4. ДӘрістер тезистері


-дәріс. Ертегілер мен мысалдарды, өлеңдерді оқыту ерекшеліктері



бет4/10
Дата03.06.2020
өлшемі211,5 Kb.
#72141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
адебиет дарис

6-дәріс. Ертегілер мен мысалдарды, өлеңдерді оқыту ерекшеліктері

Бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасы біраз көркем әдеби шығармаларды қамтыған.

Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшеліктері бастауыш сыныптарда олардың әдістемесін қажет етеді.

Ертегілерді оқыту.

Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.

Ертегілерді оқуда мыналар ескерілуі қажет:


  1. Ертегіні оқу барысында «бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді» деудің қажеті жоқ, балықтың, жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегідегі оқиғаға сеніп, оның кейіпкерлерінің іс-әрекетіне бірде қайғырып, бірде қуанып, қиял көгіне көтеріледі, көңілденеді, қиялдау оларды армандауға үйретеді.

  2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде де ертегілердің пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте бір-екі айқын белгілерді көрсетсе де анық түсінікті болып келеді.

  3. Қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жақын үлгімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ, мұғалім оның мазмұнын қызықты етіп, қысқаша айтып береді. Егер артистердің орындауындағы фонохрестоматияны пайдаланса, тіпті жақсы.

  4. Ертегі оқушыларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау т.б. осындай жұмыстарды 2-3 сынып оқушылары орындай алады. Ал 4-сыныпта ертегіге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады.

  5. Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жоқ.

  6. Кейбір ертегілерді пъесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақтарда балаларға орындатуға болады.

  7. Ертегінің композициялық ерекшеліктерін қарапайым түрде бақылау жүргізіп үйрету жұмыстары да үнемі іске асырылып отырғаны жөн.

  8. Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда жалпы идеясын ғана әңгілеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға да болады.

Мысалдарды оқыту.

Әдебиеттің мысал жанры – ең қысқа ықшам жанр. Ертегі ұзақ, шытырман оқиғалы, сан қырлы, бұлтарысты болып келсе, мысал оқиғаны табан астьынан, төтесінен туғызып, шұғыл қайырады. Негізгі әдісі – меңзеу. Сондықтан көңілден тез орын алып, ұмтылмайды.

Әдеби шығармалардың басқа түрлерінен мысалдың мынадай өзгешеліктері бар:

а) аллегориямен айтылатыны.

ә) мысалда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мән болатыны.

б) оның оқылу ерекшелігі. Осыдан келіп, мынадай әдістемелік сұрақ туады: мысалдағы аллегорияны ашу керек пе, жоқ па? Мұндай сұраққа жауап беру үшін, мысалдың сипатын, мазмұнын, оны балалардың қалай қабылдайтынын байқап қараған дұрыс.

Мысалдың екінші ерекшелігі − онда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мәні бар, қорытынды пікір болатындығы. Ондай үгітті тіпті сол оқылып отырған мысалдан үзінді келтіре отырып айтқанда да, кішкене балалардың санасына бірден қона қояды деу қиын. Сондықтан мысал оқытуда онда айтылатын үгітті табуға тырыспай, оның кейіпкерлері мен сол кейіпкерлердің іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы, бір-біріне айтқан сөздеріндегі ой анық ашылуға тиіс.

Мысал оқытудың үшінші ерекшелігі − оны дауыстап, дұрыс, мәнерлеп оқу тәсілінде. Мысалдағы айтылатын сөз автордың атынан айтылмай, кейіпкердің атынан баяндалатын болса, сол кейіпкердің басындағы ерекшелігіне қарай, дауыс сазы да құбылып отырады.

Қорыта айтқанда, мысалды төмендегідей жолдармен оқытуға болады:


  1. Оқылатын мысал жөнінде мұғалім алдын ала әңгіме өткізеді; онда балаларға түсінігі ауырлық келтіретін сөздердің (сол мысалдың ішінде кездесетін) кейбіреулерін кірістіре отырып, олардың мағыналарын аша кетеді.

  2. Мұғалім мысалды әуелі нақышына келтіре, өзі оқиды, сонан кейін оқушыларға оқытады.

  3. Мысалдың мазмұны талданады.

  4. Мысалдың кейбір жерлерінен үзінді келтіре отырып, ондағы негізгі ойдың не екені қорытындыда әңгімеленді.

  5. Мысалдың мазмұнына ұқсас өмірде кездесетін іс-әрекеттерден мысалдар келтіріледі.

  6. Мүмкіндігіне қарай рөлге бөліп оқытылады.

Бірақ мұнда мысалдағы бір сөздің өзін (автор сөзі, мысалы, “дейді”-ні біреуі т.с.с.) бөліп-бөліп бытыратып, мысалдың берекесін кетіріп, түсініксіз жасап, рөлге бөлудің пайдасы жоқ.

Бұл көрсетілгендер өзгеріссіз осы күйінде үнемі сақталып отырылсын деген ой тумасқа тиіс. Өйткені мысалдың мазмұны мен сипатына қарай, бұл айтылғандардың кейде қысқартылуы немесе толықтырылып отырылуы да мүмкін. Дегенмен мысал оқытуда негізінен осы принципті ұстанған жөн.



Өлеңдерді оқыту. Көркем сөзді мәнерлеп, өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа айтудың, оқушылардың шығармашылық түйсігін қалыптастырудың маңызы зор.

Өлең сөздің тыңдаушыларын өзіне баурайтын сазды, әуезді өрнек-нақышы, эмоциялық бояуы, үні, дыбыс әуені, мәні, табиғаты ауызекі естілгенде ғана ашылмақ. Өлең сөздің құдіретті қасиетін бала бойына сіңіру, зердесіне жеткізу – оқу-тәрбие ісінде үлкен мәнге ие.

Бастауыш сынып оқулықтарында берілген өлеңдер алуан түрлі: кейбір өлеңдер белгілі бір оқиғаға құрылса, (мысалы, Ө.Тұрманжановтың «Қарлығаш») кейбір табиғат құбылыстары жайлы (Күз, Жазғы дала, Жазғытұрым т.б.с.с.), ал енді бір тобы автордың көңіл-күйін, асқақ ойын білдіреді.

Жалпы өлеңді оқымас бұрын мұғалім өлеңнің ерекшелігі − шумақтарының, тармақтарының, бунақтарының және бунақ құрап тұрған сөздер мен сөз тіркестерінің буындардан құралатынын білуге тиіс.

Өлеңдерді оқу тәртібін шамамен былайша көрсетуге болады:


  1. Өлең оқылмас бұрын оның мазмұнына қарай, оқушылармен дайындық әңгіме өткізіледі. Бұл әңгімеде өлең ішінде кездесетін, оқушылардың ұғымына ауырлық келтіреді-ау деген, бірен-саран бейнелі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасы түсіндіріледі.

  2. Өлеңді ырғағына келтіріп, мәнерлі түрде, егер өлеңнің көлемі ұзақ болмаса, алдымен мұғалімнің өзі оқып шығады. Оқу барысында балалар кітаптарынан іштей бірге оқып отырады.

  3. Содан кейін өлеңді оқушылар дауыстап, дұрыс, мәнерлеп оқиды.

  4. Өлең мазмұны талданады. Кейбір көлемдірек өлең бөлім-бөлімге бөлініп, ал қысқа өлеңдер тұтас талданады. Талдау барысында оқушылар өздері сұрақ-жауап ойластырады. Диалог құрады, өлең шумақтарындағы басты ойды табады т.б.

  5. Өлеңнің мазмұны бойынша жалпы сұрақ қойылады.

  6. Өлеңді екінші рет, қорытындылау мақсатында оқуға дайындық жұмысы жүргізіледі (оқу техникасы, мәнерлеп оқу, дауыс сазы, хормен оқу, жеке оқушыға оқыту т.б. жұмыстар) және кейбір үзінділер немесе бөлім, немесе өлең тұтас оқытылады.

2

9,10-апта



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет