Тақырыбы: Жанды және жансыз табиғат. Мақсаты


Күтілетін нәтиже:Орындайды



бет5/6
Дата19.12.2019
өлшемі119,99 Kb.
#53798
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
экология1


Күтілетін нәтиже:Орындайды: табиғатқа қамқор болуды; табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауды.Түсінеді: жыл мезгіліне тән маусымдық құбылыстарды.Қолданады: әр жыл мезгіліне тән белгілер және ерекшеліктері туралы білімді.

Тақырыбы: Жер-біздің ортақ үйіміз.

Мақсаты:

1.Жердің барлық тіршілік иесінің ортақ үйі екенін ұғындыру; адамның да табғаттың негізгі бір бөлігі екенін, оның табиғатты қорғаудағы рөлін ұғндыру.

2.Табиғат туралы түсініктерін кеңейту.

3.Табиғатта өзін дұрыс ұстауға, оны қорғау арқылы Жер ғаламшарын құрметтеуге тәрбиелеу.



Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: карта, глобус, пазлдар, жұмыс дәптері.

Алдын ала атқарылатын жұмыс: табиғатты қорғауға байланысты суреттерді қарау, дидактикалық ойындар, жұмбақтар шешу, табиғат туралы өлеңдер, мақалдар жаттау.

Сөздік жұмыс: ғаламшар.

Билингвальды компонент: ғаламшар-планета, тіршілік-жизнь, тіршілік иесі- живое существо.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің кезеңдері

Балалардың іс-әрекеті

1

2

3

Мотивациялық-қозғаушылық

Әр адамның өзі үйі бар, әр жануардың өз мекені бар. Әр өсімдіктің өзіне қолайлы өсетін жері бар.

-Бәрінің ортақ үйі қалай аталады?

Педагог глобусты үстел үстіне қойып, не екенін сұрайды.

-Глобустың пішіні қандай?



Балалардың мүмкін жауаптары:
-Олардың бәрінің ортақ үйі Жер деп аталады.
-Бұл-глобус.Оның пішіні Жер сияқты дөңгелек.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Глобустан қандай түстерді көріп тұрсыңдар? Ол түстер нені белгілейді?

-Біздің жерімізде құрғақ жер көп пе, су көп пе?

-Сендер басқа қандай ғаламшарды білесіңдер?

-Осылардың ішінде ең әдемісі-біз өмір сүретін Жер ғаламшары. Жердің басқа ғаламшардан қандай айырмашылығы бар?


Билингвальды компонент.

Ғаламшар-планета,тіршілік-жизнь,тіршілік иесі-живое существо.


-Табиғаттың адам өміріндегі маңызы зор. Тіршілік иелері өмір сүру үшін не қажет?

-Тіршілік үшін қажеттінің бәрі Жер бетінде бар.



Жұмбақ шешу.

Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің, Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

-Ауа не үшін керек?

-Ауа қандай?

Жұмбақ

Жылт-жылт еткен,



Жырадан өткен.
-Сен не үшін қажет?

Сергіту минутын өткізу.

-Ойланып көрейікші, адам жануарлар, өсімдіктер болмаса, өмір сүре ала ма? Олар адамға не үшін қажет?

-Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ал табиғатты, Жер бетін қорғау кімнің қолында?

-Ал кейбір адамдар табиғатқа қандай зиян келтіреді?


-Бірақ ондай зиянды қылықтар жасауға рұқсат беріле ме? Адам табиғатты қалай қорғайды?

-Жер бетіндегі ақылды, мықты, білімді-ол Адам. Адам осы білімін, ақылын қайда қолдану керек?

-Жер бетін қорғау үшін ақылды, қайырымды болу керек. Олай болса, табиғатта өзін дұрыс ұстау ережесін еске түсірейік.

-Біз табиғат, Жер туралы көптеген мақалдар білеміз. Соларды есімізге түсірейік.

«Пазлдар жинау» тапсырмасын орындау.

4-5 баладан бөлінген топтарға табиғатқа байланысты пазлдар беріледі.


Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу.



Балалар глобусты айналдырып тамашалайды.

-Құрғақ жерге қарағанда су көп.

-Шолпан,Марс, Аю, Юпитер т.б.
-Басқа ғаламшарда тіршілік жоқ, өйткені онда ауа, су, жарық жоқ. Жер бетінде ауа, су, жарық болғандықтан, онда адамдар, құстар, жануарлар тіршілік етеді.

-Тіршілік үшін ауа,су, қорек қажет.

-Ауа болмаса, адам, жануарлар, өсімдіктер тіршілік ете алмайды.

-Ауа мөлдір,көзге көрінбейді.


Шешуі: Су

-Жер бетіндегі өсімдік, жануарлар және адам сысыз өмір сүре алмайды. Су болмаса, Жер беті гүлденбес еді.


-Адамдар өмір сүру үшін өзіне қажеттінің бәрін жануарлар мен өсімдіктерден алады.

-Жер бетін, табиғатты тек адам ғана қорғай алады.

-Адамдар өзен-көлдерді ластайды , ағаштарды кеседі, аң-құстарды аулайды, ауаны, табиғатты ластайды т.б.

-Адамдар зиянды қылықтар жасамау үшін бақылайтын орындар бар.

-Адам өзінің ақылын, білімін табиғатты қорғауға жұмсау керек.

Балалар табиғатта өзін ұстау ережесін қайталап, естеріне түсіреді.


Балалар табиғат, Жер туралы мақалдар айтады.

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап, пазлдарды жинайды. Өзі жинаған сурет бойынша әңгімелейді.

Тапсырмаларды орындайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

-Бүгін мен сендерге табиғаттың жас достары ретінде «Жас эколог» деген медальды тапсырайын деп отырмын. Сендер үнемі табиғаттың нағыз достары болады деп ойлаймын.

Сендер ол үшін не істейсіңдер?

-Егер сендер көршілерің, достарың,көшедегі адамдар гүлдерді жұлып, ағашты сындырып, қоқыс лақтырып жатқанын көрсеңдер, не істейсіңдер?

-Жарайсыңдар,балалар! Әрқашанда мына ұранды ұмытпайық «Өз ғаламшарыңды сақта, өйткені ондай ғаламшар әлемде жоқ».


Балалар табиғатты қорғау үшін өздерінің не істейтіндігі туралы ойларын айтады.

Балалар жауап береді.

Балалар ұранды қайталайды.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: өз ойын қорытындылайды; сұраққа жауап береді.

Түсінеді: адамның табиғатсыз өмір сүре алмайтынын, ал табиғатты қорғау адам қолында екенін.

Қолданады: Жер туралы мәліметтерді; табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы білімді.

Тақырыбы: Табиғат байлықтары. Пайдалы қазбалар.

Мақсаты:

1.Балаларды елімізде өндірілетін пайдалы қазбалар түрімен таныстыру; пайдалы қазбалардың халық шаруашылығына қажеттігін ұғындыру.

2.Қарапайым тәжірибе түрлерін жасай алу дағдыларын дамыту.

3.Пайдалы қазбаларды үнемді қолдану туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; туған елдің байлығына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Қолданылатын көрнекі мен жабдықтар: пайдалы қазбалардың шығатын орнын көрсететін Қазақстан картасы; тұз, көмір, темір, әк сияқты қолжетімді пайдалы қазбалар түрлері немесе суреттері.

Алдын ала атқарылатын жұмыс: пайдалы қазбалар түрлерін немесе суреттерін қарастыру; «Тұз не үшін керек?» деген тақырыпта әңгіме жүргізу; пайдалы қазбалардың шартты белгісімен танысу.

Сөздік жұмыс: пайдалы қазбалар.

Билингвальды компонент: пайдалы қазбалар- полезные ископаемые, таскөмір- каменный уголь, мұнай-нефть, құбылнама-компас.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1

2

3

Мотивациялық-қозғаушылық

-Балалар, мен қазынаны қайдан табуға болатынын көрсететін карта тауып алдым. Қазынаны тапқыларың келе ме? Кәне, картада не бейнеленген екен, қарап көрейік.

-Бізді алыс жол күтіп тұр. Өзімізбен бірге не алуымыз керек?


-Ата-аналарымызға қоштасарда не айтамыз?

Балалар картаны ортаға қойып қарап, онда не бейнеленгені туралы ойларын айтып пікірлеседі.

-Арқақоржын, жіп, тұсбағдар аламыз. Олардың не үшін керек екенін түсіндіреді.


Балалар ата-аналарына арналған жылы сөздерін айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог өзі экспедиция жетекшісі болады.

Картада көрсетілген бағыт бойынша сапар барысында балалар әртүрлі жолдармен жүріп, кедергілерін өтеді.



Билингвальді компонент.

Пайдалы қазбалар-полезные ископаемые, таскөмір- каменный уголь, мұнай-нефть, құбылнама-компас.

1-«Көмір» аялдамасы.

( әр аялдамадан пайдалы қазбаның шартты белгісі көрсетілген карточкалар табылады).

-Бұл жерден не табылды? Таскөмір қалай пайда болды деп ойлайсың? Ол не үшін қажет? Оны сипатта. Педагог балалардың жауабын толықтырады:

Ертедегі өсімдіктердің шірігін қалдықтары жиналып сазға айналып, жер қойнауында қатып,көмірге айналған. Бұл үдеріс жыл өткен сайын қайталанып отырып, бірнеше қабаттан тұратын көмір пайда болған. Көмірді микроскоппен қарасаң, өсімдік бөліктерінің қалдықтарын көруге болады.

-Оны қалай өндіреді? (Суретті көрсетіледі).
-Көмір еліміздің қай жерінде өндіріледі?

Картадан шартты белгі бойынша өндірілетін орындар көрсетіледі.

2-«Мұнай» аялдамасы.

-Балалар, елімізде мұнай қай жерде өндірілетінін білесіңдер ме?

-Мұнайдан не алынады?

Педагог балалар жауабын толықтырады:

Мұнайдың түсі қоңыр қошқыл, кейде ашық сарғыш түсті болады. Оны «қара алтын» деп те атайды. Біздің еліміз мұнай қоры жөнінен алдыңғы орыңдардың бірінде тұр.

Одан жанар-жағармайдан басқа парафин, иіссу, кірем, дәрі-дәрмек, пластмасса т.б. алынады. Тіпті машина дөңгелектерін де жасайды. Мұнай көп жылғы жиналған өсімдік, жануарлар қалдықтарынан пайда болған. Газ мұнаймен бірге жүреді.

Педагог газбен және ауамен толтырған екі шарды салыстыруды ұсынады.

Газдың не үшін падаланылатынын срайды.

Картадан мұнай, газ өндірілетін орындар көрсетіледі.

Сергіту сәті:

Кәне, қызық ойындар

Қатарласа қойыңдар.

Отырыңдар, тұрыңдар.

Маған мойын бұрыңдар.

Қолымызды жаяйық,

Құстай қанат қағайық.

Аяқты бір басыңдар,

Кәне, тағы, тағы да.

Қол соғайық жабыла

Кәне, тағы, тағы да.

3- «Темір рудасы» аялдамасы.

-Темірден не жасалады?

-Темір рудасы қай жерде өндіріледі?

Қазақстан темір өндіоуден 3-орында тұр. Темір кен орнының көпшілігі Солтүстік Қазақстанда шоғырланған. Атақты Сарыбай кен орнын бір ұшқыш ашқан. Ол ұшақпен темір кенінің үстінен ұшып өткенде құбылнаманың тілі ауытқыған екен. Көп ұзамай ол жерден кен орны ашылады. Ол жердің кенінің сапасы өте жоғары. Темір рудасы ашық әдіспен өндіріледі.

4-«Тұз» аялдамасы.

-Тұз не үшін қолданады?

-Ас тұзы қайда өндірілетінін білесіңдер ме?

-Ас тұзы сондай-ақ, Балқаш көлі, Ертіс,Есіл өзендерінде де таралған. Картадан қарау.

Тәжірибе жүргізу.

Бір кесек тұз және бір кесек ақ тас, 2 стақан су алынады. Бірінші стақандағы суға тұз, екіншісіне тас салынады.

-Тұз қайда?

5-«Құрылыс материалдары» аялдамасы.

-Балалар қандай құрылыс материалдарыңн білесіңдер?

-Құрылыс матералдары не үшін керек?

Құрылыс материалдарын қарауды ұсынады.

-Құмнан не алынады?

-Сазбалшықтан не алынады?

Қазақстанда цемент, кірпіш, бетон, гипс т.б. құрылыс матералдарын өндіру ісі жақсы жолға қойылып келеді.

-Балалар, біз пайдалы қазбалардың кейбір түрімен ғана танысып отырмыз. Біздің жеріміз пайдалы қазбаларға өте бай. Бірақ олар да таусылады, сондықтан үнемі пайдалану керек. Басқа да пайдалы қазбалармен кейінірек танысатын боласыңдар.



Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізеді.

Балалар педагогпен бірге экспедицияға аттанады.

Балалардың жауабы:

Бұл-көмір. Оны үйді жылыту үшін, үлкен пештерді қыздыру үшін пайдаланады. Көмірдің түсі қара, қатты. Ол әртүрлі заттардың жиналып қатып қалауынан пайда болды деп ойлаймыз.

Балалар сурет бойынша көмірдің қалай өндірілетінін айтады.

-Қарағанды, Екібастұз өндіріледі.
-Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда.

-Мұнайдан жанармай, жағармай алынады.

Балалар салыстыру үшін екі шарды ауаға жібереді. Ауа толтырылған шар жерге түседі де, газ толтырылған шар жоғары көтеріледі. «Газ ауадан жеңіл» деген қорытынды жасайды.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Балалар өздері білетінін айтады.


Балалар шартты белгі бойынша картадан іздейді.

Балалар тұз туралы білетіңдерін айтады.

-Ас тұзы Арал теңізінде өндіріледі.
Балалар тәжірибені бақылайды

Тұз еріп кетті,яғни тұз суда ериді.


-Құм, топырақ, тас, кірпіш, бетон, гипс, әк, бетон,...

-Тұрғын үйлер, түрлі ғимараттар салу үшін керек.


-Шыны алынады.

-Сазбалшықтан керамикалық ыдыстар жасалады.

Тапсырмаларды орындайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар балабақшаға қайта оралады.

-Балалар, біз бүгін картада көрсетілген бағыт бойынша кейбір пайдалы қазбалармен таныстық. Ал осы пайдалы қазбаларды жер қойнауынан іздеп табатын мамандықтың қалай аталатынын білесіңдер ме?

-Бүгін сендер де жас геологтер болдыңдар. Мүмкін сендердің араларыңда болашақ геолог те бар шығар?



-Падалы қазбаларды іздейтін адамдарды геологтер дейді.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: жеріміздің байлығына сүйіспеншілікпен қарауды.

Түсінеді: пайдалы қазбалардың пайдасы туралы түсінікті, оны үнемді пайдалану керектігін; пайдалы қазбалар түрін, олардың өндірілетін орнын, шартты белгісін.

Қолданады: қарапайым тәжірибе түрлерін жасау дағдыларын.

Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер( Қазақстанның қызыл кітабына енген өсімдіктер).

Мақсаты:

  1. Өз жерінде өсетін дәрілік өсімдіктермен таныстыру; дәрілік өсімдіктерді емдеуге қолданудың қарапайым тәсілдерімен таныстыру;

  2. Өсімдіктер туралы білімдерін әрі қарай дамыту; білім көкжиектерін кеңейту;

  3. Өсімдіктерді қорғауға деген тілектерін арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: дәрілік өсімдіктерден жиналған гүлшоғы, Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктердің фотосуреттері, демонстрациялық құралдар, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: дәрілік өсімдіктер.

Билингвальды компонент: жолжелкен-подорожник, жалбыз-мята, қалақай-крапива, түймедағы-ромашка.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1

2

3

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз

Ренжісуді білмейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге.

Педагог дәрілік өсімдіктерден құрастырылған гүлшоғын әкеледі.

-Мына гүлшоғын көргенде не ойладыңдар? Бұл гүлшоғын сыйлыққа беруге бола ма?


Шеңберге тұрады, өлеңнің сөздерін қайталайды.

Балалардың пікірі тыңдалады.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, осы гүлшоғына жинақталған өсімдіктерді мұқият қараңдар. Осы өсімдіктерді тақтаға ілінген фотосуреттердің ішінен тауып көрсетіңдер.

-Балалар, бұл жай ғана гүлшоғы емес, бұл-сиқырлы гүлшоғы. Бұл өсімдіктердің сиқырын адамдар ерте кезден-ақ білген. Оның ауруды емдейтін құдіретін байқаған.

Біздің жерімізде дәрілік өсімдіктер көп өседі. Бүгін солардың біразымен танысамыз. Ал сендер ауырып қалған кезде аналарың қалай емдейді? Қандай шөптерді пайдаланатынын білесіңдер ме?

Педагог гүлшоғынан дәрілік өсімдіктерді шетінен шығарып, олардың қандай ауруды емдейтіні қысқаша түсіндіреді. Олардың суреттерін көрсетеді.


Билингвальді компонент.

Жолжекен-подорожник, жалбыз-мята, қалақай-крапива, түймедағы-ромашка.



Жолжелкен. Біздің жерімізде көп өседі. Ол қан тоқтатады, микробтарды өлтіреді.

Жалбыз. Оның жапырақтарын қайнатып, суық тиген кезде ішеді.

Қалақай. Оны ұсақтап, жараға таңса, тез жазылады.

Өгейшөп. Гүлдерін қайнатып, суық тигенде ішеді.

Бақбақ. Оны ұйқысыздық ауруын емдеуге қолданады.

Түймедағы. Ол көп жерде өседі. Жапырағын жараға жапсырып қойсаң, тез жазылып кетеді. Оның гүлдерін суық тигенде қайнатып ішуге болады. Өйткені біздің жерімізде дәрілік өсімдіктер өте көп өседі. Біз тек негізгілерімен ғана таныстық.

Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу.



Балалар гүлшоғын мұқият қарастырады. Танитын өсімдіктері болса, атауын айтды. Бұл өсімдіктер туралы не білетінін айтады. Тақтаға ілінген фотосуреттен тауып көрсетеді.

Балалар өздері білетін өсімдіктердің атын атайды. Үйлерінде емдеу үшін қандай шөптерді қолданатынын айтады.


Балалардың әңгімесін педагог қажет жерінде түзетіп, әңгімелерін толықтырып отырады.

Тапсырмаларды орындайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

Мына бір шағын әңгімені тыңдап көрейік: «Бір қыз бір күні әжесіне қонаққа борды. Шалғынмен кетіп бара жатып, ол түрлі гүлдерді жинап алды. Ол үлкен гүлшоғын сыйлап, әжесін қуантпақ болды. Бірақ әжесі гүлшоғын көріп, қуана қойған жоқ:

-Табиғаттағы гүлдер қалай боолса солай жинап алу үшін өсіп тұрған жоқ. Гүл жинағанды жақсы көретін болсаң, алдымен оны өзің өсіруді үйрен»,-деді әжесі.

-Балалар, әжесі неге немересі сыйлаған гүлге қуанған жоқ.

Балалар өз пікірлерін айтады. Табиғатта өсіп тұрған гүлді қалай болса жұлуға болмайды, оларды күтіп, қорғау керек деген қорытынды жасау керек.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: білетін өсімдіктерін фотосуреттен тауып көрсете алуды; өсімдіктерді қорғайды.

Түсінеді: дәрілік өсімдіктердің қандай ауру түрлеріне қолданылатынын.

Қолданады: дәрілік өсімдіктермен, олардың атауын; оларды қандай ауруларға қолдануға болатыны туралы білімді.

Тақырыбы: Біздің табиғаттағы достарымыз.

Мақсаты:

1.Жануарларды топқа бөле алу (аңдар, құстар, жәндіктер, қосмекенділер). Әр топқа тән ерекшелікті айта білу.

2.Балалардың жануарлар туралы білімін кеңейту. Сөздік қорларын арттыру.

3.Шығармашылық қиялдарын дамыту. Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.



Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: төрт вагоны бар пойыз бейнесі, заттық суреттер: аңдар( аю, тиін, түлкі, кірпі), құстар( қарлығаш, қарға, қараторғай, шағала), жәндіктер( құмырсқа, шыбын, көбелек, маса), қосмекенділер ( бақа, тасбақа, жылан, ұлу), заттық суреттер немесе ойыншықтар, бояу қарындаштар, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: кішкентай достарым.

Билингвальды компонент: аяқтар-лапки, тұмсық-клюв, қауырсын-перо.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

-Біз бүгін саяхатқа шығамыз. Міне, көлігіміз де дайын. Ал мына перронда отырғандар нелер?( Үстелде жануарлар бейнеленген суреттер).

Балаларға тапсырма беріледі:

-Бірінші вагонға аңдарды, екінші вагонға құстарды, үшіншісіне жәндіктерді, төртіншісіне қосмекенділерді орналастыр.


Балалар педагогтің көмегімен 4 топқа бөлінеді. Әр топқа жолсерік сайланады. Балалар жануарлардың суреттерін өз вагондарына дұрыс орналастырулары тиіс. Әр вагонның жолсерігі вагонындағы жануардың атын атап тұрады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Бірінші вагонда нелер отыр? Оларды басқалардан қандай белгісіне қарап ажыратамыз?
-Екінші вагнда отырғандардың басты ерекше белгілерін ата.

Билингвальді компонент.

Аяқтар-лапки, тұмсық-клюв, қауырсын-перо.

-Үшінші вагондағы жолаушылар туралы айтыңдар.


-Төртінші вагонға нелер орналасқан?
-Оларды неге қосмекенділер деп атайды?

-Көмектеріңе рахмет!

Жолаушылардың бәрі орналасып болды. Пойызды кім жүргізеді.
-Үстел бетінде жануарлардың әртүрлі дене бөліктері бар. Осы бөліктерден бір ғажайып жануар құрастырыңдар.

-Жолға шығуға белгі беріледі.

-Жолда көңілді болу үшін жануарлар туралы сүйікті әңдерінің бірін орындаңдар.

«Ұйқышылдар »аялдамасы.

-Бұл жерден қыстай ұйықтап көктемде оянатын аңдар шығады.

-Бірінші вагоннан нелер шығады?
-Екінші вагоннан нелер шығады?

-Үшінші вагоннан ше?

-Төртінші вагоннан ше?

-Балалар, достарымызды шығарып салайық.

-Саяхатымызды жалғастырайық.

Қалған жолаушыларға назар аударыңыздар. Атаулары 2 буыннан, 3 буыннан тұратын жануарларды атаңдар.


-2-вагондағы құстарды қалай атайды?

-Кез келген дыбысты атаңдар. Ол дыбысты жануар атауынан табыңдар. Дыбыстың сөздегі орнын анықтаңдар.


Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу.




-Бірінші вагонда аңдар отыр.Олардың 4 аяғы бар, денесін түк жапқан, балаларды сүтпен асырайды.

-Екі аяғы, тұмсығы, қанаты, қауырсыны бар. Олар-құстар.


-Үшінші вагонда жәндіктер орналасқан. Олардың 6 аяғы бар, денесі 3 бөліктен тұрады.

-Төртінші вагонға қосмекенділер орналасқан.

-Олар құрлықта да, суда да өмір сүреді.


Балалар өзара талқылай келіп, пойызды жүргізу үшін машинист керек екенін айтады.

Балалар өз қалауларынша жаңа бір бейне құрастырады. Оған ат қояды.


Балалар өздері білетін жануарлар туралы әңдердің бірін орындайды.

-Бірінші вагоннан аю, кірпі шығады.

-Ешқайсысы шықпайды.

-Бәрі шығады.

-Бақа,жылан шығады.

Балалар қолдарын бұлғап шығарып салады.

2 буыннан тұратын( шы-бын, ти-ін, түл-кі, қар-ға, шы-бын, ма-са, ұ-лу.

3 буыннан тұратын жануарлар: қар-лы-ғаш, құ-мырс-қа, кө-бе-лек, тас-ба-қа).

-2-вагондағы құстарды жыл құстары деп атайды.

Тапсырмаларды орындайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

-Біздің саяхатымыз аяқталды. Жануарлардан нені үйренуге болады?

Балалар жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: жануарларды топқа бөледі.

Түсінеді: жануарларға қамқор болуды; әр топқа тән ерекшелікті.

Қолданады: жануарлар туралы бұрын алған білімдерін.

Тақырыбы: Табиғаттағы маусымдық құбылыстар.

Мақсаты:

1.Әр жыл мезгіліне тән табиғат құбылыстарының ерекшеліктерімен таныстыру.

2.Табиғат құбылыстарының адамның физикалық және эмоциялық күйіне әсері туралы білімдерін дамыту.

3.Табиғат құбылыстарының сырын білуге деген қызығушылықтарын арттыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет