Оқушының әр түрлі сыныптарда оқуы. Ол бір пән бойынша 7-сыныпта, екінші пән бойынша 5-сыныпта оқиды. Бір пәнді бірнеше күн бойы оқу. Осылай оқыту Вальдорф мектептерінде бар. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақ. Сынып-сабақ жүйесінің ерекшеліктері. • Жастары және дайындықтары бірдей оқушылардан сынып құрастыру. Сыныптың құрамы мектеп бітіргенше өзгермейді. • Оқу процесі бірінің соңынан бірі келіп отыратын сабақ түрінде жүреді. • Сынып жылдық жоспар, бағдарлама, тұрақты сабақ кестесі бойынша жұмыс істейді. Балалар мектепке жылдың бір уақытында қабылданады. • Жұмыстың негізгі түрі – сабақ. • Сабақ бір оқу пәнін, тақырыпты түсіну үшін өткізіледі. • Оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық етеді. Ол оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін анықтап, оларды жыл аяғында келесі сыныпқа көшіру туралы шешім қабылдайды. • Әр сабақта үш мақсатқа жету үшін жұмыстар жүргізіледі.Жақсы жақтары: Оқушылар тәрбиеленеді, дамиды, бір-бірімен жарысады.
Кемшілігі: үлгерімі нашар оқушыларға қиын, ал жақсы оқитындардың қабілеті тежеледі. Мұғалімге әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу қиын. Сондыңтан ғалымдар сынып-сабақ жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіруде.
Сабаққа қойылатын талаптар. (Дидактикалық, психологиялық, гигиеналық, тәрбиелік, дамытушылық, таным іс-әрекетін ұйымдастыру, оқушыларды ұйымдастыру, жеке ерекшеліктерді ұйымдастыру, сабақ техникасының талаптары.) • жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру;
• тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару;
• сабақты алдын ала даярлайтын сұрақтар қою арқылы оқушының ынтасын арттыру, ілтипатын сақтау; • оқытушы оқытатын пәніне өзі де ынталануы, өзі де жақсы көруі тиіс