Тақырыбы: Жанды және жансыз табиғат. Мақсаты



бет3/6
Дата19.12.2019
өлшемі119,99 Kb.
#53798
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
экология1


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: жануарлардың қысқа қалай дайындалатынын айтады.

Түсінеді: қыс мезгілінде жануарларға қамқорлық жасауды; жануарлардың тіршілігіндегі күзгі және қысқы өзгерістерді.

Қолданады: жануарлардың атын, күз бен қыс мезгілдеріне тән ерекшелікті..

Тақырыбы: Қазақстанды мекендейтін жануарлар.

Мақсаты:

  1. Қазақстан жерін мекендейтін жануарлармен таныстыру; олардың тіршілігі туралы мағлұмат беру.

  2. Балалардың жануарлар туралы білімдерін әрі қарай кеңейту; өз білімдерін қолдана алуға жағдай туғызу.

  3. Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оларға деген қамқорлық сезімдерін дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: арқар, барыс, саршұнақ, дала тасбақасы, қосаяқ, құлан суреттері; тау, дала табиғат көрінісіндегі жануарлар суреті, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: арқар, барыс, қосаяқ, құлан.

Билингвальды компонент: арқар-архар, барыс-барс, ирбис, қосаяқ-тушканчик, құлан-кулан(дикий осел).

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

-Бүгін бізге ерекше көңіл күй қажет. Ол үшін бір-біріңе қарап күлімсіріңдер, жақсы тілектер айтыңдар. Мен сендерді табиғатқа саяхатқа шығуға шақырамын.

Балалар бір-біріне қарап, жақсы тілектер айтады. Назарларын бүгінгі оқу іс-әекетіне аударады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Жағымды музыка қойылады.

-Балалар, біздің жеріміздің табиғатына қараңдаршы (таудың, даланың әдемі табиғат көрінісі көрсетіледі).

Біздің жеріміз кең-байтақ. Онда алуан түрлі жануарлар мекендейді. Қандай жануарларды білесіңдер? Тақтаға әртүрлі жануарлар суреті ілінеді (арқар, барыс ,қосаяқ, құлан, дала тасбақасы):

-Мына суретте көрсетілген жануарлар түрі қандай көп, оларға сүйсіне қарайсың.


Сергіту сәті:

Иіліп оңға бір,

Иіліп солға бір.

Денемізді дұрыстап,

Тұрамыз тік ұстап.

Алтай арқары-өте бағалы аң. Биік тау беткейлерін мекендейді. Шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. Ол бағалы аң болғандықтан оны аулауға тыйым салынған. Оның жасын мүйізіндегі сақинасына қарап анықтайды. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иіліп тұрады. 12-14 жыл өмір сүреді.

Барыс-мысық тұқымдас жыртқыш аң. Ол басын мәңгі қар басқан тауларды мекендейді. Оның терісі бағалы. Қимылы жылдам, епті. Жемтігін қуғанда 7-8 м биіктікке дейін секіреді. Олар ойынпаз, қарға аунап ойнағанды жақсы көреді.

Қазақ ежелден барыстың тектілігі, батылдығын пір тұтқан.



Қосаяқ-кішкентай кеміргіш аң.Балқаш өңірінде тіршілік етеді. Сирек кездеседі. Ол өсімдік дәнімен, жемісімен, қоңыз, шегірткемен қоректенеді. Қыстай денесіне жинаған майымен қоректеніп, ұйықтап жатады.

Құлан шөлді жерді мекендейді. Алмаы, Қарағанды хайуанаттар бағында бағалады. Түрікмен жерінен әкеліп жерсіндірілген. Ол есекке де, жылқыға да ұқсайды. Олар бұрын Қазақстан жерінде үйір-үйірімен жүретін. Оны есепсіз аулап, азайып кетті. Қазыір қорғауға алынған.

Дала тасбақасы шөлді жерлерді мекендейді. Ол қауып төнгенде, басын сауытының ішіне жиып алады. 150 жылдай тіршілік етеді. Өсімдіктермен қоректенеді. Жылына 3-4 ай ояу, қалған уақытта ұйқыда болады.

Саршұнақ ашық дала кеңістігінде өмір сүреді. Олар ін қазып, топырағын сыртқа үйіп тастайды. Егінге көп зиян келтіреді. Бірақ оның терісі бағалы.

-Бұл жануарларды сендер қай жерден көрдіңдер?



Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу.



Балалар табиғат көрінісі туралы өздерінің алған әсерлерін әңгімелейді.

Өздері білетін жануарларды атайды. Балалар педагог көмегімен жануарлардың атауымен танысады.

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Мұқият тыңдап, әңгімеге кіріседі.

Бұл жануарларды телидидардан, кітаптан көргендерін айтады. Өздерінің не білетіндерін әңгімелейді.



Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың жануарлардың пайдасы, оларды қорғау туралы қорытынды ойлары тыңдалады.

«Мұқият бол!» ойыны.

Ал енді мен сендерге бүгінгі танысқан жануарлардың бір белгісін айтамын, сендер қандай аң екенін табасыңдар.



Балалар педагогтің айтқан сипаттамасы бойынша қандай жануарекенін табады.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Қазақстан жерінде мекендейтін жануарлардың кейбір түрін сурет бойынша ажыратады; олардың тіршілігі мен мекені туралы мәліметтер іздейді.

Түсінеді: Қазақстан жануарының алуан түрлі екенін; жануарлардың пайдасын, оларды қорғауды.Қолданады: жануарлар туралы білімді.

Тақырыбы: Адам-табиғаттың бір бөлігі.

Мақсаты: 1. Адамның табиғаттың ажырамас бөлігі екендігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Адамның сезім мүшелірінің табиғатты танып-білудегі рөлі туралы түсінік беру.

2.Балалардың тілін дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру, қиялдарын байыту.

3.Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, деңсаулығын сақтауға деген ниеттерін арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: табиғат туралы сюжетті картина, мақта, «Сезім мүшелері» туралы ойын, айна, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: сезім мүшелері.

Билингвальды компонент: сезім мүшелері-органы чувств, дене мүшелері-части тела, көз-глаза, мұрын-нос, тері-кожа, құлақ-ухо.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Бүгін біз адам туралы айтатын боламыз. Адам мен табиғат-біртұтас дүние. Ал адм өмір сүруі, тіршілік етуі үшін, жұмыс істеуі, қозғалуы үшін не керек?

-Айналадағы дүниені танып-білуге адамның қандай сезім мүшелері көмектеседі?

Құлақ, мұрын, тіс т.б. сезім мүшелері туралы жұмбақтар жасыру.

-Адам өмір сүріп, тіршілік етуі үшін, дене мүшелері қажет.


Балалар жұмбақтардың шешуін табады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Көз-адамның негізгі көмекшісі болып табылады. Ол қандай қызмет атқарады?
-Көз туралы не айтуға болады?

Көздің түсі қандай? Көзді қалай күту керек?



Көзге арналған гимнастика.

1.Көзінді қаты жұм да, қайтадан аш.3-4рет қайтала.

2.Саусақтың ұшымен қабағыңды 1 минут шамасында сипа.

3.Көзді айналдыра қозға: солға жоғары-оңға-төмен.10рет қайтала.

4.Қолдарыңды алдыға соз. Саусағының ұшын жайлап мұрныңа қарай жақындат. Содан соң қайтадан жайлап алдыға соз. Осы қимылды көзіңді жүргізіп бақыла. 5рет қайтала.

5.Терезеден қара, ең алыс нүктені тауып, көзіңді 1 минут тоқтатып қара.


Есту мүшесі.

-Дыбыстарды естуге сендерге не көмектеседі?

-Құлақты күту үшін не істеу керек? Музыка қойылады. Балалар құлақтарын мақтамен тығындайды.

-не болғанын айтыңдар.


-Қандай қорытыңды айтасыңдар?
-Есту-адам үшін ең үлкен байлық. Біз күнделікті тағы қандай сезім мүшесін күтіп ұстауымыз керек (күнделікті таңертең жуынғанда).

Тіс туралы жұмбақ шешу.

-Тіс не үшін керек? Оны қалай күту керек?

-Тіс неге ауырады?



«Сезім мүшелері» дидактикалық ойыны.

Билингвальды компонент.

сезім мүшелері-органы чувств, дене мүшелері-части тела, көз-глаза, мұрын-нос, тері-кожа, құлақ-ухо.

Сезім мүшелерін дұрыс күту, дұрыс күтпеуге берілген әртүрлі жағдайлар бейнеленген суреттер.

-Сонымен сезім мүшелері арқылы нені танып-біледі?

-Табиғатты қандай екі үлкен әлемге бөлеміз?

-адамның табиғатпен қандай байланысы бар?

(Табиғатта демалып, жануарлардың, өсімдіктердің тіршілігін бақылап жүрген адамдар бейнеленген суреттер).

-Адамды неге табиғаттың патшасы деп атайды?

-Дұрыс айтасыңдар. Адам-табиғаттың бір бөлігі. Сондықтан ол табиғатқа қамқор болуға міндетті. Ол бәрін табиғаттан үйренеді.
Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс жүргізіледі.


-Ол айналадағы дүниенің бәрін көруге, көлемін, орналасқан орнын ажыратуға көмектеседі.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

-Айналадағы дыбыстарды құлақ арқылы естиміз.Құлақты үнемі таза ұстау керек.
-Дыбыстар жоқ болып кетті. Еш нәрсе естілмейді.

-Құлақ арқылы айналадағы барлық дыбыстарды естиміз.

Балалар тісті қалай күту керектігін айтады.

Балалар сурет бойынша ненің дұрыс, ненің дұрыс емес екенін айтады.


-Өйткені адам табиғатқа өз ықпалын тигізе алады. Егер дұрыс қарамаса, табиғатты бүлдіреді. Табиғатқа қамқор болу да соның қолыңда.


Дәптердегі тапсырманы орындайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

«Табиғатта не маңызды?» ойыны.

Балалар сұраққа жауап береді. Бір жауаптан айтып(адам, күн, су, ауа, топырақ, өсімдік, жануарлар, жәндіктер,т.б.), дәлелдеп, шеңберге тұрады. Соңына бәрі қол ұстасып, қолдарын жоғары көтереді. «Табиғатта бәрі бір-бірімен байланысты» деген қорытындыға келеді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: өз ойын дұрыс жеткізуді; сезім мүшелерін күтуді.

Түсінеді: адамның табиғаттың бір бөлігі екенін; адамның табиғатпен тығыз байланысын; адамның табиғатқа ықпалын.

Қолданады: дене мүшелерінің және сезім мүшелерінің атқаратын қызметі туралы білімді.

Тақырыбы: Қызыл кітапқа енгізілген Қазақстан жануарлары.

Мақсаты:


  1. Балалардың Қызыл кітап туралы түсініктерін қалыптастыру; жанурлардың жойылып кету себептерін түсіндіру; оларды қорғау жолдарымен таныстыру.

  2. Өз елінің жануарлары, олардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту; оларды қорғау үшін адамдардың не істеу керектігі жөніндегі білімдерін дамыту.

  3. Туған жерінің табиғатына деген жауапкершілік сезімдерін арттыру; жануарларға қайырымды болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: Қазақстанның Қызыл кітабы, қорғауға алынған жануарлар, қорықтар суреті, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: қорықтар, қаскер, қорықшы.

Билингвальды компонент: Қызыл кітап-Красная книга, жойылу-исчезающий, қаскер-браконьер, қорықтар-заповедники, қорықшы-егерь.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар, бізге жануарлардан жеделхат келіпті. Онда былай деп жазылыпты: «Біздің арамызд кейбір жануарлар адамдардың кесірінен азайып бара жатыр.

Бізге көмек көрсетулеріңізді сұраймыз».

Олай болса, бүгін біз ол жануарлардың не үшін азайып бара жатқан себебін анықтап, көмек көрсету жолдарын қарастырайық.


Балалар жеделхаттың мазмұнымен танысқаннан кейін, өз беттерінше жануарларға қалай көмек көрсетуге болатыны туралы ойларын айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог азия муфлоны (жабайы қой), қарақал, ақбөкен(киік), қарақұйрық суреттерін көрсетеді. Олар туралы қысқаша мәлімет береді.

Азия муфлоны Маңғыстау облысында Үстіртте мекендейді. Олар таулы жерде тіршілік етеді. Өсімдіктермен қоректенеді. Қолға тез үйренеді. Саны азаюына байланысты қорғауға алынған.

Қарақал-мысық тұқымдасына жататын аң. Қазақстанның шөлді аймақтарында, тау аңғарында кездеседі. Құмды жерде жақсы, батпай, жеңіл жүреді. Құлағының сырты қара, ұшында ұзын шашағы бар. Арқасы қоңыр сары, бауыры ақшыл сары. Ол жемін көбінесе түнде аулайды. Өте шапшаң. Өзі ін қазбайды, жайраның, түлкінің інің пайдаланады. Кеміргіштермен, кірпі, жайра, бауырымен жорғалаушыларымен қоректенеді.

Қарақұйрық Маңғыстауда, Арал өңірінде, Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдалада кездеседі. Тұлғасы сымбатты, құйрығы, тұяқтары кішкентай. Жыл маусымына қарай қоныстарын өзгертіп отырады. Дәмді еті мен терісі үшін көп ауланады. Қорғауға алынған.

Ақбөкен(киік)-қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын тұз жануары. Шөлді, далалы жерлерде тіршілік етеді. Олардың басты жауы-қасқыр. Дәмдә еті, құнды мүйізі, тұяғы, әдемі терісі үшін ауланады.

Ақбөкенді азаюына байланысты аулауға тыйым салынған.



Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз бір демалайық.

Билингвальды компонент.

Қызыл кітап-Красная книга, жойылу-исчезающий, қаскер-браконьер, қорықтар-заповедники, қорықшы-егерь.

-Бірақ осы жануарларға қауіп төніп тұр екен. Олар жойылып кету алдында тұр. Олардың жойылып кету себебі неден деп ойлайсыңдар?

Педагог балалардың ойын толықтырады:

Олардың азайып кетуіне алдымен адамдар кінәлі. Қаскерлер олардың кейбіреулерін бағалы терісі немесе дәмді еті үшін аяусыз аулады. Олар мекен ететін ормандағы ағаштарды кесті немесе кең даланы жыртып, олардың жайылымын азайтты. Адамдар енді ғана оларға көмек көрсетпесе болмайтынын түсініп, әртүрлі жолдарын қарастырып жатыр. Ең бірінші, оларды қорғауға алу керектігін түсінді. Сондықтан ғалымдар Халықаралық Қызыл кітапты ойлап тапты. Сондай-ақ әр елдің өз Қызыл кітабы бар. Ол кітаптың түсі неге қызыл?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Қызыл кітап-бұл ерекше кітап(Қазақстанның Қызыл кітабын көрсетеді). Оның ішінде жойылып кеткен және жойылудың алдында тұрған жануарлардың тізімі берілген. Олар туралы қысқаша мәлімет беріліп, оның қай жерді мекендейтіні туралы айтылады.

-Жануарларды не үшін қорғауымыз керек, олардың қандай пайдасы бар?

-Адамдар жануарларды қорғау үшін Қызыл кітаптан басқа не ойлап тапты?

Қазақстанда оларды қорғайтын арнайы қорықтар бар. Қорыққа рұқсатсыз кіруге болмайды. Ол жердегі өсімдіктерді, жануарларды адамдар қорғап, күтіп, баптайды. Қазақстанның әр жерінде орналасқан 10 қорық бар. Олар: Ақсу-Жабағалы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қорғалжын, Марқакөл т.б. қорықтардың суреттерін және картадан орналасу орнын көрсетеді.
Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс.


Жойылып бара жатқан аңдардың суретімен таныса отырып, олар туралы кең түсінік алады. Олар туралы телидидардан немесе кітаптардан не көргендері жайында әңгімелейді.

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

-Қызыл түс қауіпті, оған көңіл аударуды, ескертуді білдіреді.

-Жануарлардың пайдасы өте көп.Олардың терісін, етін пайдаланады, олар табиғатқа ерекше әсемдік береді. Жануарлар өсімдіктердің көбеюіне, таралуына көмегін тигізеді.

Балалар педагогтің көмегімен жауап береді:

Оларды қорғайтын арнайы орындар, мамандар бар.

Балалар қорықтардың суреті бойынша өз ойларын айтады. Оның табиғаты, ол жердегі жануарлардың алуан түрлілігі туралы әңгімелейді.

Тапсырманы орындайды.




Рефлексиялық-түзетушілік

-Біз бүгін азайып бара жатқан жануарлардың кейбірімен танысып, оған адамның келтіретін зиянын білдік. Ал адамдар тек қана зиян келтіре ме, жоқ әлде қандай да бір пайдасы бар ма?

«Жақсы-жаман» ойынын ұйымдастыру.

-Суреттерге қарап, олардың қасына жақсы нәрсеге жасыл дөңгелек, жаман нәрсеге қызыл дөңгелек қоямыз(табиғатқа қамқорлық және қастандық жасап жатқан әртүрлі суреттер ілінеді).

-Біз өзіміздің «Қызыл кітабымызды» жасайық. Сирек кездесетін жануарлар туралы білген сайын оны суретпен, жазумен толықтырып отырамыз.



-Жануарлардың азаюына кесірін тигізетін адамдардан басқа аңдарды қамқорлыққа алып, көмектесетін адамдар да көп. Біз олардан үлгі алуымыз тиіс. Балалар неге қызыл дөңгелек қойғанын немесе жасыл дөңгелек қойғанын дәлелдей отырып түсіндіреді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарларды таниды, атын атайды.

Түсінеді: жануарлардың азайып кету себебін, оған адамдардың қандай зиянын келтіретінін.

Қолданады: жануарларға қамқорлық жасауды, жақсы-жаман әдеттерді айыра білуді.

Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері және оларды күту.

Мақсаты:

  1. Балалардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін бекіту (атауы, құрылысы); өсімдіктерді салыстыра білу, олардың айырмашылығы мен ұқсастығын таба алу; олардың өсуіне қажетті жағдаймен таныстыру.

  2. Практикалық жұмыс істеу дағдыларын арттыру; өсімдіктер туралы білімдерін дамыту.

  3. Әңгімеге араласа білуге, өз көзқарасын айта алуға тәрбиелеу; өсімдіктерді өсіруге, күтуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сөздік жұмыс: бөлме өсімдіктері.

Билингвальды компонент: бөлме өсімдіктері-комнатные растения, су бүрку-опрыскивать водой, топырағын қопсыту-разрыхлять почву.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

-Балалар, табиғат бұрышынан білуге құмар Қоянның хатын тауып алдым. Ол хатында бөлме өсімдіктерін жақсы көретінін, бірақ оны қалай күту керектігін білмейтінін айтыпты.

Балалар Қоянның хатымен танысады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Олай болса, Қоянға біздің бөлмедегі өсімдіктерді көрсетіп, оны қалай күту керектігін үйретейік.

-Қоян, қарашы біздің топта бөлме өсімдіктері қандай көп. Балалар, осы өсімдіктердің атын атап көрейікші.

-Балалар, өсімдіктердің бәріне ортақ ұқсастықты айтып беріңдерші.

-Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?


Сөздік жұмысы жүргізіледі.

Билингвальды компонент:

бөлме өсімдіктері-комнатные растения, су бүрку-опрыскивать водой, топырағын қопсыту-разрыхлять почву.


-Енді Қоянға өсімдіктердің тірі организм екенін дәлелдеп беріңдер.
-Олар аузы жоқ болса, қалай қоректенеді, су ішеді?
-Ал ауамен қалай демалады?
-Жарайсыңдар, балалар, Қоянға көп нәрсе айтып бердіңдер.

Сергіту минуты:

-Өсімдіктер алғаш өнген кезде қандай болады?

-Қалай өседі?

-Жапырағын қалай жаяды?

-Гүлдері қайда өседі?
-Жаңбыр жауғанда гүлдер қайтеді?
Практикалық жұмыс.

-Балалар, енді Қоянға өсімдіктерді қалай күту керек екендігін көрсетейік.


-Өсімдік жақсы өсу үшін не керек?
Олай болса, өсімдіктерді жарық жерге қойып, өсімдіктерге күтім жасайық.

1.Топырақты таяқшамен қопсытамыз.

2.Жапырақтарының шаңын жұмсақ шүберекпен сүртеміз.

3.Су құямыз.

4.Жапырақтарына су бүркеміз.

-Өсімдіктердің жапырағы, тамырына зақым келтірмес үшін, күту жұмысын қалай орындадыңдар?

-Жарайсыңдар, балалар! Сендер Қоянға өсімдіктерді күтуді үйретіңдер. Енді ол да өсімдіктер өсіретін болады.

-Ал енді олар неге бөлме өсімдіктері деп аталады?



Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу.

Балалар педагогтің көмегімен өсімдіктердің атын атайды: бегония, бальзамин, герань, папортник, кактус т.б.

-Олардың тамыры, жапырағы, сабағы бар.

-Олардың жапырақтары әртүрлі, бірінің сабағы жуан, бірінің сабағы жіңішке.

-Өсімдіктер өседі, қоректенеді, су ішеді, ауамен демалады, өсуін тоқтатады.

-Ол тамыры арқылы топырақтан қоректік затты, суды алады.

-Жапырағы арқылы демалады.

Балалар отырады.

-Жайлап көтеріледі.
-Қолдарын екі жағына жаяды.

-Қолдарын жоғары созады.

-Қолдарымен бастарын жабады.
Балалар алжапқыштарын киеді, қолдарына таяқшаларын, су сепкішті алады.

-Өсімдік жақсы өсу үшін ауа, жарық керек. Балалар екі-үштен бірігіп, топтағы өсімдіктердің топырағын қопсытып, су құяды.,

-Мұқият, ұқыпты, баппен, мейіріммен.

-Өйткені олар бөлмеде өсіріледі.

Тапсырмаларды орындайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар, алдарыңда әдемі құмыралардың суреті тұр. Осы құмыраларға гүлдер өсіруіміз керек. Мен жақсы музыка қоямын, музыканың көмегімен әдемі гүлдердің өсуіне көмектесіңдер.

Қоян балаларға алғысын айтып, қоштасады.



Балалар құмыраға өздері қалаған гүлдің суретін салады. Олар гүлдерін Қоянға сыйлайды.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: бөлме өсімдіктеріне дұрыс күтім жасауды; оның өсуіне қажетті жағдайды.

Түсінеді: өсімдіктердің ұқсастығы мен айырмашылығын; өсімдік мүшелерін ажырата білуді; өсімдіктердің өсуі үшін ауа, жылу, жарық, судың қажет екендігін.

Қолданады: практикалық жұмыс істеу дағдыларын арттырады; өсімдіктерді өсіруге деген қызығушылықтарын арттыруды.

Тақырыбы: Табиғатқа қауіп-қатер төнуде.

Мақсаты:

  1. Еліміздің орман, тоғай, өзен-көл сияқты байлықтары туралы түсініктерін кеңейту; табиғатта өзін дұрыс ұстау туралы ережені бекіту.

  2. Ойлауларын, сөйлеу тілдерін, шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру.

  3. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: құстардың дауысы, бұлақтың сылдыры жазылған үнтаспа, жасаңды ағаштар мен гүлдер, «көл», «алау» бейнелері, саңырауқұлақ муляждары, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыстар: орманшы.

Билигвальды компонент: орманшы-лесник, табиғат аясында-на лоне природы.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1

2

3

Мотивациялық- қозғаушылық

Құстардың даусы мен бұлақтың сылдыры жазылған үнтаспа ойналады. Кенет құстар адам даусымен сөйлеп кетеді:

«Көмектесіңдер, табиғатқа қауіп төнуде.Біз құрып бара жатырмыз. Көмектесіңдер!»

Залға Орманшы жүгіріп кіреді:

«Балалар , не естідіңдер!» деп сұрайды.



Балалар үнтаспадан құстардың даусын тыңдайды.

Балалар: «Табиғатқа қауіп төніп тұр екен. Бізден көмек сұрайды»,-дейді.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

Билигвальді компонент.

Орманшы-лесник, табиғат аясында-на лоне природы.

Орманшы:

-Менің көмектесуге жалғыз шамам жетпейді.Маған көмектесіңдер.Орман көлде табиғатты бүлдіретін балалар пайда болыпты.

Балалар орманға кіреді.Сынған ағаштарды, шашылған саңырауқұлақ, жаңғақтарды көреді.Балалардың алдынан Тиін шығып, орманға сотқар балалардың кіріп, бұтақтарды сындырып, саңырауқұлақтарды жұлғанын айтады.

-Балалар, олар қандай ережені бұзды?

-Достар ,рақмет! Орманшы екеуіміз әрі қарай кеттік.

Олар өзенге келеді. Оның айналасында қоқыстар, шыны ыдыс сынықтары мен жағылған оттың күлі шашылып жатыр.

Орманшы:

-Орманда демалған кезде осылай шашып кетуге бола ма? Оларға не айтасыңдар?

Қолында кірпі салып алған қорабы бар сотқар бала шығады.

Орманшы:


-Сенің қорабыңда не бар?

-Мен тірі ойыншық тауып алып, қорапқа салып алдым. Ол ұйықтап қалды.

-Тірі кірпі ойыншық емес. Балалар, не айтасыңдар?

Орманшы:


-Сен табиғатқа көп зиян келтірдің.Барлық құстар шырылдап көмек сұрап жатыр. Ал біздің балалардың саған айтар ақылы бар. «Табиғатта өзіңді қалай ұстау керек?»дидактикалық ойыны.

Мақсаты: сурет бойынша орманда өзін дұрыс ұстау ережесін сипаттай білу; туған өлкесінің табиғатына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.



Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу.



Балалар орманға қарай аттанады.Жолда табиғатта өзін дұрыс ұстау ережесін еске түсіреді:

-Табиғат аясында шулауға, айғайлауға болмайды;


-ағаштарды сындырма;
-құстарға, жануарларға, жәндіктерге тиіспе;

-қоқыс тастама;

-саңырауқұлақтарды тек қана кесіп ал т.б.
Балалар:

-Орманға демалуға барғанда, артынан отырған жеріңді тазалап, жинап кету керек.

-Орманнан тауып алған кірпіні үйгк алып кетуге болмайды.Ол орманда тіршілік етуге үйренген.

-Адамдар табиғатқа бүлдіру үшін емес, демалу үшін барады.Сондықтан мұнда барлық адамдар өзін дұрыс ұстап, табиғатты сүюі керек. Балалар адамның табиғатқа келтіріп жатқан зиянды әрекеттерін бейнелейтін карточкаларды қарайды. Әр бала өзіне берілген сурет бойынша адамдардың теріс қылықтарына баға береді.

Тапсырмаларды орындайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

Музыка ырғағымен Тиін шығады.

Балалар, сендерге рақмет! Сендер сотқар баланы өздеріңмен ертіп жүріп, табиғатқа қамқор болуды үйреттіңдер.Ол да сендер сияқты табиғат қамқоршысы болсын.Орман тұрғындарының атынан сендерге «Орман қорғаушылар» деген төсбелгі таратып берейін.



-Рақмет саған, Тиін. Бізге саясын сыйлаған орманға да үлкен алғысымызды білдіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет