І тарау. ҰЖым туралы түсінік 7 1 Ұжым- тәрбие құралы 7


Ұжымға педагогикалық тұрғыдан жетекшілк етудегі мұғалімнің ролі



бет7/9
Дата11.01.2017
өлшемі1,38 Mb.
#7282
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.2. Ұжымға педагогикалық тұрғыдан жетекшілк етудегі мұғалімнің ролі


Оқушылар ұжымына педагогикалық тұрғыдан басшылық жасау - маңызды іс. Мектеп оқушыларын өз бетінше жіберуге болмайды, олардың жеке өмірлік тәжірибелері шектеулі. Сондықтан ұжым қызметін бағыттап, оған жеке адамның қалыптасуына мүмкіндік жасайтын керекті және пайдалы істермен айналасуға көмектесу және оқушылардың дербестігі мен бастамаларын басып тастамай, олардың ісін шеберлікпе бағыттап отыру, ұжымдық қимыл мен жалпы тәжірибелерін жинақтауға көмектесу қажет.

Ұжымға педагогиалық басшылық бірыңғай талаптар қою, ұжым жұмысының басты бағытын анықтап, бірлескен істі тәртіпке келтіруге, қоғамдық дұрыс пікір туғызуға көмек көрсету жолымен жүзеге асырылады. Бұл басшылық дербестікті дамытумен, олардың пайдалы бастамаларын, әрекеттерін мадақтаумен ұштастырып отыру керек.

Мектеп директоры мұғалімдердің күш жігерін ұжымдық ой үшін біріктіре алатындай болғанда ғана, оны шығармашылық жұмыста дамытудың жолын тауып көрсете білгенде ғана, ең бастысы мұғалімдермен бірлесе отырып оқу тәрбие процесінің байлықтарын жинақтай білгенде ғана педагогикалық ұжымның ұйымдастырушысына, қамқоршысына , жетекшісіне айналады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе сапалы білім беріп, ғылымды дамыту. Осы орайдағы білім ордасы-мектеп, ал мектептің жаны – мұғалім екендігі баршаға мәлім. Ахмет Байтұрсынұлының “Мектеп керектері” еңбегінде былай делінген: “Мұғалім қандай болса, мектеп те дәл сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Мектепке керегі-білімді, педагогика-методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін - мұғалім”

Ұстаз киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылым негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету - өте қиын шаруа. Бұған Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің екінші сьөзінде “Болашақты еңбек етіп сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да , ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр” деген сөзі дәлел. Оқушыларды Отан сүюге, адамдыққа, адами тазалыққа, ізгілікке баулу - ұстаздың басты парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологиянымеңгерген, білігі мен білімі жоғары болуы міндет. Сонда “мектеп те, мұғалім де - бала үшін” қызмет етпек.

Н.Ә Назарбаев: “Мұғалімдік мамандық бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шымшытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер- ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”,- деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген.

Педагогикалық жұмыста мақсатты тәрбие ісі мұғалімнің тәрбиелік қызметі арқылы іске асады. Педагог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалім мәдениеті мен шеберлігін, интелектуалдығын төмендегі бөліктермен анықтауға болады:



  1. Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті.

  2. мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі.

  3. Мұғалімнің мимика мен пантомима ишараларының мәнерлі негіздері.

  4. Мұғалімнің мәдениеті, әдебі,ғ сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, демалу, дауыс дикциясы, интонациясы.

Балаларды оқыту мен тәрбиелеу жалпы әдеп атаулыны педагогикаға біріктіріп пайдаланудың өзі педагогтық әдеп болып табылады. Әдепті мұғалім ересектерден гөрі сақ және ықыласпен сөйлеседі.Педагогтың әдебі-ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау. т.б қасиеттерімен өлшенеді. Сондықтан да ұстаз ұрпақ тәрбиелеудегі қоғам сенген адам. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин: “Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім-мектепің жүрегі”,- деген. ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар:

  • біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет;

  • екіншіден, мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс;

  • үшіншіден, мұғалім білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге, оқушыны баулуға міндетті;

  • төртіншіден, мұғалім-педагогикалық үрдісте баламен ынтымақтаса қызмет ету керек;

  • бесіншіден, педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті немесе француз педагогі Жубер айтқандай “оқыту деген сөз екі есе оқу”

Ұстаздың кәсіби шеберлігін шыңдауға педоқулар, ғылыми-әдістемелік семинарлар, байқаулар, олимпиадалар, шығармашылық есеп, көрме, кештер, іскерлік ойындардың беретіні көп, бұл ұшқыр ойлы, жаны таза, қисынды ойлай білетін дара тұлғаларды тәрбиелеуде көмегін тигізу еді. Жас баланың мінез-құлқының дұрыс қалыптасып, таным түсінігінің кеңеюі осы алғашқы сынып жетекшісіне тікелей қатысты. Жас шыбықты қисық отырғызсаң- қисық, түзу отырғызсаң – түзу өсетіні сияқты, сынып жетекшісінің де қызметі де бау өсіретін бағбанның еңбегімен пара-пар. “Ұстазы жақсының ұстамы жақсы”, “Шәкіртіне қарап-ұстазын таны” деген асыл сөздер тап осы сынып жетекшісіне арналып айтылған десек қателеспейміз. Яғни, бала тәрбиесіндегі, әсіресе әрбір сынып оқушысын жан-жақты білімділікке дағдыландырудағы басты тұлға- сынып жетекшісі. Сонымен сынып жетекшісінің бала тәрбиесіндегі рухани сәулеткер, бағбан ретінде бағаласақ, оны отбасы, ошақ қасынан кейінгі ата-ана деуге болады. Өйткені әрбір сыныптағы әр оқушы сынып жетекшісі үшін өзінше бір ашылмаған құпия. Өз сыныбындағы әр оқушының мінез-құлқындағы ерекшелікті, жан-дүниесін, жанұядағы тәрбиені зерттей білмейтін сынып жетекші-ол құпияның кілтін таба алмайды. Әр шәкірттің тілін тауып, оның ішкі балалық жан-дүниесін ұғынбаған сынып жетекшісін оқушы тез ұмытады. Сынып жетекшісі оқушысының қыр-сырын нақ осы кезеңде жетік білу керек. Өкінішке орай, кейбір сынып жетекшілерінің немқұрайдылығынан, яғни өз шәкіртінің мінез-құлқындағы ерекшеліктер мен оның зейін-қабілетін зерттеуге мән бермеуінен бала тәрбиесінде үлкен олқылықтар орын алады. Әрбір пән мұғалімдерінің салғырттығы қосылып, оқушының сабаққа ынтасы мен зейінін нашарлартады да, “Тәрбиесі қиын оқушылар” қатары көбейеді. Ал “қиын ” оқушының тәрбиесіне ең алдымен “сынып жетекшісі” жауапты. Себебі әрбір сыныптағы жоспарлы тәрбие жұмысын жүргізетін тек сынып жетекшісі. Сынып жетекшісі , пән мұғалімдері және ата-аналарымен, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарымен тығыз байланысты жұмыс істейді. Оқушылардың сабақ үлгерімін, тәртібін, мінез-құлқындағы өзгерістерді үнемі зерттеп, біліп, шәкірті қиналып жүрген сәтте оның жанынан табылып, көмектесіп, үнемі ақыл-кеңес беріп, оған ізгіліктіқасиеттерді үйретуден жалықпаған сынып жетекшісін ғана нағыз бала жанының бағбаны деуге болады. Шәкірт сүйіспеншілігіне бөлініп, оның жүрегінен орын тапқан сынып жетекшісін оқушы есейіп, азамат болған шағында да ұмытпай “менің сынып жетекшім ” деп құрмет тұтады. Шәкіртін өнер-білімге баулып, адамгершілік ізгі қасиеттерді сіңіре білген сынып жетекшісі оның өмір бойғы ақылшы досына, сенімді сырласына айналды. Есейіп кетсе де, өмірдің қиын-қиын қырларынан асарда сынып жетекшісіне келіп, ақыл кеңес алады, ұмытпайды. Ұстаз еңбегінің ұлылығы да осында жатса керек.

Жақсы тәрбиешіден тәрбие алған оқушы да, шәкірті жақсы сынып жетекшісі де бақытты. Ұстаз бақыты да осындай еңбекпен өлшенеді. Тәлімі мен тағлымы мол сынып жетекшісі тәрбиеленген шәкірттер өздері ата-ана болғанда “шіркін-ай, сендердің ұстаздарың менің сынып жетекшім сияқты болса ғой” деп үлгі тұтады. Бұл ұстаз еңбегінің жанғаны, жемісті еңбектің жемісі.

Мектеп мұғалімі жас ұрпаққа білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Әр оқушының ғылыми-материалистік дүниетанымын және моральдық бейнесін қалыптастырады. Тәрбие жұмысын бір бағытқа салып, оқушыларға қойылатын талаптардың бірлігін қамтамасыз ету сынып жетекшісінің негізгі міндеті болып табылады. Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері мыналар:


  1. Өз сыныбындағы оқушылардың талап-тілектерімен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу;

  2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, жұмысқа икемді ұжым етіп, ұйымдастыру;

  3. Оқушыларға арналған ережелердің талаптарын түсіндіру арқылы жауапкершілікке тәрбиелеу;

  4. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасау;

  5. Оқушылардың оқуын тастап кетпеуі үшін алдын-ала тиісті шаралар қолдану;

Оқушылар арасында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. Мұғалім өз сыныбындағы оқушылардың ерекшеліктерін, қабілеттері мен зейінін, интелектуалдық даму деңгейін ескеріп, оларды “Дарын”, “Іскерлер”, “Шеберлер”, “Ептілер” атты 4 топқа бөліп жұмыс жүргізуге болады.
“Дарын” тобына әсіресе табиғи дарыны мол, жаратылысынан музыкаға, поэзияға бейім оқушыларды топтарстыруға болады.

Ал, “Іскерлер” тобына іскер, белсенді, қоғамдық жұмыстарға аса жауапкершілікпен қарайтын оқушыларды топтауға болады. Сондай-ақ “Шеберлер” тобына бес саусақтарынан өнер тамған қылқалам шеберлерін жатқызып, “Ептілер” тобына епті де күшті, спортқа қабілеті бар шымыр оқушыларды айтуға болады. “Оқушының жеке басының зерттеу- оңтайландырудың басты негізі”- деп оқушыларға педагогикалық зерттеу жүргізе отырып, мынандай сұраққа былай жауап берген:



  1. Зерттеудің мазмұнына қарайнақты бағдарламасыз түрі, яғни оқушының оқу жағдайы (білімнің таяздығы, барлық оқушыға тән қателіктер, оқуға қатысуға т.б) бұл шеңбердегі бағдарлама .

  2. Зерттеу әдістері.

  3. Оны ұйымдастыру тәсілдері.

  4. Зерттеудің нәтижесін шығару. Оған жататындар: Сабақта, әңгіме үстінде бақылау: сауалнамалар беріп жауап алу.

Педконсилиум дегеніміз-оқушылардың жеке басын терең зерттеу , яғни олармен жүргізілетін оқу-тәрбие үрдісінің жұмыстарының олқылықтары менжіберілген кемшіліктерді жою үшін ары қарай қалайша дұрыс жұмыс істеу жолдарын белгілеу мақсаты мен мұғалімдердің ақылдасып, кеңестер берулері.

Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынастары- ересек адамдардың тәрбие ықпалының маңызды жолдарының бірі. Мұғалім негізінен мұндай қарым-қатынастарды ұйымдастыру және қолдануға біршама даяр, ол оқушының істің негізгі өрісінде мектеп көреді, оның жолдастары мен жоспарын біледі. Бұл бір жағынан, араласу үшін көп материал береді, екіншіден педагогтың тәрбиелік мақсатына жетуіне әсер етеді. Себебі, оқушыларымен араласа отырып, шәкірттерге ықпалын тигізеді, олай болуы бұл проблемалардың көпшілігі оқудан, жолдастары мен араласудан, қоғам жұмысынан туындайды.

Басқарудың демократиялық стилінде мұғалім ұжымға сүйенеді, оқушыларды дербестікке ынталандырады. Оқушылар ұжымдық өмір проблемалары талқылайды да нәтижесінде белгілі бір талғамға ие болады. Мұғалім оқушылардың сын ескертпелеріне белгілі шыдамдылық көрсетіп, оларды түсінуге, олардың жеке істері мен проблемаларын жете түсінуге тырысады. Басқару стилі мұғалімнің оқушылар мен қарым-қатынас жүйесінің барлығына: мұғалімнің өз оқушыларын қалай қабылдатуына , шәкірттерінің келіспеушілігінің жиілігіне, балалар ұжымындағы психологиялық жағдайға әсерін көп тигізеді.

Зерттеу, оқушылар мен тығыз қарым-қатынас жасауына қарай мұғалімдердішартты түрде 4 топқа бөлуге мүмкіндік береді:

Бірінші топқа- балалар мен тұрақты араласатын мұғалімдерді жатқызуға болады және бұл қатынас оқытушының күнделікті тәлімгерлік міндеттерінің шеңберінен анағұрлым кеңейіп, қарқындылық пен сенімділіктің үлкен дәрежесімен ерекшеленеді.

Екінші топқа- оқушыларға сыйластықпен қарайтын, олардың сенімі мен сүйіспеншілігіне ие болған мұғалімдер құрайды. Мектеп оқушыларының өзара ажырата алмайтын қиындықтар туған жағдайда, шәкірт осы педагогқа барады. Сонда қатынас шын көңілдік пен сенімділік ең жоғары деңгейінде әдеттегідей өтеді.

Үшінші топқа- мектеп оқушылары мен жақын араласуға жоқ мұғалімдерді енгізуге болады. Бұл әртүрлі себептермен өтеді. Біреуінің уақыты жетпегендіктен, екіншісінің оқушылар олармен сенімді араласа алмайтындығынан, себебі бұл мұғалімдер тәрбиешілік кейіп қана білдіреді: не оларға сеніп айтылған сырларды білмейді, не балалар оны жақсы көрмейді. Мұндай мұғалімдердің арасында айнымалы және демократиялық стильдер кездескенімен, басқарудың өктемдік стилі бар педагогтар көбірек ұшасады.

Төртінші топқа- оқушылармен араласатын іс мәселелерінің тар шеңберімен шектелетін педагогтар жатады. Оқушы жеке басын зерттеп оған бірыңғай ықпал жасау жолдарын белгілеу үрдісін біз кезеңге бөлеміз:

Бірінші кезеңде- сынып жетекшілері мен мұғалімдерді іс-әрекеттер бағдарламасымен қаруландырып, сынып ұжымын зерттеудің нақты мақсаттары мен міндеттері белгіленеді.

Оқушының нақты шынай мүмкіндіктерін зерттеу дегеніміз – оның оқу үрдісіндегі қол жетер оңтайлы, тиімді нәтижелерін анықтау, оның дұрыс оқуы үшін не жетіспрейтінін білу. Оқушының жеке барысын зерттеу барысында мына мәселелерді анықтау шарт:



  1. Қоғамдық жұмыс пен еңбектегі белсенділігі;

  2. Адамгершілік тәрбиелілігі;

  3. Оқуға ынтасы;

  4. Мәдени өресі;

  5. Қызығатыны(бейімділігі, оқу пәні, сыныптан тыс сабақтар, спорт секциялары, үйірмелер т.б)

  6. оқу - таным әрекетіндегі дағдылары:

  • оқу материалына ең бастысын, маңыздысын ажыратуы;

  • оқу уақытын жоспарлауы;

  • сынып қарқынында оқи, жаза білуі;

  • өз оқуын өзі бақылауы;

  1. Оқудағы еркі , табандылығы;

  2. Денсаулығы, жұмыс қабілеті;

  3. Отбасының тәрбиелік ықпалы;

  4. Сынып ұжымының тәрбиелік ықпалы;

  5. Қандай пәндерден үлгермейтіні;

Сынып ұжымын зерттеудің бағдарламасы мыналардан тұрады:

  1. Сынып оқушыларының қоғамдық белсенділігі;

  2. Қоғамдық пайдалы еңбекке көзқарасы;

  3. Ой-пікірінің қалыптасуы;

  4. Оқуға ынтасы;

  5. Сынып тәртібінің сапалылығы;

  6. Оқуға әзірліктері;

Ғалымдар адамды әр қырынан қарағанда былайша түсінуге болады:

  • жеке бастың тәжірибесі, оның даярлық дәрежесі, білім мен икемі;

  • адамның биологиялық ерекшеліктерінің шартты жағдайлары-жігері, талабы; қабілеті;

  • кейбір психологиялық үрдістегі дара ерекшеліктері-ойлау, ерік, ес;

  • адамның әлеуметтік шартты жағдайларға байланысты ерекшеліктері, яғни дүниетаным, талғамы, идеялары.

Сынып жетекшісінің жұмыс жоспарында мыналар нақты көрсетілуі тиіс:

  1. Оқушыларға арналған ережелер. Оқудың қоғамдық және жеке бас үшін маңызы туралы әңгіме өткізу, қоғамдық пайдалы еңбекке белсене қатысу шараларын, жүргізу.

  2. Пән мұғалімдері мен тығыз байланыс орнатып, сабақтардың тәрбиелік мүмкіншіліктеріне ерекше көңіл аудару, оқушыларда саналы тәртіп орнықтыруға күш салу;

  3. Ата-аналар мен мазмұнды жұмыс жүргізу;

  4. Аталған кемшіліктерден қортынды шығаратын қоғамдық пікір қалыптастыруға бағытталған жалпы сыныптың арнаулы шаралар жүргізуді тәжірибеге енгізу;

  5. Жеке пәндер бойынша үлгерімі төмен оқушылармен саралай жұмыс жоспарын жасау-пән мұғалімдерінің міндеті;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет