4. ДӘрістер тезистері


Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету



бет22/25
Дата08.11.2022
өлшемі301,5 Kb.
#156990
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
лекции инклюзивное образование

7. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғам көзқарасы өзгерген сайын оларға әлеуметтік көмек көрсетудің қолайлы түрлерін іздеуге мүмкіндік тудырады. Әлеуметтік көмек мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік-әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Жәбірлеген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінің құрамына кіреді.
Әлеуметтік тексеру – тиісті жастағы балаларға арналған жас нормативтерін ескере отырып, дене кіріптарлығына, жинақтылығы, әдеттегі қызметпен айналысу қабілеті, экономикалық дербестігі мен қоғамға кірігу қабілеті шектелуіне байланысты болуы мүмкін әлеуметтік кемістіктер дәрежесін анықтайды. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ұзақ уақыттық экономикалық, педагогикалық, психологияляқ, әлеуметтік және экономикалық көмек көрсетіліп отырады.
Әлеуметтікпедагогикалық қызмет адамның өмірлік жағдайларымен, экономикасымен және саясатты тығыз байланысты.
Әлеуметтік бейімдеу – нысаналы әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау процесінде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игеру мен қабылдауы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде икемделуі.
Әлеуметтік жұмыс – жекеленген адамдарға, отбасыларына-олардың толық мәнді әлеуметтік жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бұзылған немесе жойылған функцияларының орнын толтыра отырып әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін іске асыруда көмек көрсету жөніндегі қызмет.
Әлеуметтік көмек – бұл экономикалық жағдайы төмен, әлеуметтік әлсіз, психологиялық жағынан әлсіз адамдар тобына әлеуметтік ортада қалыптасуын жақсартуына бағытталған қызмет көрсету кешені.



2

11

Лекция. Медициналық әлеуметтік-педагогикалық патронаж

1.Медициналық-әлеуметтік алдын-алу және ерте жастан көмек көрсету


2.Мектеп жасына дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқыту жүйесі
3.Медициналық-әлеуметтік алдын алу жұмыстары және ерте жастан көмек көрсету
4. Ерте жастан көмек көрсету бағдарламалары

Патронаж туралы сөз қозғағанда балаға, оның ата-анасына, педагогтарға күрделі мәселелерді шешуге қатысты өмір сүруге бейімділікті арттыру, емдеу жұмыстарын қалыпқа келтіру, арнаулы оқыту мен тәрбиенің мазмұнын қайта қарастыру, өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуметтенуі турасындағы көмек көрсетудің мазмұны туралы баяндаймыз.


Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаж баланың отбасына қолдау мен көмек көрсетудегі ұзаққа созылған реабилитациялық түрдегі кешенді жұмыстарды жүргізудің кешенін құрайды.
Ол диагностикалау жұмыстарының бірлігін, ізденушілік, ақпарат тарату жұмыстарының біртұтастығын, көмек көрсету жұмыстарына таңдау жасаудағы болжамдық, жеке реабилитациялық жұмыс бағдарламаларын құруды қарастырады.
Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық (кешенді) патронажды құру мемлекеттік білім беру жүйесі мен әлеуметтік қорғау мекемелерінің көлемінде психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен бөлімдер арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік құрылымдардың қызметін толықтыра отырып мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуын қамтамасыз етудегі әлеуметтік қызмет түрлерін ұйымдастырады.
Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаждың базалық негізі психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орындары, психологиялық-медициналық- әлеуметтік орталықтар, диагностикалық және реабилитациялық орталықтар, логопедиялық пункттер, ерте көмек көрсету және үй жағдайында оқытуды жүзеге асырушы органдар болып табылады.
Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаждың жүйесі арнаулы білім беру жүйесінің бөлімі ретінде қалыптасып, мүмкіндігі шектеулі бала дамуының потенциалдық мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасайды.
Кешенді түрдегі медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаж өзінің әрекет ету координациясын ғылыми-әдістемелік мекемелер мен басқа да білім беру құрылымдарымен, халықтың денсаулығын сақтау және нығайту, әлеуметтік қолдау жұмыстарымен байланыстыру негізіне болжам жасайды.
Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаж жүйесі өзінің жеке әрекеттерін мынадай бағыттарда орындай алады:

  • жеке білім беру бағдарламасын игеруде барлық мемлекеттік және

мемлекеттік емес ұйымдардың білім беру құрылымдарын негізге алады;

  • ата-аналарға арналған оқытудың арнаулы бағдарламаларын жасақтау және оларды коррекциялық-оқытудың процесіне енгізу;

  • медицина, психология, әлеуметтік-тұрмыстық оқыту, педагогика ғылымдарымен бірлесе отырып оқыту мен тәрбиелеудің, әлеуметтенудің біртұтас формасын құруды қамтамасыз ету;

  • оқытудың ақпараттық формалары мен әлеуметтену жағдайларын құруға бағытталған жүйені дамыту;

  • арнаулы білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологияларды жасақтау;

  • баланың қоғамдық-педагогикалық бастамасын қолдау.

Еліміздегі медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаждың құрылуы арнаулы білім беру жүйесінің дамуын анықтап, мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасы жағдайында кешенді түрде қалыптастырудың моделін құруға, отбасы мүшелерінің реабилитациялық орталықтардың белсенді мүшесі болуына ықпал етеді.
Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаждың атқаратын қызметінің тиімділігін көрсететін негізгі өлшемдер мыналар:

  • ата-аналар, педагогтар мен балалар тарапынан патронаттық қызмет түрлерінің қажеттілігі;

  • білікті мамандар көрсете білетін қызмет түрлерінің көбеюі;

  • мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қатарындағы дамуға қабілетті мүгедектердің санының артуы;

  • отбасы ішілік қатынастардың қалыпқа түсуі;

  • құзіреттіліктің педагогтар арасында ғана емес ата-аналар арасында да артуы.

Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаждың маңызды көрсеткіші ерте диагностика мен ерте көмек көрсету болып табылады.
1993 жылы 20 желтоқсандағы БҰҰ Ассамблеясының қабылдаған Мүгедектердің тең құқығын қорғаудың Стандартты ережесінде мүгедектіктің алдын алу жұмыстарының маңызды бөлімдері көрсетілген.
Мүгедектің алдын алу мен оны болдырмау жағдайларын ескерту жұмысы дене, психикалық кемшіліктерді кешенді түрде түзету мен алдын алу, оны емдеу, бірінші кемшілікті екінші кемшілікке жеткізбеу жұмыстарының біртұтастығы негізінде орындалады.
Мүгедектіктің алдын алу жұмыстары медициналық сипатта ғана емес жүктілік кезіндегі, босанғаннан кейінгі уақыттағы баланың ерте даму кезіндегі алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсету нәтижесінде қарастырылуы тиіс.
Ерте диагностикалау мен ерте педагогикалық көмек көрсету жұмыстары өзінің өзектілігін елімізде ғана емес, барлық мемлекеттер сияқты уақыт пен қоғамның талабынан туындап отырған жалпы ұлттық проблема ретінде көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта барлық әлем бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте диагностикалау мен оларға ерте педагогикалық көмек көрсету жұмыстарының бағдарламалары құрылып, тәжірибеге енгізілуде. Бұл бағдарламалардың теориялық базасын ойлау операцияларының белсенділігін арттыруды зерттеген белгілі психолог Л.С.Выготскийдің құрған еңбектері болып отыр. Бірінші кемшіліктің алдын алу жолдарын жүзеге асырудағы «дамудың жақын аймағы» түсінігі туралы теориялар, дамудағы екінші кемшілікті болдырмау жолдары мен әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуді реттеуге көмектеседі.
Қазіргі уақыттағы белгілі ерте көмек көрсету бағдарламаларын атап айтсақ, нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі балалардың дамуын тексеруге арналған Коннектикутты тест, туылғаннан 5 жасқа дейінгі балаларды оқытуға арналған Каролиндік оқу жоспары, Ерте оқытуға арналған Гаваялық профиль, Мюнхендік функционалдық диагностика, Ерте көмек көрсетуге арналған «Тандем» (Голландия) бағдарламасы, мүмкіндігі шектеулі ерте жастағы балаларды дамытуға арналған «Маккуэри» (Австралия) бағдарламасы соңғы төртінші жүз жылдықтағы зерттеушілер мен педагогтардың дамыта оқыту бағдарламаларының қатарына еніп отыр.
Ресейде аталған бағдарламалармен қоса, отандық оқымыстылардың (Е.М.Мастюкова, Е.А.Стребелева, К.Л.Печора, Г.В.Пантюхина, Э.Л.Фрухт және т.б.) ұсынған ерте диагностикалау мен дамуында кемшілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге бағытталған, психологиялық-медициналық-әлеуметтік орталықтар мен психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес берудегі тәжірибелік жұмыстардың негізіне айналған әдістемелік нұсқаулары қолданылады.
Біздің елімізде өзекті мәселеге айналып отырған проблемалар әлі де болса даму кезеңінде болса, шет мемлекеттердегі осы бағыттың дамуы жеткілікті түрдегі ғылыми-тәжірибелердің жинағымен танымал. Шет мемлекеттердегі мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір сүруі мен қоғамдағы орны олардың дене немесе психикалық кемшіліктеріне қарамастан ерте диагностикалау мен ерте педагогикалық жұмыстардың нәтижесінде дамудың жаңа кезеңіне, интеграция процесіне қосылуларына толық мүмкіндік бар. Шет мемлекеттердегі ғылыми-теориялық зерттеулердің қорытындысы салыстырмалы түрде отбасында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жалпы дамуына жүйелі ерте педагогикалық көмек көрсету жұмыстары бала дамуының сапасын ғана арттырып қоймай, қоғамның белсенді мүшесі болуына ықпал ететінін көрсетіп отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында балаларға ерте педагогикалық-түзетушілік көмек көрсетуге байланысты бірқатар құжаттар қабылданып, жүзеге асырылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет