Тақырыбы: Жанды және жансыз табиғат. Мақсаты



бет1/6
Дата19.12.2019
өлшемі119,99 Kb.
  1   2   3   4   5   6
Тақырыбы: Жанды және жансыз табиғат.

Мақсаты:

  1. Жанды және жансыз табиғат, олардың белгілері туралы түсінік беру; жансыз және жанды табиғат нысандарын ажырата білу; табиғат нысандарына тән сипат бойынша топқа бөле білу.

  2. Пайымдау, дәлелдеу, топта жұмыс істеу дағдыларын арттыру.

  3. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, табиғатты көзінің қарашығындай сақтауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: жанды және жансыз табиғатқа жататын заттардың суреттері, қима карточкалар.

Сөздік жұмыс: жанды, жансыз табиғат.

Билингвальды компонент: ортақ үй-общий дом, жанды табиғат-живая природа, жансыз табиғат-неживая природа .

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

1

2

3

Мотивациялық-қозғаушылық

Педагог өлең оқиды:

Табиғат егіз адаммен

Ұқсастық табам содан мен.

Мәңгілік болсын егіздер

Жер-ана, көл, теңіздер.

-Әр адамның өз үйі бар. Әр жануардың да өз үйі бар. Жәндіктер, гүлдер, ағаштардың да өз үйі бар. Балалар, осылардың бәріне ортақ үйді қалай атайды?




-Бәріне ортақ үй (общий дом) Жер деп аталады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Біз Жер бетінде өмір сүреміз. Енді айналаға қараңдаршы. Не көріп тұрсыңдар?

-Табиғат деген сөзді жиі естіп жүрсіңдер. Алдымен біз табиғатқа не жататынын ажыратып алайық. Айналадағы бізді қоршаған заттардың ішінен адам қолымен жасалмағандарын атаңдаршы?

-Яғни адам қолымен жасалмаған заттардың барлығы табиғат деп аталады. Енді адам қолымен жасалған заттарды атаңдаршы. Адам қолымен жасалған заттар табиғатқа жатпайды. Топ бөлмесіндегі табиғатқа жататын, жатпайтын заттарды атаңдар.

Суретпен жұмыс.

Табиғат нысандары бейнеленген сурет ілінеді.

-Осы табиғат заттарын қандай екі топқа бөлуге болады?

Балалар жанды және жансыз табиғат заттарын екіге бөлгеннен кейін, мынадай сұрақтар қойылады:


-Ағаш, гүл, құстар мен аңдарды, баланы т.б. неге жеке бөліп алдыңдар?

-Олардың қалай дамитынын айтып беріңдерші.


-Ал тау, тас, су, құм, мұз, топырақ, Күн, Айды неге жеке бөліп алдыңдар?

-Сөйтіп, біз барлық табиғатқа жататын заттарды жанды және жансыз табиғат деп екіге бөлеміз. Енді өздерің суреттегіден басқа жанды, жансыз табиғат заттарын атап көріңдерші.



Сергіту сәті:

-Мен жанды табиғат заттарын атасам, әртүрлі қозғалыстар жасайсыңдар. Ал жансыз табиғат заттарын атасам, тыныш отыра қаласыңдар.



Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу.
Проблемалық сұрақ.

-Табиғаттағы кейбір заттар (мысалы, күн, жаңбыр, су, топырақ, т.б.) жоқ болып кетсе, не болар еді?

-Қандай қорытынды жасар едіңдер?

«Адам бәрін табиғаттан үйренеді» деген сөйлемді дәлелдеп көрейік.



Дидактикалық ойын.

-Біздің үйіміз түнде қалай жарық болып тұрады?

-Шамды немен салыстыруға болады?

-Күн жарық қана бермейді, жылу да береді. Ал үйді қыста қалай жылытамыз?

-Табиғатта жаңбыр жауады, ал үйде ше?

-Табиғатта жел соғады, ал үйде ше?


-Үйде еден бар, ал табиғатта ше?

-Үйде еденге кілем, төсеніштер төсейміз.



Жеке жұмыс.

-Табиғатта қар жауады, мұз қатады, ал үйде ше?

-Ұшақты неге қарап жасады?

-Тікұшақты неге қарап жасады?

-Суасты кемесін ше?


-Ағаш, аспан, өсімдіктер, үй, құстар, жәндіктер, адамдар, су, үстел, ойыншық т.б.

-Ағаш, тау, тас, жануарлар, құстар, су, өсімдіктер т.б.


-Парта, тақта, ұшақ, ойыншық, киім, кітап, машина т.б.

Балалар суреттердің атын атап, олардың табиғатқа жататынын дәлелдейді.

Балалар жанды табиғат заттары мен жансыз табиғат заттарын екіге бөлуі тиіс.

Шамасы жетпесе, педагог жетекші сұрақтар қояды.

-Олар тіршілік ету үшін ауа, су, қорек керек.

-Олар туады, өседі, көбейеді, тіршілігін тоқтатады.

-Олар су ішпейді, қоректенбейді, көбеймейді,...

-Жансыз табиғат: жел, жаңбыр, қар, темір, шойын т.б.

Жанды табиғат: қоян, аю, жусан, қызғалдақ,...
Балалар сәйкес қимылдарды жасайды.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды.

Балалар өз ойларын айтады. Не үшін қажет екенін түсіндіреді.

-Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.


-Шам жарық береді.
-Күнмен.
-Пешпен, жылытқыш құралдармен.

-Краннан, душтан.

-Желдеткіштен жел соғады.
-Жер бар.
-Табиғатта жер бетін өсімдіктер жауып жатады.

-Мұздатқышта, тоңазытқышта.

-Құстарға.

-Инелікке.


-Китке.

Рефлексиялық-түзетушілік

Жанды және жансыз табиғат, адам қолымен жасалған заттар бейнеленген карточкаларды үстел бетіне жайып қояды.

Соңынан тексеріледі.

1-топ. Жанды табиғат заттары.

2-топ. Жансыз табиғат заттары.

3-топ. Адам қолымен жасалған заттар.


Балалар үш топқа бөлінеді.
Топ мүшелері өз топтарының атауына тиісті суретті алып, орнына отырады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: жанды және жансыз табиғат нысандарын және адам қолымен жасалған заттарды ажыратады;

Түсінеді: жансыз және жанды табиғатқа тән белгілерді.;

Қолданады: адам мен табиғаттың тығыз байланысы туралы білімді.

Тақырыбы: Су-тіршілік көзі.

Мақсаты:

  1. Судың адамзат тіршілігіндегі маңызы туралы түсініктерін нақтылау; судың қасиеттерімен таныстыру.

  2. Танымдық мүмкіндіктерін арттыру; тәжірибе жасай білу дағдыларын арттыру.

  3. Суды үнемдеуге тәрбиелеу; топта жұмыс істей білуге, ұжымда өзін дұрыс ұстай білуге дағдыландыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: шелектегі су, әртүрлі көлемдегі шыны ыдыс, бояу, қылқалам.

Сөздік жұмыс: тұщы.

Билингвальды компонент: жылға-ручей, көл-озеро, тұщы-пресный, мөлдір-прозрачный, еріткіш-растворитель.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1

2

3

Мотивациялық-қозғаушылық

-Балалар, адам, өсімдік, жануарлар тіршілік ету үшін не керек?

-Біз бүгін судың тіршілік үшін қандай маңызы бар екенін білетін боламыз.

Глобуста суды қандай түспен белгілейді?

-Глобуста қандай түс көп? Осы арқылы не айтуға болады?



-Тіршілік ету үшін ең алдымен су, жарық, ауа керек.

-Глобуста су көк түспен белгіленеді.

-Глобуста көк түс көп. Бұл табиғатта құрлыққа қарағанда судың көп екенін көрсетеді.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

«Су кімдерге немесе нелерге қажет?» дидактикалық ойынын ұйымдастыру.

«Жылға және көл» сергіту жаттығуы.

Билингвальды компонент. жылға-ручей, көл-озеро, тұщы-пресный, мөлдір-прозрачный, еріткіш-растворитель.

-Өзен-көлдің, теңіздің судын адамдар қалай пайдаланады? (Дұрыс жауаптарға фишкалар таратылады).


-Адамдар ежелден-ақ су қоймалары бар жерге қоныстанған. Сендер тұратын жерде қандай өзен, көлдер бар?
-Ал су туралы қандай мақалдар, өлеңдер білесіңдер?

-Жер бетінде су көп болса да, барлығы бірдей ішуге жарамды бола бермейді. Су тұщы және тұзды (ащы) болады. Біз ашу үшін қандай суды пайдаланамыз?

-Судың қасиеттерін еске түсірейік.

Педагог жұмысы.

№1 тәжірибе. «Бу-бұл су».

Педагог ыстық су құйылған шәйнекті ашып, балалардың назарын буға аударады.

Оның үстіне әйнек ұстайды, әйнекте тамшылар пайда болады.

№2 тәжірибе. «Су-сұйық».

Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құяды. Су қандай?

№3 тәжірибе. Мөлдір ыдыстағы суға 2-3 түйір тасты салады. Тас көріне ме?

№4 тәжірибе. Суды ішіп көріңдер. Дәмі бар ма?

№5 тәжірибе. Суға қант салып көрейік. Қант қайда?

№6 тәжірибе. Қатты суықта су неге айналады?


Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу.





Үстел үстінде әртүрлі заттардың суреттері бейнеленген карточкалардың ішінен суды қажет ететін заттардың суретін таңдап алады.

Балалар «жылға» дегенде топ ішінде тарап кетеді, «көл» дегенде қол ұстасып шеңбер құрады.

-Суда ыстық күндері шомылады, кемелер жүзеді, балық аулайды, тұщы суды адам тамақ дайындауға пайдаланады, сумен кір жуады, ыдыс жуады, үй тазалайды т.б.

Балалар өздері тұратын жерде қандай өзен, көлдер, су қоймалары бар екенін айтады.

Балалар өздері білетін өлеңдерді, мақалдарды айтады.

-Біз ішу үшін тұщы суды пайдаланамыз.

1.Су мөлдір.

2.Судың дәмі жоқ.

3.Судың иісі жоқ.

4.Судың пішіні жоқ.

5.Су-еріткіш.
Балалар педагог көрсеткен әйнектегі су тамшыларын ұстап көреді.
Будың су екендігіне көздерін жеткізеді.
-Су сұйық, сондықтан ағады.
-Суда иіс жоқ.

-Су-мөлдір.


-Судың дәмі жоқ.
-Су-еріткіш.
-Су мұз болып қатады.

Тапсырмаларды орындайды.



Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар, суды не үшін қорғауымыз керек? Жер бетінен су жоғалып кетсе, не болар еді? Біз суды қорғау үшін қандай көмек көрсете аламыз?

-Су-тіршілік көзі.

Біріншіден, суды үнемді қолдану керек. Кранды дұрыстап жабу керек. Суды ластауға болмайды. Оған қоқыс, қалдықтар лақтыруға болмайды.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: судың ащы және тұщы болатынын; тұщы суды қайда пайдаланатынын; судың қасиеттерін тәжірибе арқылы біледі.

Түсінеді: судың адамзат тіршілігіндегі маңызын; судың қасиеттерін.

Қолданады: өзі тұратын жерде қандай су қоймалары бар екенін және ол туралы білімдерін; су қоймаларын қорғауды, күтуді.

Тақырыбы: Жыл мезгілдері: жаз, күз. Белгілері.

Мақсаты:

1.Жаз және күз мезгілдерінің негізгі, маңызды белгілері бойынша түсініктерін қорытындылау, жүйелеу; осы мезгілдерге тән табиғаттағы өзгерістер, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістер, күн мен түннің ұзақтығы туралы білім беру.

2.Сөздік қорларын, өзін қоршаған орта туралы ойын жеткізе білу қабілеттерін дамыту.

3.Топтағы балалармен өз білгенін бөлісе алуға, пікірін айта алуға тәрбиелеу.



Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: жаз, күз мезгілдерін бейнелейтін иллюстрациялар, өсімдіктер бейнеленген карточкалар, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: тіршілік.

Билингвальды компонент: егістік-поле, шабындық-луг.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1

2

3

Мотивациялық-қозғаушылық

Педагог жаз, күз мезгілдері туралы өлеңдер оқиды:

«Көлім, көлім, көлім» деп,

Қаз да келді маймаңдап,

«Шомыл,шомыл.шомыл» деп,

Жаз да келді жайраңдап.

Сарғайды торғай

Сап-сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

М.Әлімбаев

Жыл мезгілдерін еске түсіруді сұрайды.Әр мезгілдің үш айдан тұратынын еске түсіреді.


Балалар өлең мазмұны бойынша не түсінгендерін қысқаша айтады.

Жыл мезгілдерін атап беред.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балаларға сұрақтар қойылады:

-Қазір қай мезгіл?

-Мұның алдында қай мезгіл болды?

-Жаз айларын атаңдар.

Жаз мезгілін бейнелейтін сурет бойынша жұмыс жүргізіледі.

-Жаз кезінде дала, орман, саябақтар қандай болып көрінеді?

-Жазда құстар мен жануарлардың тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

-Қандай жәндіктерді бақыладыңдар?(Педагог балалардың жауабын толықтырып, нақтылайды).


-Күн мен түннің ұзақтығы туралы не айтасыңдар?

-Адамдар қандай еңбек түрлерін атқарады?



Билингвальді компонент:

Егістік-поле, шабындық-луг.

-Егін жинау қайсы айда басталады?
-Балалар, сендер жазда егістікке,шабандыққа, баққа, бақшаға бардыңдар ма? Қазір біз сендермен «Не қайда өседі?» ойынын ойнаймыз.

-Ал өсімдіктер өсу үшін қандай жағдай керек?

Бүгін біз өсімдіктердің тіршілігі үшін судың қажет екеніне көзімізді жеткізіп көрейік.

Бір шоқ гүлдің данасын алып, сусыз қалдырамыз.Біраз уақыттан соң сусыз қалған және судың ішіндегі гүлдерді салыстырамыз.Қандай айырмашылықтары бар?



Сергіту сәті:

Соз қолыңды оң жаққа,

Соз қолыңды сол жаққа.

Қолды айналдыр болданбай

Шеңбер жасап тұрғандай.

Педагог күз көрінісі бейнеленген суретті көрсетеді.

-Күз туралы білетіңдерінді айтыңдар.Ауа райы қандай болады? Ағаштар мен өсімдіктердің тіршілігінде қандай өзгерістер байқалады?

Есік қағылады. Қонаққа қарға келеді.Балаларға ол естіген оқиғасы туралы айтып береді:

Жәндіктер ормандағы алаңқайға жиналып, қысты қалай өткізетіндері туралы айта бастады.

Көбелек: «Мен ескі сарайдың шатырының астында жылы қуыс бар , сонда жасырынамын» дейді.

Құмырсқа:«Ал мен...», деді. «Ал біз...», -деп ызылдады аралар.

«Ал мен...»,-деп сыбырлады құрт.

Жәндіктер не айтуы мүмкін?

-Аңдар тіршілігінен нені байқадыңдар?


-Адамдар қандай еңбек түрін атқарады?

Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу.



-Күз мезгілі.
-Жаз мезгілі.

-Маусым, шілде, тамыз.

-Дала, орман, саябақ жап-жасыл болады.

Гүлдер жайқалып өседі.Күн ыстық болады.

-Жазда құстар балапандарын ұясынан ұшырады.Жануарлар мен құстар үшін азық жеткілікті болады.

-Шегірткелер шырылдап, аралар гүлден-гүлге ұшып қонады.Көбелектер гүлден айнымайды.

-Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады.

-Үй жануарларына қысқа шөп дайындайды, орманнан жидектерді, жемістерді жинайды.

-Тамыз айынан бастап егін жинайды.

Балалар өсімдіктер бейнеленген карточкаларды тез алып, орман,шабындық, егістік, бақ, бақша бейнеленген үлкен картадағы бос торкөздерді толтырып жарысады.

-жылу, су, жарық.

Балалар тәжірибе жасайды.

Біраз уақыттан кейін тәжірибенің қорытындысын бақылайды.

Өз қорытындыларын айтады.


Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

-Күн салқындай бастайды. Жаңбыр жиі жауады. Күн өткен сайын ауа райы суыта береді.Жапырақтар сарғаяды, біртіндеп шөптер қурай бастайды.


Құмырсқа:«Мен илеуімнің түбіне ұйықтауға кетемін»,-деді.

Құрт:«Мен ағаштыңқабығының астына жасырынамын»,-деді.

-Аңдар қысқа дайындалады, азық қорын жинайды, індерін жылылайды, жұқа жүндерін жылы жүнге ауыстырады, кейбір аңдар ұйқыға дайындалады.

-Адамдар егінеді, жеміс, көкіністерді жинайды.Үй жануарларына қысқа азық дайындайды.Отын-сусын жөндейді.

Тапсырмаларды орындайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

Жаз және күз көріністерін қатар қойып, салыстыру жұмыстарын жүргізеді:

-Жаз мезгіліне тән белгілерді тез атап шығыңдар. Күн мезгіліне тән белгілерді атаңдар.



Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: топтағы балалармен пікір алмасуды, табиғаттағы бақылауды;

Түсінеді: жаз және күз мезгіліне тән белгілерді;

Қолданады: жаз және күз мезгіліндегі жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі өзгерістер туралы білімді.

Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар және жыл құстары.

Мақсаты:

  1. Қыстап қалатын және жыл құстары туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру; оларды маңызды белгілері бойынша ажырата білуге үйрету.

  2. Балалардың құстардың жылы жаққа ұшып кету себептері туралы түсініктерін тереңдету; құстарды қыстап қалатын, жылы жаққа ұшып кететін құстарға бөліп жіктей алу білімдерін кеңейту.

  3. Құстарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру; қыста оларға қамқорлық жасауға деген құштарлықтарынң артуына жағдай жасау.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: қыстап қалатын және жылы жаққа ұшып кететін құстардың суреті; сүттен босаған пакеттен жасалған жемсауыт, құстарға себуге арналған әртүрлі дәндер.

Сөздік жұмыс: отырықшы.

Билингвальды компонент: жыл құстары-перелетные птицы, отырықшы-оседлый.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Қайырлы күн! Қайырлы таң!

Күліп шықты күн бүгін.

Педагог құстар туралы жұмбақтар айтады:

Екі айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйрігі.
Ұзақ тектес құс

Шіркей жеп.

Ауыл маңынан

Ұзап кетпес құс.


Тоқылдатып, мазаны ап,

Ағаштарды тазалап,

Ормандарды емдейді,

Зиянкесті жазалап.


-Қарлығаш.

-Қараторғай.

-Тоқылдақ.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог жыл құстары мен қыстап қалатын құстар бейнеленген суреттер қарауды ұсынады. Сурет бойынша сұрақтар қояды:

-Бұл құстардың сендерге қайсысы таныс?

-Ауладан, орманнан қандай құстарды көрдіңдер?
-Қыста жылы жаққа ұшып кететін құстар қалай аталады?

Жылы жаққа ұшып кететін құстар қысқа өзіне азық жинай алмайды және қыста азық тауып жеуге бейімделмеген.

-Ал бізде қыстап қалатын құстарды қалай атайды?

-Қыста сендер қандай құстарды көрдіңдер?


Билингвальды компонент: жыл құстары-перелетные птицы, отырықшы-оседлый.

-Олар неге жылы жаққа ұшып кетпей, қалып қойды деп ойлайсыңдар?


-Олар азықты қайдан табады.


Сергіту сәті:

Құс қанатын жайды,

Аққу мойнын созды,

Үйрек келіп қонды.


Дегенмен де қыста құстар үшін өте қиын. Әсіресе қалың қар жауғанда, боран соққанда, қатты аяздарда азық тауып жеу қиынға соғады.

Құстар қыс кезінде адамдар тұратын жерге жақындай түседі. Олар неге адамдарға жақын жерге келеді деп ойлайсың?


-Оларға не берер едіңдер? Олар не жейді?

-Құстарға не үшін көмектесеміз?

Олрадың қандай пайдасы бар?
Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу.




Балалар суретті қарайды.

Балалар өздеріне таныс құстарды атайды, сол құстардың қайсысын өзі тұратын жерден көргенін айтады.

-Жыл құстары.

-Отырықшы құстар.


-Торғай, шымшық, көгершін, ұзақ, тоқылдақ, қарға.

-Олар суықтан қорықпайды. Азық тауып жей алады.

-Ағаштың қабығының астына, қуыстарға жасырынып қалған жәндіктерді тауып жейді.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

-Олар адамдар бізге азық береді, көмектеседі деп ойлайды.

-Қарбыздың, асқабақтың, қауынның, шемішкенің дәні, әртүрлі дәнді дақылдар.

-Құстар-біздің досымыз. Олар ағаштарды құрт-құмырсқадан қорғайды.

Дәптерде берілген тапсырмаларды балалар өз беттерінше орындайды.



Рефлексиялық-түзетушілік

-Құстарға жемді қалай береміз? Бізде дайын жемсауыт бар (қораптан жасалған жемсауытты көрсетеді). Серуен кезінде шығып, құстарға жем береміз.

Балалар құстарға өздері дайындаған жемдерін береді. Құстардың қалай қоректенетінін бақылайды.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды ажыратады;

Түсінеді: құстардың жылы жаққа ұшып кету себептерін, қыстап қалатын құстардың қалай қоректенетінін;

Қолданады: құстарға қамқор болуды.

Тақырыбы: Ауаның қасиеттері.

Мақсаты:

1.Балаларды ауаның қасиеттерімен таныстыру; тәжірибе арқылы ауаның біздің айналамызды қоршап тұрғанына көздерін жеткізу.

2.Ойлау белсенділіктерін, байқағыштықтарын арттыру.

3.Қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.



Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: балалар санына қарай су құйылған ыдыс пен түтіктер; попролон, қарындаш, ауа толтырылған шар, шағын қорап(сәлемдеме).

Сөздік жұмыс: поролон.

Билингвальды компонент: ауа-воздух, самал жел- легкий ветерок.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1

2

3

Мотивациялық-қозғаушылық

-Балалар, бүгін біздің тобымызға таңертең пошташы сәлемдеме алып келіпті. Сәлемдемені біздің досымыз-Самал жел жіберіпті.Не бар екенін көрейік.Самал жел бізге мынадай хат жазыпты:

«Шардың ішіне не жасырылғанын табыңдар.Оның ішінде не болуы мүмкін?»


Балалар үрленген шарды айналдырып қарай бастайды. Олар өз пікірлерін айтады.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

Билингвальді компонент.

Ауа-воздух, самал жел-легкий ветерок.


Педагог шардың байланған жібін шешіп, ішіндегі ауаны жайлап шығара бастайды.

-Меніңше, шардың ішінде бір нәрсе бар сияқты.Өйткені оның жібін шешкенде, дыбыс шыққан сияқты болды.

-Ауа тағы қай жерлерде жасырылынып жатуы мүмкін? Біз де өзімізді ғалым деп сезініп, тәжірибе жүргізіп көрейік.Дайын болсаңдар, өз орнымызға отырайық.

-Біз мұрнымызбен не істейміз?

-Біз немен тыныс аламыз?

-Яғни мұрын арқылы ауа біздің өкпемізге өтеді. Тынысты шығарғанда пайдаланылған ауа қайтадан ауыз немесе мұрын арқылы сыртқа шығарылады. Кәне, бәріміз тексеріп көрейік.

-Енді түтікті суы бар стаканға салып үрлейік.Стақан ішіндегі суда не болды?

-Енді осы тәжірибені қорытындылайық.


-Үстелдің үстінде ұсақ тастар жатыр. Осы тастарды стақандағы суға тастап көріңдер. Суда не пайда болды?
-Ол қайдан пайда болды?

-Ал мына поролонның кішкентай бөлігін стақандағы суға тастап көріңдер. Не болды?


-Поролон неге батып кетпейді?

-Ауаның бар екенін тексеру үшін түтікті алып, поролонды су түбіне батырыңдар.Не байқадыңдар?

-Желге қандай қорытынды ой айтар едіңдер?

Суретпен жұмыс.

Ауаның ластануы бейнеленген суреттер көрсету.

Проблемалық сұрақ: «Ауаның ластануын қалай азайтуға болады?»

Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу.




Балалар пелагогтің іс-әрекетін бақылайды.Шарды босатқандағы ысылдаған дыбысты тыңдайды.Сұраққа былай деп жауап беруі тиіс:

-Шардың ішін босатқанда, одан ауа шықты.

Балалар бастарына қалпақтарын, жеңдеріне жеңқап киіп, тәжірибе жасауға дайындалады.

Өз орындарына жайғасады.

-Біз мұрныммызбен тыныс аламыз.

-Біз ауамен тыныс аламыз.

Балалар түтік арқылы стақандағы суға ауа үрлейді.Көпіршіктердің пайда болғанын байқайды.

-Тынысты ішке тартқанда ауаны жұтамыз, тыныс шығарғанда ауа қайтадан сыртқа шығады.

Балалар ұсақ тастарды стақан ішіне тастайды.Тастарды суға тастағанда көпіршіктер пайда болады.

-Тас суға батып кетті де, одан көпіршіктер пайда болды.Бұл-ауа.

-Тастан.Яғни судың ішінде де ауа бар.

-Поролон судың бетінде жүзіп жүр,суға батпайды.

-Онда ауа бар.

-Поролоннан ауа көпіршіктері көтерілді.Яғни мұнда да ауа бар.

-Бізге ауаның барлық жерде бар екені белгілі болды.

Сурет бойынша балалар ауаның қалай ластанатынын айтып береді(алау жағудан, көліктен бөлінген түтін, қала үстіндегі түтін, т.б.).

Балалар проблемалық сұрақ бойынша өз ойларын айтады.



Рефлексиялық-түзетушілік

«Ауа таза болу үшін не істеу керек?»

Деген сұрақ төңірегінде өз ойларын айту,



Балалар ойларын қорытындылайды:

-Шіріп, жерге түскен жапырақтарды өртемей, жинап алу.

-Бөлме өсімдіктерінің жапырақтарының шаңын сүрту.

-Зауыт, фабрикалардан шығатын түтінді азайту үшін, трубаларына сүзгіш орнату.

-Машиналардың түтін шығаратын түтігіне сүзгіш орнату,т.б.



Күтілетін нәтиже:
Күтілетін нәтиже:орындайды:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет