Сабақ тақырыбы: Эволюцияның даму тарихы



Дата09.08.2017
өлшемі65,02 Kb.
#23256
түріСабақ
Күні: Пәні: Биология
Сабақ тақырыбы: Эволюцияның даму тарихы
Сабақ мақсаты: Эволюцияның даму тарихы жолында студенттердің пікір таласын тудыра отырып өздерінің көздерін жеткізу және өздігінен білім алуды қамтамасыз ету.

Сабақ міндеттері:
- эволюцияның даму тарихын толық ашу;
- студенттердің өздері дайындаған мәліметтерін айқын жеткізуге жағдай жасау;
- студенттердің дебат барысында қызығушылығын оятатын мәселе - ой тастау.
Сабақ түрі: дебат
Сабақ көрнекіліктері:интерактивті тақта, плакаттар, кестелер, кітап, дәптер.

Сабақ ұстаным:
Адамнан ғылым - айла асырмаған,
Құпиясын құлыптап жасырмаған.
Кел, бәріміз ғылымның тілін зерттеп,
Бір жұмбағын ашайық ашылмаған!

Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу. Студенттерді түгелдеу. Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру. Студенттердің көңілін сабаққа аудару ( 3 минут)
Сабақты өткен тақырыптармен байланыстыру:
Оқытушының сөзі. Презентация бойынша өткен тақырыптарға ауызша шолу жасау ( 10 минут)

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: жалпылама сұрақ – жауаптар
1. «Эволюция» ұғымы нені білдіреді?
«Эволюция» латынша «evolutio» - тарихи даму, өзгеру, өрлеу» деген мағынаны білдіреді. Эволюциялық ілім - тіршіліктің жалпы заңдылықтары мен қозғаушы күшінің тарихи дамуын зерттейді.
2. «Қайта өрлеу» қай ғасырда дамыды, оған қандай жағдайлар себеп болды?
ХV ғасырдың екінші жартысында жаңа елдер ашылып, тауар өндірістері мен сауда жұмысы қарқынды дамыды. Мұндай жетістіктер жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтердің көбеюіне жол ашып, қайта өркендеу дәуірі басталды.
3. Неліктен Аристотельді «Жануартану» ғылымының негізін қалаушы дейміз?
Аристотель - философ әрі жаратылыстану зерттеушісі. «Жануарлардың тарихы», «Жануарлардың бөліктері туралы» еңбектер жазып, зерттеуіне байланысты, оны жануартану ғылымының негізін қалаушы деп айтады.
4. Аристотельдің шәкірті Теофраст өсімдіктерді зерттегенде қандай жақтарына мән берді?
Теофраст өсімдіктердің адам өміріндегі маңызына, ағаш көмірін, шайыр затын алу жолдарына көңіл бөлді.
5. К. Линней ең жоғарғы және ең кіші жүйелік топтар деп нені атады?
Ғалым К. Линней ең ірі жүйелік топ - класс, ең кіші төменгісі - түр деді.
6. К. Линней жануарлар жүйесін қандай белгілеріне қарап топтастырды және неше класқа бөлді?
К. Линней жануарлар жүйесін қан айналымы және тыныс алу мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа жіктеді:
1) сүртқоректілер 2) құстар 3) амфибиялар 4) балықтар 5) бунақ денелілер 6) құрттар
7. Ж. Б. Ламарктің эволюциялық теориясының артықшылығы неде?
Ж. Б. Ламарктің эволюциялық теориясының артықшылығы - нақты деректерге сүйеніп, өсімдіктер мен жануарлардың құрылысын тереңірек зерттеуінде.
8. Ж. Б. Ламарктің кемшіліктерін көрсетіңдер.
Ж. Б. Ламарктің кемшілігі - көп әрі белсенді қимылдаған мүшелерде қан ағысы күшейіп, ондай мүше жақсы өседі және тұқым қуалайды деп ойлағаны.
9. Ч. Дарвин ілімінің шығуына негіз болған алғышарттар.
Ч. Дарвин ілімінің шығуына негіз болған алғышарттар: шикізаттың ұлғаюы, өндірістің дамуы, сұрыптау жұмыстарының басты назарда болуы, бірнеше түр ( ірі қара, жылқы, шошқа, қой, ит, кептер ) қолтұқымдарының шығарылуы, өсімдіктердің жаңа іріктемелерінің алынуы т. б.
10. Ч. Дарвиннің қандай еңбектерін білесіңдер?
- 1859 ж. « Түрдің пайда болуы»
- 1868 ж. « Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі»
1871 ж. « Адамның шығу тегі»
- 1875 ж. « Жәндік қоректі өсімдіктер»
- 1876 ж. « Айқас және өздігінен тозаңданудың әсері»
- 1877 ж. « Орхидеяның тозаңдануы» және т. б.
( 10 минут)
(Студенттерді білімді, саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі)
Дебат – тақырып бойынша пікірталас.
Топты екі фракцияға бөлеміз: «Жақтаушы» және «Даттаушы»
Екі топтан бір – бір спикер тағайындаймыз. Спикерлер сабақ барысын қадағалап, сабақ соңында хабарлайды.

1. Топ құрамымен таныстыру ( 3 - минут)
2. Ортаға ұсынылған мәселе төңірегінде дәлелдемелерді айту (5минут)
3. Айтылған дәлелдемені презентация түрінде көрсету( 5 - минут)
4. Уақытты қатаң қадағалау
Студенттер жаңа мәліметтер туралы қысқаша баяндайды. Екі жақтан бір – бір студент дайындаған мәліметтерін дәлелдейді.

Дебат барысындағы сұрақтар:
1. К. Линнейдің эволюциялық ілімге қосқан «Жүйенің жасандылығын» дәлелдеңдер.
Линней өсімдіктердің 8000 - нан астам, жануарлардың 4200 - ден астам түрлерін анықтады. Ұқсас түрлерді туысқа, ұқсас туыстарды отрядқа, отрядтарды класқа бipiктipдi. К. Линней барлық өсімдіктерді аталығы мен аналығының санына қарай 24 класқа бөлді. Гүл бөлімдеріне күлте, тозаңқап, аталық жіпшесі, шірнелік, аналық жатыны, аналық аузы, гүлтабаны, гүлсағағы, гүлсерігі атауларын енгізді. Өсімдік түріне латын тілінде қосарлы атау тізімін (бинарлы номенклатура) (туысы мен түpi) ұсынды.

Жүйесінің жасандылығы: өсімдіктердің туыстық жағының ескерілмеуі. Мысалы: сәбіз – шатыргүлділерге, зығыр – зығыр тұқымдасына жатады, ал ол екеуін бір топқа біріктірген.
К. Линней: « Жасанды жүйе табиғи жүйе табылғанша жойылмайды», - деп жазды, бұл өзінің жасаған жүйесінің жасанды екенін мойындағанды білдіреді.
2. Ж. Б. Ламаркті «Алғашқы эволюцияның негізін қалаушы» деген пікірге қосыласыңдар ма?
Ж. Б. Ламарк эволюциялық теориясында сол кезеңде ашылған жаңа деректерге байланысты өсімдіктер мен жануарлар құрылысын тереңірек зерттеуге арнады.

1809 ж. «Зоология философиясы» деген еңбегінде органикалық дүниенің өзгеретінін айтты.
Ламарк эволюциясының негізгі факторы — сыртқы орта жағдайына неғұрлым көбірек жаттыққан мүшелердің өзгеретіндігі, ал жаттықпаған мүшелердің өзгермейтіндігі деп есептеді. Өзгермеген мүшелер қалады немесе кішірейіп, жойылып кетеді деген.
Мысалы, а) жираф мойнының ұзын болуы: оның арғы тегінің құнарсыз топырақты жерде мекендеп, ағаш жапырағымен қоректену үшін мойнын биікке жиі созуына байланысты; ә) жыланның жорғалап қозғалуы: денесінің ұдайы созылуына қарай аяғы пайдасыз болғандықтан арғы тегінде аяқ болса да жаттықпаудың әсерінен жойылған.
3. Эволюция құбылысы, тіршілік деңгейі мен сатыларының ерекшелену себептері неде?
Эволюция құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық сатыларында молекулалық деңгейден биосфералық деңгейге дейін байқалып, үнемі құрылысы мен атқаратын қызметтерінде бұрын болмаған жаңа құрылымдар мен олардың жаңа қызметін ерекшелейді.
4. Эволюцияның қозғаушы күші қандай?
Эволюцияның қозғаушы күшінің пайда болуына эволюция механизмдерінің қарқынды дамуы салдары, дәлелдемелер мен анықтамалар, биологиялық эволюцияның даму жолындағы жаңалықтар себеп болды. Қозғаушы күш - техниканың дамуы, адамға белгісіз дүниенің пайда болуы деп танылады.
5. Эволюцияның қазіргі таңдағы дамуы қандай?
6. 1960 жылы Америка Ч. Дарвиннің теориясын неге жоққа шығарып қолдамады?
7. Ч. Дарвин бойынша тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікке берген түсініктердің дұрыстығын дәлелдеңдер.
8. Ч. Дарвиннің қолдан сұрыптауы туралы не айтасыздар

Сергіту сәті:
Бұл кезеңде студенттер үйге берілген тапсырмалары бойынша тақырыпқа сай көрініс көрсетулері тиіс.
1 - топ Адамның маймылдан жаратылғандығы жөніндегі көрініс.
2 - топ Адам ата мен Хауа анадан жаратылғандығы жөніндегі көрініс.
(5 - минут)
Рефлексия кезеңі:

Бұл кезеңде бірінші спикерлерге сөз беріліп екі фракцияға өз бағаларын береді. Содан соң оқытушы сабақ бойынша студенттердің «Не білгенін», « Неге үйренгенін» және «Нені білгісі келетінін» сұрай отырып, сабақты қорытындылайды.
(Презентация - плакат бойынша) (5 - минут)

Бағалау кезеңі:
Оқытушы студенттердің сабақ барысындағы жауап беруі, үй тапсырмасын орындауына қарай бағалайды. (3 - минут)
Үй тапсырмасы: II - тарау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет