Ерте қолға алу (ерте қолдау) – психикалық-дене бұзылыстары скринингін, медициналық психологиялық-педагогикалық диагностиканы, емдеуді, дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейінгі) балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау.
Мемлекеттік тарапынан ерте жастан коррекциялық-педагогикалық көмек көрсету жүйесі әзірленіп (Р.А. Сүлейменова), негізгі деңгейлер бойынша жүзеге асырылуда:
1. Сәбилердің психикалық және дене дамуын жаппай тексеру. Ерте жастан көмекті көрсетуді іске асыру үшін жаппай тексеруді (скринингті) перзентханалар мен емханаларда жүргізілуі тиіс. Скрининг - “қатер” тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру.
2. Скрининг нәтижесінде анықталған “қатер” тобындағы балаларды ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымдарына жіберуді қамтамасыз ету.
3. Арнайы бала-бақшаларды жалпы үлгідегі бала-бақшалардың арнайы топтарында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелердің түзету кабинеттерінде оңалту аймақтарында іске асырылатын коррекциялық жұмыс ұйымдастыру.
4. Ерте коррекциялық көмек көрсету жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Бұл жұмыс барысында барлық мәліметтерді жүйелеп, компьютерге енгізу және ғылыми зерттеу бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыру, нәтижелері бойынша нұсқауларды дайындау.
Ерте диагностикалау мен ерте көмек көрсету қызметінің негізін отбасы жағдайында түзете-педагогикалық көмек көрсету жұмысының бірнеше кезең бойынша жүргізілетіндігі құрайды. Зерттеушілерінің тәжірибесі көрсеткендей, баланың жан-жақты дамуы үшін бала өз отбасында тәрбиеленуі керек. Ол үшін ата-аналар өз балаларына ерте абилитациялық процеске қосылуына жағдай жасап, арнаулы мамандар ерте көмек көрсету жұмыстарын тарапынан қабылдауы қажет. Отбасының арнаулы мамандардың қызметіне жүгінуі үздіксіз жүйелі процеске айналады. Бала дамуының динамикасы мен оның өлшемдері тіркеуге алынып, отбасы жағдайында арнаулы оқыту мен тәрбиенің мазмұнын құрудың жолдары туралы кеңес беру жұмыстары жүргізіледі. Мұндай қызмет түрі отандық білім беру тәжірибесі үшін инновациялық сипатты құрай отырып, ата-аналар мен педагогтар, психологтарға үлкен міндет жүктейтін түзету-педагогикалық процестің бағыттарын анықтауға негіз болады.
Біздің еліміздегі ерте диагностикалау мен ерте көмек көрсету жұмыстарының құрылуы медициналық-психологиялық-педагогикалық патронаж бен кеңес беру орталықтары арқылы орындалады.