63 орта мектебі Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақбай елді мекені



Дата24.04.2017
өлшемі36,66 Kb.
#15038
Қазіргі сындарлы оқытудың басты мақсаты- баланы дамыту.

Баекеева Алтынай Ақбайқызы

63 орта мектебі



Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақбай елді мекені.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 ж 17 қаңтардағы Жолдауынан

Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. дегендей әлемдік білім кеңестігінің даму тарихы, оның әр кезеңдегі айқындалған тенденциялары әр халықтың дамып- өркендеуінің, қоғамдағы прогресивтік өзгерістердің білімімен байланысты. Қазіргі мектеп базасында оқуышлардың бойындағы фукциональды сауаттылық пен өмірге қажетті құндылықтар мен құзырлылықтар жиынтығын дамытуға басты назар аударылып отыр. Осыған орай, бүгінгі ақпарттық қоғамда өркениетті, жаңашыл бағытқа сай, өзгермелі жағдайға тез бейімделетін, терең білімді, өзін-өзі саналы игеретін, бәсекелестік жағдайда төтеп бере алатын, тұлғалық бет-бейнесі қалыптасатын рухани- адамгершілік жан дүниесі бай, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қоғамның басты міндеті. Қазіргі талаптың мақсаты- оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгерген педагог мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми-әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, әдістерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып отыр. Бүгінгі таңда жалпы білім саласында “Жаңа Формация мұғалімі қандай болу керек?” деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің жаңа технологиясына көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, жаңашыл, өз мамандығын шебер меңгерген жан-жақты мұғалім қажет екендігі қоғамда аз айтылып жүрген жоқ. Осы мақсатта республикамызда бұрын-соңды болмаған мектеп мұғалімдері біліктілігін арттырудың 3-деңгей бойынша 3 айлық курстар және барлық пәндер бойынша жаңартылған бағдарлама аясында қысқа мерзімді курстар іске асырылып, барлық пән мұғалімдерін оқыта бастады. Жалпы оқу бағдарламасының мақсаты-оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, өз ойларын анық жеткізе білетін, дәлелдемемен сөйлей білетін, ойы жүйрік, тілге щещен, үш тілді терең меңгерген, бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Осы мақсатта өткізілген сабақтарда қолданып жүрген жүйклі негізде тиімді оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін дамытып оқытуға сәйкес келеді. Күнделікті сабақ барысында осы технологияның элементтерін пайдаланудың нәтижиесінде оқуышлардың ойлау қабілетін, сабаққа қызығушылығын, ынта –ықыласы мен белсенділігі артады. Осы бағдарламаның арқасында оқушының сыныптастарымен, ұстазымен еркін ашық ойын жеткізуге , пікір таластыруға бір-бірінің ойын байыпты тыңдауға, құрметтеуге сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады. Сонымен қатар сабақ өткізуші мұғалімнің іс-әрекетінде өткізген сабағын қызықты өткізу үшін ең басты қағида, “Оқытып жүріп, өзімізде үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз өзі жоспарлаған әрбір сабағы бірінші өзіне, екінші оқушыларға жаңалық болуы тиіс. Американ философы, әрі педагогы Джон Дьюи айтуына сүйенсем мәселелерге ерекше көғіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сынм тұрғыдан ойлауға итермелейді. “Нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзіндік іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады.” деген екен. Мектеп тәжірибиесінде оқытудың жаңа бағдарламалардың әдіс-тәсілдерінпайдалана отырып, оқущылардың басқа қырларынан көрінуіне және жан-жақты дамуына үлес қосамыз. Бағдарламалар элементтерін сабаққа қолдану өте тиімді екеніне көзім жетті. Бұрынғы “дәстүрлі” білім беруде мұғалім кіреді, сабақ сұрайды, сабақ түсіндіреді, 4-5 оқушы бағаланады, қалғандары тасада қала бертін болса, қазіргі 45 минуттағы мұғалімнің іс-әрекеті оқушылар тек мұғалімнің іс-әрекеті оқушылар тек мұғалімнің жетегін күтіп отырмай, өздерінше сабаққа анализ жасауға, бағалауға үйренеді. Нәтижиесінде оқушының білім алуға, оқуға қызығуы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы ең бастысы өзіме деген сенімі қалыптасады.

Сондықтан әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімнің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің бір тұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, өзгермелі өмірге оқушыныда өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс.

Қорыта айтқанда, бұрын оқу үдерісі кезінде бар салмақ түсетін. Ол белгілі шеңберде жұмыс жасайтын.жаңаша оқытудың жаңа жүйесі бойынша бұл тәсілдер біршама өзгерген. Оқу үдерісін жақсартуда оқушылармен кері байланыс орнату артса, оқушылардың өздерінің оқу үдерісіне қызу араласуы жоғарылады, оқыту мен бағалау нәтижиелері арасында тығыз байланыс орнатылды, өз жұмысын өз ібағалай алуы өзін-өзі жетілдіру жолдарын түсінуге деген қадамы ілгері басып отыр. Өз мамандығын сүйе біліетін, ешқандай жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, үйрете жүріп, өзіде үйренетін, шәкіртінің ұлы тұлға болып қалыптасуына үлесімді қоссам деп жүретін ұстаз болайық.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, Үшінші (негізгі) деңгей 2012 жыл.

  2. Педагогика. Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал. 213 жыл

  3. Дәріс материалдары. 2 апта 3 күн.

  4. Интернет ресурстары.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет