Сабақтың мақсаты: сурет трансформациясын орындауды үйрету.
Оқушылар білуі тиіс: масштаб құралы қай кезде пайдаланылатынын, трансформацияның не екенін.
Оқушылар үйренуі тиіс: суреттің масштабын әртүрлі тәсілдермен өзгертуді, көлбеуді, суретті бұруды және сурет бөліктерін өзгертуді.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Мәселе (проблема) қою
Біздің алғашқы тәжірбиелік жұмысты естеріңе түсіріндер (ойыншық). Суретті бояу үшін оның контуры қандай болуы керек? Қандай құрал контурдағы тесіктерді жабуға көмектеседі?Сәтсіз әрекетті қалай болдырмауға болады?
IV Жаңа сабақты түсіндіру
Суреттің бөлшектері масштабта дәл алынады. Windows операциясындай масштабты бірнеше тәсілдермен өзгертуге болады. Өз бумаларынан суретті ашу ұсынылады. Параграф мәтінінен тәжірбиелік жұмысты орындау. Жұмыстың мақсаты – сұрақтарға жауап беру.
Максималды масштабты қалай қоямыз?
Негізгі режимге қалай ораламыз?
Масштабты өзгертуде пернетақтаның қай пернесін басып тұрып, тышқанмен қозғалтамыз?
Белгіленген бөліктің масштабын өзгертуге бола ма?
Мәтінді масштабтағанда мәтіннің әріп өлшемі өзгере ме?
Мәтін масштабын қандай жағдайда өзгертеміз? Жауапты жұмыстың әр кезеңін орындағанда эвристикалық әңгіме түрінде айтуға болады. «Трансформация» – латын тілінен аударғанда, «өзгерту», «айналу» дегенді білдіреді.
Сұрақтар:
Өзгертулермен қай жерде кездесеміз?
Сурет бөліктерімен орындалатын операциялардың қайсысын трансформациямен салыстырар едіңдер? Сендер сурет бөлігі өлшемін өзгертуді үйрендіңдер. Бұл да трансформацияға жатады (өзгерту). Өлшемін өзгерту, кесіп алу, суретті бөлу командаларын барлық суреттерде , белгіленген суреттерде, интерактивті тақтаны, проекторды пайдаланып көрсетеді. Оқушыларға суреттің көлбеуін орындауға тапсырма беру. Жұмыс нәтижесін талқылау.
Бұрыш белгісі теріс болуы мүмкін бе?
Бұрыштың максималды белгісін қоюға бола ма? Неліктен?
Кесіп алу командасы – суреттің ерекшеленген бөлігін қалдырады. Бұл өте ыңғайлы мысалы, өрнектерді салуда олардың элементін саламыз, одан кейін оларды көшіріп, өрнекті жасаймыз, белгілеп, керек емес суретті өшіреміз.
V Сабақты бекіту
Тақырыптағы тәжірбиелік жұмысты оқушылар өздері орындайды, мұғалім кеңесші рөлінде, бақылап,нұсқау береді.
Жұмыс үстелінде «Персонализация_»_«_Персонализация=_Фон»'>Пуск= Панель управление» – «Оформление» және « Персонализация » « Персонализация= Фон» командаларын орындау.
Тыңдалған суретке тышқанның оң жағын басу.
«Открыть с помощью» – Paint командасын таңдау.
Персонализация командасына оралу.
«Изменение рисунка» сілтемесін басу.
Терезені алмасу буферіне көшіру.
Тағы бір Paint терезесін ашу.
Алмасу буферінен суретті қою.
Ұнаған персонажды белгілеу.
«Обрезка» командасын орындау.
Суреттерді бумаларында «персонаж» атымен сақтау.
Paint терезесіне фон суретімен өту.
«Вставить = вставить из» командасын орындап, персонаж файлын көрсету.
Таңдалған деңгей бойынша тәжірбиелік жұмысты компьютерде орындау.
VI Сабақты қортындылау
Тәжірбиелік жұмыс нәтежиесін тексеру, бағалау.
VII Үй тапсырмасы
§ 18 Тәжірбиелік жұмысты аяқтау. Тақырып бойынша сурет дайындау.
Тест жауаптары:
Пәні:
Информатика
Сыныбы:
5
Уақыты:
20.01.2016жыл
Сабақтың тақырыбы:
Масштаб. Суреттің трансформациясы.
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
А) ақпараттық құзыреттілік
Ә) коммуникативтік құзыреттілік
Б) проблеманы шешу құзыреттілігі
Оқушыларға масштаб, сурет трансформациясы тақырыбын меңгертіп, сурет трансформациясын орындауды үйрету;
Масштаб құралы қай кезде пайдаланылатынын, трансформацияның не екенін оқушылар ДК – мен жұмыс жасау барысында меңгереді;
Суреттің масштабын әртүрлі тәсілдермен өзгертуді, көлбеуді, суретті бұруды және сурет бөліктерін өзгерту туралы білімдерін қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі:
аралас
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:
А) Педагогикалық қарым-қатынаста жеке тұлғаны ізгілендіру және демократияландырудағы негізделген технологиялар: ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру
В) Оқыту үрдісін тиімді басқару және ұйымдастыру негізіндегі педагогикалық технологиялар: АКТ, оза оқыту, ұжымдық және топтық оқыту, жобалап оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту,
Г) Дамыта оқыту технологиялары: оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, дамыта оқыту
Сабақтың әдісі:
А) білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер: сөздік, көрнекілік, практикалық
Ә) таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер:
түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивтік, проблемалық, ішінара зерттеу, эвристикалық
Б) оқытудың дидактикалық мақсат-міндеттеріне қарай топтастырылған әдістер
В) білімді бақылау, бағалау әдістері т.б.
Пәнаралық байланыс:
Бейнелеу өнері
Оқыту құралдары:
Оқулық, ДК.
Сабақтың барысы:
Оқытушының қызметі
Студенттің қызметі
Күтілетін нәтиже
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасы тексеру
- тест жұмысы арқылы
- сұрақтар қою арқылы
Тест жұмысын орындайды;
Сұрақтарға жауап береді
Коммуникативтік құзыреттілік Проблеманы шешу құзыреттілігі
ІІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық
Сұрақтар қою арқылы.
Сұрақтарға жауап береді.
Коммуникативтік құзыреттілік
ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру
- оқулықпен жұмыс
- интерактивтік тақтамен жұмыс
-презентация арқылы
Кескіннің детальдарын дәлдеу масштабтың көмегімен жасалады. Windows – тегі барлық амалдар сияқты, масштабты әртүрлі тәсілдерімен өзгертуге болады. Мыналарды пайдаланыңдар:
Түр тіркеме бетінің саймандарын оқып – үйреніңдер!
Оқулықтағы тәжірибелік жұмысты өз беттерімен орындап сұрақтарға жауап беру.
«Трасформация» сөзі латын тілінен түрлену, алмасу деп аударылады.
Ал енді Қырқу, Мөлшерді өзгерту, Бұру бұйрықтарының қалай жұмыс істейтінін қарастырайық. Бұл бұйрықтар амалдарды тұтас суретпен және ерекшеленген фрагментпен орындайды.
Тұтас суретті немесе ерекшеленген фрагментті вертикаль және горизонталь шағылдырып орналастыруға және 90 немес 180 градусқа бұруға болады.
Суретті тышқанның көмегімен тура қажет болғандай етіп созу немесе кішірейту әрқашан қолдан келе бермейді. Егер пропорцияларды сақтау, мөлшерін бір пиксельге дейінгі дәлдікпен өзгерту керек болса, онда Мөлшерді өзгерту бұйрығын қолданыңдар.
Қырқу – суреттің тек ерекшеленген бөлігін қалдыратын бұйрық. Ол өте қолайлы, мәселен, өрнектердің суретін салғанда – алдымен элементтерін салып, одан кейін оларды көшіріп, өрнекті құрып, оны ерекшелеп, енді керек емес детальдарын қырқамыз. Сол сияқты, бұл бұйрық фотосуреттегі артық бейнелерді қырқуға мүмкіндік береді.
- оқулықпен жұмыс
- интерактивтік тақтамен жұмыс
-презентация арқылы
Түр тіркеме бетінің саймандарын оқиды.
Оқулықтағы тәжірибелік жұмысты өз беттерімен орындап сұрақтарға жауап береді.
Оқулықтағы тәжірибелік жұмысты орындайды. Сұрақтарға жауап береді.
Ақпараттық құзыретттілік
Ү. Жаңа білімді бекіту
практикалық жұмыстар(ДК мен Paint граф. Редакторымен жұмыс жасайды)
тестілер
шығармашылық тапсырмалар
Суреттің фрагментін қалай бұрамыз?
Дөңгелекті шағылдырса не болады?
Суреттің фрагментін қалай ұлғайтуға болады?
Paint –те орындалған соңғы қагша амалдан бас тартуға болады?
практикалық жұмыстар(ДК мен Paint граф. Редакторымен жұмыс жасайды)
тестілер
шығармашылық тапсырмалар
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Проблеманы шешу құзыреттілігі
ҮІ. Үйге тапсырма. Қорытындылау.
§ 17 тақырыбын мазмұндау, 146 беттегі тест сұрақтарына жауап беру.
Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі бойынша
Оқушылардың өзін – өзі бағалау парағына қарап отырып, салыстырып бағалаймын.
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі бойынша жазбаша жұмыс жасайды. Оқушылар бағаланады.
Сабақ өз мақсатына жетті.
Оқушылар құралдарын жинастырып, мұғаліммен қоштасады.
Достарыңызбен бөлісу: |