І тарау. ҰЖым туралы түсінік 7 1 Ұжым- тәрбие құралы 7



бет1/9
Дата11.01.2017
өлшемі1,38 Mb.
#7282
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Кіріспе 2

І ТАРАУ. ҰЖЫМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 7

1.1 Ұжым- тәрбие құралы 7

1.2 Оқушылар ұжымының даму кезеңдері мен ерекшеліктері. 16

1.3 А.С. Макаренконың ұжым туралы тағылымы. 24

1.4 Ұжым және тұлға: өзара ықпалы 29

ІІ ТАРАУ. 50

2.1 Ұжымның даму кезеңдері мен олардың сабақтастығы. 50

2.2. Ұжымға педагогикалық тұрғыдан жетекшілк етудегі мұғалімнің ролі 67

2.3. Ұжымды қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби сапалары. 75

2.4. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың кейбір жолдары мен әдістері 102

ҚОРЫТЫНДЫ 108

Пайдаланған әдебиеттер: 110



Кіріспе


Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында болашақ, келесі ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, қашық болашаққа өтетін құндылықтар туралы айтты: "Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз".

Білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуальдық, мәдени дамуыныі жоғары деңгейін және кәсіби біліктігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Мемлекет білім беру жүйесін басым дамытуға , білім беру мекемелерін дүнмежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер бойынша қаржыландыру және материальдық техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік мәртебесін арттыруға кепілдік береді.

1999 жылы 7 маусымда ҚР “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты.

1. Қазақстан Республикасының азаматтары – білім алуға тең құқылы.

2. Әрбір азамат үшін интелектуальдық дамуы мен психо-физиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік болуы.

3. Білімнің зайырлылығы.

4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.

5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.

6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әртүрлі болуы.

7. Білім беру ұйымдарының өкілеттігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.

8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстану керек.

9. Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.

10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.

11. Білім беру саласының ақпараттандырылуы.

ҚР Білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:


  1. Меншік нысандарына үлгілерімен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарының;

  2. Білім берудің түрлі деңгейлеріне арналған сабақтас білім беру бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарының;

  3. Білім беру бағдарламаларының іске асырылуы мен білім беру жүйесінің дамытылуын қамтамасыз ететін білім беруді басқару органдарымен осыларға қарасты ұйымдардың жиынтығы болып табылады.

Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

Білім беру жүйесінің басым міндеттері мыналар болып табылады:



  • Білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;

  • Жеке адамның шығармашылық , рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;

  • Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны- Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, озық дәстүрлерін қастерлеуге, Конститутцияға қайшы қоғамға қарсы келген кез- келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

  • Республиканың қоғамдық саяси- экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

  • Әлемдік және Отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен Республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді орыс, шет ел тілдерін меңгеру;

  • Білім беру ұйымдарының еркіндігі, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру;

  • Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық –ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу ;

  • Еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау және біліктілігін арттыру;

  • Жұмыстан босатылған қызметкерлерді және жұмыспен қамтылмаған халықты қайта оқыту және қайта даярлау;

  • Алуан түрлі және көп қызметті білім беру ұйымдарының тиімді дамыуына жәрдемдесу.

Білім беру жүйесі дегеніміз- білім беру қызметін көрсететін білім беру мекемелерінің желісі, ол мыналарды қамтиды:

  • үйелмендік тәрбие;

  • мектеп жасына дейінгі тәрбие;

  • жалпы орта білім беру;

  • мектептен тыс тәрбие беру, мектепте оқыту;

  • кәсіптік-техникалық білім беру;

  • орта-арнаулы білім беру;

  • жоғары білім беру;

  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім (аспирантура, докторантура және т.б) беру;

  • кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;

  • қосымша білім беру;

Үйелмен қалыптасып келе жатқан жеке адмның үйлесімді дамуы, оның қоғамға сай болуы, ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналардан нәр алу үшін жауапты болады. Балалардың үйелменді тәрбиеленуі олардың білім беру мекемелерінде тәрбиеленуімен етене ұштасып жатады. Үйелменде тәрбие мен білім беруге Республика заңдарына сәйкес ата-аналар жауапты болады. Білім беру органдары мен мекемелері бұхаралық хабарлама құралдарының көмегімен дербес, сондай-ақ ғылым және мәдениет мекемелерімен, қоғамдық бірлестіктерімен біріге отырып балаларды тәрбиелеу мен оқыту ісінде үйелменге көмек көрсетеді. Еңбек ұжымдары үйелменді нығайтуға, балалар тәрбиесін жақсартуға көмектесетін жағдайлар жасауға қатысады, ата-аналар мен оларды алмастыратын адамдарға көмектеседі.

12. бап. Мектеп жасына дейінгі балалар ата-аналардың қалауы бойынша мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде тәрбиеленеді. Жетім балалар, ата-аналарының қорғанынсыз қалған балалар арнаулы мекемелерде тәрбиеленеді .

Мемлекет бюджеттен жалпы үлгідегі мектеп жасына дейінгі мекемелерде бір баланы ұстауға жұмсалатын шығын мөлшерінде ата-аналарға өтем төлемдерін бере отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды үйелменде тәрбиелеуге көмектеседі. Білім беру және денсаулық сақтау мекемелері методикалық, диогностикалық және консультациялық көмек көрсетеді.

Мектеп жасына дейінгі мекемелерді ұйымдастыру мен олардың қызмет ету тәртібі мектеп жасына дейінгі тәрбие беру мен оқыту туралы ҚР Заңымен белгіленеді.

Жалпы орта білім үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі буын болып табылады және ондай білім алу жалпы білім беру мектебінде мынандай үш сатыда жүзеге асырылады: бастауын саты, негізгі саты және жоғарғы саты.

Аталған сатыларының әрқайсысы дербес жұмыс істей алады. Екінші және үшінші сатыдағы жалпы білім беретін орта мектептердің мұғалімдері үшін нормативтік оқыту уақыты- аптасына 14 сағат, 1 сатыдағы жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімдері үшін 16 сағат болады. Жалпы білім беретін мектептердің қызметі, жалпы орта білім беру туралы ҚР Заңымен реттеледі.



Диплом жұмысының мақсаты - Балалар ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби маңызды сапаларын ( қасиеттері) анықтау.
Зерттеу жұмысының обьектісі - мектеп оқушыларының ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімдердің кәсіби сапаларының жүйесі.

Зерттеу жұмысының пәні - оқушылар ұжымын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері, мұғалімнің кәсіби сапалық қасиеттері.

Міндеттері:

1. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың ғылыми-теориялық, педагогикалық негіздерін оқып-үйрену.

2. Оқушылар ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби сапаларын анықтау.

3. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың кейбір әдіс-тәсілдерін анықтау.



Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы - зерттеу барысында жасалған теориялық талдаулар мен эксперимент жүзінде анықталған жұмыс нәтижелерін нақты педагогикалық іс-тәжірибеде қолдануға болады.

Зерттеу жумысының базасы — Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Шаян

көп салалы лицей орта мектебі



Диплом жұмысының құрылымы - кіріспеден, үш тараудан, қорытынды

және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет