Оқушылар ұжымы- бұл жалпы әлеуметтік маңызды мақсаттарымен, іс-әрекеттерімен, іс-әрекетті ұйымдастыруымен, жалпы міндеттерімен теңдік жағдайында ортақ мүдде бірлігі мен ұжымдасқан оқушылар тобын айтады. А.С. Макаренко ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді:
Қозғалыс- ұжымның өмір сүру түрі;
Тоқтау- оның жойылу түрі;
Ұжымның даму сатылары мен кезеңдері:
Бірінші кезең – ұжымда педагог тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді. Ұжым белсенділері анықталып, тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады.
Екінші кезең - белсенділердің ықпалының арта түсуі, ұжым құрылымының тұрақтауы, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі ұйымдастыру, механизмдерінің іске қосылуын көрсетеді. Сондай-ақ ұжым өз мүшелерінен белгілі-бір қылықтар нормаларын талап ете бастайды, ол талаптар біртіндеп кеңейе береді.
Үшінші кезең – ұжымның кемелденуі.
Алдыңғы даму сатыларында қол жеткен қасиеттер киелі тұлғалық ерекшеліктерді топтастырады: жолдастарына қарағанда өзіне жоғары талап қоюы, көзқарастарының, әдеттерінің, әрекет-қылықтарының тұрақтануы.
Ұжымның даму принципінің 4 түрі бар:
жариялылық принципі;
жауапкершілік, тәуелділік принципі;
болашақ мақсаттарға ұмтылу принципі;
қосарлы ықпал ету принципі;
А.С. Макаренко қалыптасқан ұжымның ерекше белгілерін көрсетті:
- үнемі сергектік, іс-әрекетке дайындық;
- өзіндік қадірін сөзіну;
- ұжым мүшелерінің достық бірлігі;
- әр мүшенің өз қауіпсіздігін сөзінуі;
- іс-қимыл, іс-әрекет белсенділігі;
- дер көзінде ұстамдылыққа әдеттенуі, көңіл шарпуларымен тілдесудегі өзіне шек қоя білуі.
Класс ұжымын танып білу үшін анкетаны пайдалануға болады. Әдетте “мәлімет жинаушылар” ретінде класс жетекшілер жүреді де, ал анкетаға жауап беретіндер, оқушылар , ата-аналар , пән мұғалімдері, класпен жұмыс істеушілер т.б болып келеді. Бұл байланыстың үлгісі мынадай болады: “класс жетекші-оқушылар”, “класс жетекші-ата-аналар”, “класс жетекші - пән мұғалімдері”. Бұлардың нақтылы өзара қарым-қатынасын анықтау, анкетаның мақсаты мен сәйкес келуі тиіс.
Анкетаның нақтылығы- қойылған сұрақтарға қайтарылатын жауаптың дәлдігінде және оның себеп-салдарын айқын көрсетуінде.Анкетаға сенім қалыптасып тиімділігі арту үшін анкета сұрақтары бойынша алынған пікірлер мектептің күнделікті жұмысында асырылуы тиіс.
Анкета оқушылар еш нәрсеге алаң болмай, үйреншікті қалыпты жағдайда жүргенде алынады.
Анкеталық зерттеу жұмысының маңызды кезеңі- алынған жауаптарға талдау жасау. Педагогикалық зерттеудің осы әдісі бойынша бірнеше маңызды мәселелер анықталды.
Әрбір сұраққа нақтылы санақ жүргізіледі.
Нақтылы жауаптар іріктеліп алынады.
Дәлелді жазылуына қарай таңдап алынған жауаптардың саны алынады.
Алынған жауаптарға талдау бұрынғы анкета жауаптарымен салыстыра жасалады.
Анкета арқылы алынған мағлұматтар осы тақырып бойынша өткізілген бақылау, әңгімелесу, педагогикалық эксперимент қортындыларымен толықтырылады.
Ең соңғы түйін жасалады.
Зерттелген тақырып бойынша алда жүргізілетін тәрбие жұмыстары анкета қортындысындағы пікірлерді және ұсыныстарды есепке ала толықтырылады.
Әрбір мектептің өзіне тән тыныс тіршілігі, оқу –тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы ерекшілігі бар. Демек әрбір мектептің педагогикалық ұжымы оқушылардың оқуға ынтасының не себепті төмендейтінінің себебін ашуы тиіс. Осы орайда мынандай сұрақ туады. “Оқушылардың мектепке, оқуға, кластан тыс жұмыстарға ынтасы қай уақытта, қай кластан бастап күрт төмендейді?”
Оқушылар ынтасының төмендеуі, негізінен, класс жетекшілерге, мұғалімдерге байланысты. Бұдан басқа да себептері болуы мүмкін. Мектеп ішіндегі бақылау процесінде мектеп әкімшілігінің, мектептің методикалық әрбір класс жетекші, әрбір мұғалім туралы қалыптасқан пікірі болады. Ал оқушылардың пікірі, көбіне белгісіз қалады немесе оған мүлдем көңіл аударылмайды, сүйтіп нағыз керекті мәселе, яғни мұғалімдер мен оқушылар қарым-қатынасы туралы шәкірттер пікірі назардан тыс қалады. Оқушылардың класс жетекшілер, пән мұғалімдері жайындағы пікірін білу үшін анкеталық зерттеу жұмыстарын ұйымдастырдық.
Анкета сұрақтар:
Мектепке бару саған ұнай ма? Неге?
Мектеп өмірінде саған не ұнайды?
Пән сабақтары ішінде саған қайсысы саған көбірек ұнайды? Неліктен?
Мектеп өмірі қызықты болу үшін сенің ойыңша не істеуге болады?
Класта өткізілетін жұмыстардың қайсысы есте қалады?(есте қалғанын атау керек, ал ешқайсысы есте қалмаса оны да бүкпей жазған дұрыс)
Мектеп мұғалімдері ішінен өз класс жетекшің ретінде кімді қалар едің?
Класс өмірі қызықты өту үшін сенің ойыңша не істеуге болады?
Анкета сұрақтарын 3 топқа бөлдік. Бірінші, екінші сұраққа берілген жауаптан біз оқушылардың мектепке ынтасының төмендегенін байқадық. (кең мағынада).
Үшінші, төртінші сұраққа жауап бойынша оқушылардың мектепке ынтасының кемуіне жекелеген мұғалімдердің әсері болатындығы дәлелденді.
Ұжымдыққа баулу көп дәрежеде жанұяның, мектептің, жұртшылықтың және еңбек ұжымдарының күш-жігері мен бірауыздылығына және оқушыларға қоятын талабының бірыңғайлығына байланысты. Бұдан туатын мәселе: шәкіртті ұжымдық рухында тәрбиелеу-мектеп пен жанұяның маңызды ісі. Ең алдымен достық қарым-қатынастарындағы өзара сыйластықта жан-жақьы біліп алған орынды. Бір-бірімен қалай сөйлесетіндігіне назар аудару арқылы да олардың сыйластығына көз жеткізуге болады.ұжымдық сөзімді қалыптастырудабалалардың өзара қатынасы мен мінөзін толық аңғарған пайдалы. Кейде олар өрескел әдеттерін жасырып, мүлдем айтпауға тырысады, бірін-бірі қорғап жақтайды. Бұл әдет мүлдем дұрыс емес. Оның ақыры неге апаратынына мән бермейді. Балаларды қоғамшыл рухқа бағыттау үшін ең алдымен өз жанұясындағы жасы үлкендерді құрметтеуге баулыған абзал. Жастық шақтағы әртүрлі жайттарға ата-аналар араласқаны оңды. Балаға ара тұрудың да жөні бар. Ең алдымен шындықты , айтылған өтірікті жарыққа шығару, мойындату керек. Онсыз балалардың арасына кірісемін деп қолайсыз жайтқа душар болу ғажап емес. Баланың қандай да болсын әрекетін жасырып қалу, оны дер көзінде талқыға салмау, өкінішке қалдырады, ұжымдыққа баулуға тиімсіз әсер етеді. Сол сияқты ата-анаәрқашан тек өз баласын жақтап, ұжым пікірімен санаспаса ұстаздар қызметін ауырлатқаны. Осындай “қорғаныс” тапқан бала өз достары туралы үнемі шағым жасауға дағдаыланады, ұжымдағы кінәсі жоқ балаларды жазғырады. Кей сәттерде ата-аналар балаларының жолдастарымен қарым-қатынастарына мән бермейтіні бар. Бұл мінез құлықтың кейбір босаң жақтарына оңды әсер етпейді. Баланы дұрыс жолға бастамайтын әдет еркелік, тілазарлық. Балалардың мұндай мінездерін табандылықпен түземейінше іс оңға баспайды. Тәрбие жұмысы дұрыс жолға қойылмаған жанұяда “қиын” оқушылар болады. Оларды жөнге салуға ынталы ата-аналар класс жетекшімен жиі қатынаста болса, жағдайлары жақсарады. В.А Сухомлинскийдің сөзіне жүгінсек жанұяның басты мәні де , мақсаты да-балаларды тәрбиелеу, ұжымшыл бауыр етіп шығару. Бұл орайда жасы үлкендер кішілерге әрқашан өнеге көрсеткені абзал. Ал дайын асқа әзір тұратын балалардың өзіне қызмет көрсете алмайтынын ұжым қоғамға пайдалы іске ынтықтар жақсы біледі. Ондайларды ұжымдыққа , еңбек сүйгіштікке, тәртіпті болуға баулу-қоғам алдындағы жауапкершілігімізді күшейтуді талап етеді.,
ҚОРЫТЫНДЫ
Табысты тэрбие жұмысынсыз үжымды топтастыру мүмкін емес. Педагогика ғылымының тұжырымы бойынша, тәрбие қоғамдық құбылыс- ол күрделі қарама-қайшылығы мол әлеуметтік тарихи процесс.
Тәрбиенің мәні мен мақсаты және жүйесі өмір сүріп отырған қоғам саясатымен, экономикалық жүйесіне байланысты туындайды. Әрбір қоғамдық формацияларда адамдардың материалдық және рухани өмірінің үздіксіз өзгеріп отыруына сай, қарым-қатынастардың жаңа формалары туып, тәрбиенің мазмүнына жаңа идеалар енеді. демек, әрбір қоғамдық жаңа формацияның алмасуымен, әлеуметтік, философиялық және діни ой-пікірлер де өзгерісте болды, тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне ықпал жасайды.
Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның алға дамуы болмайды.
Тәрбие процесі дегеніміз - жеке адам мен балалар үжымын әлеуметтік түрғыдан кіалыптастыруда, оларды өмірге дайындап крғамда өз орнын гпаба білуге үйретіп, әрбір әрекетімен, қызметімен крғамға пайда келтіруден, өз басына крнағаттанған сөзіммен кцрауға тәрбиелеу.
... Адам жеке адам болып туылмайды, ол даму барысывда қалыптасады.
Адам өмірге келгеннен ер жету кезеңіне дейін негізінен тэрбие
арқылы өзгерістерге ұшырайды. Дамудың қозғаушы күші - қарама-қайшылықгардың өзара күресі. Қарама-қайшылықгар ішкі, сыртқы және жалпы болып бөлінеді
Оқушының жеке тұлғасының қалыптасуын әсер ететін бірдін-бір маңызды фактор - класс оқушылары, яғни ортасы. Осыған орай, мұғалім, эсіресе класс жетекшіісі өте маңызды эрі жауапты міндеттерді орындайды .Ол кластағы тәрбие жұмыстарының үйымдастырушысы жэне оқушылардың ұстазы болып табылады,оқушыла коллективін ұйымдастырады, тэрбиелейді, мұғалімдердің, ата-аналармен жұртшылықтың тэрбиелік күш-жігерін біріктіреді.
Класс жетекшісінің негізгі міндеті - оқушыларды тэрбиелеу жэне оларды тату коллективке ұйымдастыру. Оның назарын оқу жұмыстарының мэселелері,білім дәрежесін арттыруға аударады. Бірақ ол бұлардың шешімін табуға ең алдымен тэрбиеші ретінде қарайды.Ол тэрбие құралдарына (оқу
міндеттеріне саналы және жауапты қатынаста тәрбиелеу,оқу барысында өзара көмек ұйымдастыру, мектеп тәртібіне,режимін сақтауға үйрету жэне т.б.) сүйене отырып ,сапасын арттыруда мүғалімдерге көмектеседі.
Мүгалімнің цызметі түтас оқушылар үжымы мен жеке окушыларга ьщпалының бүкіл жиынтыгын цамтиды. Жақсы сынып жетекшісі болу, оқушылар үжымын қалыптастыру оңай емес. Бірақ өз білімін табандылықпен жетілдіріп,тапсырылған іске адалдықпен, сүйіспеншілікпен қараған жоғары моральдық қасиеттері қалыптасқан, балаларға деген сүйспеншілігі мол іскер педагог қана оқушылар ұжымының моделін жоғары деңгейде жасай алады деген ойдамыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. -Астана,1998.
Әбенбаев С. Мектептегі тэрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. -А., Мектеп,1984.
Макаренко А.С. Үстаздық дастан .- А., 1985.
Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. -А., 1985.
Сейталиев К. Тәрбие теориясы. - Алматы., Мектеп,1973.
Тілеуова С. С, Әліпбек А. 3. «Педагогика», Шымкент, 2006 ж.
Сманов I,. Оңғарбаев Ә. «Педагогика», Шымкент, 2005 ж.
Сухомлинский В. «Коллективтің кұдіретті күші» Алматы, 1979 ж.
Ю.Әбиев Ж., Бабаев С, Құдиярова А.Педагогика. - Алматы: Дарын. 2004.
П.«Сынып жетекшісі» Алматы, 2003 ж.
12.«Мектеп» ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал, Шымкент, 2004 ж.
13.«Сынып жетекшісі», Алматы, 2003
Н.Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы заңы», 1999 ж.
15. Бержанов Қ., С. Мусин «Педагогика тарихы», Алматы, 1984 ж.
16.«Мектеп» журналы, Шымкент, 2005 ж.
17.«Бастауыш мектеп» № 7 , Алматы, 2005 ж.
18. Жрлабаев М.«Педагогика», Алматы, 1992 ж.№
19.«Бастауыш мектеп» № 9, Алматы, 2005 ж.
2О.«Мектеп» ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, Шымкент, 2005 ж.
21.Болдырев Н.И. Класс жетекшісі . -Алматы: Мектеп, 1980.
22. Қожахметова К.Ж. Мектеп директорының тэрбие ісі жөніндегі
орынбасары. Алматы, Әлем, 2000.
23.Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы заңы" 1999ж. 24.Қазақстан Республикасыньщ Гуманитарлык білім беру тұжырымдамасы
1994 ж. 25..Синица И.Е. Педагогтық эдеп және ұстаздық шеберлік. А. 1987ж.
Достарыңызбен бөлісу: |