Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі карта, перфокарта, таблица, венн диограмасы. Сабақтың барысы



Дата25.12.2016
өлшемі23,36 Kb.
#4598
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз н мен ң

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға н мен ң әріптерінің дауыссыз дыбыстар екенін аңғарту. Оқушылардың тілін , шығармашылық тқабілетін дамыту, әдемі көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі карта, перфокарта, таблица, венн диограмасы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылыарды түгендеу.

  2. Үй тапсырмасын тексеру. Дауыссыз дыбыс ережелерін сұрау, мысал келтіру. Қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды өз ұяшығына салу. Л мен р дыбыстарына мысал келтіру.

  3. Жаңа сабақ:

Таблицаны көрсету арқылы түсіндіріледі, ң дыбысы ешқандай сөз басында келмейді. Сөздердің ортасында, аяғында келеді.

4.Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашайық

Салақтықтан қашайық

Н мен ң әрпін

Әдемі етіп жазайық.

«Жаңбыр» сөзін көркем етіп жаз.

5.Оқулықпен жұмыс. 129-жаттығу. Сөздерді көшіріп жаз. Н, ң әріптерінің астын сыз. Сөздерді түсіндіру. Мең –адамның денесіндегі дақ, сең- өзендегі жатқан мұздың бұзылп жүруі.

130-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Сергіту сәті:

Толқиды теңіз бір

Толқиды теңіз екі

Толқиды теңіз үш

Теңіз буырқанады, буырқанады

Кенет тына қалады.

131-жаттығу. ңғ, нг, ңг әріптерінің тиістісін қойып, көшіріп жаз. 132-жаттығу. Жауынгер, таңғы, әңгіме сөздерін қатыстырып сөйлем құрап жаз.

Терме диктанты: Екі топқа бөлінеді. Біреуі н дыбысы , екінші топ ң дыбысы бар сөздерді теріп жазады. Мәтел, Маңғыстау, шаңғы, жауынгер, соңғы, үнді, қауын, лашын ,үзеңгі, қоян.

Қорытындылау:

Екі топ н мен ң дыбысы бар сөздерді топтастырады.

шаңғы

Науа Ана

Н таңғы


Лашын нан ң жаңбыр

әңгіме аңшы

-Осыдан қандай ортақ қасиет шығаруға болады?



-Екеуі де дауыссыз, үнді дыбыстар

Бағалау.

Үйге: 134-жаттығу. «Менің Қазақстаным» тақырыбына әңгіме құрап жазу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет