Бақылау арқылы процеске, оның нәтижелеріне баға беріледі. Үлгерімнің табеліне, сынып журналына бағалар қойылады. Тексеру жүйесіндегі бірінші бөлім - білім, іскерліктерді алдын ала талдау. Ол оқу жылының басында өткізіліп, оқушылардың өткен оқу жылындағы білімдері немесе 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың мектепке әзірлігі анықталады.
2-бөлім: әр тақырыпты меңгеру процесін күн сайын тексеру.
3-бөлім: жаңа материалмен қатар бұрынғы оқылған материалдарды қайталау, қайта тексеру, білімді бекіту.
4-бөлім: оқушылардың білім, іскерліктерін жүйелеу мақсатымен бөлім, тақырыптар бойынша мезгіл-мезгіл тексеру.
5-бөлім: дидактикалық процестің барлық кезеңінде алынған білім, іскерліктердің қорытындыларын әр тоқсанның аяғында, оқу жылының соңында тексеру.
Кешенді тексеру арқылы оқушылардың әр түрлі пәндерден алған білімдерін қолдана білуі анықталады. Жетістікті тестілеу - бақылаудың әділ әдісі, соңғы уақытта бастауыш сатыға көптеп еніп жатқан тест. Тест ағылшын сөзі, қазақшасы сынақ, тексеру. Тестілеу - білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін қолданылатын тапсырмалардың жиынтығы. Үлгерім тестілері жетістікті тестілеу - оқушының оқыту және тәрбие арқылы қандай деңгейге жеткенін анықтау.