1.3 А.С. Макаренконың ұжым туралы тағылымы.
Көрнекті кеңес педагогы А.С. Макаренко көп жылғы тәжірибесін қорытындысын қорытындап, коллектив (ұжым) тәрбие жұмысының ең басты формасы деп санады. Ол: "Тәрбие бірлігі мол, күшті, әсерлі мықты коллектив құру арқылы ұйымдастырылуыға тиіс",- деп атап көрсетті.
А.С.Макаренконың пікірінше, оқушының әр қимылы, оның әр сәттілігі немесе сәтсіздігі ортақ істің айналасында бүкіл коллективтің сәттілігі немесе сәтсіздігі деп бағалануы тиіс. Топтасқан оқушылар коллективіне, сондай-ақ онда жағымды дәстүрлер мен қызықты перспективалардың, өмір мен қызметтің сергек, жарқын жүзді сарынының болуы, кемшіліктерді батыл сынай және сынды дұрыс қабылдай білу тән.
А.С.Макаренко: "Коллектив дегенміз - бұл әлеуметтік жанды тұлға. Себебі оның ұйымдары, ол ұйымдардағы уәкілдіктері, жауапкершілігі, ұйымдардың арақатынасы, өзара тәуелділігі бар, егер ондайлардың ешқайсысы болмаса, онда ол коллективте бола алмайды, жай ғана тобыр немесе жиынтық болады," - деді.
А.С. Макаренко тағылымы ұжымы сатылы қалыптастастырудың егжей-тегжейлі технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді: қозғалыс - ркымның өмір сүру формасы; тоқтау - оның жойылу формасы. Әйгілі педагог ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапкерлі тәуелділік, перспективалық, бірлікті әрекет).
Ұжым болу үшін, топ сапалы тіктелу жолынан өтуі қажет. Осы жолда
А.С. Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді.
Бірінші саты - ұжымның құрылуы (алғашқы бірігу сатысы). Бұл кезеңде ұжым педагог тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді, мұның өзі ұйымдасқан, белгіленген топты (сынып, үйірме т.б.) ұжымға айналдыруға талпыну, яғни оқушылардың ұжымға қатынасы бірлескен іс-әрекет мазмұнымен, мақсат-міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады. Ұжымның ұйымдастарушысы - педагог, барлық талаптар осы педагогтан басталады. Ұжым белсенділері анықталып, тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады.
Екінші сатыда белсенділердің ықпалы арта түседі. Енді белсенділер тек педагогтардың талаптарын қолдап қана қоймай, ұжым мүшелеріне ұжымға не пайдалы, не зиянды екенін байқатып, өз түсініктері бойынша басқара бастайды. Егер белсенділер ұжым қажеттілігін дұрыс түсінсе, онда олар педагогтың сенімді көмекшілеріне айналады. Бұл кезеңде белсенділер жұмысына педагог көп көңіл бөлу керек.
Екінші кезең ұжым құрылымының тұрақтауымен сипатталады. Бұл сатыда ұжым бүтінделген жүйе ретінде көрінеді, онда өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі реттеу механизмдері іске қосыла бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі - бір қылықтар нормаларын талап ете бастайды, ал талаптар біртіндеп кеңейе береді.
Бұл сатыдағы педагогтың басты мақсаты - осы ұжымның алға қойған міндеттерін шешу мүмкіндіктерін мейлінше көп пайдалану.
Тәжірибе жүзінде әр ұжым - дара оқушының жеке дамуын мақсатты бағыттайтын тәрбие субъектісі ретінде танылуы тиіс.
Ұжымның бұл сатыда дамуы кейбір қарама-қайшылықтарды жеқумен байланысты, атап айтқанды:
- ұжым мен жеке оқушылар арасындағы;
- жалпы және жеке перспективалар арасындағы;
- әр қилы ерекшеліктері бар оқушылар топтары арасындағы т.б. Сондықтан ұжым дамуында секірістер, тоқыраулар, өзгерістер мен ауысулар болмауы мүмкін емес.
Үшінші және одан кейінгі сатылар ұжымның кемелденуі. Алдыңғы даму сатыларында қол жеткізген қасиеттер киелі тұлғалық ерекшеліктерді топтастырады: жолдастарына қарағанда өзін жоғары талап қоюы, көзқарастарының, әдеттерінің, әрекет-қылықтарының тұрақтануы. Егер ұжым осы сатыға жетсе, онда толыққанды, адамгершілікті тұлға қалыптастыру үстінде деген сөз. Жалпы тәжірибе, болған оқиғаны бірдей бағалай білуі -үшінші сатыдағы ұжымның ең негізгі белгісі.
Барлық даму сатыларында ұжым үлкен және кіші дәстүрлерді қалыптастырады. Дәстүрлер тәрбиеленушілерді эмоционалды қабылдайтын әдет-ғұрып, ниет арқылы жасалатын ұжым өмірінің тұрақты формалары. Дәстүр жүріп-тұру нормаларының бекуіне көмектесіп, ұжымдық мәселелерді бірлікті шешу қабілеттерін дамытады, өмірді қызықты етеді.
Ұжымда мақсатты таңай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат перспектива деп аталады. Адам өмірінің негізгі стимулы -ертеңгі қуаныш. Тәрбиеленушіге түсінікті перспективалы мақсат -қиыншылықтар мен кедергілерді жеңіуге көмектесетін үлкен күш.
Тәрбие жұмысы тәжірибесіне перспективаның үш түрі кездеседі, олар: жақын, орташа, және алыс перспективалар.
Жақын перспектива - ертеңгі серуен, яғни ұжым мүшелерінің жеке қызығушылығынан туындайды.
Орташа перспектива - уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.
Алыс перспектива - ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат.
Мұндай перспективада тұлға мен ортаның қажеттері міндетті түрде үйлеседі. Перспективалық жолдар жүйесі ұжымға етене енуі керек. Оны уақыттың кез-келген сәтін ұжымның айқын да қызықты мақсаты болатындай, сонымен өмір сүретіндей әрі сол мақсатты орындауға талпынатындай етіп құру қажет. Перспективаны таңдағанда жұмыстың нәтижелі бітуін ескеру әбден қажет.
Кейде педагогтың оқушыға әсері кейбір себептерге байланысты кем нәтижелі болып қалады. Оған жанындағы оқушылар арқылы әсер ету өте жақсы жеміс береді. Бұдан қатар әрекет (параллельное действие) принципі іске қосылады. Оның негізінде оқушыға тікелей емес, ұжым арқылы әсер ету талабы жатыр.
А.С. Макаренко ұжымаралық қатынасқа көп көңіл бөлді. Қалыптасқан ұжымның ерекше белгілері ретінде ол мыналар ескерді: 1) үнемі сергектік, іс-әрекетке дайындық; 2) өзіндік қадірін сөзіну; 3) мүшелерінің достық бірлігі; 4) әр мүшенің өз қауіпсіздігін сөзіну; 5) іс-қимыл, әрекет белсенділігі; 6) дер көзінде ұстамдылыкқа әдеттенуі, көңіл шарпулары мен тілдесудегі өзіне шек қоя білуі.
үшін және коллектив арқылы, коллективте тәрбиелеу жүйесін жасаған А. С. Макаренко өзінің заманында педагогтар арасында тараған тұжырымды қатты сынады, педагогтар берген тұжырым бойынша, олар коллективті «белгілі бір абыржушылықты жиынтық түрде елейтін өзара әрекеттес адамдар тобы» деп түсінетін. Антон Семенович ащы сықақпен былай деген болатын: бұл анықтамадан биологизм иісі он шақырым жерге аңқиды, бұл анықтама маймылдардың үйіріне немесе полилтер колониясына қолданылуы мүмкін, алайда адамдар коллективі үшін, адам қызметі үшін мүлде жарамсыз. Ал егер бұл анықтаманы адамдарға жатқызатын болсақ, онда коллективтің мұндай ұғымына трамвай вагонына отырған жүргіншілерге дейін, көшедегі топ-топ адамдарға дейін, төбелесіп жүрген мастарға дейін, кез келгеннің бәрін де жатқызуға болады. А. С. Макаренко бірігудің социалистік принципіне негізделген адамдардың әлеуметтік бірлігі ғана коллектив деп атала алады деп атап көрсетті. Харьков трактор заводы еңбекшілерінің коллективі жайында біз осылай деп айта аламыз, алайда «Форд заводтарының коллективі» деп ешқашан айтпаймыз. Коллектив деп совет семьясын, оның мүшелерінің қоғамдық еңбекке бірдей қатысу принципіне құрылған семьяны атауға болады, бірақ ақымақ-әке басқаратын көпестік семья коллектив бола алмайды.
А. С. Макаренко коллективке былай деп сипаттама берді:
«Біздің пікірімізше, коллектив — бірігудің социалистік принципіне негізделген контактылы жиынтық.
Жеке адам жөнінде коллектив бүтіндей коллективтің сувереңдігін білдіреді.
Жеке адамның өз еркімен коллективке кіруі правосын білдіре отырып, коллектив бұл адамнан ол коллективте тұрғанда оған сөзсіз бағынуды талап етеді, мұның өзі коллектив суверендігінен келіп шығады.
Коллектив адамдарды қоғам үшін анық пайдалы қызмет міндеттері негізінде біріктірген жағдайда ғана коллектив болуы мүмкін».
Балалар коллективі туралы айта келіп, Макаренко тәрбиенің советтік жүйесі социалистік жүйе болғандықтан, біздің тәрбиелеуші ұйымымыз да коллектив формасында болады деп ескертті.
«Біз тәрбиелейтін адамдар коллективі,— деп атап көрсетті Антон Семенович,— тек жастардың ғана жиналысы емес, бұл ең алдымен Совет еліндегі басқа да барлық коллективтің бүкіл ерекшеліктеріне, праволары мен міндеттеріне ие болатын социалистік қоғамның ұясы болып табылады».
Практика жүзінде өте-мөте белгілі және педагогика теориясында зерттелген коллектив бастапқы класс коллективі болып табылады.
Бұл жұмыста әңгіме мектеп коллективі туралы болмақ.
Мектеп коллективі —бұл тек мектеп оқушылары ғана емес. Ол өзінің құрамына сондай-ақ педагогикалық персоналды да қамтиды. Оқушы және педагог кол-лективі - өзінше өмір сүретін жеке бірлестіктер, олардың әрқайсысының қалыптасуы мен дамуының өз заңдылықтары бар. Олардың арасына қандай да бір айқын шек қоюға болмайды, олар бір-бірінен белгілі бір дуалмен бөлінбеген, олар өзінің бірегейлігімен мектеп коллективі болып табылады, олар сонымен бірге бірыңғай тұтас болып та қосылмайды.
Біз мектеп коллективін коллектившіл өзара қатынастардың жоғарғы, неғұрлым күрделі формасы ретінде қараймыз. Мектеп коллективі - бұл азаматтың мектеп, коммунистік құрылысқа белсенді қатысушының сапа қасиеті осында қалыптасады, бейнелеп айтқанда, бұл балапанның қанаттанып, өздігінен ұшуға аттанатын ұясы.
Біздің елімізде тамаша мектеп коллективтері қалыптасқан мектептер аз емес. Практикалық тәжірибені жинақтап, одан теориялық қорытынды жасауға деген талап орасан зор. Мектеп коллективінің тәрбие методикасының мәселелері жөніндегі тәжірибені, теориялық тұрғыда зерттеудің және қорытудың мектеп басшылары үшін, мұғалімдер, кластан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушылар үшін, комсомол және пионер қызметкерлері, класс жетекшілері және т.т. үшін орасан зор практикалық мәні бар. Коллективтің айқындаушы, жолбасшы, тәрбиелеуші күшке айналуына қалай жетуге болады? Коллективтік қызметтің мазмұны неде? Коллектив ішінде ұйымдық және рухани өзара қарым-қатынастарды мүмкіндігінше мақсатқа сай қалай құруға болады? Мектеп коллективінің идеялың және ұйымдық негіздерінің бірлігін, комсомол және пионер ұйымдарының жалпы қызметін қалай қамтамасыз етуге болады? Мектеп коллективінің мүшелері болып саналатын оныншы класс оқушысы мен бірінші класс оқушысын ортақ мүдде, ортақ қызмет біріктіруіне қалай жетуге болады?
Осы және басқа да бірсыпыра мәселелерді біз теориялық тұрғыда дәлелдеп, практикалық кеңестер беруге тырысамыз, бұл кеңестер Кировоград облысы Павлыш орта мектебі педагогика коллективінің ұзақ жылғы тәжірибесіне негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |