Тақырыбы: Жанды және жансыз табиғат. Мақсаты



бет4/6
Дата19.12.2019
өлшемі119,99 Kb.
#53798
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
экология1


Күтілетін нәтиже:

Орындайды : орман байлығын қорғауды; орманда өздерін дұрыс ұстауды.

Түсінеді : орманның өсімдіктер мен жануарлар үшін пайдасын, орман тіршілігіне зиян келтіретін әдеттерді.

Қолданады : зиянды әдеттерден аулақ болуды.

Тақырыбы: Қазақстанның өзен-көлін мекендейтін балықтар.

Мақсаты:

  1. Қазақстан өзен-көлдерін мекендейтін балық түрлерімен таныстыру; балықтың құрылысы, оның тіршілігі туралы білім беру.

  2. Балаларды туған жерінің құндылығымен таныстыруды жалғастыру, балықтар туралы білімдерін әрі қарай дамыту.

  3. Табиғатты сүюге, қорғауға, судың адам өміріндегі маңыздылығын түсінуге тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: алабұға, сазан, бекіре, албырт, табан балық суреттері, жұмыс дәптері.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: су, оның манызы туралы әңгіме жүргізу, сумен тәжірибелер жүргізу, серуенде суды бақылау.

Сөздік жұмыс: бекіре ,алабұға, табан балық, албырт балықтар.

Билингвальды компонент: көз-глаза, желбезек-жабры, қабыршақ-чешую, жүзбеқанат-плавник, уылдырық-икра.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1

2

3

Мотивациялық-қозғаушылық

Педагог балық туралы жұмбақ айтады:

Жаны бар, қаны бар,

5 сағат жерде тұрса,

Қаны да жоқ, жаны да жоқ.

-Балықтар қайда болады?
-Қазақстанның қандай өзен-көлдерін білесіңдер?

-Жұмбақтың шешуі:балық.

-Балықтар өзен-көлдерде болады.

Балалар өздері білетін өзен-көлдерді айтады.




Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балықтардың суретін көрсетіп, құрылысына талдау жасайды:

-Балықтың денесі неше бөліктен тұрады?

-Олар қалай тыныс алады?
-Олардың денесі немен қапталған?
-Қабыршақтар не үшін қажет?

-Ал оларға жүзуге не көмектеседі?


-Олар қалай көбейеді?
Билингвальді компонент.

Көз-глаза, желбезектер-жабры, қабыршақ-чешую, жүзбеқванат-плавник, уылдырық-икра.



Сергіту сәті:

Теңіз толқиды.

Толқындарын жағаға ұрады.

Балықтар оңға, солға жүзеді.

Біз балық ұстаймыз.

-Біз бүгін сендермен өзіміздің өзен-көлдерімізде көп кездесетін балық түрлерімен танысамыз.

Педагог балықтардың суреттерін көрсете отырып таныстырады .Бекіре-бағалы балықтардың бірі.Каспий теңізінде, Еділ, Жайық өзендерінде ғана мекендейді.Ұзындығы 5 м-дей болады. Балықтардың ішіндегі ең семізі және еті жұмсағы, сүйегі болмайды.Бекірені аулауға тыйым салынған.Егер қорғамасақ, 4-5 жылда жойылып кетеді. Алабұға Қазақстанның барлық өзен-көлдерінде кездеседі. Ұзындығы 4-5 м-ге жетеді. Кәсіптік маңызы бар. Сазан –қабыршағы ірі, екі езуінді мұртшалары бар балық.Еділ, Жайық, Жем өзендерінде, Шлақар, Каспий теңіздерінде кездеседі. Сазанның еті дәмді болады. Ересектерінің ұзындығы 40-45см, салмағы 2,5 кг болады. Өзен-көлдердің суы тартылуына байланысты азайып, дене тұрқы кішірейіп кетті. Табан балық ағысы жай барлық су алаптарында тараған. Қақталған, ысталған, тұздалған және қолма-қол түрінде пайдаланады. Қолдан өсіруге де болады. Албырт балықтар Каспий, Аралтеңіздерінде кездеседі. Ұзындығы 1м-ге кейбірінің салмағы 51кг-ға дейін жетеді. Өсімталдығы төмен.Тынық мұхитындағы албырт балықтар тіршілігінде 1-ақ рет уылдырық шашып, содан соң өледі. Қазақстанның ғана емес, Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген.

-Балықтар қандай суды жақсы көреді?


Балықтарды қорғау үшін өзен-көлдердің суын ластамау керек.Оларды жөнсіз ауламаған жөн.Ұсақ балықтарды ауламай, ірі балықтарды аулау қажет, өйткені ұсақ балықтар өсіп, ұрпақ таратады. Балықтарды уылдырық шашатын кезде аулауға болмайды.

-Өзен-көлдерде балықтардан басқа не болады?

-Оларды да күту керек, өйткені балықтар олармен қоректенеді.

Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу.



-Денесі үш бөліктен тұрады: басы, денесі, құйрығы.

-Олар желбезегімен тыныс алады.

-Олардың денесі қабыршақтармен жабылған.

-Қабыршақтар балықтың денесін жарақаттанудан сақтайды.

-Жүзбеқанаттардың көмегімен жүзеді.

-Олар уылдырық шашу арқылы көбейеді.

Балалар сөйлемдерге сәйкес қимылдар жасайды.


Балалар мұқият тыңдайды.

-Балықтар таза суды жақсы көреді.

-Өсімдіктер, балдырлар, шаяндар,...

Тапсырмаларды орындайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

«Ұсақ ірі балықтар» ойынын ұйымдастыру.

3-4 қыз ұсақ балық,3-4 ұл ірі балық болады. Қалған балалар қол ұстасып, шеңбер жасап тұрады. Олар балықшылар болады. Балықтар ортада тұрады.Ұсақ балықтар жүзген кезде балықшылар оларды сыртқа шығару үшін қолдарын жоғары көтереді де, ірі балықтар шығып кетпес үшін, қайтадан қолдарын тез түсіреді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: өзен-көлдерді ластамауды, ондағы тіршілік ететін балықтарға қамқорлық жасауды;

Түсінеді: өзен-көлдердің пайдасын, оны қорғауды; судың адам өміріндегі маңызын, табиғатты сүюді;

Қолданады: балық түрлері, олардың атауы, құрылысы, тіршілігі туралы білімді.

Тақырыбы: Табиғат бұрышын мекендеушілер. Оларды күту.

Мақсаты:

  1. Жанды табиғат бұрышын мекендеушілер, оларға күтім жасау жолдарымен таныстыру.

  2. Жануарлар туралы түсініктерін кеңейту.

  3. Табиғат бұрышын мекендейтін жануарларға деген қамқорлық сезімдерін арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар және жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: табиғат бұрышы.

Билингвальды компонент: табиғат бұрышы-уголок природы, тасбақа-черепаха, атжалман-хомяк.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

-Бүгін бізге жақын тіршілік ететін жануарлар, оларды күту туралы әңгімелейміз. Кәне, кім нені жақсы көреді? Немесе өзіңмен бірге үйде қандай жануар тіршілік етсе деп армандайсың?

-Табиғат бұрышын мекендейтін қандай жануарларды білесіңдер?



Балалар өздеріне ұнайтын табиғат бұрышын мекендеушілер туралы айтады. Оның қандай қылықтары ұнайтынын әңгімелейді.

-Балықтар, кірпі, тасбақа, қоян, атжалман, тотықұс ...



Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Ал, кәнеки, бәріміз ұйықтаймыз. Сендер ұйқыашардың даусы естілгенде оянасыңдар.

Педагог құстың жағымды даусы жазылған таспаны қояды.


-Күнде таңертең оятатын сағат шырылы мен құстың даусын салыстырыңдар.
-Адамдар не үшін бұл жануарларды бөлмеде өсіреді?

Сөздік жұмысы жүргізіледі.



Билингвальдық компонент:

табиғат бұрышы-уголок природы, тасбақа-черепаха, атжалман-хомяк.

-Біз бүгін «Табиғат бұрышының» тұсаукесерін өткіземіз.

Демонстрациялық материал.

1-«Табиғат бұрышының» көрінісі.

-Біз бүгін табиғат бұрышын мекендейтін жануарлар туралы әңгімелейміз. Осы жануарлардың қайсысы кімнің үйінде мекендейді?

-Үйімізде бұл жануарлардың бәрін асырай алмаймыз.Неге?

-Ал біз өз балабақшамыздағы жануарларға күтім жасайтын боламыз.

2-Аквариумның суреті.

-Табиғат бұрышындағы жануарларды күту үшін нені білу керек?

-Алдымен аквариумда өсірілетін балықтармен танысайық.

Балықтарды міндетті түрде аквариумда өсіру керек. Неге?

-Балықтарды қалай күту керек?

Аквариумда не болуы тиіс?

-Балдыр не үшін керек?


-Аквариумдағы балықтардың пішіні қандай? Аквариумда қандай балықтар өсіріледі?
-Балықтарды дұрыс күту үшін нені білу керек?

3-Тордағы канарейканың суреті.

-Канарейка қандай құс?

Канарейка-үйге үйретілген құс? Бұл құсты торда ұстайды. Ол адамдарды өзінің әнімен қуантады(оның даусын тыңдату).


Сергіту сәті:

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Артқа қарай бір адым,

Алға қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

4-Табиғат бұрышындағы тасбақаның суреті.

-Тасбақа туралы не білесіңдер?

Тасбақа өзін 18-20 градус жылылықта жақсы сезінеді. Температура төмен болса, аз қозғалады. Оған ұсақ құрттар, шикі ет, балық беруге болады.

5-Атжалманның суреті.

-Атжалман неге ұқсайды?


-Олар тышқан сияқты зиянды ма? Атжалманды ескі аквариумға, шыны банкіге орналастыруға болады. Оларды күту көп қиындық әкелмейді.

6-Тордағы тотықұс суреті.

-Суретке қараңдаршы. Ол қандай құс?

Тотықұс торға тез үйренеді. Тордың ішінде ондаған жыл өмір сүре береді. Ол қатты айғайлап немесе сыбырлап тілдеседі.

-Оның қандай ерекшелігі бар?

Дәптермен жұмыс жүргізу.

Жеке жұмыс жүргізу.




Балалар педагогтің нұсқауымен бастарын партаға қойып, ұйқыға кетеді. Құстың даусы естілгенде, бастарын көтереді.

Сағаттың шырылы ұйқыдан шошытып оятады. Ал құстың даусы жағымды естіледі.

Адамдар оларға қамқорлық жасайды, олардың жанында өзін рақат сезінеді.

Балалардың жануарларға деген сүйіспеншіліктері артады.

Балалар өздерінің үйінде мекендейтін жануарлар туралы әңгімелейді.

-Кейбіреулердің үйінде орын болмауы мүмкін.

-Қарап, күтетін уақыттары болмауы мүмкін.

Жануарларды күтуді, қалай қоректендіруді білу керек.

-Аквариумда оларға су қоймаларындағыдай жағдай жасалған.

-Құм, ұсақ тастар, балдырлар.

-Балдыр таза оттегі бөледі.

-Балықтар сопақша, үшбұрыш, тік төртбұрыш пішінді.

Аквариумда өсірілетін балықтар: семсерқұйрық, гуппи, скалярия.

-Оларға азықты қалай беру керек екенін және қандай ұлуларды жіберу керек екенін білу керек.


-Канарейка-әнші құс. Өзі кішкентай болады.

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.


-Тасбақа-арқасында сауыты бар, баяу қозғалатын жануар. Ол қорықса, сауытының астына жасырынып қалады.

-Атжалман үлкен тышқанға ұқсайды.

-Жоқ, олар тістемейді, жиһазды кемірмейді, оны бөлме ішіне жіберіп қоюға болады.

-Ол-өте әдемі құс.


-Тотықұс адамның сөзін қайтайлай алады.





Рефлексиялық-түзетушілік

Өзіңе ұнаған табиғат бұрышын мекендеушілердің бірінің суретін сал немесе аппликация жаса.

Балалар шығармашылық жұмыспен айналысады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: үйдегі, табиғат бұрышындағы жануарларға қамқор болады.

Түсінеді: оларға күтім жасауды; үйде өсіруге болатын жануарлар тіршілігіндегі ерекшелікті.

Қолданады: табиғат бұрышын мекендеуші жануарлардың аттарын, олардың ерекшелігін.

Тақырыбы: От бізге дос па, қас па?

Мақсаты:

  1. Оттың пайдасы мен зияны туралы білімдерін кеңейту; өрт кезіндегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

  2. Өз іс-әрекетін қорытындылау, шешімін шығару, логикалық пікір айту дағдыларын дамыту.

  3. Өрт сөндірушілер қызметін құрметтеуге, қырағы, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: «Өрт сөндірушілер» деген төсбелгілер, жұмыс дәптері, демонстрациялық материал.

Сөздік жұмыс: өрт сөндіруші, өрт қауіпсіздігі.

Билингвальды компонент: өрт сөндіруші-пожарник, от-огонь, өрт-пожар, өрт қауіпсіздігі-пожарная безопасность.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотвациялық-қозғаушылық

Бүгін біз сендермен оттың пацдасы мен зияны, өрттен қалай қорғану керектігімен, өрт сөндірушілердің еңбегімен танысамыз.

Сендердің бұл туралы не білетіндеріңді «Жақсы-жаман» ойыны арқылы тексереміз.


Балалар оттың пайдасы мен зияны туралы білетіндерін айтады.

«От-біздің досымыз» От үйді жылытады, тамақ пісіреміз.

От-символ, мәңгілік алау арқылы ардагерлерді еске аламыз.Олимпиада алауын спортшылар алып жүгіреді.

Алау жағып, оның айналысында адамдар ән айтып, көңілді отырады. «От-біздің жауымыз». Отты дұрыс пайдалаңбасаң, өрт шығады. Өрттен адамдар көп зардап шегеді. Отты дұрыстап өшірмесең, ормандағы ағаштар өртеніп кетеді. Аңдар, құстар зиян шегеді.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Билингвальды компонент:

өрт сөндіруші-пожарник, от-огонь, өрт-пожар, өрт қауіпсіздігі-пожарная безопасность.


Өте ерте заманда адамдар тас үңгірлерде өмір сүріп, аң терісін жамылып жүргенде, оларға от қажет болды. Сөйтіп, олар отты тұтатуды үйренді.

-От адамға не үшін қажет?

-Бірақ оның кейде бізге зияны тиетін кезі де болады. Қандай зиян тигізуі мүмкін?
1.»Жанады, жанбайды» дидактикалық ойыны.

Педагог әртүрлі заттардың атауын айтады.

2.Педагог орманның суретін көрсетеді.

-Балалар, орманда көп аңдар өмір сүріпті. Олардың қожайыны аю болыпты. Ол орманда өрт қауіпсіздігін бақылапты. Өйткені олардың біреуі қауіпсіздік Ережесін бұзса, орманда өрт шығуы мүмкін. Онда аңдар қайда өмір сүреді? Аю бәріне сұрақ қойып, білімдерін тексеріпті. Аю қандай сұрақтар қоюы мүмкін?

Бірақ оның айтқанын ормандағы жалмауыз кемпір тыңдамапты.
Ол үйіне от жағып, өзі көрші үйге қыдырып кетіпті. Пеш қараусыз қалыпты. Үйіне қарай келе жатқан терезеден от жалыны шығып жатқанын көреді. Жақын жерде су да жоқ. Ол енді не істеуі керек?

-Ол үшін қандай нөмірге хабарласу қажет?

-Не айту керек?
Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу.

Эстафеталық жарыс ұйымдастыру. Балалар екі топқа бөлінеді. Екі топтың арасында жарыс ұйымдастырылады.
Ойын аяқталғаннан кейін, балаларға, «Жас өрт сөндірушілер» деген төсбелгі таратылды.


Балалардың мүмкін жауаптары:

-От адамға тамақ пісіру, үйін жылыту үшін керек.

-Отты дұрыс қолданбасаң, өрт шығуы мүмкін.

Балалар қайсысы тез жанатынын, қайсысы жанбайтынын айтады.

Ойыннан кейін балалар мынадай қорытынды шығаруға тиіс:»Судан басқа нәрсенің, негізінен, барлығы жанады».

Балалар мұқият тыңдайды.

Балалар бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.

-Өрт сөндірушілерге телефон соғуы керек.

-101-ге хабарласу керек.

-Аты-жөнінді, үйдің мекенжайын.

Тапсырмаларды орындайды.

Балалар бастарына өрт сөндірушінің каскасын (кішкентай) киіп, қолдарына шелек ұстайды. Бұйрық берілгеннен кейін, конустардың арасынан ирек жолмен жүгіріп, шығыршық арасынан өтіп, суды "төгеді" (өртті сөндіреді).

Кері қайтқанда тура жүгіріп, шелекті келесі балаға ұсынады.



Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог заттардың атын атайды және суретін көрсетеді. Егер ол өрт туғызатын қауіпті зат болса, балалар қол шапалақтайды.

1.Шырақ.2.Телидидар.3.Текше. 4.Үтік. 5.Қарыңдаш. 6.Компьютер. 7. Сіріңке. 8. Конструктор. 9. Газ. 10. Бояу. 11.Жанармай.



Балалар қауіпті зат аталғанда, қол шапалақтайды және неге қауіпті екенін айтады.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: өрт қауіпсіздігі ережелерін; өз іс-әрекетіне ұқыпты болуды.

Түсінеді: оттың пайдасы мен зиянын; оттың қай кезде қауіпті екенін; өрт қауіпсіздігін сақтауды.

Қолданады: өз пікірін айту; ойын қорытындылай алу дағдысын.

Тақырыбы: Қоректену тізбегі.

Мақсаты:

  1. Сызба арқылы табиғаттағы өсімдіктер мен жануарлардың, адамның өзара байланысын көрсету; азық тізбегін құра білуге үйрету.

  2. Адам үшін барлық тіршіліктің маңызды екенін ұғындыру; табиғаттағы тепе-теңдіктің қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту.

  3. Табиғат байлығын сақтауға өз үлесін қосуға тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: азық тізбегінің сызбалары, жеке суретті карточкалар, орман, емен ағашының суреттері.

Сөздік жұмыс: қорек тізбегі.

Билингвальды компонент: қорек тізбегі-пищевая цепь, еменжаңғақ-желудь, тепе-теңдік-равенство.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1

2

3

Мотивациялық-қозғаушылық

-Балалар, бүгін біз серуенге шығамыз( музыканың сүйемелдеуімен). Орманның үлкен суреті ілінеді.

-Орманда қандай ережені сақтау керек?



Балалар сурет бойынша орманды суреттейді.
-Орманда аңдарды үркітпеу үшін, тыныштық сақтау керек.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Билингвальді компонент.

Қорек тізбегі-пищевая цепь, еменжаңғақ-желудь, тепе-теңдік-равенство.

-Орманда нелер мекендейді?
-Бүгін біз ормандағы тіршілік иелерінің бір-бірімен көрінбейтін жіп арқылы қалай байланысатыны туралы әңгімелейміз.

-Жануарлар немен қоректенеді?


-Қандай жануарлар өсімдіктермен қоректенеді?

Қандай жануарлар жәндіктермен қоректенеді?

-Ал ет жейтін аңдарды білесіңдер ме?

-Өсімдіктермен қоректенетіндерді өсімдік қоректілер, ал шикі етпен қоректенетіндерді жыртқыш аңдар дейді, ал қорек талғамайтындарды талғаусыз қоректілер деп атайды.

-Жыртқыш аңдар туралы мейірімді сөздер айтайық.

-Әрбір аң өз азығын тауып жеуге бейімделеді.

-Ал осы тіршілік иелерінің арасындағы байланысты тізбек арқылы көрсетуге болады. Тізбек алдымен өсімдіктен басталады. Бүгін бізге қонаққа Емен келді. Сендер Еменнің нелермен дос екенін білесіңдер ме?(Сурет көрсетіледі). Тақтаға сызба және аңдар суреті ілінеді.

-Бұлар- еменжаңғақ, жапырақ, емен қабығымен қоректенетін жануарлар. Ал бұл жануарларды қандай жыртқыш аңдар аулайды?

-Демек жыртқыш аңдар да еменмен тікелей емес ,жанама түрде байланысты екен.

Педагог сызба арқылы көрсете отырып, олардың байланысын көрсетеді:
-Жеке тізбектердің бір-бірімен байланысып жатқанын көріп тұрсыңдар. Міне, осылайша қорек тізбегі пайда болады. Барлық орманды мекендеушілер бір-бірімен тікелей, кейбіреулері жанама түрде байланысты.Сондықтан да орман біртұтас дүние деп аталады.

«Азық тізбегін құр!» ойыны.

Балаларға түрлі тірі организм суреттері бейнеленген карточкалар таратылып беріледі.

Экологиялық пирамиданың суреті көрсетіледі.

-Пирамиданың түбінде не орналасқан?


-Ортасында не орналасқан?

-Пирамиданың ең ұшында не орналасқан?

Жыртқыш аңдар өсімдікпен қоректенетін аңдарға қарағанда аз болуы тиіс, өсімдіктер олармен қоректенетін аңдардан көп болуы тиіс. Бұл табиғаттағы тепе-теңдік сақталуы тиіс. Сондықтан ормандағы ағаштарды кесуге, жыртқыш аңдарды жоюға болмайды.

Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу.




-Орманда түрлі жануарлар мекендейді.

-Жануарлар өсімдіктермен, жәндіктермен, кейбіреулері өзінен әлсіз жануарлармен қоректенеді.

Балалар өз білгендерінше жауап береді, педагог көмектеседі.

Балалар өздері қалаған сөздерді айтады.

Сурет бойынша еменнің достарын айтады: бұлан, қабан, тышқан, тиін, торғай, құрттар.

-Бұл жануарларды қасқыр, түлкі, үкі, бүркіт, жылан аулайды.

Қай аң қайсысымен қоректенетінін нақтылап айтады.

Осы карточкалармен балалар қорек тізбегін құрастырады.


-Пирамиданың түбінде еменжаңғақ орналасқан.

-Ортасында тышқан.

-Ең ұшында түлкі, жылан орналасқан.

Тапсырманы орындайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар қолдарындағы карточкалардан өз қалауларынша экологиялық пирамидалар құрастырады.

Өздерінің құрастырған экологиялық пирамидалары туралы әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: табиғаттағы тіршілік иелерінің бір-бірімен байланысын, азық тізбегін, экологиялық пирамиданы.

Түсінеді табиғаттағы тепе-теңдіктің сақталуының маңыздылығын.

Қолданады: қорек тізбегін, экологиялық птрамида құра білуді.

Тақырыбы:Жыл мезгілдері:қыс,көктем.Белгілері.

Мақсаты:

1.Қыс және көктем мезгілінің белгілері туралы білімдерін тереңдету;осы мезгілдерге тән маусымдық құбылыстармен таныстыру.

2.Байланыстырып сөйлеу, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін теңеу сөздерді қолданып сипаттай алу дағдыларын дамыту.

3.Табиғатты сүюге,қорғауға тәрбиелеу;маусымға сәйкес киініп жүруге,денсаулығын күтуге үйрету.



Қолданылатын көрнекті құралдар мен жабдықтар:қыс,көктем көріністерін бейнелейтін суреттер,өсімдіктер мен жануарлардың қысқы,көктемгі тіршілігін бейнелейтін суреттер, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс:маусымдық құбылыстар.

Билингвальды компонент:қысқа күн-короткий день,ұзақ түн-долгая ночь,ақтүтек боран-свирепая вьюга.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


1

2

3

Мотивациялық-қозғаушылық

Педагог қыс туралы өлең оқиды:

Балалар шықты далаға,

Ойнап, күліп жүр енді.

Шаналармен озады,

Аққаланы соғады.

-Бұл өлеңде қай мезгіл туралы айтылады?

Одан соң көктем мезгілі туралы өлең оқиды.

Тамшы,тамшы,тамшылар

Көгерді ағаш,тал шынар.

Тамшылар өнетін

Тамаша гүлдер бар шығар.


Балалар өлеңді мән беріп, мұқият тыңдайды.

-Қыс туралы айтылады.



Ұйымдастырушылық- ізденістік

-Қазір жылдың қай мезгілін шығарып салып, қай мезгілді қарсы аламыз.
Билингвальді компонент.

Қысқа түн-короткий день, ұзақ түн- долгая ночь, ақтүтек боран- свирепая вьюга.

-Қыс мезгіліне тән белгілерді айтыңдаршы?
Педагог балалардың айтқандарын сурет арқылы көрсете отырып толықтырады. Қыста ең қысқа түн, ең ұзақ күн болады. Күн өте жоғары көтерілмейді, сондықтан жер бетін аз қыздырады. Аспанды үнемі сұрт бұлт басып, күннің көзі көрінбейді. Ағаштарды, жер бетін аппақ қар басып қалады. Кейде қатты боран қарды ұйтқытып, ақтүтек болады. Өзен-көлдердің бетін қалың мұз басады да, балықтар судың түбіне қарай кетеді. Жәндіктері мүлдем көрінбейді.

-Ол жәндіктердің бәрі қайда кетті?

-Айналада құстар көріне ме?

-Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?

-Қандай ойындар ойнайсыңдар?

-Қыста ауырып қалмас үшін қалай күтінесіңдер?

-Қыста үлкендер қандай жұмыс істейді?

-Егістіктерде қарды не үшін тоқтатады?


Педагог көктем туралы өлең оқиды.

-Өлеңде қандай мезгіл туралы айтылады?

-Оны қайдан білесіңдер?

Тақтаға көктем көрінісінің суреті ілінеді.

-Суретке қарап, көктем көрінісін сереттеңдер.

Құстар дауысының фонограммасы тыңдалады.

Дауысқа арналған «Құстар» ойын-жаттығу жүргізіледі. Педагог балаларға әдемі, тыныш музыкаға құстар сияқты айналуды ұсынады. Балалардан күзде құстарды қалай шығарып салғандарын сұрайды. Енді олар біздің жерімізге қайта оралды. Ағаштар жапырақ жайып, гүл аша бастады. Айналада күнде қылтиып жаңа гүлдер шыға бастайды.

Педагог балалардың басына гүлден жасалған баскиімді кигізіп, «Алаңқайдағы гүлдер» ойынын жүргізеді.



Сергіту минуты.

  1. «Гүлдер өседі»

Баяу музыка ойнайды.Балалар жүресінен отырып, ақырындап көтеріле бастайды. Жайлап қолдарын жоғары көтереді.

  1. «Гүлдер желмен тербеледі»

Балалар музыка ырғағымен тербеледі, жайлап айналады.

  1. «Гүлдер алаңқайға шашылды».

Балалар жеңіл музыка ырғағымен жайлап жан-жаққа жүгіреді, тоқтап бастарын шайқайды.

-Сендер үйде немесе аулада қандай гүл егуге көмектестіңдер?

-Адамдар көктемде қандай еңбек түрлерін атқарады.

Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу.



-Қыс мезгілін шығарып салып, көктемді қарсы аламыз.

-Қыс мезгілінде күн суытады, қар жауады, тұман түседі, өзен-көлдерге мұз қатады.

Балалар мұқият тыңдайды.

-Жәндіктер ағаш қабығының астына, қуыстарға жасырынып қалған.

-Құстардың бәрі жылы жаққа ұшып кеткен.

Тек қана қыстап қалатын құстар ғана көрінеді.

-Ауа таза болады.

-Қыста қызық ойындардың түрі көп.Шана, коньки тебеміз, шаңғымен сырғанаймыз, қар атысамыз, аққала жасаймыз.

-Жылы киінеміз, суық қар, мұз жемейміз.

-Қар күрейді, жолдарды тазартады, егістіктерде қар тоқтатады.

-Топырақта ылғал мол болу үшін.
-Көктем көрінісі бейнеленген.

-Далада қар еріп жатыр. Аспан ашық. Ағаштарда бүршік пайда болды. Алғашқы гүлдер шыға бастады.

Балалар құстар дауысын тыңдайды. Шамалары келгенінше қандай құстың дауысы екенін ажыратады.

Балалар музыка ырғағымен айналып билейді. Қолдарын бұлғап құстарды шығарып салады, шаттанып, құстарды қарсы алады.


Балалар өздері білетін гүл атауларын атайды.

-Ауланы,көшелерді тазалайды,егістіктерде жер жыртады,егін егеді,бау-бақшаларды күтеді,балалар құстарға ұя жасайды.

Тапсырмаларды орындайды.



Рефлексиялық-түзетушілік

-маған сендердің бүгін сабақта жауап бергендерің, билегендерің ұнады. Сабағымызың соңында қыс пен көктем мезгілдерінің өздеріңе ұнаған бір белгісінің суретін салыңдар.

Балалар өз қалауларынша сурет салады. Салған суреттері бойынша әр мезгілге тән белгі жөнінде айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет