4. ДӘрістер тезистері


Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру



бет9/10
Дата03.06.2020
өлшемі211,5 Kb.
#72141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
адебиет дарис

Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру

Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жоғарғы қасиеті. «Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Мектепте білім беру ісіндегі басты бағдар оқушылардың тек шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу. Мектепте шығармашылық жұмыстарды өткізу оң нәтижеге бастайтынын тәжірибе дәлелдеді. Мұғалімнің кез келген сабағы шығармашылық сипатта өткізіліп отырса, оқушы дербестігінің қалыптасуы жоғары деңгейге көтерілері сөзсіз.

Ана тілі сабақтарында ұйымдастырылатын шығармашылық жұмыстар: өлең құрастыру, кейіпкерге мінездеме беру, Мәтін құрастыру, Мәтін бойынша сурет салу, шығарманы сахналау, реферат,баяндама, шығарма жазу.

Көркем мәтін бойынша дамытыла жүргізілетін шығармашылық жұмыстардың түрлері:

а) автор стиліне жақындап, еліктей отырып шығармашылық жұмыс жүргізу,

ә) көркем мәтін ішіне авторлық идеяға, оқиғаға, кейіпкерлер табиғатына өзгеріс әкелмейтіндей «өз мәтінін» енгізу,

б) кейіпкерлердің мәтінде жоқ монолог диалогын жазғызу,

в) мәтіндегі кейіпкерлердің портретін өзі жасау , тура мінездеуді толықтыру,

е) автордың шығармасындағыдан басқадай тың көркемдік шешім табу, оқиға құру т.с.с.

Оқушыларға осындай тапсырма бергенде олар суреткер жасаған көркем әлемге өзінің «кішкене әлемін» қосады. Әдеби шығарма да жүректен шығып, жүрекке жетеді.Осылай жазылған шығармашылық жұмыстар жанды, шынайы болып, шәкірт бойындағы шығармашылық қиял, дарын, қабілет бастауы ашылады.




2

15 сабақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет