Білім беру үрдісінде дидактикалық технологияны топтық ЖӘне ұжымдық ОҚытуда



Дата07.09.2017
өлшемі71,06 Kb.
#29957
БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТОПТЫҚ ЖӘНЕ ҰЖЫМДЫҚ ОҚЫТУДА

З.С.Рахимова1* , А.Ж.Құрасбаева1

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы

Оқытудың ең жалпылама формасы оқушыларды топтастырып оқыту. Қоғамының дамуы мен қоса ғылым, техниканың дамуына байланысты, адамдардың білуге құмарлығы мен оқу, білім, ғылымның маңызы маңызы артқан сайын неғұрлым оқуға ынталылар да арта түскен. Сол себепті оқытумен шұғылданған ойлы ұстаздар ынталылар да арта түскен. Сол себепті оқытумен шұғылданған ойлы ұстздар қауымы неғұрлым көбірек адамды бір мезгілде оқытудың жолдарын іздестірген. Оны 15-16 ғасырларда өмір сүрген білгір педагог Я.А.Коменский тапты. Ол жасы бірдей танымдық деңгейлері де шамамен бірдей балаларды жинап арнайы белгіленген уақытта, білгіленген орында оқыту керек деген ұйғарымға келген. Ол сонымен бірге оқытудың әдістерімен тәсілдеріне қатысты да осы күнге дейін құндылығы жойылмаған пікірлер айтқан болатын.

Ұжымдық оқыту технологиясы дегенді – көпшілік технологиясы деп ұғыну керек. Егер «топ» деп санаулы адамдардың біріккен жиынтығын айтсақ, ұжым топтан көп немесе бірнеше ондаған адамдардың жиынтығы болады. Адам саны 3-тен артса «ұжым» болып саналады деген де ұғым бар. Мектеп жағдайында «сынып ұжымы», «мектеп ұжымы», «оқушылар ұжымы», «оқытушылар ұжымы» - деген ұжымдар бар.

Мектепте оқыту көбінесе сыныптық сабақ түрінде болып, онда жасы және білім деңгейлері шамалас бірнеше ондаған балалар оқиды. Өзі оқытатын пән бойынша негізді, берік білім беру үшін пән мұғалімі әр түрлі әдіс, тәсілдер, амалдар мен технологияларды пайдаланады. Оларды үйлестіру арқылы оқушылардың пәнді (тақырыпты) меңгеруге, оқытушының біліктілігі, құзіреттілігі, педагогикалық сауаттылығына байланысты. [1]

Ұжымдық оқыту технологиясы дегеніміз – сынып оқушыларының назарына білім мазмұнын ұсынуда оқытушы мен оқушылардың іс-әрекетін тұтастырып, бір мақсатқа бағдарлайтын әдіс, тәсіл, амалдар мен жаңа технологиялар жиынтығы.

Ұжымдық оқыту технологиялары пән бойынша блоктарға бөлінген білім мазмұнына жалпы сипаттама беруде; белгілі бір тақырыптың негізгі және маңызды ұғымдары мен түсініктеріне барлық оқушылардың назарын бірдей аудару; тапсырмаларды түсіндірмелеу; нәтижені қорытындылау және талдау; пән бойынша консультациялар беруде; жаңа тақырыпты өтуде т.б қолданылады. [2]

Белгілі болғандай, ұжымдық оқыту кезінде тақырып мазмұнын барлық оқушы бірдей жоғары деңгейде меңгере алмайды. Осы кемшілікті жою мақсатында ұжымдық оқытудың жаңа технологиялары ұсынылады. Олар мыналар;

-белсенді тақтаны, сөз түріндегі әдіс, тәсілдермен ұштастыру;

-компьютердегі интерактивті бағдарламаны қолдану;

-интернет материалдарын сабақтың тақырыптарымен қабыстыру;

-электронды құралдардағы сызба, үлгі, кесте, диаграмма, сурет т.б. оқушылардың өздігімен меңгеруіне мүмкіндік беру;

-тақырыпты меңгеру кезінде оқушылардың өзара еркін алмасуына, өз ойын білдіруіне, сұрақтар қоюына, талқылауына мүмкіндік беру;

-басқа да көрнекіліктерді сөз түріндегі әдістермен ұштастыру;

-теориялық білімді іс жүзінде пайдалануына шарт түзу үшін практикалық-жұмыстарды орындауын ұйымдастыру бойынша нұсқаулар беру;

-жұмыс нәтижелерін ұжым болып талқылау;

-белгілі бір тақырып бойынша оқушылар әзірлеген баяндамаларды тыңдау және талқылау;

Оқытушының ұжымдық оқыту технологияларын ұтымды және нәжилі пайдалануы, оқыту технологияларын тақырып мазмұнына сай тоғыстыра білуіне байланысты.

Оқушыларды білім деңгейіне қарай топтарға бөлу, тақырып бойынша алған білімін бекіту, іс жүзінде қолдану үлгілерін меңгерту, оқу тапсырмаларын орындау, күрделі мәселелерді шығару, орындаған тапсырмаларды тексеру т.б. кеңінен қолданылады. Бұл технологияны «топтық оқыту технологиясы» деп те атайды.

Оқу материалын толайымды меңгеруіне шарт түзу мақсатында оқушыларды 5-7 оқушыдан бөліп сынып ұжымы ішінде «топ» құру немесе топтарға бөлу жаңа технологияларды пайдаланудың басты шарттарының бірі. [3]

Топтың оқыту форма және әдіс немесе технология ретінде де қарастырады. Осыған орай «топтық оқыту технологиясы» деген ұғым пайда болды. Бұл бір неше ғана емес, бірнеше ондаған шәкірттерді топтастырып білім берудің ең тиімді жолдарын, әдісі мен тәсілдерін біріктіру дегенді білдіреді.

Топтық оқыту технологиясы дегеніміз – ұстаздың, оқушылар арасында өзара қарым-қатынас орнату арқылы оқытуды ұйымдастыру арқылы ұтымды нәтижеге қол жеткізу. Бұнда топ мүшелерінің бірін-бірі оқытуы және әр қайсысының берілген мәліметтерді меңгеруі, білуі. Бұл технологияны жекелеген топты оқыту үшін және ірі ұжым құрамындағы топтарды білім деңгейлері, іс-әрекет белсенділігі т.б. қарай арнайы тапсырмалар беру арқылы оқыту.

Ғалымдар бұл технологияға оқытуды сыныптық сабақ түрінде ұйымдастыру; дәрістік – семинарлық; ойын түріндегі; лабораторлық жұмыстарды топтасып орындау т.б. деп бөлістіреді.

Топтық оқытудың мынандай психолого-педагогикалық ғылыми негізі анықталған:

- оқушылардың іс-әрекетін белсендіру;

- бірін-бірі оқыту және оқуына, өзара білім алуға бағытталған қарым-қатынас (іскерлік қарым-қатынас) онатуына түрткі беру;

- білімді меңгеруін тексеру;
Дидактикалық технологиялардың салыстырмалы

сипаттамалары




Ұжымдық оқыту

Топтық оқыту

Даралап оқыту

Оқу материалының мәтінімен танысу; оны оқытушымен бірге талдау; білімді іздестіруін өзара тексеру; тапсырмаларды ұжым болып бірге орындау; сұрақтарға ұжымдасып жауаптар іздестіру; бір-біріне өзара көмектесу және бірін-бірі басқару мен бағынуы – сөйтіп нәтижеге қол жеткізу.

Топ арасындағы қарым-қатынас ережелерін анықтап алу; топ мүшелерінің әр қайсысының орындайтын қызметі мен тапсырмаларды белгілеу; әр топтың материалды меңгеруін тексеру жолдарын анықтап алу; оқушылардың белсенділігі мен ізденісін, пікір алмасуын, пікірталасын, бірлесіп жол табуын т.с.с. ұйымдастыру;

Жеке тұлғаның өз мүмкіндігімен алға қарай жылжуына мән беріледі; қабілетінің ашылып дамуына, құлшынысы мен ерекшеліктеріне мән беріледі;

жағымды психологиялық тыныс орнату арқылы оқушылардың оқу іс-әрекетіне еркіндік беру;

Топтық оқытуды ұйымдастыру арқылы оқушылардың өзара қарым-қатынас орнатуына, бірін-бірі тыңдауы және біріне-бірі бағынуы мпен басқаларды басқаруына мүмкіндік алады; өз пікірін білдіру мен қоса басқалардың да ойымен санасып үйренеді; оқу материалын әр қайсысы өз деңгейінде меңгеруін пайымдайды, өз кемшілігі мен жетістіктеріне көз жеткізеді.

Басқалармен бірігіп мақсатқа қол жеткізу секілді қажетті әрекеттерге үйренеді.

Топтық оқытудың технологияларын төмендегіше сипаттауға болады:

топ арасындағы қарым-қатынас ережелерін анықтап алу;

топ мүшелерінің әр қайсысының орындайтын қызметі мен тапсырмаларды белгілеу;

әр топтың материалды меңгеруін тексеру жолдарын анықтап алу;

оқушылар өз жұмыстарының нәтижесін білгілері келеді: жауап дұрыс болды ма; мұғалім күткен жауап табылды ма т.с.с.

Топтық технология табысқа жетеді егер: ережелерді ұстанса, топпен жұмыс істеп үйренсе, топтың әр мүшесі өз жауапкершілігін сезінсе, тапсырма топтық технологияға сәйкес келсе;

Мектеп және басқа да оқу орындарында оқытудың топтық және ұжымдық технологиялары қатар қолданылуында. Ұжымдық және топтық оқытуда арнайы «белсенді тақтаны» пайдалану кең таралуда. Бұл электронды технологияға негізделген, әр пән бойынша арнайы бағдарлама ендіріліп, онда сызбалар, үлгілер, кестелер, диаграммалар т.б. қоса келтіріледі. Сонымен қатар мұнда әр оқушы компьютерді пайдалануы мүмкіндігін де ұтымды ұйымдастыруға болады. Мұнда көрнекілік техника құралдары (аудиовизуальді) – кинопроектор, диапроектор т.б.аппараттармен, құрылғылармен қосылған технологияны пайдалану жұмыстың нәтижесіне ықпал етеді. [4]

Біз қолданып отырған бұл әдісті америкалық ғалым А.Ф.Осборн практикада пайдаланып «миға шабуыл» (мозговая атака) деп атаған. Мұнда кішігірім топ мүшелерінің өнертапқыштық және шығармашылық тапсырмаларды шешуінің тиімділігін арттыратын психоэврикалық жағымды тыныс орнату, ассоциациялық еркін ойлауға мүмкіндік беру маңызды.

Бұл әдістің мақсаты ойды селқостықтан босатып, әдеттегі ойлау тәсілінен босанып, мүмкіндігінше мол идея жинау арқылы шығармашылық тапсырманы шешу. Мұндағы басты қағида – ұжым мүшелері тарапынан айтылған ойларды сынауға тыйым салынып, керісінше, әзіл, қалжың, қысқаша пікір алмасу, сөз тастауға жол беріледі. Көздеген нәтижеге қол жеткізу пікір-сайысты басқарушы топ басы не болмаса жетекшіге байланысты.[5]

Оқытушы ұжым мүшелерінің идеясына бағыт беріп, ынталандыратын, пікір жүргізуге қозғау салатын «ой түрткі» сұрақтар қою арқылы не болмаса «айтып жіберу», пікір тастау, әзілдесу арқылы қатысушыларды тоқтаттпай, жетелеп отырады. Бұл үдерісті «сессия» деп атайды. Қатысушылардың саны 4-15 не 7-13 болғаны абзал. Топқа қатысулардың қызығу ауқымы, білім деңгейі, іскерлік мүмкіндіктері, әр түрлі, бірақ мінезі, белсенділігі, темпераменті тепе-теңдік сақтайтындай таңдалуы керек. Сессияның уақыт аралығы қысқа – бар болғаны 15 минутқа дейін ғана болуы тиіс. Жұмыс барысында алдын-ала белгіленген эксперттер айтылған көп идеяның ішінен ең тиімдісін таңдап, іріктеп алады. [6]



ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Бөрібекова Ф., Жанатбекова А., Кусаинова А.А. Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері // ҚазҰМУ Хабаршысы. – 2012. – Б. 49-52.

  2. Абдраманова Г. Б. Инновациялық технологиялардың білім берудегі рөлі // Молодой ученый. – 2015. - №7. – Б. 4-6.

  3. Чернилевский Д.В. Дидактическая технология. М., 2002. – Б. 5-12.

  4. Абсатова М.А. Технология интегративного обучения. Алматы, 2004. – Б. 35-38.

  5. Жанабаева З.Ж. Научные основы некоторых вопросов педагогических технологий. Алматы, 1995. – Б. 55-65

  6. Алимов А. Интербелсенді әдістерді ЖОО қолдану. – Алматы: Ғылым, 2009. – 97б.

Резюме

В настоящей статье рассмотрены проблемы повышения уровня знаний школьников с помощью организации групповых и коллективных работ на уроках биологии.



Summary

In the present article the problems of increase in level of knowledge of students by means of the organization of group and collective works at the school biology lessons were considered.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет