Сабақ жүйесі, Бригадаларға біріктіріп оқыту жүйесі, т б тәсілдер


Білім, іскерлік, дағдыларды бақылау және бағалау жұмыстары



бет14/15
Дата06.02.2022
өлшемі34,31 Kb.
#53394
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
оқыту педагогика

Білім, іскерлік, дағдыларды бақылау және бағалау жұмыстары:
• оқушының жауапты ойланып беруіне уақыт бөлу; • оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдау, мадақтау; • жауапты соңына дейін тыңдау, талдау және ескертулерді кейін жасау; • оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру (жай, темперамент, тіл кемістігі); • оқушы өзін еркін сезетін жағдай жасау: • оқушылар бағасын көтергісі келсе, оларға талсырманы қайта беру; • бақылау және тексеру әдістерін түрлендіріп отыру; • тестілік бақылауды жиі қолдану.
Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. 1-сыныпта баға қоймауға болады, басқа сыныптарда байқау, жарыс, ойындар ұйымдастырып, әр баланың өз орнын анықтауына көмектеседі.
"5" деген баға оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық білетін, оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата алатын, қатесіз жауап беретін, қосымша материалдар қолдана алатын оқушыға қойылады.
"4" бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алатын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін оқушыға қойылады.
"3" бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстүрт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, мұғалім көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады.
"2" бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет