І тарау. ҰЖым туралы түсінік 7 1 Ұжым- тәрбие құралы 7


Ұжым және тұлға: өзара ықпалы



бет5/9
Дата11.01.2017
өлшемі1,38 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.4 Ұжым және тұлға: өзара ықпалы


Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс – тәрбиені демократияландыру жағдайындағы, адам құқығы мен бостандығын сақтаудағы маңызды мәселенің бірі. Көптеген онжылдықтар бойы ұжымға әсер ету арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру отандық педагогикалық әдебиеттерде қарастырылмайды. Тұлға міндетті түрде ұжымға бағыну керек деп есептелінді. Қазіргі кезде адам жөніндегі философиялық концепцияларға және әлемдік педагогикалық ой тәжірибесіне сүйене отырып заманға сай, жаңа шешімдер іздестіруге тура келді.

Оқушыны ұжымдық қатынас процесіне еңгізу қиын әрі күрделі шаруа.

Ең алдымен баланың жекелей мәнді екенін ескеру керек. Окушыларды -болашақ ұжым мүшелерін бір-бірінен денсаулыктарына, сыртқы көріністеріне, мінез бітістеріне, қатысу деңгейіне, біліміне, біліктілігіне т.б. қасиеттеріне қарап ажыратамыз. Сондыктан, олар ұжымдық қатынас жүйесіне әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі реакциялар туындатады, кейде ұжымға кері әсерін тигізуі де мүмкін. Ұжымдық қатынас жүйесіндегі тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесіде маңызды келеді. Ол арқылы оқушының сана-сөзім ерекшеліктері, құнды бағдарлау жүйесі, жүріс-тұрысы белгіленеді. Ал бұлар осы ұжымның дәстүр-тәртіптеріне, құндылықтарына сай келуі не сай келмеуі де мүмкін. Оқушы тәжірибиесі басқадай болған жағдайда тәжірибе ауқымы мен сапасына сәйкес өз құрдастарымен қарым - қатынас орнатуы қиынға түседі. Әсіресе, жеке әлеуметтік тәжірибе сол ұжымның құнды тәжірибесіне қарама - қайшы келсе, онда қарым-қатынас қиындыққа соқтырады.

Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана емес, ұжымға да байланысты. Өз күшін, салт-дәстүрін құрған, басқарушы белсенділері бар, дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізген ұжыммен қатынас жақсы орнығады. Бұндай ұжым басқаларына қарағанда өзіне жаңадан кірген тұлғамен қатынасқа оңай түседі.

Әрбір адам аз немесе көп күш жұмсау арқылы ұжымдағы өз орнын табуға талпынады. Бірақ кейбір объективті немесе субъективті себептердің әсерінен тұлғаның барлығы бірдей табысқа қол жеткізе бермейді. Табиғи мүмкіндіктері бойынша жеке адам ұжымдағы кейбір құндылықтардың өзіне сәйкес келмеуінен өз жасқаншақтығын жеңе алмай, табыстарға қолын жеткізе бермейді. Әсіресе, ұжымның, достарының өзіне деген қатынасын бағалай алмайтын, өзін-өзі тануы мен бағалауы сияқты қасиеттері толық дамымаған бастауыш сынып оқушыларына мұның қиын соғуы мүмкін. Бұл педагогикалық жағдайдың объективті себептері бар: іс-әрекеттердің бірсарындылығы, ұжымдағы оқушының атқаратын рөлінің тарлығы, ұжым мүшелері арасындағы қатынастың ұйымдастыру формаларының біртараптылығы мен мазмұнының жұтаңдығы, бірін – бірі қабылдау мәдениетінің кемшілігі, жолдасының ескеруғе тұрарлық бағалы да қызықты қасиеттерін елей алмауы және т.б.

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұлға мен ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрі анықталған: 1/ Тұлға ұжымға бағынады /конформизм/; 2/ Тұлға мен ұжым бір – бірімен үйлесімді қатынаста /гармония/ болады; 3/ Тұлға ұжымды өзіне бағындырады /лидерлік/.

Бірінші түрі бойынша тұлға ұжым талаптарына өз еркімен бағынады, ал кейде ұжымға сырттай бағынып, әрі қарай өзінің жекелігін және тәуелсіздігін сақтауы мүмкін. Егер тұлға ұжымға кіргісі келсе, онда ұжымның құндылықтарын, нормаларын және дәстүрлерін қабылдайды.

Екінші түрі бойынша жағдай әртүрлі жолмен дамуы мүмкін: 1/ Тұлға өз тәуелсіздігін барынша сақтап ұжым талаптарына сырттай бағынады; 2/ Тұлғаның кейбір өзіндік іс-қимылы ұжым талаптарына сай келмейді. Мектеп ұжымдарында көп кездесетін мотив немесе себеп-салдарынан тұлға кейбір қиын іс - қимылдарға бой ұрады. Мұндай жағдайда оқушы ұжым нормалары мен құндылықтарын сырттай қабылдайды, талқылау көзінде ұжымның одан күтетінін айтады, әртүрлі жағдайларда ұжымдағы қалыптасқан қасиеттерді ұстанады, бірақ мектеп ұжымынан тыс жерде бұрыңғы қалыптасқан қасиеттерді ұстанады, өзгеше ойлайды, басқаша бағалайды. Бұл жағдай кейде уақытша болса, кейде тұрақты болып отырады. Соңғысы тұлғаның бұрыңғы әлеуметтік тәжірибесі ұжым тарапынан қолдау көрмей, өз ұжымының тәжірибесімен ұштаспайтын жайларда жиі кездеседі. Біздің мектептерімізде ұжымға ашық түрде қарсы шығу көп кездеспейді. Алайда, балалар кейде қарсылық білдіреді, оның өзі де негізсіз себептерден туындайды: көбіне өзін -өзі қорғап қалу сөзімінің үстемдігінен болады.

Тұлға мен ұжым арасындағы қатынастың қазіргі мектепке сай типі - бұл бірлікті өмір сүру талпынысы. Тұлға мен ұжым ұдайы қарым - қатынаста болуы тиіс.

Үшінші модельде тұлға ұжымды бағындырады, бірақ бұл сирек кездесетін құбылыс. Нағыз лидер еңбектері, іс - әрекеттері ескерілумен, бұл модельде тиісті бағасын алады. Жарқын тұлға, оның өзіндік жеке тәжірибесі ұжым мүшелеріне тартымды болуы міндетті.

Психологтар мен педагогтар жекелік қасиеттердің жасырын түрде дамитын мектеп ұжымы мүшелерінің арасында кең тараған бағыт - бағдарын бөліп қарастырады. Берілген жұмыстарды, әсірісе жауапты тапсырмаларды бар ынтасымен орындайтын оқушылар аз емес. Баршаның көзіне түсу, басқаның үстінен өз билігін жүргізу - олардың талпынысына күш - қуат береді. Олар ұжымның қиын жағдайына қайғырмайды, жұмысына көп мән бермейді, басты мақсаты - өз беделін ғана таныту.

24 Жас адамның мектепте оқыған жылдары ішінде ой-пікірде, сөзімде, мінез-құлықта, еңбекте өзіндік ынта көрсете аларлықтай, коммунистік қоғамның кең дүниесінің қарым-қатынастарымен өмір сүретіндей жағдайлар тудыру, біздің кәміл сеніміміз бойынша, коллективте тәрбие жұмысындағы басты нәрсе болып табылады. Коммунистік мұратқа, еңбекші халыққа адалдық, өз күшің мен өміріңді Советтік атамекен үшін беруге әзірлік біздің қоғамымыздың ұйтқысы болып табылады.

Әңгіме коллективтің идеялың-азаматкерлік негізі туралы болып отыр. Бұл негіз екі нәрсенің үйлесімі арқылы құрылады: бір жағынан, жеке бастың намысын, абыройын сөзіну арқылы, социалистік қоғамның жасампаз-адамының, азаматының ұлылығын мойындау арқылы; екінші жағынан, өз еңбегін, мінез-құлқын қылығың үшін борышыңды, жауапкершілігіңді сөзіну, қоғам тағдыры үшін, жеке адамның еңбек, рухани және жеке өмірде күрделі қарым-қатынастарда болатын адамдардың игілігі үшін жауапкершілігіңді сөзіну ар-қылы. Айрықша маңызды тәрбиелік проблеманы біз мынада деп қараймыз: адамның өзін құрметтей білуін, өзінің арын, намысын қадірлей білуін үздіксіз жетілдіре білу керек, өзінің мінез-құлқын қатаң бақылауы, жеке мүдделерді қоғамдың мүдделерге бағындыруы, бұларды жалпы жұрт игілігіне айналдыруға ұмтылу негізінде қалыптастыруы керек.

Біз тәрбиеленушінің ақыл-ойы мен жүрегіне арнаған мұғалімнің сөзі де, коллективте, жалпы еңбекте, мектеп коллективінің ересек еңбеккерлер коллективтерімен өзара қарым-қатынастарында құрылған жағдайларда -осының бәрі де адамды өзінің көз алдында жоғары көтеруі үшін, дүние жүзіндегі тұңғыш социалистік державаның азаматы деген атаққа оның мақтануы үшін, күшті, ер жүрек, жаны жайсақ адамдардың отандасы екендігіне мақтануы үшін еңбек етеміз.

Коллектив тәрбиелеуші күш ретінде қарым-қатынастардың байлығына негізделеді, бұл қарым-қатынастардың арасында идеялық-азаматкерлік қатынастар құрметті орын алады. Ал қарым-қатынастар байлығы мынаған байланысты болады: коллективтің әрбір мүшесі өмірдің асыл мәні неде деп біледі; әрбір жеке адам үшін еліктеудің мұраты, үлгісі не болып табылады; моральдың намыстың, ерліктің, сұлулықтың жоғарғы шегін әркім қалай түсінеді; мұрат дегенге әркім қалай қарайды.

Коллективтің идеялық-азаматкерлік негізі оның әрбір мүшесінің дүниеге азаматтық көзімен қарауға тырысуынан көрінеді, сөйткенде, азаматтың дүние түйсіну бала жастан бастап-ақ адамның өзін-өзі көретін, өзінің мінез-құлқын бағалайтын, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі орнықтыруға бағытталған ақыл-ойында, күйініш-сүйінішінде, іс-қылығында өз-өзіне деген көзқарасын ашатын айнаға айналуы керек. Әрбір жеке адамның өзіне деген белсенді көзқарасы, өзінің азаматтық мәнін дұрыс көрсетіп, бағалай білуін біз коллективтің тәрбиелеуші күшінің ең басты өлшемі деп қараймыз. Бұл мақсатңа жету — тәрбиешінің нағыз шеберлігінің куәсі.

Коллективтік және жеке рухани өмірде идеялық-азаматкерлік негіз оқу сияқты істе маңызды роль атқарады, оқу балалар, жас өспірімдер және жастар үшін өзінің қамы, қиыншылықтары бар ең басты еңбек болып табылады. Қазір, біздің қоғамымыз жалпыға бірдей орта білімді жүзеге асыру сатысында тұрған кезде, жұртшылық шұғыл, көкейтесті мәселелерге мейлінше қам жасауда: адамның белсенді, қажырлы, он жылдың ой еңбегін қалай ынталандыру керек? Баланың сәтті оқып, тек бүгін ғана емес, өзінің бүкіл өмірі бойында өзінің білімін көтеруге талмай ұмтылу қасиетін жетілдіріп, орнықтыруға қалай жету керек? Оқуға деген немқұрайды қараушылықтың қалай алдын алу керек? Егер іске нағыз басты стимул — азаматтық борыш араласпаса, тексеру, бақылау, күштеу жөніндегі нағыз қулық жүйенің ешқайсысы да тиісті нәтиже бермейді.

Бұдан бірнеше жыл бұрын біздің мектептің тоғызыншы кластарының бірінің класс жетекшісінің, директорының және оқу ісі меңгерушісінің мазасын кетірген бір жай, ол тоғызыншы класта оқитын екі жастың оқуға немқұрайды қарауы - оқығысы келмеуі болды.

Ал олардың ата-аналары колхоздың мал фермасының тамаша қызметкерлері еді. Әр тоқсан сайын ферма коллективінде социалистік жарыстық қорытындылары шығарылып тұратын. Ал әр жолы біздің тоғызыншы класта оқитындардың ата-аналары үлгілі колхозшылар ретінде аталып өтетін, олардың есімдері құрмет тақтасына жазылатын, олар сыйлықтар алатын. Колхоз партия ұйымының секретарымен ақылдаса келіп, біз былай деп шештік: біздің жалқаулар өздерінің ата-аналарымен бірге тоқсан сайын өздерінің үлгерімі жайында ересек еңбеккерлер алдында - жұртшылық алдында есеп беретін болсын. Нәтижесі таң қаларлықтай болып шықты. Колхоздағы өндіріс жұмысы мен мектептегі оқу ісін адамдардың бір дәрежеге қою фактісінің өзі жастарды олардың өзі кім, кім арқылы тіршілік етіп, оқу оқып жүр, деген ойды жете ойлануына мәжбүр етті. Тоғызыншы класс оқушылары мынаны түсінді: олардың партада отырып, алаңсыз оқуға мүмкіндік алу себебі олардың әрқайсысы үшін бірнеше ересек еңбеккер адам жұмыс істеп жүргендіктен ғана екен. Біздің екі жалқау өмірді бейне бір шын мәнінде тұңғыш рет көргендей болды. Жастар өздерінің қалай болса, солай оқуға правосы жоқ екенін түсінді, олардың ынта салып оқуы, қиыншылықтарды жеқуде табандылық көрсетуі - олардың азаматтық борышы екен.

Бұл біз үшін тәрбие жұмысындағы өзіндік ерекше тапқырлық болды. Бір ғана тапқырлықпен, әрине, мақсатқа жете алмайсың, ғылыми тұрғыда негізделген жүйе қажет, жақсы ой және оны ұзақ уақыт бойына жоспарлы түрде жүзеге асыру қажет. Алайда тапқырлықтар жасаудың бағалылығы мынада: бұлар, бейне бір найзағайдың ұшқынындай, басқа көп нәрсені көруге, бағдарлауға жәрдемдеседі. Жоғарғы класс оқушыларын бір беткей күштеу және бақылау амалдарын күшейту арқылы оқытуға болмайтындығын, қайта әр түрлі нәзік талаптар арқылы оқытуға болатындығын біз түсіндік. Ал солардың арасында коллективтің және жеке адамның идеялық-азаматкерлік сенімдерінің қа-лыптасуы бірінші кезекте тұрады.

Идеялық-азаматкерлік сенімдерді эпизодтық құралдармен, жастар мен аға ұрпақтың арасындағы қатынастарды шиеленістіретін оқиғалар құрумен, кейінгі ұрпақтың дға ұрпақ алдындағы борышы туралы моральдық ақиқат барынша айқын туындайтын оқиғалар құрумен қалыптастыра алмайсың. Тәрбиелеуші ықпалдың ұзақ мерзімді, берік жүйесі қажет.

Мұндай ықпал жүйесі туралы бізде белгілі бір ұғым қалыптасты.

Мектептегі бүкіл оқу жылдары бойында оқушыға ғылымдардың негіздері туралы ғана білім беріп қоймау керек. Ең алдымен оны өмір сүруге, тұрмыстың ең маңызды даналығы — азаматтыққа үйрету керек. Мектеп табалдырығын аттаған және азаматтық кәмелетке жеткенге дейін біздің тәрбиелеуші ықпалымызда болатын адамға беретін біздің білімдерімізде адам-азамат туралы, оның асыл моральдық биігіне негіз болып қаланған идеялардың ұлылығы мен ізгілігі туралы білімдер бірінші орында тұруы тиіс. Азаматтық ерлік туралы кітап оқу тәрбиеленушінің өміріндегі ең бақытты сәтке айналуы тиіс, адамның нағыз сұлулығының - азаматтық сұлулықтың сәулесі-оның жолын жарқыратып, оның дүниені азаматтың көзімен дұрыс көруіне көмектесуі тиіс.

Біздің мұрат - күрескер-коллектившілді, коммунистік асыл вдеялар жолындағы күрескерді тәрбиелеу. Біздің тәрбиеленушілеріміздің қылығындағы тазалық пен игілік, жауласушы идеологияға, бейсаясаттыққа, жайбарақаттыққа, өтірікке, алдауға, жалқаулыққа, адамның намысын қорлаушылыққа олардың келіспеу-шілігі мен төзбеушілігі — осының бәрі жас жігіттер мен қыздардың адамның ұлы намысымен - азаматтықпен қаншалықты рухтандырылғанына байланысты.

Идеялық-азаматкерлік сенімдердің қалыптасуы адам азамат туралы білімге ой жүгіртуден, оның азаматтық ерлігіне сүйсінуден басталады.

Адам-азамат туралы білімнің ақыл-оймен және жүрекпен қабылданып, бай, толык, мәнді өмірмен ұштастырылуы маңызды нәрсе. Сенімдердің қалыптасуы ең алдымен адамдармен өзара қарым-қатынастарда, қоғамдық, идеялық қатысында, қоғам игілігі жолындағы қызметте жалғастырылып, нығая түседі. Коллективтегі идеялық-азаматкерлік қатынастар неғұрлым бай болса, соғұрлым әрбір тәрбиеленушінің жеке рухани өмірі толық құнды болады.

Өзіндік өмірдің бастапқы қадамынан бастап-ақ бала адамның өзара қарым-қатынастарын практика жүзінде танып біле бастайды. Адамның өзара қарым-қатынастар дүниесі өте күрделі. Мұның өзі ата-аналар алдындағы: семья өмірінің белгіленген және бекітілген әдет-ғұрып дәстүрлерін сақтау жауапкершілігі болып табылады. Мұның өзі мектеп коллективіндегі қарым-қатынастар: ережелерді, мінез-құлықты ретке келтіретін, адамның тұтыну қабілетін ынталандыратын, ал сонымен бірге оны тежейтін, адам мүддесін дамытатын ережелерді орындау қажеттігі болып табылады. Осы орталарда - семьяда, класс және жалпы мектеп коллективтерінде бала азаматтық тәлім алады. Бірақ осы өзара қарым-қатынастардың бәрі азаматтың әліппесі ғана, алғашқы қарапайым сабақ қана. Егер бала өзінің мінез-құлқында, мәселен, сабаққа кешігіп келмеу, класқа кірер алдында аяқ киімін сүрту, кезекшілік міндеттерін мұқият орындау, үйге берілген тапсырмаларды күн сайын орындап отыру сияқты талаптармен ғана шектелетін болса, онда ол азаматтың әліппесінен арыға бармайды.

Бізде азаматтық жетілмегендіктің жиі ұшырасатын себебі осыдан емес пе екен. Он төрт жасар жас өспірім, оның құрдастары бұдан алпыс-жетпіс жыл бұрын астыртын революциялық үйірмелерде патша самодержавиесін қалай құлатуды ойлаған - міне осы он төрт жасар жас жігіт өзін баламын деп есептейді. Оның атқаратын қызметі шынында да баланың қызметі; оның қоғамдық мүддесі класта гүлге су құюмен немесе мектепке бес килограмм металл сынығын (пионер вожатыйының талабы осындай) әкелумен шектеледі. Бізге мынадай бір оқиға мәлім: комсомолға кіруге әзірленіп жүрген он бес жасар пионер, өзіне Вьетнамда болып жатқан оқиғалар жөнінде октябряттарға әңгіме айтып беру тапсырылған кезде, жылап жіберіпті.

Азаматтық жетілмегендік интеллектуалдың ынталардың шектелуіне әкеліп соқтырады. Мұның себебі адамның бала жасынан бастап-ақ қоғам өміріне тікелей қатысатындай өзара қарым-қатынастарының болмауына байланысты екендігіне біз кәміл сенімдіміз. Біз өзіміздің практикалық жұмысымызда коллективтік өзара карым-қатынастарды былайша құруға тырысамыз: әрбір тәрбиеленуші өзін қоғам өміріне белсенді қатысушымын деп сөзінсін, жоғарғы және ең жетілген, ең күрделі және нағыз талап қоя білетін коллективпен - қоғаммен, халықпен, Отанмен бетпе-бет келсін.

Ал осыған қалай жету керек, осындай өзара қарым-қатынастар жағдайында тәрбие беру процесінің мөні неде болмақ?

Кез келген өзара қарьш-қатынастар негізі — ол еңбек, белсенді ңызмет, творчество. Сөйтіп, педагогтардың міндеті мынада: тәрбиеленушілерді олардың мектептегі өмірінің бастапқы күндерінен бастап мынадай қызметке тарту керек, бұл қызметте адам ез басының тәжірибесінен қоғамға нендей де бір елеулі, қажетті нәрсе істеп жүргендігін, бұл жұмыс әрбір жеке адамға және коллективке қуаныш, мақтаныш әкелгендігін білетіндей болуы керек. Жеке адамның қоғам алдындағы және өзінің ары алдындағы тәртібі, жауапкершілігі осыған байланысты болады. Өздерінің өмірінде бірден-бір шаттық-тұтыну шаттығы үстемдік алған кезде, мұндайда нәуетек және салдырсалаң индивидуумдар қалыптасады.

Қандай жағдайда болсын, біздің отанымыздың кез-келген түкпірінен адам мен қоғам қатар тұратындай коллективтік қызметке орын табылады. Село мектебінің (атап айтқанда, біздің Павлыш мектебінің) жағдайында мұндай жұмыс табу оп-оңай — айнала түгелдей колхоздың кең егіс алқабы, біздің балаларымыз өздерінің әкелері мен аталарының ауыр еңбегін жастайынан көріп өседі, оған бар қадарынша қатысады.

Мектеп өмірінің бастапқы күзінде бастауыш кластардың мұғалімі өздерінің түлектерін егістіктің шалғай шетіне алып барады. Балаларға мынаны көрсетеді: кең құнарлы егістік жерде кішігірім ор пайда болыпты: «Қараңыздаршы, балалар, мына ордың тереңдігі қазір қандай, ол көктемде қандай болмақ». Балалармен бірге көктемде осы араға қайта келеді. Көктем суы орды едәуір терендетіп жіберіпті - одан енді трактор да өте алмайды. «Мінекей, балалар, көз алдарыңызда, біздің ең қымбат байлығымыз — құнарлы жер құрып барады. Бұл — халың байлығы. Егер біз оны сақтап қалмасақ, ол біржола құриды. Ал сіздер, балалар, әлі кішкентай болсаңыздар да, осы байлықты сақтауға кірісе аласыздар».

Осы сәтте балалардың ойында азаматтық сананың алғашқы ұшқыны тұтанады, олардың алдынан адам баласының баға жетпес байлығы — халық үшін еңбек есігі ашылады. Бүгінгі бұл еңбек өте қарапайым және әдеттегі еңбек болуы мүмкін: балалар көшет отырғызуға әзірленіп, күрекпен ұралар қазады, топыраққа тыңайтқыш салады, жерді суарады. Міне осылайша бірнеше жыл істейді - бәрі де қарапайым және біркелкі. Бірақ бұл жалықтыратын дене жұмысы емес, жоқ! Бұл жұмыс сөздің толық мәнінде творчестволық жұмыс, өйткені оны атқарып жүрген адйм өзін жасампазбын деп сөзінеді. Өйткені ол бұдан үлкен ләззат - адам үшін бақыт жасау ләззатын алады. Өйткені бұл сөзім тәрбиеленушілерді коллективке біріктіреді. Балалар, Н. К. Крупская үйреткен-дей, коллектив болып күйініп-сүйінген кезде, коллектив болып қуанған, коллектив болып толғанған кезде ғана, сонда ғана коллективтік жайсаң өмірді басынан кешіреді. Егер бала қоғамдық жасампаз іске қатысушы болғанда ғана зор шаттықты сөзінеді.

Егер адам қоғам өміріне, оның дамуына өзінің қатысқанын сезсе, ол адам үшін тек материалдық игіліктер жасап қана қоймайды - ол өзін де жасайды. Аза-маттық рух айқын бейнеленген жұмыстан шынайы өзіндік тәрбие басталады. Ал өзіндік тәрбие - бұл тәрбие ісіндегі әлдеқандай бір көмекші нәрсе емес, қайта оның мықты ірге тасы. Егер адам өзін өзі тәрбиелемесе, оны ешкім де тәрбиелей алмайды.

Жылдар өтіп жатты, ағаштар өсіп, топырақ эрозиясын тоқтатты, ондаған гектар құнарлы жер құрып кетуден аман қалды. Творчестволық ауыр еңбек бірте-бір-те оқушының рухани өміріне осылай ене бастайды. Бірнеше жылдар бойы бірге қатар жұмыс істеген әрбір адамды оқушы өзінің досы, жолдасы санайды, ал, бір пікірлес деп санаса, тіпті жақсы. Қоғам үшін творчестволық жұмыс істеудің арқасында адам балалық және бозбалалық шағының өзінде-ақ қоғамдық асыл мүдделерді танып біледі. Ол өзінің ақыл-ойымен және жүрегімен ақиқаттың ұлы мәнін, тәртіптіліктің, еңбек сүйгіштіктің, адалдықтың жоғарғы өлшемі оның қоғамға деген көзқарасы болып табылатындығын түсінеді. Қоғам үшін жұмыс істеудің арқасында, асыл мүдделерді танып білудің арқасында, адам балалық және бозбалалық шағының өзінде-ақ идеяларға — адам баласының жақсы болашағы жолындағы, елімізде коммунизм жеңісі жолындағы күрестің мәнін ашатын саяси ақиқаттарға деген өзінің көзқарасын қалыптастырады.

Адамның моральдық бейнесі, оның ой-санасы мен мінез құлқының бірегейлігі, қоғамдық қызметі, қоғам, халық, коллектив алдындағы жауапкершілікті түсіну -осының бәрі адамның ой-санасы мен жүрегінде қандай идеялардың барлығына, жеке өмірінде ол қандай идеялық ниетпен рухтанатындығына байланысты. Идеялық ниет — бұл адам сенімінің негізі.

Оқушының оқыған бүкіл жылдары бойына созылатын қоғаммен байланысы, уақыт өткен сайын күрделіленіп, әр түрлі формаларға ие болуы, сан қырлы қажеттіліктер мен мүдделерді дамытуы өте маңызды нәрсе. Пионер және комсомол коллективтерінің идеялық бірлігі, табандылығы, тұтастығы, тәртіптілігі ең алдымен бұл коллективтердің қоғаммен қандай жерде қатысты екеніне, олардың қоғам үшін не істеп жүргеніне, олардың жұмысы қандай идеялармен рухтандырылып отырғанына байланысты болатынын тәрбие жұмысының практикасы көрсетіп келеді. Коллектив пен қоғамның қарым-қатынасы жекелеген еңбек тапсырмаларын үздік-создық орындау арқылы болып қоймай, мақсаты айқын қоғамдық идеямен жарқырап көрінетін ұзақ, көп жылдық жұмыс арқылы болуы тиіс. Бүгін сіздің түлектеріңіз салтанатты жағдайда пионердің қызыл галстугін мойнына байлаған екен — нақ бүгін пионер коллективі азаматтың өмірдің келесі баспалдағына көтерілуіне қамқорлық жасаңыз. Өзіңіздің түлектеріңізбен бірге ең далаға барыңыз. Олар қолдарына күрек пен балға, шот алып, сол жерді тазартсын, жұрт үшін бақ жасасын. Сіздің түлектеріңіз коллективтік еңбек қуанышына бөленгенге дейін екі-үш жыл өтеді. Еңбек қуанышы - бұл өте нәзік гүл, ол көп тер төгіп, еңбек сүйгіштіктің құрметті белгісі — қол еңбектен күштенген кезде ғана гүлдейді.

156 Коллективтің тәрбиелік ықпалын орнықтыруда мінез-құлың сұлулығы туралы дұрыс түсініктерді қалыптастыру ісі айрықша маңызды роль атқарады. Бұл жөнінде ең дұрыс жол коллективтің - нағыз тәрбиеші, ал жеке адамның - тәрбиелі болуында, коллективтің рухани өмірінде ұят қылықтарға к,алай қарау проблемасы бірінші кезекке қойылмауы керек.

Бұл үшін іс жүзінде не істеу қажет? Мұны методикалық тұрғыда қалай жүзеге асыруға болады?

Коллектив — күрделі оркестр, онда әркімнің өз ас-пабы іболады, сол аспашіен ойнайды. Мінсіз жатық оркестрде бірде-бір аспаптың үні үйлесімсіз істелмеуі тиіс. Мұның өзі әрбір адамның өзіне табиғат берген талабы ашылуға тиіс деген сөз. Әрбір тәрбиеленуші нендей де бірдеңемен әуестенген кезде, ол әуестенген ісінде оның игілікке, өз бойында адамды дәріптеуге деген ынталану сөзімі көрінген кезде ғана мінез-құлық сұлулығы жөніндегі мінсіз түсініктерді жетілдіру мүмкін болады. Бұл проблеманы шешудің кілті мынада: балалар мен жас өспірімдердің ең негізгі әуестеніп жүрген істеріне кішкентай бір тамаша нәрсені қосып жіберу керек, баланың, жас өспірімнің рухани өмірінде өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге бағытталған іс болуы керек. Басқаша айтқанда, адамның ңызыққан, қалаған нәрсесі зор ынталылықты, ерік-жігер қажырын талап ететін болса, міне осындай жағдайда мінез-құлық сұлулығы туралы мінсіз түсінік жеке бастың құштарлығына, өмірлік бағытына айналады. Біз әрбір бала ақылымен, қабілетімен, белгілі бір табысымен, шеберлігімен, еңбек сүйгіштігімен, кітапңа, еңбекке, творчествоға сүйіспеншілігімен, интеллектуалдың бай мүдделерімен, жайсаң жанымен, адамгершілігімен өзін көрсеткісі, өзі жөнінде білдіргісі келсе екен дейміз. Адамның көз алдында оны мақтанышқа бөлейтін, дәріптейтін іспен әуестену,- адамды жәбірлейтін барлық пасық, ұят қылықтардан сақтандырудың жақсы жолы.

Біздің тәрбиелік маңсатымыз-баланың, жас өспірімнің мінез-құлңын оның ақылды болуға талпыну ынтасы жетелеуі үшін, оның ғылымды, оқуды мектепті сүюі үшін: білім алу, кітап оқу, интеллектуалдық жағынан баю ол үшін басты шабытқа, басты мүддеге айналуы үшін күш салу болып табылады.

Адамның ынталануымен және мүдделігімен, ақылдылығымен, білімімен көрінуі - өз қабілетін, бейімділігін сезінумен және оның қалыптасуымен байланысты тәрбие процесінің күрделі проблемасы осы болса керек. Тәрбие жұмысындағы көп жылғы тәжірибе мынаған менің көзімді кәміл жеткізді: бейімділік едәуір жағдайда адамның балалық және әсіресе бозбалалық шағындағы оның мінез-құлқына байланысты болады. Егер мінез-құлық адамның ақылды, жетілген, кемеңгер боламын деген тілегімен үйлесімді байланыста болса, онда нақ тілек адамды интеллектуалдық толымды бай творчестволык, жұмысқа жетелейді. Бейімділік - бұл адамнан тыс қайдай да бір абстракт күш емес; бұл оның ішкі рухани күштерінің, оның көру, түсіну, өзін-өзі тәрбиелеу қабілетінің көрінісі.

Ғылымға, білімге, оқуға, әсіреое кітапқа жақсы көзқараспен қарау адамды табанды, ынталы оқуға жетектейтін шешуі ұйтқы болып табылады. Менің алдымда отырғандар бірінші кластың кішкентай оқушылары. Олардың тәрбиесінің, рухани өсуі мен жетілуінің персиективасын мен ең алдымен мынадан көремін: оқудың алғашқы екі-үш жылы ішінде-ақ олардың әрқайсысы кітапты мейлінше сүйетін болуы керек, кітап оқу олардың ең үлкен құмарына айналуы керек, коллективтің рухани өмірі ең алдымен өмір туралы ой негізінде, әрбір кішкентай баланың әлі қолы жетпеген нәрсесіне жетуге талпынуы негізінде құрылуы керек. Мен өз түлектерімнің кітапқа деген құмарлығын ең алдымен былай қалыптастырамын: меншікті кітапхананың есігін оларға ашып қоямын, бұл кітапханада олардың әрқайсысы үшін өзіне керек кітапшасы, оның сүйсінетін және құмартатын кітапшасы табыдады. Менің кітаптарыма сүйсінгендіктен, балада өз кітапханам болса екен деген тілек туады. Бала таң атқанша кітап оқып отырып қалған екен, конькиін сирек кездесетін кітапшаға айырбастаған екен, сирек кездесетін кітапты сатып алу үшін, ата-аналарынан рұқсат сұрамастан, көрші селоға немесе тіпті қалаға кетіп қалған екен,— мейлі, оның жеке басын осылар сипаттасын, мінез-құлық ережелерін бұзудың басқа белгілері сипаттамасын. Өзінің жеке кітапханасындағы кітапты көбейте беру үшін балалар жарыса түссін. Екінші, үшінші класқа көшкен кезде-ақ бала жазда колхозда жұмыс істеуді қалап, тапқан ақшасына өз кітапханасы үшін кітаптар сатып ала берсін. Бала тілегі мен әуестігінің ішіндегі ең бастысы кітап жинау болсын. Бұл әуестікті, бұл құмарлықты мынадай кезде, адам баласының мәдени құндылықтары балаға енді ғана ашыла берген кезде, коллективтің рухани өмірі енді ғана бастала берген кезде, адам дүниені де ерекше құштарлықпен тани бастаған кезде тәрбиелеу керек.

Бала жанына сансыз көп әуестіктер сыя бермейді. Егер бала кинофильмдермен әуестенсе, егер ол аптасына үш рет кинотеатрға бармай тұра алмайтын болса және күн сайын көркемдік құндылығы темен фильмдерді ата-анасымен бірге күйінщ-сүйініп отырып телебизордан бір күн көрмесе отыра алмайтын болса,— оның рухани дүниесінде талап-талғамы жоқ тұтынушының мінез-құлқы орын алады, мұндай тұтынушы күнделікті жеңіл-желпі алданышқа қанағаттана сала-ды. Мұндай мінез-құлықтың алдын алу — өте күрделі де ңиын іс. Мұғалімнің міндеті —бала әуестігі үшін күресу, адам сұлулығы туралы мінсіз түсінік жолы - осы ғана. Кітаппен әуестенушілікті бүкіл болмыс адамгершілігімен тығыз ұштастыру бірінші кезекке қойылуы тиіс — бұл баланың жоғары моральдық мінез-құлқы мен рухани бай өмірінің ұйтқысы. Мұндай әуестікті тек өз басының үлгісі арқылы ғана тудыруға болады. Мұғалімнің бойынан бала кітапқа деген сүйіспеншіліктің жанды көрінісін көруге тиіс. Дұрыс, жақсы іс қылықтардың ең басты ұйтқысы осы.

Егер адамның өмірінде балалық шағынан бастап-ақ кітап жақсы мінез-құлыққа үйретсе, онда толысқан шағында рюмкаға байланысты... жаман мінез-құлық болмайды. Біз балалар коллективінде кітаппен, мәдениетпен әуестену дәстүрін орныңтырамыз. Кітап мере-келері өткізіледі: достар бір-біріне қолтаңба жазып кітаптар сыйлайды. Бұл күні әкелер балаларына кітаптар сыйлайды: біз белгілі бір мөлшерде семьяның тәрбиелік мұраты мазмұнында сипатталатындай кітаптар сыйлауға кеңес береміз. Класс коллективтері бұл күні қарттарға, мүгедектерге, әсіресе жалғызілікті адамдарға шағын кітапханалар сыйлайды.

Әрбір оқушы кітаішен әуестенген коллективте рухани бос кеуделікке, рухани мүгедектікке, рухани әдепсіздікке жиренішпен қарау, төзбеушілік атмосферасы үстемдік етеді.

Біз сонымен бірге, баланың, жас өспірімнің мінез-құлқы еңбекпен тығыз байланысты болуына да ұмтыламыз. Мінез-құлық сұлулығы қасиетін еңбекте ашып көрсету, әрбір адамның бойындағы қайнар көзді, сүйген ісіне әуестену қасиетін ашып көрсету деген сөз. Адам өзінің талабында, мүмкіншілігінде, қабілетінде, бейімделуінде шексіз қасиетке ие, ал осы шексіз қасиет қайталанбайтын нәрсе екендігіне тәжірибе менің көзімді жеткізді. Табиғатта дене күші жағынан да, психика жағынан да сау адам туралы біз: оның еш нәрсеге қабілеті жоқ— деп айта алмаймыз. Коммунистік тәрбиенің даналығы мен шынайы ізгілігі мынаған: әрбір адамның бойындағы творчестволың еңбектің қайталанбас қайнар көзін ашуға, әркімнің өзіне өзі қарауына, өз бойынан осы қайталанбас адамгершілікті сезуіне жәрдемдесуге, өзі үшін рухани күшті, жеңілмейтін күрескер болуына жәрдемдесуге байланысты болады. Мінез-құлықтағы қисықтыңтар өзін өзі тани білмейтін, еш нәрсеге намыстана білмейтін адамда болады, өйткені ол өз бойына еш нәрсені дарытпаған. Егер тәрбиеші бәрін тек өзінің моральдық правооына ғана жүгіндіруге, бағындыруға сеніп, тәрбиеленушінің ішкі жан дүниесіне әмірші болуға ұмтылса, онда нағыз айла-амалға толы тәрбие жүйесінің өзі, картон қағаздан жасалған үйлер тәрізді қақырап кетеді. Ол, менің тәрбиеленушім, өз ар-ұжданының әміршісі болуға айналды, міне менің қолым осыған жеткендіктен ғана мен өз тәрбиеленушімнің ішкі жан дүниесінің әміршісі болып отырмын.

Енді мынаған зер салып көрейік: тәрбиеші әрбір қадам басқан сайын әмір беріп отырады. Әмір беру правосы — біздің ең нәзік аспаптарымыздың бірі, оны қте-мөте сақтықпен пайдалану керек. Бұл, осы право, тек мынадай кезде, тврбиеленуші өзінің жеке сұлулығына, қасиетіне мақтанамын деп бір нәрседен өзін көрсеткен кезде ғана пайда болады. Тәрбиеші неғұрлым өз тәр-биеленушісін еңбекте көрсетуіне көбірек үйрете білсе, соғұрлым ол тәрбиеленуші үшін үлкен бедел болып саналады.

Тәрбие берудің даналығы, күрделілігі, азапты қиындығы және осымен бірге қуанышрақаты біздің әрбір түлегіміздің балалық шағында, әсіресе бозбалалық шағында өзін сүйген еңбектен таба білуінде, соған әуестенуінде, оның шырқай биігіне жетуінде. Бұл саналы азаматтың, саналы еңбеккердің мінсіз мінез-құлқына жету жолы. Практикалық жұмыста біз мынаған жетуге күш саламыз, балалық шағының өзінде-ақ әркім әлденемен әуестенсін: әр сабағында жүз дәні бар бидай есірсін, бос жатқан, ңұнарсыз шәлейтті жоғары өнім беретіндей ңүнарлы жерге айналдырсын; шағын учаскеден жылына екі рет өнім жинасын; малшылар өліп қалады деп есептеп, үміт етпеген қозыны бағып өсірсін; ібір жазда бір омартадан жақсы деген екі ұя шығарсын; белок заттарына мейлінше бай шөп жинасын; жабайы ағашқа жеміс ағашты теліп, екі жылдан кейін өнім алсын; балалар үшін арнайы құрастырылған кішкентай тракторды жүргізсін; машинаның жұмыс істейтін үлгісін дайындасын, аопаптар жасасын т. т.

Әрбір адамның өзін көрсетуге деген ынтасын тудыру керек. Бұл үшін педагог өз түлектерінің творчестволық күш-жігері мен қабілетін бағыттағанда, әрбір кішкентай адам, әрбір жас өспірім ең алдымен өзіне өзі тәрбиеші болатындай етіп бағыттау керек,— осыны мен тағыда атап айтамын: тек осындай жағдайда ғана ол - сіздің түлегіңіз.

Егер сіз, балалық шағының өзінде, әсіресе бозбалалың шағында, сіздің түлектеріңіз өздерін көрсете білсін десеңіз, бір адамның мінез-құлқы екінші адамның дұрыс мінез-құлқын баулысын десеңіз, мектепте адамның өзіне-өзі тәрбиеші болатындай жағдай жасап, сақтай біліңіз және сол жағдайды әрдайым жандандыра біліңіз. Адам әлдебір істе жетістікке жетісімен-ақ, ол өзінің мінез-құлығы арқылы басқаларды рухтандырады, басқа адамның қайталанбайтын адамдық даралық қасиетін өмірге шақырады,- ал мінез-құлық ең алдымен еңбекке деген көзқарастан көрінеді. Бұл коллектив өмірінің ең маңызды заңдылықтарының бірі.

Тоғызыншы класс оқушысы — жас өспірім нағыз «үлкен» тракторды тамаша жүргізеді, өйткені бірінші кластан бері ол машина әлемінде емір сүріл келеді; ол - алтыншы класс оқушысының тәрбиешісі, өзінің кішкентай жолдасына машина жүргізу жөніндегі өзінің білгірлігін ғана жеткізіп қоймайды, сонымен бірге ол үшін шеберліктің үлгісі болып та қызмет етеді. Алтыншы класс оқушысының тағы бір кішкентай досы бар -ол екінші кластың оқушысы: кішкентай бала іштен жанып қозғалатын нағыз кішкентай автомобильді жүргізуді үйреніп жүр. Адам өзін мынадай кезде ғана жетілдіре алады: Адам өзін көрсетумен бірге, өзінің әуестенген ісімен басқаларға жол сілтейтіндей болғанда, ал бұл әуестенушілік неғұрлым тереңдеген сайын, соғұрлым коллективтің рухани өміріне мынадай заңдылық мықтап енеді: мінез-құлықты нұсқау, тәртіп арқылы жасауға болмайды, керісінше ол адамның ішкі ой-сөзімінен және жеке адамдардың өзара дарын-қатынастарынан шығады. Өзін-өзі тәрбиелеу жөніндегі осы күрделі әркестрде педагог дирижердің және композитордың, бас аспаптың және басқалардың шеберлігін басты бағалаушы адамның жауапкершілік ролін атқарады. Адамның өзін көрсеткен алғашқы талабы басқаларды рухтандырады, бұл педагогтан — тек қана содан тарайды. Бұл түрғыда музыканың сұлулығы мен оркестрдің үйлесімділігі композитор мен дирижерға байланыстылығы секілді коллективтің мі-нез-қүлңы педагогқа байланысты болады.

Егерде біздің әрбір түлегіміздің мінез-құлқы еңбеккердің өзін мақтаныш етуінің көрінісі болмаса, өз намысының көрінісі болмаса, біз мүлде дәрменсіз тәр-биешілер болып шыққан болар едік, біздің сөзіміз, біздің үйретуіміз бен біздің тағылымымыз жас жүректерге жетпеген болар еді. Ақылды, білімді, көреген, білгір, жасампаз адам болып шығу талабы арқылы ғана оқуға деген құштарлықты сақтап, қорғап қалуға болады.

Балалардың, жас өспірімдер мен жастардың оқуға деген ынтасы... Мұның өзі тәрбиеші үшін көбінесе ертегідегі, қолға түспейтін құс болып көрінеді! Ол жеке адамға ғана тән нәрсе, бірақ коллективтің рухани әмі-рімен тығыз байланысты. Оқуға деген құштарлық, ғалымдар айтқандай жеке адамның талап-талғам дәре-жесіне байланысты. Бақылау жұмысы тексерілген дәптерлерді сіз таратып беріп тұрсыз. Әр жолы дерлік жазба жұмыстары үшін 5 алып келген оқушы, қазір 4 алып қалыпты. Ол бұл бағаны сәтсіздікке жорып, қатты қайғырады. Оның қасында отырған — нашар оқушы, ол екілікті жиі алады. Бақылау жұмысынан 3 алып, ол қуанады. Бұл қалай: бір оқушы төрттік бағаға наразы болады, екінші оқушы үштік бағаға қуанады? Өзінің жұмысына үштік немесе төрттік бағалар алған кластағы оқушылардың едәуір бөлегі не абыржушылық, не өкініш, не ерекше қуаныш сөзімдерін неге басынан кешірмейді? Өйткені әрбір оқушының өз талап-тілек деңгейі қалыптасады. Бұл адамның өзінің көзқарасы, өзінің күш-жігері, мүмкіншіліктері, қабілеттері жөніндегі пікірі, бұл өзін өзі бағалауы. Әрине, әр оқушының өзінің табиғи талабы бар, біраң жеке-даралық қабілеттер, біржола және мәңгі-бақи белгіленген, тек «құдайдың құдыретімен» ғана сөзсіз болатын нәрсе емес. Тәрбиешінің шеберлігі атап айтқанда баланың қабілеттерін үнемі жетілдіре беруде, баланың, жас өспірімнің білімді жақсы ойдағыдай игеруге деген қажеттілігін үнемі өсіре беруде. Басқаша айтқанда, тілек-талап дәрежесі қабілеттің жетілуімен бір мезгілде арта беруге тиіс. Ал тілек-талап дәрежесінің арту тенденциясы неғұрлым айқындалған сайын, соғұрлым жеке адамның қабілеті де көбірек жетіле түседі.

Әрбір жеке адамның тілек-талаптары дәрежесімен оның қабілеттерінің бұл негізгі бірлігі мен өзара байланыстылығы коллективтің мінез-құлық сұлулығы туралы, жалпы мінез-құлық туралы мінсіз түсінігіне, әр-бір жеке адамның өзі туралы коллектив пікіріне қандайлық сезімталдықпен қарайтындығына байланысты болады. Баланың немесе жас өспірімнің өзін-өзі қалай көруі, өзіне қалай қарайтындығы да өз ретінде, осыған байланысты болады. Жеке адамның өзіне деген көзңа-қасы — коллектив ішінде саналы тәртіпті дамытудың ең маңызды белгілерінің бірі, өйткені адамның өзіне деген көзқарасынан өзіндік тәртіп көрінеді. Әрбір оқушының мінез-құлқы ең алдымен еңбекпен, творчествомен әуестенуден көрінетін коллективте оқушы төмен баға алғаннан кейін ұялу, абыржу сөзімдерін бастан көшіруге қабілетті болады. Жан-жақты білім алу, еңбек сүйгіштік, көп оқығандық, кітапқа сүйіспендік, творчестволық табыс құрметке бөленетін коллективте жеке адамның тілек-талап дәрежесі әрдайым арта береді. Мінез-құлық ғылыммен әуестенуден, ғылымға терең үңілуден көрінген жерде білім, еңбек, творчество, табыс мерейі және табысқа жету құштарлығы жеке адамға тән қасиеттерге айналады. Ал табысқа жетуге құштарлық бар жерде адам сәтсіздікке шын қайғырады. Мұндай жағдайда сәтсіздік адамның өз күшіне сенімсіздікті тудырмайды, керісінше, және интеллектуалдың күштерді қайтадан сарқа жұмсауға ұйтқы болады.

Жеке адамның тілек-талап дәрежесі туралы сөз қылғанда, бір жағынан, мінез-құлықтың, екінші жағынан, ерік-жігер күштерінің ең елеулі көрінісі ретінде әуестенушіліктің табиғи бірлігін әрдайым есте ұстау керек. Орташалар деп аталатын, қалай болса, солай оқу өздеріне «тағдыр жазған» нәрсе деп көнген оқушылар, бұлар ерік-жігері әлсіз, көбінесе мүлде еркі жоқ жандар. Коллективте мұндай оқушылар неғұрлым көп болса, коллектив жалпы тәрбиелеуші күш ретінде соғұрлым әлсіз болады, жекелеген тәрбиеленушілерге жеке-дара ықпал жасаудың жолын табу мұғалімғе соғұрлым қиын тиеді. Төрт немесе бес алуды арман етпеген орташа оқушылардың жігерсіздігі - тілек-талап дәрежесінің тоқырап қалуының нәтижесі. Кенет бестік баға алған «тұрақты орташаның» қандайлық іштей күйгелектеніп, күмәнданып қалатынын біздің әрқайсымыздың аңғаруымызға тура келді. Онда үлкен ерік күші тууы мүмкін, әрине, туғанда, мынадай жағдайда, егер коллективте мен мінез-құлық пен интеллектуалдық еңбекпен, кітаппен, творчествомен әуестенушіліктің бірлігі деп атайтын игілікті істің кішкентай бір өнігі болған жағдайда ғана тууы мүмкін. Моральдық жағынан мақтаулы және тартымды істермен әуестену -ерік күштерінің рухтандырушы қайнар көзі.

Жеке адамның тілек-талап дәрежесін басқара білу, оның өсуін ынталандыру - педагогикалық шеберлік салаларының бірі, мұнда оқу ісі коллектив тәрбиесімен бірігіп кетеді, мұнда коллективтің интеллектуалдық өмірі — үлкен күш, бұл күш адамның өзіне өзінің көзқарасын қалыптастырады және, сайып келгенде оны өзін тәрбиелеуге жетелейді. Бұл салада нағыз жасампаз адам болу үшін, тәрбиешінің бірқатар маңызды қағидаларды ұстануы керек.

Біріншіден, коллектив ішінде мынау оқушы барлың жағынан мықты, ал анау оқушы барлық жағынан осал деген көзқарастың үстемдік алуына жол беруге болмайды. Коллектив ішінде өзінің «артта қалушылар» деген жағдайына төзетін адамдардың болуынан оттан бетер қорқыңыздар. Әркім, коллективтің әрбір мүшесі дерлік әлденендей бір іспен әуестенуі, нендей де бір істе қабі-леттерін көрсетуі, оны үнемі жетілдіре түсуі тиіс, бірінші болу үшін белгілі табыстарға жетуі, басқаларға үлгі болуы тиіс. Менің ештеңеге де қабілетім жоқ деген психологиялық шешімде болу ерікті мұқалтады, өзіне өзінің самарқау қарауын тудырады, ал мұның өзі тілек-талаптың ең төменгі дәрежесіне әкеліп тірейді. Нағыз тәрбиеші өз түлегінің қандай да бір пәннен беске оқуына тырыспайынша, өзін жемісті жұмыс істеп жүрмін деп есептемейді. Ал пән оқытушысы егер ол нағыз тәрбиеші болса, белгілі бір тараулардан жоғары баға алған өз оқушысының білімді игеруге қабілеті бар екендігін сөзінуіне күш салуға тиіс. Мәселе бұл арада тіпті оқушының бағасын «көтеруде» ғана емес, керісінше, оның еркін дамытуда, ол өзін коллективте тұлға ретінде сезінсін. Сондай-ақ оқуға тікелей қатысы жоқ еңбек қызметінің қандай да бір саласында оқушының нағыз шебер болуы (әрине, балалардың мүмкіндігі ауқымының шеберлігімен өлшегенде) өте маңызды нәрсе. Тілек-талап дәрежесін арттыру тұрғысында бұл адамның өзінің күш-жігерін баға алуға бола жұмсамауы үшін қажет: балаға немесе жас өспірімге білімді игеру неғұрлым қиынға түссе, әрбір бағаны неғұрлым үлкен қиындықпен алса, олардың рухани өміріндегі жетістік-тердің болуы соғұрлым маңыздыраң болады, рухани жетістіктерге ол баға алу үшін ие болған жоқ, қайта адамгершілік намысты сөзіну үшін, коллективте тұлға болу үшін ие болды.

Екіншіден, әрбір баланың оқыған жылдары ішінде оның қабілеті өспей, белгілі бір дәрежеде қалып қойып отырса, онда коллективте дұрыс тәрбие болды деу қиын. Іске сергек көзқараспен қарап, шындықпен пайымдайық: коллективте қабілеті шектеулі оқушылар болады; олардың тым құрығанда орташа оқуы үшін мұғалім көп күш жұмсайды, Бірақ осы шектеулі қабілеттің өзін жетілдіру керек, жетілдіргенде, адам — бұл арада біз тәні сау, жаны сау адамды айтып отырмыз — өзінің өскенін сезінуі үшін, табыс мерейін сезінуі үшін жетілдіру керек. Бұл өте күрделі мәселе, ал тәрбие ісінің бұл саласында педагог ең алдымен сергек, сезімтал, ілтипатты адам болуы керек. Мектепке дейінгі жастағы қара дүрсін тәрбиенің салдарынан туған, соған тән бала қабілетінің тар өрістілігіне - бала қайғысы ретінде қарау керек. Тек осындай жағдайда ғана бала жанын түсінуге болады. Қабілетті жетілдіру үшін ең алдымен мынадай өте маңызды алғышарт қажет: білімді творчестволықпен қолдану — білім жаңа білімдерді тудырудың құралына айналып отырған кезде ғана емес, сонымен бірге жаңа шеберлік пен дағдыларды қалыптастырған кезде, ал мұның өзі адамның есте ұстай білуге, жасампаз болуға қабілетті екендігіне көзін жеткізеді. Адамның мектепке дейінгі жастык, шағында оған ақыл-ой тәрбиесін беруде қара дүрсіндікке неғұрлым кебірек жол берілсе, соғұрлым мектепте оқыған жылдарында білімді игеруде еске сақтау ісіне көңіл бөлгеннен гөрі, колективтегі творчестволық жұмысқа, басқа оқушылармен интеллектуалдық қатынас жасауына көбірек көңіл бөлу керек.

Үшіншіден, елеулі күш-жігер жұмсамай-ақ, қол жеткен табыстарды коллектив ішінде мақтауға жол бермеу керек. Жалпы алғанда, табыс - адал еңбектің жемісі екендігін тәрбиеші есте ұстауы керек. Асылы, тәрбиеленушілер коллективінде, әсіресе табиғи зор талабы бар адамдар арасында қол жеткен табысты қажырлы еңбектің нәтижесі деп білмеген бірде-бір адамның болмауы өте маңызды нәрсе. Коллективте кездейсоқ, кей ретте орынсыз бағалаушылық неғұрлым көп болса, соғұрлым тәрбиеленушілердің өз өзіне деген талап дәрежесі темен болады.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет