызмет жағдайды мұқият бақылауды, жоғары жауапкершілікті сезінуді, жұмыс қабілеттілікті, орындаушылық сапаларды талап етеді.

Психологиялық қорытындының негізінде тұлғаның негізгі сапалары анықталады. Психофизиологиялық куәландыру қорытындыларында адамның әлеуметтік ортадағы ортадағы тіршіліндегі мүмкін мінез-құлық ерекшеліктері, сонымен бірге айрықша пайдалануға болатын жеке сапалары көрсетіледі. Сондай-ақ жүйке жүйесінің әлсіздігі мен қозғыштығы, психикалық сипатының тұрақсыздығы мен ауытқушылығы, ақыл-ой дамуының төмендігі сияқты сапалары болғандықтан жарамсыздығының себептері көрсетіледі.

Сұрақтар:

1.Тесттік қалыптар (нормалар) және оларды тексерудің ерекшеліктері?

2.Психодиагностикалық әдістерді адаптатциялаудың түрлері?

3.Психодиагностикалық әдістерді адаптациялаудың кроссмәдени және тарихи жағдайлары?

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:

1. М.Г.Ярошевский, Психология в ХХ столетии. М.,1974г. стр102-114,148-173,270-283

2. СтоляренкоЛ.Д. «Основы психологическии практикум» М.,2001г.

3. Нос И.Н. Психодиагностика, тест, психометрия, эксперимент. М.,2000г.

 

 

Дәріс 7

Тақырыбы: Жалпы және арнаулы қабілеттер диагностикасы.

Жоспары:

1.Қабілет және оның түрлері

2.Гильфорд пен Торренстің шығармалық пен инттелектуалды қабілеттің зерттелу әдістемелері.

Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.

«Қабілет» ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны өте көп. «Қабілеттер» деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды» (А.Н.Леонтьев), «Қабілеттер» - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» - дейді А.В.Петровский , «Қабілет» - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауында көрінетін адамның жеке қасиеті», - деп жазады академик Т.Тәжібаев , «Қабілеттер» - адамның іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері» - деген де анықтама бар.

Қабілет мәселесіне байланысты әдебиеттерге шолу жасау арқылы оның дамуының төмендегідей тарихи кезеңдік сатыларын байқауға болады:

· Қабілетті туа біткен және интеллектуалды құбылыс деп құрастыратын түсініктердің қазіргі кездегі жеке адамның құрылымы ретінде, оның дамуына табиғи және ортаның әсері бар деп қарастыратын жаңа теориялық концепцияларға енуі де көп жағдайды айтады.

· Қабілеттің негізгі компоненті ретінде жоғары интеллект және творчество – жеке адамның мүмкіншілігін көрсетуді, өзін-өзі іске асыруды қамтамасыз ететін даму көрсеткіші болып табылады.

· Қабілеттің негізінде творчестволық потенцияла, оның таным мотивацияларының басымдылығымен, психикалық процестердің жылдам дамуымен, творчествоға ынталылығымен, жаңа бейне құра алуға икемділігімен сипатталынатын түсіндірме концепциялары алынады.

· Қабілет – адамның өмір сүру барысында іс-әрекетте дамиды, осыған сәйкес қабілеттің дамуына әлеуметтік орта арнайы жағдайлар құру арқылы оның жедел дамуына әсер етуге болатындығын дәлелдейтін ой-пікірлер болып табылады.

Сондай-ақ зерттеуге методикалық өзек болған еңбектер – Б.М.,Теплов, Б.Г.Ананьев, В.С.Мерлин, Небылицин, П.Я.Понамарев, П.К.Энгельмейер, П.Торренс, Дж.Гильфорд, Г.Хейманс, Е.Вирсма, Дж.Рензулли, Э.Боно т.б. жұмыстары болды.

Шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерді диагностикалауға бағытталған тестілік тапсырмаларды осыған ұқсас өзгешеліктердің болуы – шығармашылық қабілетті көрсетуге арналған идеалды жағдайлар төмендегілерден тұрады деген ойға итермелейді: шектелмеген уақыт ішінде қойылған мәселе бойынша жұмыс істей отырып, зерттелінуші міндетті өзі қояды, шешу тәсілін өзі таңдайды, осының негізінде зерттелінуші тек субъективті емес, сондай-ақ объективті жаңа бірнеше өнімді тудыра алады.

Тесттердің көпшілігі баланың креативтілігінің дамуына әсер етеді, бірақ мұнымен бірге ірі қиыншылық болады, онда баланың жауабын бағалау өте қиын.

Бала қандай да бір потенциалмен туылса да, интеллект мінез*құлық формаларының дамуы үшін қажеттілік, өзі өмір сүретін ортамен өзара әрекеттестік байланысын дамытумен оны жетілдіру арқылы жүзеге асады.Интеллект коэффициентін Стенфорд-Бине тесті бойынша және Векслер шкаласы бойынша өлшеуге болады. Творчестволық ойлаудың өзгешелік белгілері болғандықтан және интеллектімен бірдей болмағандықтан, ІQ – 120 – дан жоғары болған жағдайда творчество мен интеллектуалды іс-әрекет арасындағы корреляция жоғалады, себебі творчестволық ойлауда интеллектіге тән ерекшелік болады.

Креативтілік пен интеллектінің өзара байланысы туралы мәселе, креативтіліктің өз алдына фактор ретінде бөліне бастаған кезден бастап қойыла бастады. Гилфорд шығармашылық дарындылық дивергентті ойлау мен ақыл-ойды біртұтастылыққа бағыттайды. Гилфорд өзінің көптеген еңбектерінде ақыл-ой мен креативтіліктің өзара байланысын ашып көрсетуге тырысады. Оның айтуы бойынша интеллект нәтижелі дұрыс түсінуді және жаңа материалды меңгеруді анықтайды, ал дивергентті ойлау шығармашылық өнімді анықтайды.

Гилфорд креативтіліктің 4 негізгі факторын бөліп шығарады:

1. Сонылығы – қашықтағы ассоциацияларды, ерекшелікті жауаптарды жасай білу қабілеттігі.Тестілер:

1) бір мәтін беріледі, тексерілуші оған барынша көп ат қою керек.

2) бірнеше болжамдық жағдаят суреттеледі, тексерілуші оның аяқталатынын баяндауға тиісті.

2. Семантикалық иілмелілігі – объектінің функциясын бөліп және оны жаңадан қолдануға ұсыну қабілеттілігі. Тестілер:

1) 5 объект беріледі, бірақ оның біреуімен ғана қойылған міндетті шешуге болады. Мысалы, тапсырма «От жағу» объектілері: а) қаламсап; б) қағаз; в) қалта сағаты; г) лампочка; д) шарик. Жауабы: қалта сағаты, себебі оның әйнегі арқылы қойылған мақсатты орындауға болады.

2) екі объект беріледі, екеуін қосып пайдалы үшінші объект жасау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет